Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ағартушылар мен жазушылар еңбегіндегі патриоттық сезім.




Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары – Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтансарин, Абай Құнанбаев шығармаларынан да көптеп табамыз.

Қашқариядағы саяхаты арқылы дүние жүзіне әйгілі болған Шоқан, Қазақстан халқының тарихы мен әдет-ғұрпы, діни ұғымдары жайында материал жинай отырып, сонымен қатар қырғыз елдің зерттеу экспедициясына қатысады. Орыстың прогресшіл – демократтарының еңбектерін оқып, үлгі етіп, ол: «елдер өздерінің экономикалық және мәдени жетістіктерімен алмасуы керек, егер олар өздерінің ұлттық өмірінің тар шеңберінен шыға алмаса, онда дамулары нашарлайды, мұның өзі қоғамдық прогресті ұзақ уақытқа тоқтатып тастауы мүмкін» - деп жазған. «Еуропаның, жалпы адамзаттың оғартушылығын игеру және осы мақсатқа жетуге бөгет болатын барлық қиындықтармен күресу, дамуға және мәдениетке ұмтылған әрбір халықтың көздеген мақсаты болса керек» - деген Шоқан Шығысұлы, жақын жолдасы Потанин үшін «Еуропаға ашқан терезе» сияқты болды. Шоқан Шығысұлы өз жолын халықты ағарту, оны бостандыққа, ғылым мен білімге жетелеу деп білген.

Қазақ ағартушы педагогі, қазақ балалар әдебиетінің атасы – Ыбырай Алтынсариннің өз халқының болашағына сенімі мол болды. Ол патриоттық сезім үлкейген кезде емес, жастайынан әрбір баланың бойында қалыптасатын сезім деген болатын. Сондықтан да ол алғашқы оқулық жазды. 1879 жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» кітабы жарық көрді. Ағартушы әділетсіздікке, заңсыздыққа қарсы болды, халықтың сауатын ашып, өркениетті елдер деңгейінде көруді армандады.

Абай болса өз халқы, өз жерінің жақсы тұрмысына бөгет болатын жағдайларды жеңуге, ғылымды зерттеп, білім алуға қазақ жастарын шақырды. Өз қызметін Отан мен халық алдындағы борышым деп түсінген. Оның шығармалары бостандық сүйгіш халқының болашағына деген қамқорлықпен айшықталған. Оның патриотизмі туған ел табиғатына, мәдениетіне, тіліне, озық дәстүрлері мен ұлттық мінезінің жақсы жақтарына деген сүйіспеншілігінен көрініс тапты. Абай бүкіл қазақ халқын басқа халықтармен достыққа өмір сүруге, олардың жетістіктерін үлгі етіп, содан үйренуге шақырды.

Қазақ халқының білімпазда да көрнекті өкілдерінің ілімдері мен іс-әрекеттерінде екі бағыт байқалды: бір жағынан – олар туған жеріне, туып өскен еліне, Отанына деген сүйіспеншілік болса, екінші жағынан олар қазақ халқын басқа халықтармен достыққа шақырды.

Ізгілікті, өркениетті патриотизм әрқашан да халықтар достығы тәрбиесімен және идеясымен бірлікте болуы тиіс.

Ұлттық сезім, Отанға, елге деген сүйіспеншілік негізінде Алаш Орда қайраткерлері көп іс атқарып, тарихтың жарқын беттерін жаза білді. Егер Мыржақып Дулатұлы: «Оян қазақ» - деп, ұлттық сананың жаңа бір белесіне шақырса, Ахмет Байтұрсынұлы «Қазақ» газетін ашып, бүкіл алаш жұртын тәрбиеледі. Мағжан мен Сұлтанмахмұт орашылдық бұғаудан құтылатын күнді аңсады, туған жұртының отаншылдық сезімін тәрбиеледі.

Орыс революционер – демократтарды да бұл мәселе жөнінде көптеген құнды идеялар көтерген. Мысалға В.Г. Белинскийді алайық. Ол: «Отанға деген сүйіспеншілік жалпы адамзатқа деген сүйіспеншіліктен басталады» - деген болса, Чернышевский оның бұл ойын жалғастыра отырып былай дейді: «Отан деген, ең алдымен, халық. Белгілі бір жерде тарихи қалыптасқан халық, сол жерге тер төгіп, өз еңбегімен түрлендіретін халық, сол жердің бостандығы мен тәуелсіздігін қан төгіп нығайтатын халық, тек сол халық қана жерді әлеуметтік мағынада толтырып,Отан деп аталатын ұғымға айналдырады.»

Қазақ халқынын бертіндегі тарихында патриоттық тәрбие жүйесі бірқатар кемшіліктерге бой алдырды. Біріншіден, жат жұрттың әр түрлі қыспағында болғанымыздан, екіншіден кейінгі КСРО империялық, мемлекеттік саяси идеологиялық тұрғыдан басқарған тоталитарлық жүйенің жеке адамның Отанына, бабалар мұраты мен халық дәстүріне сүйенген патриоттық тәрбие көздерін жалған идеология арқылы жоюынан да байқалады. Соның нәтижесінде елі, жеі үшін жанын берген, халқына үлкен сүйіспеншілікпен қараған, қазақ елінің нағыз патриоттары қуғынға ұшыраған. Солардың ішінде Ахмет Байтұрсынұлы, Тұрар Рысқұлов, Міржақып.Дулатұлы, Сәкен Сейфуллин,.

Қазақ халқының алдыңғы қатарлы өкілдері де өз қызметінде екі бағыт ұстады. Біріншіден, Отанға деген сүйіспеншілік, терең патриотизм болса, екіншіден, халықтар достығы идеясы. Себебі, адамгершілікті, өркениетті патриотизм қашан да халықтар достығының идеясымен, тәжірибесімен үндесіп жатуы заңды болып табылады.

 

4. Бақылау сұрақтары:

1. Патриоттық сезімнің қалыптасуы.

2. Патриотизм туралы идеялар.

3. Ұлттық патриотизмнің мәні.

4. Патриотизм идеясының дамуы.

5. Ұлттық сезімнің қалыптасуы.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1.Патриотизм туралы идеялар (әдебиеттерге шолу)

2.Ағартушылар мен жазушылар еңбегіндегі патриоттық сезім.

7. Үй тапсырмасы:

1. Ағартушылар мен жазушылар еңбегіндегі патриоттық сезім.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010

№2.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы" Патриоттық сезімді дәлелдейтін оқиғалар"

1.Жоспары:

1.Патриоттық сезімді дәлелдейтін оқиғалар

 

2.Сабақтың мақсаты: Жастардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында тарихи оқиғалардың мәнін ашып жеткізу.

3. Қысқаша мәліметі:: Қазақ халқының патриоттық сезімінің қандай жоғары болғанын кейінгі жылдар ішіндегі болған оқиғалардың еліміздің жастарына сезіндіруді көрсете жеткізе білу туралы.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных