Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Терминдер, анықтамалар




Алгоритм Дәл анықталған қадамдар қатары немесе әрекеттер жүйелілігі арқылы міндеттерді орындауға арналған әдіс
Антисептик Микроорганизмдерді құрту мақсатында тері немесе матада қолдануға арналған микробқа қарсы химиялық агент
Су термометрі Судың температурасын өлшеуге арналған медициналық құрал.
Дефекация Дефекация (лат. defecatio; синонимі: тік ішектен нәжістін шығуы) — ас қорытудан кейін қалған қалдықтардың немесе нәжістің тік ішек арқылы бөліну процессі.
Ветошь (көне шүберек)   Арнайы матадан жасалынған әр түрлі өлшемді мен пішіндес, беткейлердің үстін сүртуге қолданылатын шүберек.
Шиыршық   Мақтадан немесе дәкеден жасалған, нәресте мұрынын тазалауға арналған білте.
Эпидемияға қарсы санитарлық тәртіп Емдеу мекемелерінде жұқпалардың пайда болуын, таралуының алдын-алуына арналған эпидемияға қарсы шаралардың қатаң регламенттік және міндеттік жиынтығы.
«Памперс» Целлюлозадан жасалынған, бірнеше рет қабатталған және зәрдің сіңуі мен сырт киімін кірлетпеуге бағытталған бір рет қолданатын жөргек.
Дезинфектант Микроағзаларды өлтіру үшін және санитарлық-гигиеналық талаптарын сақтау үшін қолданылатын ерітінді.
Баланың физикалық дамуы Бала ағзасының функционалдық көрсеткіштері мен күй жағдайын анықтап көрсететін жиынтық.
Антропометрия   Адамның дене өлшемдерін (адамның бойы, бас және қол аяқ өлшемдері, кеуде торының көлемі, дене салмағы) анықтайтын, антропологияда және медицинада қолданылатын әдіс.
Гидроцефалия   Ми қарыншалары мен ми қабығы астында сұйықтықтың көбеюіне байланысты туындайтын ми шемені (бас миында судың жиналуы).
Емізік Балаларды жасанды тамақтандыру үшін қолданылатын шөлмек үстіне киілген емізгек (ему ретінде қолданылады)
Ас қорыту жүйесі Адам организміне түскен асты (азықты) қабылдау, өндеу, қорыту, сіңіру және қалдығын сыртқы ортаға шығару қызметтерін атқаратын мүшелер жүйесі.
Жел шығарушы түтік Баланың ішегінде жиналған ауаны шығаруға көмектесетін түтік тәріздес медициналық құрал.
Клизма Тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатымен әр түрлі сұйықтықтар жіберу процессі.
Іш қатпа 48 сағаттан артық нәжістін тоқталуы
Себореялық дерматит, гнейс Баланың басында қабыршаққа ұқсас, сары және қара-сұрғылт қыртыстардың пайда болуы.
Есекжем (экзема) –ол Тері беткі қабаттарының созылмалы рецидивтелуші қабынуы
Жылытқыш Жылыту үшін кейбір әдістерде қолданылатын құрал.
Себорея Нейрогенді бұзылыстардың нәтижесінде май бездерінің дұрыс жұмыс істемеуі арқасында безеу, экзема, себореялық дерматитті туындататын тері ауруы.
Атопиялық дерматит - ол   Терінің зақымдануы, баланың ерте шағында, сатыланып, аурудың қайта өршуі. Оның негізгі тұқым қуалау жағдайындағы бейімделушілігінде жəне Ig Е-ауру механизміне тəуелді, қарқынды қышыма, жайылмалы бөртпе лихинделген түрде білінеді.
Шала туғандық Балалардың 37 аптаға толмай, күніне жетпей тууы. Егер нәресте құрсақта дамудың 38-40 апталық мерзімінен бұрың дуниеге келіп, салмағы 2500,0 граммнан, бойының үзындығы 45 см-ден кем болса - бұл бала шала туған деп есептеледі.
Мәйіт дақтары Қайтқаннан кейін тері мен тері асты шелмайы қанға толуы және сыртқы көрінісінде қанталауға ұқсайтын дақтар.
Респиратор Әр түрлі аэрозольден (шаң, түтін, тұман), зиянды газдардан тыныс алу мүшелерді қорғайтын және оттегімен науқасты қамтамасыз ететін құрал.
Асфиксия Ағзада кенеттен оттегін жетіспеушілігі нәтижесінде үдемелі тұңшығу пайда болу жағдайы.
Механикалық асфиксия Механикалық себептермен шақырылатын тыныс алудың қиындауы немесе мүлдем тоқтауы және ағзаға оттегін жетіспеушілігі нәтижесінде көмірқышқыл газдың жиналуы.
Эксикоз - бұл Сусыздану, дегидратация. Баланың ағзасында құсық пен диареяның салдарынан судын және электролиттердің жетіспеушілігі синдромы.
Диарея, іш өту – бұл Әр түрлі себептермен шықырылатын жиі сұйық нәжістің болуы.
Өт бөліну жолдарының дискинезиясы Ұлтабарға өт бөлінуінің бұзылу нәтижесінде асқазан - ішек жолдарың функционалдық бұзылыстары
Лямблиялар. Әр түрлі жастағы жұқтыруға болатын, құрылысына қарапайымдыларға ұқсас бірақ гельминт тобына жатпайтын ішектік паразит.
Лямблиоз Лямблиялармен қоздырылатын жұқпалы ауру
Гепарин Клиникалық тәжірібиде қан ұю процесін тежейтін қасиеті бар антикоагулянт.
Натрия хлорид (изо-тоникалық ерітінді) Қан плазмасындағы және жасушадан тыс сұйықтықта қысымның қалыпты болуына жауап беретін зат.
Артериялық қысым(АҚ) Адамның ірі артерияларындағы қан қысымы
Систолалық қысым Жүректің максимальді жиырылу кезінде қан қысымының деңгейі.
Диастолалық қысым Жүректің максимальді босаңсу кезіндегі қан қысымының деңгейі.
Дене температурасы Температура (лат. temperatura – араластырылуға тиісті, өлшемдес болу, қалыпты күй) – адамның термодинамикалық тепе-теңдік күйін сипаттайтын физикалық шама.
Жаңа туған бала температурасының ауытқуы Жаңа туған баланың қалыпты дене қызуы 36,3-37,2°С көрсеткіші аралығында болады.
Баланың еңбегі Бұл қалың жарғақпен қапталған және бас ми аралығында кеңістігі бар жас баланың еңбегі.
Еңбектің негізі Өте қатты дәнекер ұлпадан тұратын және біртіндеп шетінде сүйектеніп, жабылып қалатын бала басындағы қуыс.
Еңбектің жабылуы Алдынғы, үлкен еңбек 3 пен 24 ай аралығына дейін жабылады.
Артериалық қысым (АҚ) Бұл адамның ірі артерияларындағы қан қысымы.
Систолалық (жоғарғы) қан қысымы Бұл жүректін максималді жиырылу кезіндегі қан қысымының деңгейі.
Диастолалық (төменгі) қан қысымы Бұл жүректін максималді босансу кезіндегі қан қысымның деңгейі.
Зонд дуоденалді Он екі елі ішектің ішіне енгізу үшін пайдаланылатын 4.5-5 мм диаметрімен зәйтүн металлмен аяқталатын, 140-150 см ұзындығымен стержень.
Дуоденальді зондтау     Бауыр мен өт шығару жолдары ауырған кезде диагностикалық және емдік мақсаттарда қолданылатын әдіс.
Инфузиялық терапия Ішкі органдардың функцияларын және биохимиялық процестерді қолдау мақсатында баланың ағзасына түрлі дәрі-дәрмекті заттар мен препараттарды енгізуге мүмкіндік беретін емдеудің бір әдісі.
Сколиоз Жұлынның тұрақты деформациясы, оның бір жағына қисаюымен сипатталады.
Оттегімен емдеу   Оттегі –химияның ең маңызды элементі және Жер бетіндегі көптеген тірі ағзалардың тыныс алуын қамтамасыз етеді. Оттегінің физиологиялық әсері өте көп қырлы, алайда, оның емдік әсерінде маңызды рөлді ағза тканьдеріндегі оттегі жетіспеушілігін орнына қайта келтіру қабілеті атқарады.
Диетотерапия – (диеталық) тамақтану     Емдік-профилактикалық мекемелерде түрлі ауруларды кешенді түрде емдеудің, сондай-ақ, емдеу-сауықтыру іс-шараларының ажырағысыз бөлігі.
Физиотерапия     Емдеудің белсенді патогенетикалық әдістерінің бірі, ол ісу дистрофиялық процестердің тетіктеріне және функционалдық патологияға бағытталған.
Асқазанды шаю     Асқазаннан оның ішіндегілерді шайып тастау процедурасы. Бұл емдік мақсатта немесе шайылып шығарылған суларды диагностикалық зерттеу үшін қолданылады. Асқазанды емдік тұрғыдан шаю үшін көрсеткіштер – ішке қабылданған түрлі улармен улану, тамақтан улану, кең ауқымда шырыш құратын гастриттер, басқа да жағдайлар.
Физиологиялық гипертонус Бұл физиологиялық жағдай – нәрестелерде 2-3 айына дейін кездесетін бұлшық ет топтары тонусының бөлуну ерекшелігі, сондықтан жаңа туған баланың аяғы мен қолы денесіне келтірілген және басы сәл артқа шалқайған.
Тонустың бұзылу түрлері 1. гипертонус-бұлшық еттін артық күшеюі, 2. гипотонус-бұлшық еттін жеткіліксіз күшеюі 3. дистония-әр түрлі топтағы бұлшық еттердің шашыраңқы күшеюі.
Тыныс алудың жиілігі Бір минутында тыныс (демді ішке тарту) саны.
Тыныс алудың жиілігін санау Кеуде мен құрсақтың алдыңғы қабырғасы қозғалыстарының саны арқылы жүзеге асырды.
Терідегі патологиялық элементтер Тері мен шырышты қабаттарда қалыпты тері мен шырышты қабаттардан өзгеше түспен, текстурамен, көрінісімен ажыратылатын бөртпелер. Бөртпе бастапқы кезеңде тікелей салауатты тері мен шырышты қабаттарда біріншілік элементтерден құрылады, соңынан біріншілік бөртпе орынында пайда болатын екіншілік бөртпеден құрастырылады.  
     

Ысқартулар

Дезерітінді Дезинфекциялық ерітінді
Санэпидтәртіп Санитарлық-эпидемияға қарсы тәртіп
Бакзертхана Бактериологиялық зертхана
ӨШЖД Өт шығару жолдарының дискинезиясы
ӨЖЖ(ИВЛ) Өкпені жасанды желдету
АҚ Артериалық қысым
ТҚЖ Тыныс алу қозгалысының жиілігі
ТБЖА Туа біткен жүрек ақауы

Жауапкершілік

Операциялық процедуралардың осы стандартын әзірлеуге және жұмыс жағдайында ұсталуына жауапкершілік сапа менеджменті жүйесі (СБӨ) жөніндегі басшылық өкіліне жүктеледі. Барлық орындаушылар осы нұсқаулық талаптарын басшылыққа алуы қажет.

 

6.0. Операциялық процедура стандарты «Антропометрия»

6.1. Операциялық процедура стандарты «Баланың дене ұзындығын өлшеу»

Мақсаты: физикалық дамуын бағалау

Көрсетілімі: дәрігер нұсқауы бойынша

Орындаушы: медбике

Манипуляцияға дайындық: Бала анасымен сенімділік қарым-қатынасқа түсу

Көрнекілігі:

• көлденең бой өлшегіш;

• жөргек;

• резеңке бессаусақты қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш,

• қағаз, калам.

 

 

Процедураны орындау реттілігі:

 
1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Көлденең бой өлшегішті тегіс тұрақты жерге «өзіне» қаратып орналастыру
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қүрғату. 4..Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 5. Бой олшегіш үстін дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру.
6.Өлшегіш үстіне жөргек төсеп баланың басын жылжымайтын жактауға тақап жаткызу.
7.Баланың тізесінен сәл басып, аяқтарын түзеп жатқызу 8.Бой өлшегіштің жылжымалы жақтауын баланың өкшесіне тіреп жақындату 9.Шкала бойынша бала денесінің бой ұзындығын анықтау
10. Баланы бой өлшегіштен алу
11. қорытындысын жазу және кортындысын анасына хабарлау.
12. Өлшегіштен жөргекті алып тастап, бой олшегіштін үстін дезерітіндімен сурткіш арқылы залалсыздандыру.
13. Қолғапты шешіп қорапқа тастау, қолды жуу және қүрғату.

Ескерту. Баланың бойын таңертенгі уақытта өлшеген жөн, бөлме температурасы

22–240 С.

 

6.2. Операциялық процедура стандарты «Баланың бас шенберін өлшеу»

Мақсаты: баланың физикалық дамуын анықтау

Көрсетілімі: дәрігер нұсқауы бойынша

Орындаушы: медбике

Көрнекілігі: сантиметрлік лента,

• салфетка, спирт,

• қағаз, қалам

Манипуляцияға дайындық:

1. Бала анасымен сенімділік қарым-қатынасқа түсу. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Керекті кұралдарды дайындау
3.Қолды гигиеналық әдіспен өндеу, қурғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 4.Сантиметрлік таспаны спиртпен дымқылдалған салфеткамен екі жағынан сүрту.

Процедураны орындау реттілігі:

 

 
1.Баланы отырғызу немесе жатқызу
2. Сантиметрлік таспаны баланың басына келесі ориентирлер бойынша салады: а) артынан –шүйде дөңесі бойынша, б) алдында – қабак үсті доғасы. 3. Қорытындысын баланың даму тарихына жазып алу 4. қорытындысы туралы анасына хабарлау

Ескерту. 1. Бөлменің температурасы 22 – 240 С төмен болмау керек. Өлшемдерді тәуліктің бірінші жартысында өткізген жөн.

2. Баланың әр түрлі бөліктер айналымын баланың көңіл-күйі жақсы, тыныш кезінде, мұқият өлшейді.

 

 

6.3. Операциялық процедура стандарты «Баланың кеуде шенберін өлшеу»

Мақсаты: баланың физикалық дамуын анықтау Көрсетілімі: дәрігер нұсқауы бойынша Орындаушы: медбике Манипуляцияға дайындық: 1. Бала анасымен сенімділік қарым-қатынасқа түсу. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру. 2. Керекті құралдарды дайындау 3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату. Керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 4.См таспаны спиртпен дымқылдалған салфеткамен екі жағынан сүрту.

Көрнекілігі: сантиметрлік лента,

• сантиметрлік лента,

• салфетка, 70% этил спирті

• қағаз, қалам

Процедураны орындау реттілігі:

 
1.Баланы отырғызу немесе жатқызу
2.Сантиметрлік таспаны бала кеудесі торының келесі бағыттары бойынша салу: - артқы жағында - жауырынның астыңғы бұрышы - алдыңғы жағында – емшек ұшы маңы айналасының астыңғы шеті (пубертатты жастағы қыз балаларда сүт бездері үлкейгенде- 4 қабырға).
3.Қорытындысын жазып алу

6.4. Операциялық процедура стандарты «Үлкен еңбек көлемін анықтау»

Мақсаты:

• баланың физикалық дамуын анықтау

Көрсетілімі:

• дәрігер нұсқауы бойынша

Орындаушы: медбике

Манипуляцияға дайындық:

1.Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру

2.Керекті құралдарды дайындау.

3.Ағынды судың температурасын реттеп алу (орьндаушы өзінің білегіне тексереді).

4.Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, стерильді резеңке қолғап кию

Көрнекілігі:

· сантиметрлік лента,

· салфетка, спирт.

 

 

Процедураны орындау реттілігі:

1. Қолды ұқыпты жуу, құрғату
2. Салфетка көмегімен см таспаны екі жақтан өндеу
3.Баланы отырғызу немесе жатқызу
4.Бала басының үлкен енбек аймағына см таспаны салу, екі қарама-карсы жақтардың ара қашықтығын өлшеу
5.Қорытынды көрсеткішін жазып алу
6.Қолды ұқыпты жуу, құрғату
7. Қортыңдымен баланың анасын таныстыру

6.5. Операциялық процедура стандарты «Баланың дене салмағын табақшалы таразымен өлшеу (2 жасқа дейін)

Мақсаты:

• баланың физикалык дамуын бағалау.

• баланың салмақ мөлшерінің сәйкестігін бағалау;

Көрсетілімі:

• дәрігер нұсқауы бойынша

Орындаушы: медбике

Манипуляцияға дайындық:

1. Анасына (туыстарына) шараның мақсаты мен өткізу ретін түсіндіру.
2. Таразыны тегіс орнықты жерге орналастыру. 3. Керекті құралдарды дайындау 4. Таразы күршегінің жабық тұрғандығын тексеру
5. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеу, құрғату, керек жағдайда резеңке бессаусақ қолғапты кию. 6. Таразы табақшасын дезерітіндімен сүрткіш арқылы залалсыздандыру
7. Таразыға бірнеше қабат бүктелген жөргекті төсеу

Көрнекілігі:

• табақшалы таразы;

• резеңке бессаусақты қолғап;

• дезертіндісі бар ыдыс, сүрткіш;

• қағаз, қалам.

Процедураны орындау реттілігі:

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных