Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Журналистің шеберлік әдіс-тәсілдері.




Журналистік шеберлік қырларын үйрену барысында студенттер:

- ақпарат жинаудың әдіс – тәсілдерін игеру;

- тақырыпты дұрыс таңдау;

- шығарманың мазмұнын ашу;

- ақпаратты жедел әрі толық алу;

- қоғамдық маңызды проблемаларды танып, көтеру;

- журналистік зерттеуді жүргізе білу;

- шығарманы өңдеу;

- тілдік, стильдік тұрғыдан сауаттылық;

- сапалы мәтін жазу;

- журналистік этика мәселелерін меңгереді.

Шығармашылық ізденістер журналист кәсібінің негізі болып табылады.

Шеберлік мәселесінің қоғамның барлық саласын қамтитын журналистикадағы алар орны ерекше. Заман өскен сайын, біліміміз де байып, өзгеріп, өрлеп, жаңарып, жасарып келеміз.

Жаңалық жаршысы – журналистика өзгеден оқ бойы озық тұруды, болашақты болжап, қоғамдық пікірді дұрыс қалыптастыруды көздейді. Бүгінгі кәсіби журналист дегеніміз – қажетті, маңызды ақпаратты дәл уақытында ала білген, көкейкесті проблемаларды дер кезінде жедел көтеріп, шешілу жолдарын көрсететін, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік мәселелерге қатысты татымды ой, пікір айта алатын журналист. Мұның бәрі тек журналистік шеберліктің қыр – сырын меңгергенде ғана жүзеге асырылатын шаралар болып табылады. Ақпарат жинаудың түрлі әдіс – тәсілдері болады. Журналистикада небір жарқын үлгілері бар қарапайым әрі тиімді әдіс сұхбаттан бастап, сауалнамалық сұрақ – жауап, бақылау, тәжірибе, психологиялық тест т.б. әдістерді журналист сауатты пайдалана білуі тиіс. Журналистің жазу шеберлігі, теледидардағы өзін - өзі ұстауы, радиодағы сөз саптауы қашанда жоғары талап үрдісінен көріне білуі тиіс.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных