Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тромбоциттердің қызметі.




1.Ангитрофикалық қан тамырды қоректендіру. Қан тамырлардың қалыпты құрылысы мен қызметін сақтауда тромбоциттердің үлкен маңызы бар. Қантамырының эндотелиі ағып жатқан қанның қажет мөлшерде қоректік заттарды ала алмайды. Оны тромбоциттер қанның сорып алады да әлсін-әлсін, эндотелиймен тұйіскен кезде оған беріп отырады. Сондықтан тромбоцит эндотелийдің «асырып сақтаушысы» деп бекер айтпаған.

Қанды тромбоцит саны азайса, эндотелийде қоріктік заттар қажет мөлшерде уақытында жетпейді де, оның құрылысы өзгереді, капилляр кенересі селдіріп, ол арқылы түрлі заттар тіпті эритроцит те тез өтетін болады. Бұл тіндерге қан құйылуына әкеліп соғады, оларда көптеген ұсақ нүкте тәрізді дақтар пайда болады. Қоректік қызметін барлық тромбоциттердің 15%-і ғана атқарады.

2. адгезивті агрегациялық (жабысып үйінді құру) қызметі. Қан тамыры жарақаттанса, тромбоциттің пішіні өзгереді. Оның протоплазмасында өсіктер (жалған аяқтар) пайда болады. Олар жабысқан келеді, эндотелий жарақаттанған жердегі негізгі мембранағы бекиді де, бір-бірімен жабысып, 10-20 тромбоциттен тұратын үйінді құрады. Бұл үрдіс агрегация деп аталады. Агрегация тамырдың ішкі бетінде ғана емес қанның ішінде де пайда болады. Агрегаттар қантамырының қабыргасында жабысқан тромбоциттермен қосылып тығынға (тромбыға) айналады. Сөйтіп, жарақаттанған жерден қан тамыры бітеледі де қан ағуы тоқтайды.

3.Ангиотензивтік (қан тамырын тарылту) қызметін қан тамыры сақылауын тарылтады (спазм). Бұл жарылған тромбоциттерден босап шыққан серотониннің әсері.

4.Қан ұйыту қызметі (гемокоагуляция). Тромбоцит құрамында қан ұюын тездететін заттар (олардың жалпы саны оннан асады) болады, араб санымен белгілейді. Олар қан ұюының тромбоциттік түрткілері деп аталады: 1-фактор – тромбоциттердің бетіне жабысқан плазмалық проакцелерин (VI ф), бұл протромбиннің тромбинге айналуын тездетеді, 2-фибриногеннің фибринге айналуын тездететін фактор. 3-фактор-тромбоциттік тромбопластин. Тромбопластин оның мембранасында және түйіршіктерінде болатын фосфолипид. Ол тромбоцит жарылған сәтте сыртқа шығып, қан ұюының бірінші кезеңіне қатысады.4- гепаринге қарсы тұратын фактор, ол гепаринмен әрекеттесіп, қан ұюын (гемокоагуляцияны)тездетеді. 5- фактор –фибриноген тәрізді зат, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйінді (агрегат) жасалуына әсер етеді. 6-фактор- тромбостенин (ретрактозим)- ұйыған қанды тығыздайды, актин мен миозин белоктарына ұқсас. Бұл да актин мен миозин тәрізді жиырылу кезінде АҮФ-энергиясын жұмсайды. 7-фактор – антифибирнолизин, фибринолиз жасайтын ферменттің әсерін төмендетеді. 8-фактор – серотонин қан тамырларын тарылталды. 9- фактор – фибринің сақталуын қамтамасыз етеді.10- қан тамырларын тарылтатын фактор, 11- агрегация факторы, тромбоциттерді бір-бірімен жабыстырып, ұйынды құруды тездететін тромбоксин деген зат. Қанамырының эндотелиі агрегацияға кедергі жасайтын простациклин деген зат бөліп шығарады.Осы аталған әсерлері қарама-қарсы 2 заттың (тромбоксин,простациклин) қандағы арақатынасына қарай қанның ұюы белсенділігі артады не болмаса мүлдем тоқтайды.

5. Тромбоциттер қанның креаторлық байланысын, әсіресе қантамырлар

ының табиғи құрылысын сақтайды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных