Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сабақ № 3 Саясат қоғамдық өмір құрылымында




Семинар сабағының жоспары:

1. Саясат қоғамдық құбылыс ретінде, оның табиғаты, мүмкіндіктері, болашағы.

2. Саясаттың әлеуметтік негізі, саясаттың тарихи негізі. Саясаттың адамгершілік қасиеттері және демократиялық мазмұны, гуманитарлық мазмұны.

3. Саясаттың негізгі түрлері, оның мәні.

4. Қоғамды модернизациялау барысындағы Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекеттік саясаты.

Сабақтың мақсаты: Саясаттың шекарасы мен мүмкіндіктерін, мәнің ашу; саясаттың негізігі түрлерін қарастыру.

Бақылау сұрақтары:

1. Саясаттың пайда болуының негізгі себептері.

2. Қоғамда саясаттың қызметі қандай? Өз ойынызша саясаттың қызметін аңықтаныз да оны дәлелденіз?

3. Қай уақытта саясат қоғамның барлық саласына еніп, өз үстемдігін жүргізеді?

4. Саясат пен экономика, саясат пен мораль, саясат пен құқық, қоғамдық өмірдің реттеуші механизм ретінде қалай түсінесіз

 

Глоссарий

р/с Саяси түсініктер Аңықтамалары
  Автаркия -елдің экономикасын басқа елдердің экономикасынан оқшауландыруға бағытталған ұлттық мақсат.
  Автономия – бір мемлекеттің шенберінде өзін-өзі басқаруға құқық берілген саяси – ұлттық құрылым
  Вотум – өкіметке және оның кейбір мүшелеріне сенім білдіру немесе сенім білдірмеу мақсатындасайлау арқылы қабылданған шешім.
  Деморкация – екі елдің жерін анық бөліп тұратын шекара.
  Дискриминация - нәсіліне, ұлтына, дініне немесе саяси қозқарастарына және т.т. байланысты адамдарды құқығынан айыру және шектеу.
  Толеранттық басқалардың пікіріне,сеніміне шыдамдылық көрсету,саясатта алуан пікірді,оппозицияның кең мағынасында жұмыс істеуіне және оның ой-пікіріне түсіністікпен қарауға мүмкіндік береді.
  Инагурация мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі
  Кворум құрылтайшы органның жұмысын бастау немесе шешім қабылдау үшін оған қатысушылардың қажетті саны. Ондай саны жетіспей қабылданған мәжіліс шешімі заңсыз болып саналады.
  Менталитет 1) ойдың бағыты, жүйесі, ақыл шабыты, құрылымы; 2) адамны, топтың,таптың, халықтың дүниетанымы, өмірге, саясатқа, билікке қатынасы; 3) рухани өмірдің ерекшелігі.
  Өркениеттілік 1)қоғамның, адамзаттың материалдық және рухани даму деңгейі; 2) мәдениеттің синонимі; 3) Л. Морган, Ф. Энгельстердің көрсетуінше, қоғам дамуына варварлықтан кейінгі сатысы.

Кестелер, жаттығулар, жағдаяттар:

Адам саясаттан тыс өмір сүре ала ма? Көзқарасыңызды дәлелдеңіз:

«Саясат» термині қайда қашан пайда болды және ол нені білдіреді?

Реферат тақырыптары:

2. Жеті жарғы және қазақ қоғамының құқықтық негіздері.

3. Қазақ халқының ауыз әдебиетіндегі дүние туралы түсінігі.

4. Асан Қайғы шығармашылығындағы экзистенциалдық сарын.

5. Абай Құнанбаевтың саяси көзқарастары.

6. Алаш зиялыларының саяси көзқарастары.

7. ҚР саясатттану ғылымының зерттелуі мен дамуы.

8. Қазақстанда егемендік пен демократияның қалыптасу кезеңдері.

Блиц-тест

1-тест. Саяси идеология қай дәуірде пайда болды?

А) Ағартушылық дәуірде

Б) Ерте тас дәуірінде

В) Демократияда

Г) КСРО кезінде

Д) Сталинизм кезінде

2-тест. ХІХ ғасырдағы қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы:

А) А.Құнанбаев;

Б) Ы.Алтынсарин;

В) Ш.Уәлиханов;

Г) Шортамбай;

Д) Ш.Құдайбердиев.

3-тест. Классикалық Либерализмнің негізін салушы?

А) К. Маркс

Б) Дж. Локк

В) Миллер

Г) Хан

Д) Аристотель

4-тест. Тұңғыш консервативтік партия қайда пайда болды?

А) АҚШ-та

Б) Англияда

В) Францияда

Г) Италияда

Д) Германияда

5-тест. Плюралистік әлеуметтену кезінде адам басқа азаматтық құқығын ______?

А) Шектейді

Б) Мойындамайды

В) Құрметтемейді

Г) Мойындайды

Д) Араласпайды

Ұсынылған әдебиеттер тізімі:

1. Азаркин Н.Н., Левченко В.Н., Мартышин О.В. История политических учений. М., 1994.

2. Абсаттаров Р.Б., Жалмагамбетова С.Т., Нуракишев А.А. Тесты по политологии. – А., 2004.

3. Арон Р. Этапы развития социологической мысли. М., 1993.

4. Антология мировой политической мысли: В 5т. – М.,1997.

5. Баскин Ю. Я. Очерки по истории политических учений. Л., 1991

6. Бурлацкий Ф.М. Загадка и урок Николо Макиавелли. М.,1977.

7. Луковская Д.И. Политические и правовые учения: историко – теоретический

аспект. Л., 1985.

8. Демидов А.И., Федосеев А.А. Основы политологии. М.,1995.

9. Козарев Г.И. Политология. М., 2002.

Сабақ № 4 Билік саяси феномен ретінде

Семинар сабағының жоспары:

1. Билік қоғамдық құбылыс ретінде. Шығуы, мәні, билік концепциясы.

2. Саяси билік жүйесі. Саяси биліктің негізгі элементтері мен принциптері.

3. Мемлекеттік билік және саяси режимдер. Саяси режимдер типологиясы.

Сабақтың мақсаты: Студенттерге билік ұғымын түсіндіру, оны жүзеге асырушы әдістер мен тәсілдер жиынтығына шолу жасай отырып саяси режимнің нақты түсінігін меңгеруге дағдыландыру. Саяси және мемлекеттік билік туралы білімді беру арқылы логикалық ойлау жүйесін арттыру, саяси оқиғалар мен процестерге өзіндік бағалау мүмкіндігін қалыптастыру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных