Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Функциялары, структурасы, техникалық сипаттамасы мен қойылатын талаптары.




Дәріс. Бұрғылау шығырын есептеу және конструкциялау.

Функциялары, структурасы, техникалық сипаттамасы мен қойылатын талаптары.

Бұрғылау шығырлары КТО-сы кезінде, бұрғылау жыне ұңғы тереңдігін өсіру мен беру, сонымен бірге басқа да операциялар кезіндетәл жүйесінің арқанының жетекші тармағын тарту және барабанға орау, бұрғылау және шегендеу тізбектерін түсіруде, жүктелмеген ілмекті элеватормен бірге көтеріп түсіруде арқанды барабаннан жіберу функцияларын орындайды.

Бұрғылау тізбектерін көтеріп-түсіру көп рет, барлық операциялары анықталған жүйе түрінде қайталанып отырады. Ал шығырға әсер етуші жүктеме циклді сипаттама алады. Ілмекті көтеру кезінде керісінше тежегіш қондырғы босаған энергияны жылуға айналдыруы тиіс. Ілмекті көтеру кезінде қуатты дұрыс пайдалану үшін шығыр жетектерін жүктеме шамасының өзгеруіне сәйкес көп жылдамдықты етіп алу керек.

Жоғарыдағы функцияларды орындау үшін бұрғылау шығырлары келесі құрылғылармен жабдықталған болуы тиіс:

- шығырдың барлық механизмдері монтаждалынатын жақтаулы- рамамен;

- тәл арқанын орауға арналған барабанмен;

- механикалық таспалы тежегішпен (негізгі);

- тізбектердің түсу жылдамдығын реттеуге арналған азайту тежегішімен (көмекші);

- шығыр барабанының төменгі және жоғары айналу жиілігін қосатын оперативті фрикционды муфтамен;

- көтеру кезінде шығыр барабанына айналу мен қуатты беруді іске асыратын трансмиссиямен қондырғысының негізгі агрегаттармен;

- шығырды басқару пультімен және бұрғылау қондырғысының негізгі агрегаттарымен;

- шығыр мен қондырғының басқа да агрегаттарының жұмысын бақылауға арналған құралдар щитінен.

Шығыр жоғары жылдамдықтан азына және керісінше ауыса алатын, осы операцияларға өте аз уақыт жұмсай отырып ауысуды қамтамасыз етуі тиіс. Тізбектердің қысылып немесе созылуында тарту күші кез келген жылдамдықта көтеру кезінде тез артуы керек. Сондықтан мұндай ауысулар барабанды тоқтатпастан фрикционды муфталармен іске асырылады. Ондай муфталар оперативті муфталар деп аталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных