Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жоғары сатдағы өсімдіктер систематикасы – Cormobionta 4 страница




Гүл формуласы: *Р(5)А2 G (2)

Жылтырауық көкпек – Atriplex nitens шала бұта өсімдік, биіктігі 20-25 см едәуір қалың сопақша келген жапырақтары сүректенген өркендерінде кезектесіп орналасады, сабағының түп жағы тармақты, кейбір бұтағы жерге тиіп жатады. (96 сурет). Өсімдіктің негізгі сүректенген бөлігін сұрғылт қоңыр қабық қаптайды. Оның бір жылдық өркендерінің ұзындығы 15-30 см жылтыр түгі болады. Гүлдері даражынысты: бес күлтежапырақшалы гүлсерігі және бес аталығы бар. Аналықтарының екі жеміс жапырақшасы болады, гинецейі ценокарпты. Аталық гүлдерінде жай гүлсерігі болады да, ал аналық гүлде гүлсерігі болмайды.

 

96-сурет. Жылтырауық көкпек: А – орталық формация жапырағы; Б – жапырақ өңіндегі көпіршік тәрізді түктері; В – гүлді өркені; Г – аталық гүлдің ұзыннан кесіндісі; Д – аналық гүлдер (гүлсерігімен және жалаңаш); Е – жемісі гүл жапырағымен.  

 

Гүл формуласы: *Р(5)А5 G0; Р0А0 G (2).

Жемісі мен тұқымы екі түрлі: гүлінде гүл серігі жоқтарында үлкен, диаметрі 3-4 мм, гүлінде гүл серігі барларында ұсақ, диаметрі 1-1,5 мм болады.

 

Тапсырма

 

1. Тірі немесе кеппешөп даналарынан алабота тұқымдас өсімдіктердің вегатативтік мүшелеріне сипаттама беру, сабағының көлденең кесіндісін ұлғайтқыш әйнекпен қарау.

2. Гүлшоғырының қандай гүлшоғыр түріне жататындығын анықтау.

3. Гүліндегі гүл серігінің құрылысын, аталық, аналық гүлдерін анықтау.

4. Жеміс түрлерін анықтау.

5. Ақ алаботаның және көкпектің сыртқы құрылыстарының, гүл бөлімдерінің, жемістерінің суреттерін салу.

6. Алабота тұқымдас өсімдік түрлерін анықтап, гүл формуласын құрастыру.

7. Қайталау сұрақарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Алабота тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

2. Алабота тұқымдасына жататын өсімдіктердің сыртқы құрылысында қандай ерекшеліктер бар?

3. Ақ алабота өсімдігін не себептен космополит деп атайды?

4. Ақ алаботаның гүл, жеміс құрылыстары қандай?

5. Тұқымдарында қандай ерекшеліктер бар?

6. Көкпек өсімдігінің вегатативтік және гүл мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

7. Ақ алабота мен көкпектің арасында қандай ұқсастықтар, айырмашылықтар бар?

8. Ақ алабота, көкпектің гүл формулалары қандай болып келеді?

 

43-жұмыс

 

Тақырыбы: Алқа тұқымдастар –Solanaceae.

Сабақтың мақсаты: Алқа тұқымдас өсімдіктердің негізгі белгілерімен және қызанақ (помидор) өсімдігінің вегатативтік және генеративтік мүшелерімен танысу.

Қажетті материалдар: Алқа тұқымдас өсімдіктердің кеппешөп даналары, тірі өсімдіктер, жеміс түрлері, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Алқа тұқымдастардың көпшілігі – жабайы өсетін біржылдық немесе көпжылдық шөптесін немесе шала бұталы өсімдіктер. Олар бұта, ағаш түрінде сирек кездеседі. Алқа тұқымдастардың, жапырағы көбінесе сопақша өркен бойына кезектесіп орналасқан бөбе жапырақтары болмайды, гүл шоғырлары шатырша немесе шашақталған қалқан тәрізді бұйра, гүлдері дұрыс пішінді, яғни актиноморфты, сирек зигоморфты болып келеді. Гүлдері қос жынысты, бірігіп өскен бес тостағаншасы және бірігіп өскен жұлдыз тәрізді жалпақ күлтесі болады. Күлте жапырақшаларының түп жағы қысқа түтікше түзеді. Гүлде андроцейі бес аталықтан, ал гинецейі бір аналықтан болады. Үстінгі жатын жемісі – жидек немесе қауашық.

Алқа тұқымдас өсімдіктер негізінен үш мақсатта өсіріледі:

1. Тағамдық: картоп, баклажан, қызанақ, бұрыш т.б.

2. дәрілік: итжидек, сасық мендуана, қара алқа т.б.

3. сәндік: жұпар иісті темекі, петуния т.б.

Өсімдіктерді анықтағанда жапырақ, гүлдерінің, жемістерінің ерекшеліктеріне қарайды.

Алқа тұқымдас өсімдіктерге мысал ретінде қызанақты – Lycopersicum asculentum (помидорды)алып қарайтын болсақ (97 сурет): мәдени түрінде кең таралған, табиғи түрі тек Перуде өседі.

Биіктігі 60 см болатын бір жылдық, өткір иісті, шөптесін өсімдік. Тамыр жүйесі кіндік тамыр. Сабағы тік, бұтақталған. Жапырақтары кезектесіп орналасқан, тілімделген, бөбе жапырақтары болмайды.

 

97-сурет. Қызанақ (помидор): А – гүлді-жемісті өркені; Б – гүл; В – андроцей; Г – күлтесіз және андроцейсіз гүл; Д – жидек тәрізді жеміс шоғырының көлденең және ұзыннан кесіндісі.

 

Гүлдері майда, сары түсті шашақ гүлшоғырына жиналған, симметриясы актиноморфты. Гүлсерігі қосарланған. Тостағаншасы жасыл, түбінен бірігіп өскен 5-10 тостағанша жапырақшадан тұрады, күлтесі түп жағынан бірігіп өскен, жоғарғы жағынан иілген 5-10 үшкір күлте жапырақшалардан тұрады. Андроцейі 5-10 аталықтан тұрады, аталықтары бір-біріне жанаса өсіп, түтік тәрізді көрінеді. Гинецейі синкарпты, 2-10 жеміс жапырақшадан тұрады. Үстіңгі жатын, екі немесе көп ұялы, көптеген тұқым бүрлері болады, аналық мойны ұзын, аналық аузы екіге айрылған. Гүл формуласы:

*Са(5-10)Со(5-10) А5-10G (2-10).

Жемісі – қызыл немесе сары түсті етті шырынды жидек.

 

Тапсырма

 

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөп даналарынан алқа тұқымдас өсімдіктердің вегатативтік мүшелерін қарау.

2. Гүлдерінен тостағаншасының, күлтесінің біріккен, бірікпегенін, санын, гүл симметриясын анықтау.

3. Гүлдерінен аталық, аналық құрылыстарын, санын анықтау.

4. Жемістер коллекциясынан алқа тұқымдас өсімдіктердің жеміс түрлерін табу.

5. Қызанақ (помидор) өсімдігінің вегатативтік мүшелерінің, гүлінің суреттерін салу.

6. Алқа тұқымдас өсімдіктерді анықтап, гүл формуласын қалыптастыру.

7. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне талдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Алқа тұқымдастарына қандай өсімдіктер жатады?

2. Алқа тұқымдастардың қандай айырым белгілері бар?

3. Алқа тұқымдас өсімдіктерді қандай мақсаттар үшін өсіреді?

4. Гүліндегі тостағанша, күлте, аталық, аналықтардың қандай ерекшеліктері бар?

5. Жемістері қандай болып келеді?

6. Қызанақтың вегатативтік мүшелері және гүлі қандай құрылысты болады?

7. Қызанақтың жемісі қандай және гүл формуласын жазып көрсетіңдер.

8. Жергілікті жерде алқа тұқымдас өсімдіктерден қандай өсімдіктер өседі?

9. Алқа тұқымдастардың бәріне ортақ қандай белгілері бар?

 

44-жұмыс

 

Тақырыбы: Күрделі гүлділер тұқымдасы – Compositae.

Сабақтың мақсаты: Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің белгілерімен, бақбақ өсімдігінің сыртқы және гүл құрылыстарындағы ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің кеппешөп даналары, тірі өсімдіктер, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Күрделі гүлділер өздерінің өсетін ортасына, табиғи ерекшеліктеріне қарай әртүрлі пішінді болады. Бұлар қоңыржай аймақта шөптесін өсімдік, шала бұта түрінде өсетін бір, екі немесе көп жылдық өсімдік деп есептелінеді. Бұлардың жапырақтары жай, өркен бойына әдетте кезектесіп, кейде қарама-қарсы орналасқан, пішіндері де әртүрлі, бүтін немесе тілімді болып келеді, бөбе жапырақшасы болмайды, ұсақ гүлдері себет гүлшоғырына топтанады. Себетгүлдің барлық гүлін әдетте жасыл жапырақшалар орамы қоршап тұрады. Майда гүлі өте көп, бір гүл тәрізді жұмырлана топтанған түрі де кездеседі. Мысалы: оны бақбақтан байқауға болады.

Гүл шоғыры – себетгүлдің болуы нағыз күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктерге тән белгі. Әдетте гүлшоғырында толып жатқан ұсақ гүлдер болады, олар гүлшоғырының табанына орналасқан. Көпшілік гүлдері актиноморфты немесе зигоморфты, гүлі көпшілігінде қос жынысты, кейде сирек сирек те болса дажынысты, тіпті жыныссыз түрлері де болады. Олардың гүлінің қосарланған гүлсерігі болады, бірақ тостағаншасы жойылып кеткен немесе жетілмей қалған, айдаршалы немесе оның орнында қауырсын тәрізді түкшелі желайдары болады, кейде мүлде болмайды.

Күрделі гүлділердің гүлі бірнеше түрге бөлінеді:

1) Түтікшелі гүлдер (98 сурет 2) – қос жынысты, актиноморфты, күлтесінің жоғарғы жағы бес тілікті болады. Гүл формуласы:

*Са(5)-рар-0Со(5) А(5)G 2.

2) Жалған тілшелі гүлдер (98 сурет 3) – 3 күлтесі болады, олар бір-бірімен бірігіп өскен болады да, жоғарғы жағы үш тілікті болып келеді. Гүлі зигоморфты, көбі бір ғана аналығы болады. Жалған тілшелі гүлдер себетгүлдің шет жағына қарай өседі де, ортасында түтікшелі гүлдер болады. Түстері ашық түсті болып бунақ денелерді өзіне тартады. Мысалы: күнбағыс. Гүл формуласы: ↑Са(5)-рар-0Со(3) А0G(2).

3) Тілшелі гүлдер (98 сурет 4) – гүлдің күлте жапырақшалары төменгі жағында түтікшеге бірігіп өскен болады да, жоғарғы бөлігі ұзын тілшеге ұқсайды. Тілшенің ұшынан бес тілше жақсы байқалады. Бұдан күрделі гүлділердің арғы тегінде бес күлтежапырақшаларының бірікпей, кейін біріккенін байқауға болады. Тілшелі гүлдер қос жынысты, зигоморфты. Гүл формуласы: ↑Са(5)-рар-0Со(5) А(5)G(2)

 

98-сурет. Күрделі гүлділердің гүл шоғырлары және гүл түрлері: А – кәдімгі егінек; Б – дәрілік түймедағы; В – дәрілік бақ-бақ; Г – үлкен түйе жапырақ; Д – кәдімгі мыңжапырақ; Е – көк гүлкекіре: 1 – гүл орам; 2 – түтікшелі гүл; 3 – жалған тілшелі гүл; 4 – тілшелі гүл; 5 – воронка тәрізді гүл; 6 – жеміс-тұқымша.

 

4. Воронка тәрізді гүлдер (98 сурет 5) – пішіні воронка тәрізді, күлтенің жоғарғы жағы әртүрлі тілікті бесеу болады. Гүлі зигоморфты, гүлінде аталықта, аналықта болмайды. Мұндай гүлдер гүлшоғырдың шетінде өсіп тұрады, ортасында түтікшелі гүлдер өседі. (95 сурет 5). Гүл формуласы: ↑Са(5)-рар-0Со(5-7) А0G0

Күрделі гүлділер тұқымдасында мысал ретінде бақбақ – Taraxacum officinale өсімдігін қарастырамыз. (98 сурет В). Биіктігі жарты метрге жуық, кіндік тамырлы біржылдық шөптесін өсімдік, сирек екіжылдық түрлері де кездеседі. Қысқарған сабақты, жиегі терең тілімделген, жебе пішінді жапырағы тамырға жақын орналасқан. Тілшелі гүлдері себетгүл шоғырына жиналған, тілшесінің түсі сары. Жемісі – айдаршалы тұқымша. Сабақтан жуандау кіндік тамыры төмен қарай тік өседі. Ол топыраққа терең бойлап, өсімдікке қажетті суда топырақтың терең бойлап, өсімдікке қажетті суды топырақтың терең қабатынан алады. Гүл формуласы жоғарыда көрсетілген тілшелі гүлдің формуласы.

 

Тапсырма

 

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден күрделі гүлділер тұқымдастардың тамырын, сабағын және жапырақтарын анықтау.

2. Гүлшоғырын анықтап қарау. Гүлшоғырдың төмен жағында орналасқан жапырақтарға назар аудару.

3. Гүлшоғырларындағы гүлдердің түрлерін анықтап, аталық аналықтарын қарау.

4. Жемістеріндегі ерекшеліктерді бақылау.

5. Кітаптан немесе кестеден күрделі гүлділер тұқымдастардың гүл түрлерінің суреттерін салу.

6. Бақбақ өсімдігінің вегатативтік және гүлдеріндегі ерекшеліктерді зерттеу.

7. Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

8. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне салдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Күрделі гүлділер тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

2. Күрделі гүлділер тұқымдас өсімдіктердің вегатативтік мүшелерінде қандай ерекшеліктер бар?

3. Гүлшоғыры қандай болып келеді?

4. Гүлдері қандай симметриялы болады?

5. Қандай гүл түрлері бар, әрқайсысына жеке-жеке сипаттама беріңдер.

6. Әрбір гүл түрлерінің гүл формулалары қандай?

7. Жемістерінде қандай ерекшеліктер бар?

8. Бақбақ өсімдігінің вегатативтік мүшелері және гүл бөлімдері қандай?

9. Жергілікті жерде күрделі гүлділер тұқымдасынан қандай өсімдіктер өседі?

 

Даражарнақтылар класы – Monocotyledoneae

 

45-жұмыс

 

Тақырыбы: Лалагүл тұқымдастар – Liliaceae.

Сабақтың мақсаты: Лалагүл тұқымдас өсімдіктердің вегатативтік және генеративтік мүшелеріндегі ерекшеліктерді ажырату.

Қажетті материалдар: тірі өсімдіктер, өсімдіктердің кеппешөп даналары, пиязшықтар, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Лалагүл тұқымдастары – біржылдық, екіжылдық, көпжылдық шөптесін даражарнақты өсімдіктер. Бұл тұқымдас өсімдіктердің ішінде эндемді түрлері және туыстары көп, үлкен тұқымдас, барлық континенттерде кезедеседі, әдемі гүлдейтін өсімдіктер. Қазақстанда 21 туысы белгілі. Дәм татымдық зат есебінде пияз, сарымсақ, қояншөп тамаққа пайдаланылады. Медицинада дәрі-дәрмек алуда алоэ, інжугүлдің мәні өте зор. Әсемдік үшін лалгүл, қызғалдақ, сүмбіл т.б. қолдан өсіреді. Кейбір түрлері бөлмеде өсіріледі (мысалы, аспидистра, аспаргус, кірпі шөп, амараллис, т.б.).

Лалагүл тұқымдастарының жапырақтары тамырға жақын жерден шығады, қатарлас (параллель) және доға жүйкелі болады. Жапырақ тақтасы тегіс жиекті немесе тіс-тісті болып келеді, бәріне де тамырсабақтары және пиязшығы болады. Қоңырау тәрізді гүлдері ірі, ашық түсті, қос жынысты, актиноморфты, сирек зигоморфты. Гүлдері шашақгүл, сыпыртқыгүл және шатырша гүл шоғырларын құрайды, кейде бір ғана гүл болады. Гүл жапырағы екі қатар шеңбер бойына орналасқан, бірікпеген, сирек біріккен 6 күлтесі бар, тостағаншасы кейде болмайды. Андроцейі 6 аталықтан, екі шеңбер бойына орналасқан, гинецейі үш аналықтан, үш ұялы, үстіңгі жатын. Жемісі қауашақ кейде жидек болып келеді, тұқымы эндоспермді.

Лалагүл өсімдіктерінің пиязшығы түрі өзгерген өркен болып саналады. Оның түбіртегі түрі өзгерген сабақ болса, етженді қабықшалары шығу тегі жағынан жапырақ. Түбіртектің төменгі жағынан жер астына тамыр шығады, ал жоғарғы жағы дөңестеу болып келеді де, одан тармақтанбайтын біржылдық өркенін жер бетіне шығарады.

Пиязшығы жер бетіне сабағының шығуынан бұрын жетіле бастайды. Бұл кезде пиязшықта өткен күздегі жаңа бүршік әрі қарай дамиды және қабықшалары қалыптасады. Осыдан кейін ғана жапырақтар мен сабақ шығады.Жаз бойы пиязшықтың қабықшалары қоректік заттар жинақтайды. Гүлдеп бітіп тұқым бергеннен кейін лалагүлдің жер үстіндегі сабақтарымен жапырақтары өледі де, пиязшығы қыста тыныштық күйге көшеді.

Лалагүлді тұқымы арқылы және вегатативтік әдіспен көбейтуге болады, сонымен қатар пиязшықтарының қабықшалары арқылы көбейе алады. Ол үшін ересек пиязшықтың сыртқы қабықшаларын бөліп алып, оның үштен екі бөлімін тазартылған дымқыл құмға отырғызады.

Лалагүл тұқымдасына мысал ретінде май інжугүлін – алып қарастырамыз. (99 сурет). Биіктігі 20-30 см болатын тамырсабақты өсімдік. Сабағының төменгі жағында ақшыл-қызғылт түсті қабыршақты қынапты жапырақтары болады. Мұндай жапырақтары бірінің қойнауынан бірі өсіп шығады. Жапырақ тақтасының пішіні ұзынша – эллипс тәрізді ұшы сүйірлеу болып келеді.

 

99-сурет. Май інжугүлі: А – жалпы көрінісі; Б – гинецей; В – түйіннің көлденең кесіндісі; Г – гүлдің ұзыннан кесіндісі; Д – аталық; Е – гүл диаграммасы; Ж – жемісі-жидек; З – құрылысының схемасы: 1 – негізгі өсі (әрқашанда вегатативтік өркен); 2 – төменгі қабыршақ тәрізді жапырақ; 3 – тұйықталған қынапты жасыл жапырақтары (4), бұдан жалған сабақ түзіледі; 5 – гүлмен (гүлсағақты) аяқталатын үшінші реттік өсь; 6 – гүл жапырақ; 7 – екінші реттік өсь (гүлді өркен); 8 – бүйірлік өркеннің жапырақ бастамасы; 9 – тамырсабақ; 10 – қосалқы тамырлар.

 

Гүлшорығы – шашақ гүл. Гүлсерігі жай, күлтежапырақшалы, түсі ақ, біріккен, алты тісшелі. Аталығы алтау (3+3). Гинецейі синкарпты, үстіңгі жатын, үшұялы, аналық мойны қысқа, аналық аузы үш бұрышты болады.

Гүл формуласы: *Р(3+3) А3+3G (3)

Жемісі – жидек.

 

Тапсырма

 

1. Тірі өсімдіктерден немесе кеппешөптерден лалагүл тұқымдас өсімдіктердің вегатативті мүшелерін талдау.

2. Гүл құрылысына зер салып, гүл серігінің қандай екендігін, санын анықтау.

3. Гүлдің аталықтары мен аналықтарын қарап, санын анықтау.

4. Пиязшықты ортасынан жарып, қабыршақтарын, түбіртегін қарау.

5. Кітаптан немесе кестеден май інжугүлінің вегатативті мүшелерінің, гүл бөлімдері мен гүл диаграммасының суреттерін салу.

6. Анықтағыш кітаптан лалагүл тұқымдас өсімдіктердің түрлерін анықтап, гүл формулаларын құрастыру.

7. Қайталау сұрақтарына жауап бере отырып, салған суреттеріне салдау жасау.

 

Қайталау сұрақтары

 

1. Лалагүл өсімдіктер қандай белгілері бойынша даражарнақтылар класына жатады?

2. Лалагүл тұқымдасына қандай өсімдіктер жатады?

3. Лалагүлді өсімдіктердің вегатативті мүшелері қандай болып келеді?

4. Гүлдерінде қандай ерекшеліктер бар және қандай гүлшоғырлары болады?

5. Қандай жеміс түрлері лалагүлді өсімдіктерге тән?

6. Пиязшықтың құрылысы қандай және қандай маңызы бар?

7. Май інжугүлінің вегатативті мүшелерінде және гүлінде қандай ерекшеліктер бар?

8. Жергілікті жерде лалагүл өсімдіктердің қандай түрлері өседі?

9. Лалагүл өсімдіктердің қандай түрлері Қызыл кітапқа енді және олардың маңызы қандай?

 

46-жұмыс

 

Тақырыбы: Астық тұқымдаса – Gramineae.

Сабақтың мақсаты: Астық тұқымдас өсімдіктердің түрлерімен және вегатативтік, генеративтік мүшелеріндегі ерекшеліктерімен танысу.

Қажетті материалдар: тірі өсімдіктер және астық тұқымдас өсімдіктердің кеппешөп даналары, дәндері, бидайдың рельефті кестесі, анықтағыш кітап.

 

Жалпы түсінік

 

Ауыл шаруашылығында мәні зор, даражарнақтылар класына жататын кең таралған тұқымдастың бірі – астық тұқымдастар. Астық тұқымдастар жер шарының барлық аймақтарында, шалғындарда, далалық жерлерде өседі. Кейбір түрлері космополит болып табылады. Барлық астық тұқымдастар-шөптесін көпжылдық және біржылдық өсімдіктер.

Осы тұқымдастың басқа өсімдіктерге қарағанда өздеріне тән бірқатар белгілер бар. Біріншіден, астық тұқымдастардың тамыр жүйесі шашақты болып келеді. Екіншіден, сабағы-іші қуыс буынаралықтардан және жуантықтау келген буыннан тұрады. Буындары ұлпаға толы болады. Мұндай сабақты сабансабақ деп атайды. Мысалы, қара бидай, атқонақ т.б. Ал кейбір астық тұқымдастарда буынаралықтары ұлпаға толы болады, мысалы, жүгері, қант құрағы.

Астық тұқымдастардың сабағы буындағы жасушалардың бөлінуі нәтижесінде ұзарып өседі. Мұндай өсуді қыстырма бой деп атайды. Үшіншіден, жапырақтары жапырақ қынабы және жапырақ алақаны болып екі бөлімнен құралады. Қынап – жапырақтың тақтасының қынаптан шығатын жерінде үлпек өсінді-тілше болады. Ол сабақ пен қынаптың аралығына судың енуіне мүмкіндік бермейді.

Астық тұқымдастардың гүлшоғырлары екі түрлі: масақ (бидай – Triticum, қарабидай – Secale және арпа – Hordeum) және шашақ басты (сұлы – Avena, тары – Panicum, күріш – Oryza, құмай – Sorghum) болады. Астық тұқымдастардың масағы масақты сабақтан тұрады. Онда масақшалар орналасады. Әрбір масақша екі масақша қабыршағынан түзіледі. Бұлардың мөлшері мен пішіні әр түрлі болады. Осындай масақшалардан күрделі гүл шоығырлары: жай масақ, күрделі масақ, сыпыртқы бас болып түрленеді. Масақшадағы гүлдердің саны түрліше бір гүлден бірнеше гүлге дейін болады. Көптеген астық тұқымдастардың әрбір гүлінде екі гүл қабыршағы, 2 гүл үлпегі, 3 аталығы және түк басқан қондырмалы екі ауызды бір аналығы болады. Гүл қабыршағын лодикулдар деп атайды. Жемістері бір тұқымды – дәнек; жеміс қабы (қауызы) тұқымға жабысып, тұтасып біткен. Эндосперм ұрықты қоршамай, тұқым жарнаққа жанасып тұрады. Дәндердің жиынтығын астық деп атайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных