Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқушы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басшылық жасау.




Әр түрлі күрделі жүйе сияқты әскери-патриоттық тәрбие де басқаруды қажет етеді. Басқару міндеті көпмағыналы, бірақ бастысы оның негізінде, басқару жүйесінің жағдайын оқып-үйрену (бұл жағдайда әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру деңгейі, оның нәтижесі, оқушылардың болашақ әскери қызметке және олардың Отан қорғауға дайындығы), және оны жетілдіру туралы шешім қабылдау жатыр. Негізгі бұл міндеттерден басқа, әскери-патриоттық тәрбиені болжау мен есепке алу үшін қажет, педагогикалық кадрларды іріктеп алып, оларды орын орына қою, жұмысқа жауапкершілікпен қарауын ынталандыру және тексеріп отыру. Педагогикалық басқарудың маңызды принципіне мыналар жатады: әр түрлі жастағы оқушылардың әскери-патриоттық сана-сезімінің дамуының заңдылығын есепке алуға негізделген ғылымилығы, педагогикалық ұжымның барлығының ісін басқаруға қатысы; әркімнің тапсырылған істі орындаудағы және жауапкершілігі; әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастырудағы жоспарлығы мен кешенлігі; басқарманың әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдаструға негізгі бөлімін таңдап ала білу қабілеті және оның үзіліссіз дамуын әскери-патриоттық тәрбие процессінде көптеп жаңа қатысушыларды тарту арқылы қамтамасыз ету.

Басқару қызметі дегеніміз бұл бірінші кезекте мектеп әкімшілігінің әкімшілік-басқару әдістерімен қоса әдістемелік - нұсқау әдістерін кеңінен қолдана отырып атқаратын қызметі, яғни мұғалімдер мен сынып жетекшілерінің әскери-патриоттық тәрбие өрісінде педагогикалық шеберлігінің өсуіне әсерін тигізу және сонымен қоса оқу орнында еңбектің ақырғы нәтижесіне деген белсенділік пен мүдделікті қалыптастыру. Бұл міндеттерді шешуде мектеп, кәсіптік-техникалық училище әкімшілігі мектептегі жастар ұйымының көмегіне сүйенеді. Басқару қызметіндегі жетістік педагогикалық ұжым мүшелеріне міндетті қызметтерін айқын бөліп беруге байланысты.

Мұғалімдердің және басқа да мектеп қызметкерлерінің жалпы және типтік функционалды міндеттері орта білім беретін мектептердің жарғысымен және ішкі тәртіп ережелерімен анықталған. Осылардың негізінде (директор қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып) мектеп және кәсіптік-техникалық училищенің шешетін міндетін және жағдайының ерекшелігіне сүйене отырып, сонымен қатар педагогикалық ұжым мүшелерінің мүмкіндіктеріне қарай, мектеп директоры қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, әскери-патриоттық тәрбие жұмысына байланысты әр қызметкерлердің нақты міндеттерін анықтайды. Енді осыларды әрбір лауазымға қызметкерлерге үйлестіре қарастырайық.

2.Мектеп директорының міндеті:

· әскери-патриоттық тәрбие жалпы басшылық жасау, іріктеп алу, тәрбиелеу және орналастыру;

· әскери-патриоттық тәрбиенің жай-күйін талдау, қоғамдық, мектептен тыс ұйымдармен және базалық кәсіпорындармен келісе отырып жоспар жасау; мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін, сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыстарды ұйымдастырушының және алғашқы әскери дайындық пәні оқытушысының әскери-патриоттық тәрбиесіндегі қызметін жетілдіруге байланысты инициативті (ынталы) шешімдер ұсыну;

· әскери-патриоттық жұмыстың барысы жайында мектеп ішілік есепке алу және тексеру;

· әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру үшін қажетті материалдың әлеуметтік және моральдық-психологиялық жағдайлар жасау;

· балалардың қоғамдық ұйымдарына және оқушылардың өзін-өзі басқаруына көмектесу және олардың педагогикалық ұжыммен бірлесіп жұмыс істеуін ұйымдастыру.

3.Директордың оку-тәрбие жұмысы жөніндегі орыңбасары:

· оқу бағдарламасының әскери-патриоттық тәрбиенің міндетін шешудегі мүмкіндіктерін айқындайды және оларды оқу-тәрбие жұмысында іске асрады (оқу процесінің графигі, сабақ кестесі және сыныптан тыс сабақгар, бақылау жұмысының және лабораториялық жұмыстың графигі, экскурсиялар және т.б.);

· жастарды Отан қорғауға дайындауда сабақ кезіндегі және сабақтан тыс уақытындағы жұмыстың бірлігін және өзара байланысын қамтамасыз ету;

· оқу тәрбие процесінің әскери-патриоттық бағыттылығының әдістемелік қамтамасыз етілгендігінің жайын ойлау (мұғалімдердің өз бетімен, білім алуын ұйымдастыру, олардың квалификациясын көтеру жоспарының орындалуына бақылау жасау, әдістемелік кеңестің әдістемелік бірлестіктердің және сынып жетекшілерінің жұмысына жетекшілік жасау, мектепте әскери-патриоттық тақырыптар бойынша әдістемелік-ғылыми конференция өткізу, оқушылардың әскери-патриоттық тәрбиесі жөніндегі алдыңғы қатардағы педагогикалық тәжрибесін айқындау, оларды талдап қорыту тарату жұмысы).

4.Бақылау сұрақтары:

1.Басқару қызметі дегеніміз

2.Әскери-патриоттық тәрбиенің міндеті

3. Басқару міндеті.

4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруы.

5. Директордың міндеті

6. Оку-тәрбие жұмысы жөніндегі орыңбасарының міндеті.

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес өткізу.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын сабақтың тақырыбы:

1. Оқушы жастардың әскери-патриоттық тәрбиесіне басшылық жасау.

7. Үй тапсырмасы:

1.Басқару қызметі дегеніміз

2.Әскери-патриоттық тәрбиенің міндеті

3. Басқару міндеті.

8.Сабақ тақырыбына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1. Сарсенбаев Н.С. Обычаи, традиции и общественная жизнь. А., 2002.

2. Б.Ахметов,Т.Қарғабаев Әскери патриоттық тәрбие негіздері оқу құралы Түркістан 2010






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных