Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сандық параметрлері бар функциялар




9.16. х нақты саны үшін келесі мәндерді анықтайтын бүтін типті Sign(x) функциясын сипаттау керек:

-1, егер x<0 болса, 0, егер x=0 болса, 1, егер x>0 болса.

Осы функция көмегімен мәні берілген a,b сандары үшін Sign(a)+Sign(b)

өрнегінің мәні есептелсін.

9.17. a×x2+b×x +c=0 квадрат теңдеуінің түбірлерінің санын анықтайтын бүтін типті RootsCount(a,b,c) функциясын сипаттау керек (a,b,c – нақты типті параметрлер, a≠0). Оның көмегімен коэффициенттері арқылы берілген үш квадрат теңдеудің түбірлерінің саны анықталсын. Түбірлердің саны d=b2-4×a×c дискриминантының мәні бойынша табылсын.

9.18. Радиусы r дөңгелектің ауданын табатын нақты типті Circle(r) функциясын сипаттау керек (r – нақты параметр). Осы функция көмегімен радиустары берілген үш дөңгелектің аудандары анықталсын. Радиусы r дөңгелектің ауданы s=p×r2 формуласымен есептеледі, ал p=3.14 деп алынсын.

9.19. Центрлері ортақ, радиустары r1 және r2 шеңберлерімен шектелетін сақинаның ауданын есептейтін RingS(r1,r2) функциясын сипаттау керек (r1,r2 нақты параметрлер, r1>r2). Осы функция көмегімен ішкі және сыртқы радиустары берілген үш сақинаның аудандары анықталсын. Радиусы r дөңгелектің ауданы s=p×r2 формуласымен есептеледі, ал p=3.14 деп алынсын.

9.20. Табан қабырғасы а мен табанына түсірілген биіктігі h арқылы тең бүйірлі үшбұрыштың периметрін есептейтін TriangleP(a,h) функциясын сипаттау керек (a,h – нақты параметр). Осы функция көмегімен табан қабырғасы және оған түсірілген биіктіктері берілген үш үшбұрыштың периметрлері анықталсын. Үшбұрыштың бүйір қабырғасын табу үшін Пифагор теоремасын пайдалануға болады: b2=(a/2)2+h2.

9.21. Бүтін a және b шамаларының арасындағы барлық бүтін сандардың қосындысын (олардың өздерімен қоса) анықтау үшін бүтін типті SumRange(a,b) функциясын сипаттау керек. Егер a>b болса, онда функция 0 мәнін қайтарады. Сипатталған функция көмегімен мәндері берілген a,b,c шамалары үшін a -дан b -ға дейінгі және b -дан c -ға дейінгі барлық бүтін сандардың қосындысы есептелінсін.

9.22. Нөлдік емес a және b сандарына арифметикалық амалдардың бірін орындап, нәтижесін шығаратын Calc(a,b,Op) функциясын сипаттау керек. Арифметикалық амал түрі бүтін Ор параметрі арқылы анықталады: 1 – азайту, 2 – көбейту, 3 – бөлу, өзге мәндер – қосу. Берілген a және b үшін n1,n2,n3 бүтін сандары арқылы анықталатын амалдар орындалсын.

9.23. Нөлдік емес нақты х, у сандары арқылы берілген нүкте орналасқан координаттық ширектің нөмірін анықтайтын бүтін Quarter(x,y) функциясын сипаттау керек. Осы функция арқылы нөлдік емес координаттармен берілген үш нүктенің координаттық ширектерінің нөмірлері анықталсын.

9.24. Бүтін k параметрі жұп болса – TRUE, әйтпесе – FALSE сөзін қайтаратын логикалық Even(k) функциясын сипаттау керек. Сипатталған функция көмегімен 10 бүтін саннан тұратын жиындағы жұп элементтердің саны анықталсын.

9.25. Егер бүтін k (k>0) параметрі қандай да бір бүтін санның квадраты болса – TRUE, әйтпесе – FALSE сөзін қайтаратын логикалық IsSquare(k) функциясын сипаттау керек. Сипатталған функция көмегімен 10 бүтін саннан тұратын жиындағы квадраттардың саны анықталсын.

9.26. Егер бүтін k (k>0) параметрі 5-тің дәрежесі болса – TRUE, әйтпесе – FALSE сөзін қайтаратын логикалық IsPower5(k) функциясын сипаттау керек. Сипатталған функция көмегімен 10 бүтін саннан тұратын жиындағы 5-тің дәрежелерінің саны анықталсын.

9.27. Егер бүтін k (k>0) параметрі n -нің дәрежесі (n>1) болса – TRUE, әйтпесе – FALSE сөзін қайтаратын логикалық IsPowerN(k,n) функциясын сипаттау керек. Сипатталған функция көмегімен 10 бүтін саннан тұратын жиындағы n -нің дәрежелерінің саны анықталсын.

9.28. Егер бүтін n (n>1) параметрі жай сан болса – TRUE, әйтпесе – FALSE сөзін қайтаратын логикалық IsPrime(n) функциясын сипаттау керек (жай сан деп 1 және өзінен басқа бүтін бөлгіштері жоқ санды айтады) Сипатталған функция көмегімен 1-ден артық 10 бүтін саннан тұратын жиындағы жай сандардың нешеу екені анықталсын.

9.29. Оң бүтін k параметріндегі цифрлардың санын анықтауға мүмкіндік беретін DigitCountK(k) функциясын сипаттау керек. Осы функцияны пайдаланып, мәндері берілген бес бүтін элементтің цифрларының саны есептелсін.

9.30. Оң бүтін k параметріндегі n -ші цифрды қайтаруға мүмкіндік беретін DigitN(k,n) функциясын сипаттау керек (цифрлар солдан оңға қарай нөмірленеді). Егер k саынндағы цифрлар саны n-нен кем болса, функция -1 мәнін қайтарады. k1,k2,…,k5 бүтін сандарының әрқайсысы үшін параметрі n (1 ≤ n ≤ 5) болатын DigitN функциясы орындалсын.

9.31. Егер бүтін n (n>0) параметрі палиндром болса – TRUE, әйтпесе – FALSE сөзін қайтаратын логикалық IsPalindrom(n) функциясын сипаттау керек (палиндром дем солынан да, оңынан да бірдей оқылатын сандарды айтады). Сипатталған функция көмегімен 10 бүтін саннан тұратын жиындағы барлық палиндромдар анықталсын. Функцияны сипаттау кезінде 9.29 және 9.30 есептердегі DigitCountK және DigitN функцияларын қолдануға болады.

9.32. Градуспен берілген d (0<d<360) бұрышының мәнін радианмен анықтайтын нақты типті DegToRad(d) функциясын сипаттау керек. Келесі қатынасты пайдалануға болады: 180°=p × радиан, мұндағы p=3.14. Анықталған функция көмегімен берілген бес бұрыштың градустық мәні радианға ауыстырылсын.

9.33. Радианмен берілген r (0<r<2×p) бұрышының мәнін градуспен анықтайтын нақты типті RadToDeg(r) функциясын сипаттау керек. Келесі қатынасты пайдалануға болады: 180°=p × радиан, мұндағы p=3.14. Анықталған функция көмегімен берілген бес бұрыштың радиандағы мәндері градуспен табылсын.

9.34. Бүтін типті n (n>0) параметрі үшін n!=1 ×2×…× n факториалын есептейтін нақты faсt(n) функциясын сипаттау керек (функция мәнінің нақты болу себебі – n-нің үлкен мәндері үшін «бүтін санды тасқынның» алдын алу болып табылады). Сипатталған функция көмегімен берілген бес бүтін санның факториалдары анықталсын.

9.35. Бүтін типті n (n>0) параметрі үшін қос факториалды есептейтін нақты faсt2(n) функциясын сипаттау керек:

n!!=1×3×5…× n, егер n – тақ болса,

n!!=2×4×6…× n, егер n – жұп болса.

(функция мәнінің нақты болу себебі – n-нің үлкен мәндері үшін «бүтін

санды тасқынның» алдын алу болып табылады). Сипатталған функция

көмегімен берілген бес бүтін санның қос факториалдары анықталсын.

9.36. F1=1, F2=1, Fk=Fk-2+Fk-1, k=3,4,… формулаларымен анықталатын Fk Фибоначчи сандарының тізбегіндегі n -ші нөмірлі элементті табатынбүтін типті Fib(n) функциясын сипаттау керек. Сипатталған функция көмегімен Фибоначчи сандарының n1,n2,…,n5 нөмірлі элементтері анықталсын.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных