Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Патриоттық сезімді дәлелдейтін оқиғалар




Қазақ халқының патриоттық сезімінің қандай жоғары болғанын кейінгі жылдар ішіндегі болған оқиғалар да дәлелдейді. Солардың ішіндегі ұмытылмас тарихи оқиға - Ұлы Отан соғысы. 1943 жылы шыққан "Правда" газетінің алдыңғы беттерінде былай деп жазылған: "Қазақтар майдан даласында өте тамаша соғысады, майдан үшін олардың әкелері, аналары мен әйелдері аянбай, ерінбей еңбек етуде". Ал ағылшын жазушысы Александр Верттің "Ресей 1941-1945 жылдардағы соғыста" деген кітабында: "Қызыл Армияның кейбір ең қайсар солдаттары қазақтар болды, бүкіл соғыс бойында өзін тек жақсы жақтан көрсеткен солдаттар - қазақтар болды, ал Сталинград майданында ең үздік солдаттар ішінде Орта Азия халықтарының өкілдері - қырғыздар, қазақтар, өзбектер, башқұрттар" - деп жазылған. Оған біздің батырларымыз Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Рақымжан Қошқарбаевтың, Бауыржан Момышұлының ерліктері дәлел бола алады.

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы да бұл тұрғыдан көп жайтты аңғартқандай. Қазақ жастарының ұлттық намысының, туған елге деген сүйіспеншілігінің жоғары екендіғін Елбасы Н.Ә.Назарбаев былайша атап көрсстті: «1986 жылғы Желтоқсан оқиғалары қазақ жастарының сана-сезімінің қаншалықты өскендігін көрсетті. Олар жүз жылға жуық уақыт бойы халықты казармалық тәртіпте ұстап келген тоталитарлық жүйенің алдында бірінші болып айылдарын жиған жоқ. Жастар бұдан әрі кез-келген ұлтқа тән ұлттық мақтаныш сезімін қорлауға жол бермейтін өз халқының атынан ашық мәлімдеді». Ал Мемлекеттік хатшы Әбіш Кекілбаевтің тұжырымы бойынша: «Желтоқсан оқиғасы дауыл алдындағы тыныштықтың астан-кестеңін шығарды. Сырттай қарағанда мызғымастай көрінетін коммунистік идеологияның сенімнен біржола айырылуын тездетіп берді. Осы орайда, қозғалысты біріншіден, ішкі ұлттық маңызы бар оқиға /ұлттық өзін-өзі тану сезімінің оянуы/ ретінде, екіншіден, жалпыодақтық деңгейдегі /одақтас республикалардың егемендігіне серпін берген/ оқиға ретінде, үшіншіден, әлемдік маңызы бар /социалистік лагерьдің күйреунің басталуы/ аса көп сипаты әлеуметтік сілкініс аты шулы тарихи феномен ретінде бағаласа да артық емес».

Академик М.Қозыбай өзінің мақаласында батыс социалистерінің бірі Э.Гилденстің төмендегі сөздерін келтіреді: "Жастардың желтоқсандық бас көтеруінде жалпы мақсат қандай айқын көрінсе, ұжымдық сипатты, бұқаралық стихияның әуенімен кетіп, шектен шыға, ауажайылушылықтың да орын алғаны сондай айқын. Яғни, желтоқсан демократиялық, ұлт азаттық козғалыстың жарқын бастамасы".

Осы айтылған ойларды түйіндей отырып, біз «Патриотизм дегеніміз-қоғамдық сананың бір формасы, тарихи және таптық категория екенін, яғни ол да қоғам дамуымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түседі» - деп ойлаймыз.

Патриоттық сезім белгілі бір жағдайларға байланысты байқалады. Ол жағдайлар адамдардың, халықтардың әлуметтік, экономикалық тұрмыс жағдайлары да болуы мүмкін.

Патриотизм гректің partis - Отан, ел деген сөзінен шыққан. Кейінірек ол Отанға, елге, туған жерге, халыққа деген сүйіспеншілікті білдіріп, жиынтық ұғымға ұласқан.

Патриоттық идея - отаншылдық сезім адамға туа біткен қасиет емес. Ол жүре түзілетін, адамның саналы өмірімен қабаттас қалыптасқан психологиялық, саяси-әлеуметтік құбылыс.

Патриоттық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік - қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінін қуаттап, қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші болып табылады.

"Патриотизм" деген ұғымға бүгінгі ғылыми еңбектерде, белгілі бір түсіндірме сөздіктерде, әдістемелік құралдарда бірқатар түсінік-анықтамалар берілген. Мысалы:

"Социалистік қоғам азаматының патриотизмі өз Отанына, бүкіл социалистік елдер ынтымақтастығына берілгендік пен адалдықтан тұрады".

"... патриотизм - өз халқына, Отанға деген сүйіспеншілік... Пролетарлық интернационализммен берік байланысқан".

"... патриотизм... /грек тілінен аударғанда Отан/ -әдетте Отанға сүйіспеншілік деп аталатын, нақты, бір әрекет бейнесінде және қоғамдық сезімдердің күрделі жиынтығында көрініс беретін, балаларының Отан-Анаға деген көзқарасын сипаттайтын қоғамдық және адамгершілік принціпі".

"Социалистік патриотизмге өзінің социалистік Отанына, оның мәдениетіне, дәстүрлеріне деген шексіз сүйіспеншілік, социализм жеңістеріне деген мақтаныш, өз мемлекетінің экономикалық және саяси куатын арттыруға бағытталған әлеуметтік белсенділік, Отанын, оның бостандығын, тәуелсіздігін аянбай қорғауға даяр болу тәк".

"Патриотизм ұғымының мазмұнына Отанға, туып өскен жерге деген суйіспеншілік, халықтың тарихи жеңістеріне деген мақтаныш сезім кіреді".

Әрине, осы мысал ретінде келтірілген түсініктемелердің әрқайсысының белгілі бір мәні, мағынасы бар. Сондықтан да біреуі дұрыс, екіншісі қате деп айтуға болмайды. Түсініктердің бәрін де қолдаймыз, олар идеяның мән-мағынасын толық ашып көрсетеді. Біз осы түсініктерді қолдай отырып, өз түсінігімізді беруге тырыстық.

Біздің көзқарасымыз бойынша, «Патриотизм» дегеніміз - адамның туа біткен, биологиялық қасиеті емес, ол - әлеуметтік, тарихи ортада қалыптасқан, Отанға деген сүйіспеншілік сезім, ол Отанға қызмет етуден көрінеді.

Әрбір халық өз Отанының, яғни, өзі туған, өзі өскен, өзі еңбек етіп, өмір сүретін саяси, мәдени ортаның әлуметтік және мәдени дамуына мүдделі, әрбір халықтың Отанын, туған тілін, мәдениетін жат елдік басқыншылардан қорғауға байланысты белгілі бір ортақ мүддесі болады.

Патриоттық сезім ұрпақтан ұрпаққа дамып, нығайып жетіліп отырады. Себебі өсіп келе жатқан ұрпақ ата-бабаларының жасаған ерліктерінен, тарихта қалдырған жеңістерінен үлгі алады. Егер ол атаның емес, елдің баласы болса, онда ол ата дәстүрін ту етіп алға, жақсылыққа, елдің барлық тұрғыдан дамуына атсалысады. Бірақ әрине бір адам ештеңе де істей алмайды, әйтседе ұйымшылдық керек. Ұйымшылдық бар жерде нәтиже де бар, нақты сұраққа жауап та табылады.

Патриотизм өз халқының шығармашылық күші мен болашағына деген сенімсіздікпен қатар өмір сүре алмайды. Егер біз өсіп келе жатқан ұрпақ келешекте болатын жақсылыққа сенімсіздікпен қарасақ, тек шет елдердің мәдениетіне қызықсақ, оларға еліктесек, онда қандай жарқын келешек туралы сөз қозғауға болады.

Бауыржан Момышұлы айтқандай: «Патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жеке адамның аман-саулығы, қоғамдық мемлекеттік қауіпсіздікке тікелей байланыстылығын тікелей сезіну, өзіңнің мемлекетке тәуелді екеніңді, мемлекетті нығайту дегеніміз - жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, патриотизм дегеніміз - мемлекет деген ұғымды, оның жеке адаммен барлық жағынан: өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-қатынасын білдіреді».

Біздің ойымызша, патриотизмнің маңызды элементтерінің бірі - онымен етене байланысып жатқан ұлттық рух пен ұлттық патриотизм. Ұлттық рух пен ұлттық патриотизм - бұл ұлттың ішіндегі жеке адамның асыл белгісі мен қасиеті, өз халқына деген сүйіспеншілігі. Адам өз халқымен қан жағынан да, не шыққан тегі, қоршаған орта, тілі, тұрмыс-тіршілігі, мінез құлқы, психологиялық және этникалық ерекшіліктері, қалыптасқан тарихи дәстүрлері жағынан да, әбден айқын, әрі дербес басқа қасиеттері және ерекшіліктерімен де байланысты болады. Мұның бәрін міндетті түрде есепке алу керек және оларды жастарға күш-жігер беретін мықты құрал ретінде пайдалана отырып, патриотизм, отанға, ұлтқа сүйіспеншілік үғымының жалпы арнасына бағыттап отыру керек.

Егер кімде-кім өз халқына, оның болашағына сенбесе, ол өз тағдыры үшін де үйренеледі, тек өз қамын ойласа, тек қара басының қамын қызғыштай қорғаған ол Отанының, халқының патриоты, халқының ұлы, батыры бола алмайды.

Қазір Отанға деген сүйіспеншілік қандай дәрежеде қалыптасқан? Өйткені, әміршіл-әкімшілік социализм жоғалған соң, адамдар санасына пайда болған вакуумды ұлтшыл-патриоттық, ұлы мемлекеттік сана-сезімнің, сепаратизмнің идеялары толтырмақ. Тек соңғы жылдары ғана "Қазақстандық патриотизм" ұғымына терең мән берілуде. Отанға деген сүйіспеншілік әркімде болуы керк. Ортажүздің биі Қазыбек би айтқанда:

 

"Алтың ұяң - Отан қымбат,

Туып өскен жерің қымбат.

Кіндік кескен елің қымбат,

Ар менен ұят қымбат".

Қазақстандық патриотизм халқының құрамдас бөлігі ретінде берілгендік сезімді, халық пен елдің мүддесін қорғайтын, тіпті әскери қорғауды жүзеге асыратын азаматтың парызы мен намысын тәрбиелеу.

Патриотизмді шовинизм мен ұлтшылдықпен салыстыруға болмайды. Олар қарама-қарсы мағынада десек те болады. Себебі, патрмотизм ол басқа халықтарға деген құрмет сезіміне, бүкіл адамзат туралы адамгершілік түсінікке қайшы келмейтін Отанға деген сүйіспеншілікке үлгі бола алады.

Біздің ойымызша, алдымен мемлекеттің негізін құрайтын ұлттық бірлестік жүзеге асқан жағдайда ғана толыққанды ұлттық патриотизм болуы мүмкін. Ұлттың әр түрлі қарама-қарсы топтарға жіктеліп, бөлінуі толыққанды патриотизм тудыра алмайды және бұл Отанның өмір сүруіне қауіп төндіруі мүмкін. Нақтылай түссек, сөз қазақтар арасында рулық бөлшектену мен ор алуан платформалар арасындағы жіктелуді жою туралы болып отыр.

Қазіргі қоғамның патриоттық санасы үш түсінікті құрайды: бірінші - ұлттық-этникалық, екінші - жалпы адамзаттық және үшінші- әлеуметтік-топтық. Ұлттық-этникалық дегеніміз - ұлттық намыс сезімі, Отанға деген, ұлт мәдениетіне, тіліне деген сүйіспеншілік. Қазақстан секілді көп ұлтты мемлекетте осында тұратын ұлттардың жалпы республикалық және ұлттың айырықша мүдделері үйлесім табуы қажет. Сондықтан қазақстандық патриотизм туралы айтқанда республикада тұратын ұлттар- қазақ, орыс, неміс, ұйғыр, қырғыз, ағылшын, татар т.б. ұлттар патриотизмі туралы да айтқан абзал. Қазақстанда тұратын орыс ұлты өз мәдениеті мен тіліне деген сүйіспеншіліктен басқа Қазақстанға да өз Отаны ретінде сүйіспеншілік қалыптасады, қазақстандық ұлттық намыс пайда болады. Бұның бәрі жаңа процестердің бастамасы. Қазақстандық патриотизм ерекшіліктері қалыптасу үшін ресиубликадағы халықтардың ұлттық келісім мен достығы нығая түсуі үшін тарихи уақыт керек.

Патриоттық тәрбие мәселесіне ерекше назар аударыла бастауы бірқатар себептерге, ең алдымен КСРО ыдырағаннан кейінгі кезеңде Отанды қорғау мен дамыту мәселесінің қиындай және тереңдей түсуіне, Қазақстанның егемендік пен тәуелсіздік алуына байланысты.

Отанның адамдар санасындағы бейнесі тек қана тікелей емес, шағын ортаға, жеке адамның сайлау белседілігіне, бұқаралық ақпарат құралдарын, ауызша және жазбаша сөзді пайдаланатын саяси-тәрбиелік, идеологиялық жүйеге байланысты көрінеді. Сондықтан патриоттық сананың белсенділігі, оның үнемі жанданып тұратын функциясы көп жағдайда қазақстандық патриоттық тәрбиеге байланысты.

Қазақстандық патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты - жеке адамның, әлеуметтік, ұлттық топтардың патриоттық қызметке саналы түрде ұмтылуын анықтайтын моральдык-саяси, кәсіби және дене күші қасиеттерін қалыптастыру.

Патриоттық әрекет деген отанның, жеке адамның, әлеуметтің, ұлттық топтардың дамуына және әлеуметтік жағымды себептерге негізделген кез-келген қызмет түрлері.

Патриоттық тәрбие үрдісінде өз Отанына деген сүйіспеншілік, жалпы ұлттық намыс, мемлекеттің экономикалық, ғылыми, моральдық-саяси, әскери және спорттық потенциалын дамытуға ұмтылу, оны идеологиялық, саяси, тіпті қажет болса, әскери жағдайда корғауға дайын болу қажеттері қалыптасады.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Патриоттық идеялар.

2.Патриоттық сезімді қалыптастыратын әрекеттер.

3.Қазақстандық патриоттық тәрбиенің негізгі мақсаты.

4.Патриоттық сезімнің мақсаты

5.Патриоттизм деген сөзге түсініктеме.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1. Патриоттық сезімді дәлелдейтін оқиғалар

7. Үй тапсырмасы:

1. Патриоттық идеялар.

2. Патриоттық сезімді қалыптастыратын әрекеттер.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Адамбаев Е. Шешендік сөздер. 2004.

2. Қозыбаев М. 1986. Желтоқсан дақпырт және шындық. Егемен Қазақстан. 5 желтоқсан 1996.

№3.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы Қазақстандық патриотизм "

1.Жоспары:

1.Қазақстандық патриотизм.

2.Сабақтың мақсаты: Қазақстандық патриоттық тәрбие дұрыс жолға қойылған ұжымдар тәжрибесін зерттеу және тарату.

3. Қысқаша мәліметі: Қазақстан Республикасының халқының "ішіндемін" деген ойда әрбір азаматтың намыс сезімін тәрбиелеу.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных