Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Орта жүйке жүйесінің, психикалық функцияларының физиологиясы.




Жұмыстың мақсаты: Студенттерді адам мен жануарлардың орталық жүйке жүйесінің эволюциясымен, морфлологиялық және физиологиялық ерекшеліктерімен, қызыметімен таныстыру мақсатында рефлекторлык доғаға талдау жасап, рефлекс уақытын анықтау. Жұлын рефлекстерін зерттеу және олардың рецелтивтік алаңдарын анықтау.

 

Тақырыптың теориялық негізі. Орталық жүйке жүйесі денедегі барлық ағзалармен физиологиялық жүйелер қызметін, зат алмасуын реттеп отырады, әрекеттер мен үрдістерді сырқы орта құбылыстарына бейімдеп, тіршіліктің белгілі бағытта өтуін қамтамассыз етеді. Адамда жүйке жүйксінің ең жоғарғы бөлімі-ми. Ми сыңары қыртысының ерекше қызметі – ойлау, дүниетану, пікір тудыру.Мұның арқасында адам өзін сыртқы ортадағы құбылыстарға ғана бейімдеп қоймай, сол ортаны өз мақсатына лайықты өзгерте алады, өткен кеткенді талдап, келешекті болжайды. Аса күрделі тіршілік үшін зор маңызы бар бұл үрдістерді нейрондар мен жүйке орталықтары қамтамассыз етеді.

Орталық жүйке жүйес і ми мен жұлыннан тұрады. Ж ұ л ы н омыртқа өзегінде орналасқан, ұзындығы ересек адамда жарты метрге жуық, салмағы

37-38 г. жұлынның жоғарғы жағы сопақша мимен жалғасады да төмеңгі ұшы шашақтанып омыртқа тұсында бітеді. Жұлын арасы қосылып кеткен симметриялы оң және сол жақ екі жарты бөлімдерден тұрады.Адамның жұлыны 31-33 сегменттен (лат. сегментум -бөлік, кесінді) тұрады: 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1-3 құйымшақ бөлімдері. Әрбір бөлімнен қос-қостан шыққан жүйке түйіндері екі жұлын жүйкетеріне айналады (орталыққа тебетін немесе сезгіш және орталықтан тебетін немесе қозғаушы жүйкетер). Жұлын омыртқа жотасынан қысқалау болғандықтан аталған бөлімдер омыртқаның аттарына сәйкес келмейді. Жұлын жүйкелері жұлын өзегінен шығып (І-жұптан басқасы) дененің терісін, аяқ-қолдарын, дене тұлғасының еттерін жүйкемен қамтамасыз етеді. Әрбір бөлім дененің өзіне тән жерлерін жүйкелендіреді.

Жұлын 10 жасқа келгенде екі есе ұзарады. Оның өсуі алғашқы жылы өте күшті болады да, 2-3 жасқа келген баланың жұлыны 14 г болады (жаңа туған нәрестеде не бары 2,8 - 2,9 г), 4-6 жасқа келгенде жұлынның дамуы аяқталуға жақын деуге болады. Дегенмен оның толық жетілуі 20 жаска жуықтағанда аяқталады. Осы мерзімде жұлын 8 есе көбейеді.

Жұлын жұйке жұйесінің маңызды бөлімдерінің бірі- түрлі жүйке әрекеттерінің бағытталуы мен реттелуі жұлын арқылы іске асады. Себебі жұлын өткізгіштік қызмет атқарады да, оның бойымен дененің барлық жерінен миға жүйке импульстері тасылады, ал мидан бүкіл дененің еттерін козғайтын жүйке импульстері мүшелерге барып, олардың кызметін реттейді. Адам өмірі үшін маңызды зәр шығару, жыныс мүшесінің эрекциясы, эякуляция (шәуһет шығару) т.с.с. рефлекстер жұлынның қатысуымен орындалады.

Дененің қаңқасының бұлшық еттерінің тонусын сақтайтын организм үшін аса маңызды рефлекстер де осы жұлындағы орталықтардың қатысуына байланысты. Жұлынның қозғаушы орталықтарынан үнемі келіп тұратын жүйке импульстеріне байланысты адам кеңістікте белгілі орын алып қозғала алады.

Ішкі мүшелердің вегетативтік рефлекстері де жұлын арқылы орындалады

Адамның м и ы орталық жүйке жүйесінің ең негізгі маңызды бөлігі. Одан 12 жұп жүйкетер шығып, миды көптеген ішкі мүшелермен, беттің, мойынның еттерімен, тілмен, көзбен байланыстырады және сезім мүшелерінен келетін мәліметтерді жеткізеді. Бұларға I иіс, II көру, III көз қимылдатқыш, IV шығыршық, V үшкіл, VI бүру, VII бет, VIII дыбыс, IX тіл-жұтқыншақ, X кезеген, XI қосымша, XII тіласты жүйкетері жатады.

Адамның миы ми сауытында орналасқан. Ми сопақша ми, көпір, мишық, ортаңғы ми, аралық ми және екі ми сыңарларынан тұрады. Сопақша мидың арт жағында м и ш ы қ орналасқан. Мишық 3 бөлімнен тұрады: мишықтың құрты деп аталатын ортаңғы бөлім және мишықтың екі жарты шарлары. Мишықтың жарты шарларының үстіңгі сыртқы қабаты сұр затты мишықтың қыртысынан тұрады, оның қалыңдығы 1-2,5 мм. Мишықтың қыртысы 3 қабат болып орналасқан нейондардан (жүйке клеткаларынан) құралған: І-сыртқы, молекулярлық; П-ортаңғы, ганлиялық; III -ішкі, түйіршік баттары. Мишықтың жарты шарларының қалған жері ақ заттан құралған. Ақ затында сұр заттың түйірлері - тісті, тығын пішінді және шар тәрізді ядролар орналасқан. Мишықтың кұртында сұр заттан құралған екі ядро бар.

Сопақша ми -жұлынның үстіңгі жағында орналасқан. Оның ұзындығы 2,5-3 см, салмағы 7 г. Ол екі түрлі қызмет атқарады: рефлекторлық және өткізгіштік. Сопақша мида тыныс, қан айналыс, сору, шайнау, жұтыну, жөтелу, түшкіру, сілекей шығару, қарын және қарынасты бездерінің сөлдерін шығаратын жүйке орталықтары және ІХ-ХІІ ми жүйкетерінің ядролары орналасқан.

Вароли көпірі-сопақша мидың үстінде орналасқан. Оның ұзындығы 2,5 см. Ол үстіңгі жағында ортаңғы мимен, бүйір жақтарында мишықпен шектеседі. Сопақша ми мен вароли көпірін артқы ми деп те атайды. Мұның қызметі де сопақша ми тәрізді: рефлекторлық және өткізгіштік қызметтерін атқарады. Көпірден V, VI ми жүйкетері шығады және көпір мен сопақша мидың арасынан VII, VIII ми жүйкетері шығады. Жаңа туған нәрестенің сопақша миы мен көпірінің жалпы салмағы 8 г. 7 жасқа келгенде артқы мидын дамуы аяқталуға жақындайды.

Ортаңғы ми вароли көпірінің үстіңгі жағында орналасқан. Мұндағы сұр заттар 4 төмпешік түрінде шоғырланған: көзді қозғаушы және шығыршық жүйкетерінің, қызыл және қара субстанцияның ядролары бар. 4 төмпешіктің алдыңғыларында алғашқы көру орталығы, артқы төмпешіктерінде алғашқы дыбыс орталықтары орналасқан. Олардың қызметіне қарай бағдарлау реакциялары орындалады. Қара субстанция үйлестірілген жұтыну, шайнау, саусақтардың нәзік қимылдарын реттеуге қатысады. Қызыл ядрода еттің тонустары реттеледі.

Ортаңғы ми мен ми сыңарларының арасында а р а л ы қ ми орналасқан. Ол 2 төмпешіктен және төмпешік асты аймағынан тұрады. Төмпешіктерді таламус, ал төмпешік асты аймағын гипоталамус деп атайды. Таламус арқылы мидың барлық сезгіш жолдары өтеді. Гипоталамус Дененің жоғары дәрежелі вегетативтік орталығы болып саналады. Мұнда зат алмасуын, дененің температурасын, аштық және шөл сезімдерін, барлық ішкі мүшелердің қызметін реттеу орталықтары бар. Мұнда нейросекреттер түзіліп, ол неиросекреттер гипофиз безінде белсендіріледі. Сондықтан Гипоталамус пен гипофиз зат алмасуын реттейтін біріккен орталық болып есептеледі. Гипоталамуста барлық ішкі секрециялық бездердің қызметін реттеуге қатысатын орталық бар. Бұларға қоса, ол адамның ұйқысын және сергектігін реттеуге қатысады.Аралық мидың дамуы 13-15 жаста аяқталады.

Ми сыңарларының сыртында нейрондардың денесінен тұратын қалыңдығы 2-4 мм сұр затты ми жарты шарларының қыртысы немесе м и қыртысы деп атайды. Ми жарты шарларының қалған аумағы миелин қабығымен қап-талған жүйке клеткаларының аксондарынан түрады.Ми жарты шарлары мөлшерлері мен пішіні әртүрлі нейрондардан тұрады. Ми қыртысының нейрондары 14 түрлі болады. Ми қыртысының қүрамында нейроглиялар да болады. Олар нейрондардың тірегі қызметін атқарады және оларды қоректендіреді. Нейроглиялардың саны нейрон-дардан 10 есе артық болады.

Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Нейрон жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі болып табылады. Оның құрамында төрт құрылым болады.:Торша тұлғасы –денесі (сома),қысқа өсінділер-дендриттер, ұзын өсінді-нейрит немесе аксон, және аксон ұшы,немесе терминалдар. Нейронның аталған бөліктерінің әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады. Нейрон тұлғасы синтез процесін жүргізеді.Оның құрамында ядро,рибосомалар,эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады.Мұнда медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі. Сома нейронның әрекетін, біртұтастығын қамтамассыз етеді.Ол зақымданса бүкіл нейрон қызметі бұзылады.

Аксон -тітіркеністі басқа торшаларға-жүйке, ет немесе секрециялық торшаларға, -жеткізеді. Аксон- жүйке торшасының ұзын өсіндісі. Ол ОЖЖ-ін шеткі ағзалармен байланыстырады. Сеімтал (сенсорлық) нейрондар аксонды тітіркеністі шеткі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізеді. Қозғағыш (моторлық) нейрондар аксоны тітіркеністі ОЖЖ-нен дене еттеріне жеткізеді. ОЖЖ-сі ішкі ағзалармен де аксон арқылы байланысады. Аксонның қызметі тітіркеністі өткізу. Тітіркеніс электр потенциалының туындауы нәтижесінде пайда болады да, аксон бойымен сомадан жүйке ұшына дейін толқын сипатта таралады. Аяқталар жерінде аксон тарамданып,жіңішке тармақтар (терминалдар) тзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшаларен арнаулы жалғамалар –синапс, құрайды.

Нейрон атқаратын қызметіне қарай үш топқа бөлінеді.

Бірінші топқа тітіркеністі рецепторлардан ОЖЖ—не жеткізетін нейрондар жтады. Оларды сезімтал, Афференттік, немесе сенсорлық нейрондар деп атайды. Бұл нейрондардың тітіркеністі өткізетін ұзын өсінділерін сезімтал, немесе орталыққа тепкіш, жүйке талшықтары дейді.

Нейрондардың екінші тобы қозуды ОЖЖ-не басқа торшаларға, ұлпаларға,мүшелерге жеткізеді. Оларды эфференттік, немесе қозғалғыш,нейрондар деп атайды. Бұл нейрондардың шеткей жүйке тамырлар құрамына енетін ұзын өсінділерін орталықтан тепкіш, немесе қозғағыш, жүйке талшықтары дейді.

Нейрондардың үшінші тобына сезімтал және қозғағыш торшаларды бір-бірімен байланыстыратын аралық, немесе жалғастырушы, жүйке торшалары жатады. Жалғастырушы нейрондар тек ОЖЖ-сі аумағында орналасқан.

Морфологиялық және физиологиялық тұрғыдан ОЖЖ-сі әр түрлі жүйке орталықтарының күрделі жиынтығы болып табылады. Сондықтан организмнің әр түрлі сыртқы әсерлерге жауабы бүкіл ОЖЖ-сінің үйлесімді реакциясы болып саналады. Өз ретінде организмнің біртұтас рефлекстерінің – реакциясының мағынасы, бір жағынан, сыртқы әсердің сипатымен, екінші жағынан, ОЖЖ-сінің физиологиялық күйімен, жеке орталықтардың функционалдық ара қатынасымен анықталады. Мағыналы, тиімді әрекеттер жүйке орталықтары қызметін үйлестіру нәтижесінде туындайды. Ал бұл процесс ОЖЖ-сінің морфологиялық және функционалдық ерекшеліктерінің нәтижесінде қалыптасады.

Доминанттық қозу. Белгілі бір жағдайда уақытша бір орталық үстемдік ететін билеуші орталық бола алады. Үстем қозу орталығы басқа орталықтардың қызметін тоқтата алады. Бұл орталықтардың ерекше қасиеттері бар:

1. Өте қозғыш келеді. Қозу табалдырығынан төмен күштерге жауап береді.

2. Басқа орталықтарға бағытталғае серпіністерді өзіне тартып, өзіндегі қозуды күшейтеді де, басқа орталықтардың қызметін тежейді.

3. Қозу созыңқы болады.

4. Қозудың күші, жиілігі тітіркендіргішті күшімен жиілігімен көп артық. Сәл тітіркендіргішке күшті жауап береді.

5. Қозу тез жинақталады. Бұл орталық керексіз рефлекстерді тоқтатып тастайды. Организмге өте қажеттілерін тудырады. Сөйтіп, оның организмді дегеніне, алдына қойылған мақсатына жеткіуде маңызы зор 6. Әдетте үстем қозу ұзаққа созылмайды, тіршілікке қажет қызметі орындалған соң оның үстемдігі жоғалады, билігі тоқтайды. Өте тұрақты үстем қозу сау адамда кездеспейтін ой пікірлердің пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін.

Орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі – рефлекс тітіркенуге жауап беру деген мағынада. Рефлекс сөзін тұңғыш рет қолданған француз философы Рене Декарт (1664ж), оған ғылыми сипаттама берген чех ғалымы Прохаска (1817ж). Рефлекс туралы ілімді одан әрі дамытып, рефлекстік теорияны пайымдағандар орыс ғалымы И.М. Сеченов, И.П. Павлов, П.К.Анохин.

Рефлекс дегеніміз орталық жүйке жүйксінің сыртқы немесе ішкі тітіркендіргіштерге беретін күрделі жауабы. Рефлекстің морфологиялық негізі – рефлекстік доға, яғнии қозуды рецепторлардан жүйке орталығына, онан шеткі ағзаға жеткізетін жол.

Рефлекстердің атқарылуын қамтамассыз ететін анатомиялық құрылымдар бірлестігін рефлекс доғасы (жолы) дейді. Рефлекс доғасы жүйке жүйесінің функционалдық негізі болып табылады. Дененің белгілі бір рефлекс тудыратын аймағын рефлексогенді аймақ дейді.

Рефлекс доғасы қарапайым, екі нейронды, жалғыз синапсты және күрделі, көп нейронды,бірнеше синапсты болып бөлінеді. Ең қарапайым доға бес буыннан тұрады. Олар: рецепторлар, орталыққа тепкіш жүйке тамыр, жүйке орталығы, орталықтан тепкіш жүйке тамыр және атқарушы құрылым, немесе эффектор. Демек, орталық жүйке жүйесінің негізгі қызметі –рецепторлар мен эффеторлар арасын шапшаң әрі тиімді байланыстыру,сыртқы орта мен организмнің жауап реакциясының арасындағы үйлесімді қалыптастыру. Рефлекс атқарылу үшін рефлекс доғасының тұтастығы қажет.Рефлекс доғасының тұтастығы бұзылса, рефлекс туындамайды.

Кейінгі жылдары жеке функциялардың рефлекс түрінде реттелуін қамтама сыз ететін рефлекс доғасы жайлы түсінік айтарлықтай толықтырылды. Кез кел ген рефлекс атқарушы құрылымның тітіркеніске қайырған жауабымен аяқталмайды.

ОЖЖ–сі өз қызыметін рефлекс түрінде атқарады. Рефлекс деп организмнің әр түрлі ішкі немесе сыртқы әсерлерге орталық жүйе жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабын айтады. Ал, рефлекстің атқарылуын қамтамасыз ететін анатомиялық жолды рефлекс жолы, немесе рефлекс доғасы, дейді.

Рефлекс дененің белгілі бір бөлігінде орналасқан рецепторлардың ттітіркенуінен басталады.

Дененәің нақтылы рефлекс тудыратын аймағын рефлексогендік аймақ, немесе рефлекс өрісі, деп атайды.

Рефлекс алуан трлі болады, сондықтан оны бірнеше принципті негізге ала отырып жіктеуге болады.

1.Биологиялық маңызына қарай рефлекстер қоректік, сақтанну, жыныстық, ұрпақ қорғау, бағдарлау т.б. болып бөлінеді.

2.Рецепторлар табиғатына қарай рефлекстер зкстерорецептивтік, интерорецептивтік, проприорецептивтік болып жіктеледеі.

3.Нейрондардың орналасуына қарай рефлекстер жұлындық, булбарлық, межэнцефальдық, диэнцефальдық және қыртыстық болып жіктеледі. Рефлекстің бұл негізде жіктелуі көп жағдайда шартты топтастыру болып табылады, себебі ОЖЖ – нің әр түрлі құрымдары арасында тығыз морфологиялық және функционалдық байланыс болады.

4.Эфференттік бөлімінің сипатына қарай рефлекстер тұлғалық (тәнрефлекстері) және вегетатифтік болып бөлінеді. Тән рефлекстерінің эффекторлары дене еттері болса, вегетативтік рефлекстер әр түрлі ішкі ағзалар мен қан тамырлары қызыметінің өзгеруімен байқалады.

5.Жауап – реакцияның сипатына қарай рефлекстер қимыл – әрекет сөл бөлу т.б болып бөлінеді.

6.Эффекторға әсеріне байланысты рефлекстер қоздырғыш және тежеуші болып жіктеледі.

7.Қалыптасу табиғатына қарай рефлекстер шатсыз және шартты болып жіктеледі. Шартты рефлекстер тіршілік үстіне жүре пайда болады, ұрпақ қуаламайды.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных