Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Орғану жолдары.




Ядролық қарудың ауа толқынының соққысынан, тек осы күшті есептеп салынған баспана немесе панахана ғана сақтай алады.

Жарықты сәулелену – бұл жарылыс кезінде болатын сәулелердің қуаты. Бұнығ қызуы миллион градустан бірнеше мыңға дейін болады.

Жарықты сәулелену өте қысқа мерзімде әсер етеді. Және тарауы да лезде болады.

Ол күннен әлдеқайда анық, өткір, ашық сондықтан алыстан көрінеді. Оның күші бір шаршы/см ауданға перпендикуляр түсетін сәуленің мөлшерімен өлшенеді.

Сәуленің мөлшері – калориямен анықталады.

Жарық импулсі – 1 кал/см.

Жарықты сәулелену – адам денесін, жан-жануарды күйдіреді, соқыр қылады.

Күйдіру сатысы бірнеше дәрежеде болады:

1-ші дәрежелі – 4 кал/см;

2-ші дәрежелі – 4-7,5 кал/см;

3-ші дәрежелі – 7,5-12 кал/см (тері сыдырылады);

4-ші дәрежелі – 12 кал/см-ден жоғары (терінің күйігі тереңдеп, жапырақтанып, бөлшектеніп түседі).

Жарықты сәулененуден кез келген жарық өткізбейтін бөгет қорғай алады: ағаштың көлеңкесі, аула үйдің тасасы. Жауын, тұман, қар оның әсерін азайтады. Жаз мезгілінде оның әсерінен өрт болуы ықтимал.

Өткір радиация – ядролық жарылыс сәтінде бөлінетін нейрондар мен гамма сәулелері. Бұлар қорғана алмай қалған адамдар, жан-жануарлар үшін өте қауіпті. Бұл радиация бары 10-15 сек ғана созылады. Бірақ сәуле ауруларын туғызу үшін осы уақыттың өзі де жеткілікті.

Алғашқы өткір радиация адамға сезілмейді, оның өткені біраз уақыттан кейін байқалады. Сәуле ауруларының ауыр-жеңіл болуы өткен радиацияның мөлшеріне байланысты, ол сәулелену дозасымен өлшенеді.

Сәулелену дозасы деп қоршаған ортада 1 гр затты не 1 куб.см ауада, 00С – температурада қысымы сынап бағансымен 760 мм болғанда – 2,08 млд. пар иондардың болу деңгейі.

Өткір радиация - әр түрлі нәрселерден өткенде гамма сәулелері әлсірейді, неғұрлым кедергі көп болса, соғұрлым ол әлсірей береді.

Темір бетоннан салынған баспана, шахты, тау қуысы – түгел қорғайды (еш зиянсыз).

Радиоактивтік ластану – жарылыс болған жердегі топырақ, шаң жоғары көтеріліп желмен ыққа қарай жылжи береді де, жол бойы жерге түсіп ластайды – радиоактивті заттар жерге түседі.

Оның 3 зонасы: 1) қауіпті зонасы;

2) күшті ластанған зонасы;

3) аздау ластанған зонасы.

Ластау (ластану) мөлшеріне байланысты:

- жарылыс түрінен (бомбаның);

- оның күшінен (неше мегатонна);

- жарылыс болғаннан кейінгі өткен уақыттан;

- эпицентрдің қашықтығынан;

- жарылыс кезіндегі ауа райынан;

- жер бетінің рельефінен (таулы, жазық далы т.с.).

Жарылыстан кейінгі өткен уақытқа байланысты радиация деңгейі азаяды. Мысалы, 1 сағат өткеннен кейінгі деңгейді -100 % деп алсақ, екі сағатта екі есе азаяды, үш сағатта төрт есе, жеті сағатта 10 есе. Осы ластану деңгейінде қалған адам тиісті мөлшерде радиациямен зақымдалады (демалғанда, тамақпен, сумен). Ол адамдар сәуле ауруларына ұшырауы мүмкін. Сондықтан осы жердегі орнатылған тәртіпті, сақтану ережелерін сөзсіз орындаған жөн.

ТЖ –ды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауға даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабулетін анықтайды. Қазіргі уақытта адамзаттың алдында тсоғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп-экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бөлінуде, ормандарға, өсімдіктер мен хайуанаттарға қауіп төнуде.

Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі апат салдарын қазіргі заманғы жаппай қырып-жою құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жайттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілері орналасқан, мұндағы апаттар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық органдары тарапынан Азаматтық қорғаныс мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық обектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайда, сондай-ақ қаруларының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.

Халықты қорғау принциптері – бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР-ның Үкіметі ресми белгілеген ережелер.

Халықты апат, зілзала мен құралдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі ахуалды бағалау және жергілікті жағдайлар мен мүмкіндіктерді ескере отырып, әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

Қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу. Ол мыналарды қамтиды:

- бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу;

- халықты ТЖ мен қазіргі заманғы қырып-жою құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау;

- ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;

- көшіру шараларын даярлау;

- бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

Жаппай қырып-жою құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстағы қарудың түрлерімен салыстырғанда өздерінің жойқын күштерімен ерекшеленеді.

Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің жаңа құралдарының пайда болуының арқасында жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы жоюға болатындығында. Сондықтан да, тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып тұр. Соғыс жағдайында қазіргі заманғы қырып-жою құралдары ықпал аймағына кез келген елді мекен тап болуы әбден мүмкін.

Осыған байланысты халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектілерде, бүкіл республика аумағында міндетті түрде жүргізілуі қажет.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных