Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Мектеп окушылары бойында патриоттық сезімді қалыптастыру




Сабақта патриоттық тәрбиеге байланысты барлық жайларды толығынан қамту мүмкін емес. Сондықтан, біздің ойымызша, міндетті түрде қосымша іс-шаралар жүргізу керек. Мысалға, сыныптан тыс жұмыс. Біз сыныптан тыс жұмысты оқу-тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі ретінде қарастырамыз. Оның мазмұны жан-жақты болуға тиіс. Ол оқушылардың мүдделік жағынан бірігуіне әсер етіп, олардың шығармашылық талабын және өзіндік тәуелсіздігін арттырып, жалпы мектеп ұжымын біріктіре отырып, жолдастық қатынастарды бекітіп, жеке тұлғаның және қоғамның мүддесін қорғауға бағытталуы тиіс. Біз неге жоғарғы сынып оқушыларын алып отырмыз. Себебі Г.В.Мизиковскийдің пікірінше: "Бозбалалар мен қыздарды 15-17 жаста дүние танымның және өмірге бағытталуының негізі қаланады, олар өмірде өзінің орнын табуды белсенді іздестіреді, олардың таным үрдісі белсенді жүреді" екен. Отан туралы оның әлемдік тарихи үрдістегі орны, жолы туралы қөзқарасы тереңдей түседі.

Әрине, патриоттық сезімге тәрбиелеу жанұяда, нәресте дүниеге келген кезден бастап жүргізілуі тиіс. Ал біздің пайымдауымызша, қазіргі уақытта өкінішке орай, шамамен айтсақ, он жанұяның жетеуі өз балаларын патриоттық сезімге тәрбиелемейді. Ал осы жеті жанұяның екеуінің ата-аналары шет елдерге қызыға қарап, сол елдерден үлгі алады. Осыдан ол үйлерінің балалары: "Қазақстанда ешқандай жоғарғы білім алуға болмайды, тек Еуропа немесе басқа шет елдерде ғана оқып, жақсы білім аламыз" деген көзқараста болады. Шет елдердің көптеген оқу орындары тек әз мүдделерін ғана ойлайды. Олар біздің жастарымыздың ақшасын алып, оларға жақсы немесе үздік диплом беріп қайтарып жатады. Тиісті білім беруге құштарлық танытпайды. Ал егер сол мамандық алып шыққан отандасымыз әрі қарай жұмысқа орналысқысы келсе, оны жұмысқа алғанмен, жақсы қызмет бермейді. Осыдан көп нәрсе түсінікті болар.

1) Сабақган тыс уақытта сыныптық тәрбие сағаттарын өткізу керек. Бұл сабақтардың тақырыптары жастардың бойында патриоттық сезімді қалыптастыруға бағытталуы қажет. Көптеген өзімнің достарым, жоғары сынып оқушылары тартымды өткізілетін осындай арнайы сабақтардың қарапайым түсініктердің - Отан, ата-баба дәстүрі, тіл қасиетін тереңнен түсініп, мақтаныш сезімдерін оятатынын мойындайды.

2) Мектеп ішінде патриоттық сезімді қамшылайтын, тәрбиелейтін жарыстар өткізілуі керек. Оқушылар соған қатысып, дайындалып, рухани қазына жинайды.

3) Мүмкіндігінше оқушыларды зиялы қауыммен кездестіріп, мұражайлармен таныстырып отыру керек.

4) Мектепте әнұранның айтылуының дағдыға айналуының маңызы ерекше.

5) Алғашқы әскери сабақтар міндетті түрде қазақ тілінде өткізілуі тиіс. Осы саладағы қазақ тілі әлі де ақсап жатыр.

6) Оқушыларға демалыс кезінде оқитын кітаптардың тақырыбын беру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных