Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Семинар сабақ №11.




Сабақтың тақырыбы:Қазақ елінің қаһармандық тарихы

1.Жоспары:

1. Қазақ елінің қаһармандық тарихы.

2.абақтың мақсаты: Қазақ елінің қаһармандық тарихын зерделеп жеткізеді.

3.Қысқаша мәліметі: Қазақ елі - сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі екендігін көрсетеді.

 

1. Қазақ елінің қаһармандық тарихы

 

Алаш жұрты, жанашыр жақындарым,

Тапталмауға білесің хақың барын.

Ұлт үшін ұрандатып ұрыс салған

Қайда сенің кешегі батырларың?!

Сахна төріне Абылай хан, Бөгенбай батыр, Қабанбай батыр, Наурызбай батыр, Райымбек батыр, Сапытай батыр, Исатай батыр, Бауыржан батырдың портреттері ілінеді, ғимарат іші тарихи ерліктерге лайықталып безендіріледі

Тарихшы: (Тарихшы мен жыршы сөзіне сәйкес кинокадрлар көрсетіледі). Қазақ елі - сонау Алтайдан Пиренейге дейін билік еткен Еділ батырдың елі. Қазақ елі – асқан батырлығымен, ақыл-парасаттылығымен Египет еліне билік жүргізген Бейбарыстың, Үндіні билеген Бабырдың елі.

Жыршы: Қазақ жері – қонақжай төрдің жері,

Қазақ елі – Қас сақтай ердің елі.

Елі кедей болмаған – жері байтақ,

Еділ ердей, Бабырбай шерлер елі.

Азат бүгін байлыққа тұнған жерім,

Азат жүгін, ел жауын қуған ері.

Әділет пен бірлікке жанын қиып,

Әділ өткен билердің туған жері.

Қазақ жері көп шеккен қасіретті,

Қазақ ері - өнерлі, өсиетті,

Египетті билеген Бейбарыстың

Елі – текті, киелі, қасиетті.

Қорлаған жау – басқыншы халыққа мұң,

Қорғаған ер – ойлаушы халық қамын.

Қобыланды, Ер Тарғын, Алпамыстар...

Қорғап қалды ел бағын алыптарым!

Тарихшы: 1793 жыл. Ел жайлауға көшіп жатқан кез. Алтайдан Атырауға дейін тыныштық орнатқан қазақ елі. Қаннен-қаперсіз, шат-шадыман жаз жайлау қызығын көруге бет алғанда, Жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қазақ халқын қан жылатты. Дүрліккен ел шұбыра қашып, табаны езіліп, шұбырынды халық “ақ табан” болды. Аңдыздаған жұрт Алқа көлге аялдап, қасиетті Қаратауға бас сауғалады.

(Зарлы әуен “Елім-ай” хоры айтылады)

Зар: Қаратаудың басынан көш келеді,

Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді.

Қарындастан айырылған қиын екен,

Қара көзден мөлтілдеп жас келеді...

Тарихшы: Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Елдің елдігін, ерлігін соңғы рет сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, жалпы жұртты аман алып қалу үшін, данышпан ата Төле би батырларды батылдыққа, елді бірлікке шақырады.

Жыршы: “Даудан қашық жүріңдер, дүрлікпе тек!

Жаудан қашып, қор болып үрікпе” – деп,

Біріктірді қазақты Төле би:

“Бақыт, жеңіс, азат күн – бірлікте!” – деп.

Тарихшы: “Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді!” Тұрған жерін тұрақтаған тұғыры биік ел едік, іргемізді ірітпей, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, атам қазақтың абыройын сақтайық” – деді Төле би бабамыз.

Кіші жүзден кісілігін танытқан Әйтеке би, орта жүзден ордасын тіккен Қазыбек би ұлы жүздің ақ сақал биінің билігіне бас иіп, елді біріктірді. “Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін”, - деді олар. Кең пейілді, бауырмал халық бір тудың астында “Сабалақ батыр” аталған Абылайды хан көтерді.

 

“Абылайлап”, Сабалақ қол бастады,

Абылай хан атанып, ел басқарды.

Ерлігінен хандардың басталады

Егемендік, елдіктің сел бастауы.

(Бұқар жыраудың Абылай хан туралы жырларынан үзінді жырланады)

Ат ауыздығымен су ішкен, ер етігімен су кешкен заман болды.

Қалың елді Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай батырлар бастап, азулы жауды Аңырақайда аңыратып жеңді, Райымбек сияқты киелі батырлар кейін шапқан кесапат жауды қасиетті қазақ жерінен біржола қуып тастады.

 

Қаралы қалмақ қырғынынан соң, ес жиған елді есеңгіреткен, ердің намысын өртеген тағы бір оқиға – Қоқан хандығының жүгенсіздігі болды. Халық батырлары ел намысын қорғады. Елім деп туған ер Сыпатай халық бірлігін қорғап, достық туын көтерді.

“Мықтымын” деп қоймаған қоқаңдауын,

Ықтырды кеп Сыпатай Қоқан ханын

Ойран етті ниетін басқыншының,

Ойлап өтті бірлікті – Отан қамын.

ХҮІІІ-ХІХ ғасыр. Қазақ билері мен хандары иек артып, көмек еткен орыс патшалығы бірте-бірте өз мақсатын орындап, қазақ жерін отарлап, қазақ елін аздыра бастады. Ел ішіне ірткі салып, зымияндық саясатпен ел бірлігіне, ұлттық қасиетімізге, тіліміз бен дінімізге, кеңдігіміз бен елдігімізге кесір келтірді. Оған қазақ шаруалары ызаланып, кек көтерді.

Исатай мен Махамбет бастаған ел көтерілісі сәтсіз болса да, ел намысының айғағы еді.

(Құрманғазының “Кішкентай” атты күйі тартылады, ортаға жыршы шығады)

Орнатам, деп Исатай бостандықты,

Ордадан – кек, құптауды достан күтті

Жаңғырған мың-шаруа күресінен

Жәңгір хан мен ақ патша жасқаныпты.

(Махамбеттің “Ереуіл атқа ер салмай”, “Мен, мен едім, мен едім”, т.б.жырлары айтылады)

1941-1945 жылдар. Адамзат тарихында болмаған алапат соғыста бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзаттық азаттықты қорғап, ерекше ерлік көрсетті. Жүзге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры деген абыройлы атақ берілді. Батырлықты батырлардың батыры Бауыржан Момышұлы бастады.

(«Жас қазақ» әнінің әуенімен жыршының жыры естіледі. Төлегеннің бейнесі көрсетіледі)

Тоқтаровтай батырлар неткен жалын!

Оқтан ықпай, елім деп төккен қанын.

Батырларым жалынын жалаулатып,

Жатыр мәңгі аялап еккен бағын.

 

Бауыржандай Мәскеуді қорғап қалған,

Бауырмалдар жауға елді қорлатпаған.

Жатыр бүгін жалын боп алыптарым,

Батырлығы бағым боп орнап қалған.

 

Қорған болған елінің елдігіне,

Батырлардың бас идік ерлігіне!

Ұрпақтары қаһарман бабалардың

Тәуелсіздік қамалын көрді міне!

1986 жыл. Желтоқсанда отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар алаңға шықты. Желтоқсан желі дауылға айналды. Өрттей қаулаған өжет жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

«Қазақ елі хан сайлар зор данасын,

Ғажап елді келімсек қорламасын!»

Деп, Қайраты көтерді намыс туын,

Кек қайнатты өрт толып Орда басын.

 

(“Желтоқсан желі” әні айтылады. Желтоқсан оқиғасына байланысты кинокадрлар көрсетіледі)

1991 жылы қазақ халқының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышта ерлік көрсетті.

Келді, міне, ерлікті бағалар күн,

Аруағы қолдады бабалардың.

Ғарыш шарлап оралды Тоқтар батыр,

Мұратыңа ие бол, бауырларым!

 

(Шаттық күйі. Ту ұстаушылар әуен әусерінде Республика туын сахна төріне алып шығады. Жұрт орындарынан тұрып, ту астында еліміздің әнұранын айтады)

Бақылау сұрақтары:

1. Қазақ билері мен хандары.

2. Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау.

3. Қазақ елі..

4. Қазақ батырлары туралы жырлар.

5. Желтоқсан оқиғасы.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1. Қазақ елінің қаһармандық тарихы.

7. Үй тапсырмасы:

1. Қазақ билері мен хандары.

2. Қазақ батырлары туралы көркем әдеби шығармаларды атау.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Қазақстан тарихы. А., Рауан, 2007

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных