Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






анықпаған көмірсутектердің галогентуындылары

Дәріс 8.

1. Құрылысы, номенклатурасы, физикалық қасиеттері

2. Алу және синтездеу әдістері

3. Химиялық қасиеттері және маңызы

 

1. Құрылысы, номенклатурасы, физикалық қасиеттері

 

Формула Атауы Агрегаттық күйі (қ.ж.)
тривиалды жүйелік
СН2=СHCI Хлорлы винил Хлорэтен Газ
СН2=СHBr Бромды винил Бромэтен Газ
СН2=СHI Иодты винил Иодэтен С
CH3-СН=СHCI Хлорлы пропенил 1-хлорпропен-1 С
CH3-СCI=СH2 Хлорлы изопропенил 2-хлорпропен-1 С
CH2CI-СH=СH2 Хлорлы аллил 3-хлорпропен-1 С
CH2Br-СH=СH2 Бромды аллил 3-бромпропен-1 С
CH2I-СH=СH2 Иодты аллил 3-иодпропен-1 С
СHCI=СHCI Дихлорэтилен 1,2-дихлорэтен С
СH2=СCI2 Хлорлы винилиден 1,1-дихлорэтен С
СHCI=СCI2 Трихлорэтилен Трихлоэтен С
СCI2=СCI2 Тетрахлорэтилен Тетрахлорэтен С
СF2=СF2 Тетрафторэтилен Тетрафторэтен Газ
СHBr= СHBr Дибромэтилен 1,2-дибромэтен С
Монобромацетилен Хлорэтин Газ
Монохлорацетилен Бромэтин Газ

 

2. Алу және синтездеу әдістері

1. Галоидты винилдерден практика жүзінде хлорлы винилдың маңызы зор. Одан полимерлеу арқылы поливинилхлорид (ПВХ) алады.

а) крекинг

б) ацетиленнен

2. Хлорлы винилиден хлорлы винил сияқты өндірісте полимерлеу үшін олданылады.

 

3. Тетрафторэтилен (СF2=СF2) және трифторхлорэтилен (ССІF=СF2) полимерленіп, өте тұрақты полдимерлерді түзеді.

3. Химиялық қасиеттері және маңызы

Сsp3 – Г және Сsp2 – Г байланыстарда галоген атомының қасиеттері бірдей болып келмейді. Сsp2 атомымен байланысқан галогеннің алкилгалогенидтерге тән орынбасу реакцияларға түсу қабілеттілігі өте аз.

SN реакцияларға қатыспайтын болғасын қанықпаған галогентуындыларды көбінесе полимерлену үшін мономерлер ретінде қолданылады. Полимерлену үшін қос байланыс молекуланың шетінде СН2 немесе СF2 топтарында орналасу керек, мысалы: СН2=СНСІ, СН2=ССІ2, СF2=CFCI, СН2=СН-CCI3, СН2=ССІ-CH=СН2.

Полимерлердің ішінде ең көп қолданылатыны – хлорлы винилдың полимерлері – поливинилхлорид.

ПВХ-ты себацин және басқа да екінегізді карбон қышқылдардың эфирлерімен пластифицирлеп, оны жасанды тері ретінде, газөткізгіш құбырлар жасауда, техникалық талшықтар жасауда және т.б. салаларды қолданады. Хлорлы винил және хлорлы винилиден бірге полимерленіп сополимер береді. Оны электркабельдерді қорғайтын изоляциялық материалдар жасауда қолданады.

Тетрафторэтилен (СF2=СF2) полимерленгенде химиялық өте тұрақты полимер – тефлон түзеді. Тефлонды «органикалық платина» деп атайды. Осы материалды химиялық машинажасауда және аспапжасауда қолданады. Тефлонға ешқандай сұйықтар жұқпайды және ол ешқандай еріткіштерде ерімейді.

Олефиндердің галогентуындылары бағалы жанғыш емес еріткіштер ретінде де қолданылады (мысалы, трихлорэтилен СHCI=СCI2). Олар өндірістік синтездердің жартылай өнімдері де болуы мүмкін:

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | ХАРАКТЕРИСТИКА ПЛАСТОВОЙ ЖИДКОСТИ


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных