Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Ас қорыту физиологиясы




Жұмыстың мақсаты: Ас қорытудың маңызы, қызметі, физиологиясымен және ас қорыту жүйесіндегі ағзалардағы ас қорыту үрдісімен студенттерді таныстыру. Сілекейдің шартты және шартсыз тітіркендіргіштерге бөлінуін бақылау, сілекей бездері қызметінің азық сипатына байланысты өзгеруін зерттеу.

Тақырыптың теориялық негізі. Тамақ ішу, ішкен астың ішек-қарында қорытылуы, денеге сіңуі аса күрделі үрдістер. Ас адамның арқауы - дейді халық. Ас құрамындағы қоректік заттар (белок, көмірсу, май) адам денесіндегі тіндердің жаңарып жаңғырылуын, жасуша түзілуін, адамның өсіп-өнуін, дамуын қамтамасыз ететін құрылыс материалдары, тіршілік әрекеттеріне жұмсалатын энергия көзі. Демек, қоректік заттар дер кезінде және қажет мөлшерде ұдайы түсіп отыруы шарт. Олай болмаған күнде гомеостаз бұзылып, жасушалардың, тіпті бүкіл организмнің тіршілігіне қауіп төнеді. Адам өзіне қажет қоректік заттарды әдетте сырттан алады. Бұл - экзогендік тамақтану.

Сырттан, қоректік заттар келіп түспесе де, адам біразға дейін тіршілік ете береді. Ол өз жасушаларындағы органикалық қоректік заттарды пайдаланып, құрамындағы ағзалар, тіндердің калыпты қызмет етуін қамтамасыз етіп отырады, яғни эндогендік тамақтану басталады. Мұндай жағдайда энергия қоры біртіндеп таусылады да, адам әлсіреп, түрлі ауруларға шалдығады. Демек, эндогендік тамақтану тән тірлігін қамтамасыз ете алмайды. Ас қорыту - өте күрделі үрдіс. Ол алдымен физикалық жолмен өнделеді, соңынан химиялық реакцияға түсіп, қорытылып денеге сіңетін сатыға жетеді. Физикалық өндеу барысында ас кесектері ұсатылып, бөлшектенеді, сілекей шырынмен шыланып, жұмсарады. Химиялық өндеуге ішек-қарын ферменттері қатысады.

Жасушадан тыс жерде асқорыту дистанттық (қуыстық) және контактық (мембраналық) ас қорыту болып екіге бөлінеді. Дистанттық ас қорыту ферменттер түзілетін жасушалардан оқшау жерде, ішек-қарын түтігінде өтеді, ал контактық ас қорыту дегеніміз -ішек түтігінің ішкі бетінде, онымен жанасқан эпителий жасушаларында гликокаликстегі ферменттердің әсерінен болатын гидролиз. Қуыстық гидролиз кезінде пайда болған өнімдер гликокаликс қабатынан өтіп, мембрана бетінде бірнеше мономерлерге айналады да, ішек эпителиі бетіндегі микротүктер арасында орналасқан микроканалдар арқылы ішек жасушаларына өтеді. Сөйтіп сіңу үрдісі басталады.

Асқорыту жүйесі ауыз қуысындағы ағзалардан, жұтқыншақ, өңеш, қарын, он екі елі ішек, аш ішек, тоқ ішек, сөл шығаратын бездер мен бауырдан

тұрады.

Ас қорытудың маңызы,қызметі.1. Сөл шығару (секреция) қызметі. Оны асқорыту, сілекей, ішек-қарын бездері, ұйқы безі, бауыр атқарады. Сөл құрамында органикалық қоректік заттарды ыдырататын ферментер (гидролазалар) бола-ды. Олар үш топтан, атап айтқанда, протеаза, липаза, карбогидролазадан тұрады.

Протеаза ферменті белоктарды пептид және амин қышқылдары сатыларына, липаза - әрбір май түрін май қышқылдары мен глицерид, ал карбогидралаза - полисахаридтерді (крахмал, гликоген) моно-сахаридтерге дейін ыдыратады.

2. Қимыл (жиырылу-жазылу) қызметін бірыңғай салалы еттер орындайды.Жоғарыда аталған асқорыту жүйесі қүрамына кіретін ағзалар бірімен бірі жалғасып (түйісіп) ұзыннан ұзын созылып, жоғарыдан төмен қарай тартылған ішек-қарын түтігін құрады. Өңеш, қарын, ішектер қабырғасының ортаңғы қабаты бірыңғай салалы еттерден тұрады. Салалы ет талшықтары сақина тәрізді және бойлай тартылған екі түрлі талшықтан құралған. Ас қорыту жолының бір бөлімі екінші бөлімімен түйіскен жерінде салалы ет талшықтары сақина тәрізденіп топталып, сфинктереттерін құрады. Өңеш, ішек-карынның қимылы (моторикасы) осы еттердің біресе тартылып, біресе жазылып алма-кезек қимылға келуіне байланысты. Сақина тәрізді ет талшықтары жиырылса, өңеш, ішек-қарын түтігі (каналы) тарылып, ұзарады, ал ұзынынан орналасқан ет талшықтары жиырылса, түтік кеңейіп, қысқарады. Бұл қимылдар ас кесегінің ішек-қарын сөліне шыланып ондағы ферменттер әсерімен ьдырауға, бұдан пайда болған өнімдердің денеге сіңуіне септігін тигізеді. Ішек-қарын біресе жиырылып, біресе жазылып толқын тәрізді қимылдар жасайды (перистальтика), мүның нәтижесінде ішектегі заттар жоғарыдан төмен тоқ ішекке қарай жылжиды, қорытылмаған, бойға сіңбеген заттар ысырылып, артқы тесікке жақындай түседі, сөйтіп қажетсіз заттар біртіндеп сыртқа шығарылып тасталады.

3.Қоректік заттарды сіңіру қызметі, ішек-қарын түтігінде болады. Адамға қажет қоректік заттар әбден ыдырап қарапайым қосындыларға айналады да, түтік қабырғасындағы биологиялық мембраналардан өтіп, қанға немесе лимфаға сіңеді. Сіңу ішектің әр бөлігінде әртүрлі. Аш ішекте ас қорыту үрдісі аяқталады. Ас ішекте ұзақ кідіріп, сіңу сатысына жетеді, оның шырышты қабығы сіңіруге бейімделген ағза ретінде қызмет жасайды. Жалпы алғанда коректік заттар (ыдырау өнімдері) негізінен ащы ішекте сіңеді.

4.Тіршілікке қажетсіз заттарды сыртқа шығару қызметі ( экскреция). Қорытылмай қалған ас қалдықтары, қорыту барысында қанға, лимфаға сіңіп үлгірмеген түрлі өнімдер, қаннан ас қорыту түтігіне өткен заттар (несеп қышқылы, мочевина, дәрі-дәрмек, басы артық түздар, су), өт құрамындағы заттар нәжіске ілесіп сыртқа шығады. Кейбір заттар қанда көбейіп кетсе бөлініп, ас қорыту түтігіне шығады, демек, асқорыту жүйесі қандағы қоректік заттар мөлшерін реттеп отырады, сөйтіп, денеде жалпы гомеостаз деңгейін сақтауға да қатысады.

5.Эндокриндік қызмет. Ішек-қарынның кілегейлі қабығында, әсіресе қарын пилорусы мен он екі елі ішекте (ұлтабарда) көптеген гормондар түзіледі. Олар қанға енеді де, алдымен ас қорыту үрдісін, зат алмасу, өсіп-өну, есею үрдістерін реттеп, басқарып отырады. Қарын мен ішекте түзілетін мүндай гормондар гастроинтестиналдық гормондар деп аталады. Қазіргі кезде ішек-қарын шырышты қабығынан шамамен осындай 25 гормон бөлініп шығатыны анықталды. Олардың көбі пептидтер, ал бірқатары (гастрин, секретин, панкиреозимин - холецистокинин, энтерокинин, гастрон т.б.) ежелден белгілі.

Асқорытуды зерттеу әдістері: Физиология ғылымының дамуында түрлі қызметтерді зерттеу, осыған лайық әдістер іздеу үлкен роль атқарады. Кезінде талдау (анализдік) физиологиясы әдістерінің бірі - вивисекция әдісі кеңінен қол-данылған. Мұның нәтижесінде қан айналысы физиологиясы тарапында құнды материалдар жиналды, бірақ бұл әдіс ас қорыту физиологиясын зерттеуге жарамайтыны байқалды. Мәселен, лабораториялық жануарды наркоз беріп ұйықтатып, оның ас қорыту безіне түтік қойып бірнеше тамшы сөл алуға болады, сондай-ақ ішек-қарынды жарып жіберіп, ас қойыртпағын, ішек-қарын сөлін алу да қиын емес. Бірақ мұндай сөл таза емес, асқорыту үрдісі жайлы түжырым жасауға мүмкіндік бермейді.

(И. П. Павлов).араласқан карын сөлін жинап, оны зерттеді. бүл операцияны өте жоғары бағалаған И.П. Павлов кейін итке эзофаготомия (өңешті кесіп, оның екі ұшын сыртқа шығару) операциясын жасап, жалған тамақ-тандыру әдісін ұсынды. Таза қарын сөлін жинап, оның құрамын анықтады, бұл сөлдің адам қарнының сөлінен айырмашылығы жоқ екенін дәлелдеді

Фистула қою әдісі иттің қоректеніп жатқан кезде қарын сөлін таза күйінде жинауға, сөл құрамының тағам түріне қарай қалай және қаншалықты өзгертетінін білуге мүмкіндік береді. Фистула қойылған итті (жануарды) бір рет емес, ұзақ уақыт, мәселен, айлар бойы пайдалана отырып, ас қорыту ағзаларының сөл шығару қабілетін, жиырылу-жазылу қасиетін, ас сіңіру дәрежесін бірден бір дәл анық-тауға болады.

Ішек-қарынның сөл шығару қызмсті мен қимыл әрекеті радиоте-леметрия әдісімсн зерттеледі. Алдымене адамға радиомагниттік генератор - радиопилюля (диамтрі шамамеи 1 см) жүтқызылады. Іштегі радиопилюлядап тарағаи элсктромапіиттік толқыпдар сырттағы дат-чиктср мсн радиоқабылдағыш аптсшіа аркылы үсталып аппарат қүра-мындағы жазу қүралы арқылы солдіц қышқылдығы (рН), температу-расы, басқа да озгерістер жазып алынады.

Эндоскоппен қарау (эпдоскопия) үшіп ауыз, жұтқыншақ,өңеш арқылы қарын мен ол екі елі ішекке арнайы кұрал - эндоскоп енгізіледі де соның көмегімен қарынның ішкі құрылысын көруге, суретін салуға жопс биопсия әдісімен қажст материал алуға болады.

Радиоактивтік изотоп арқылы қоректік заттардың сіңу дәрежесін, мәселен, изотоппен белгіленген белок пен май молекулаларының үлгісін пайдалана отырып, бұл заттардың ыдырау, сіңу ерекшеліктерін білугс болады. Ал ультра дыбыс пенсканирование жасап дертті үрдістің қай жерде қалай орналасқанын анықтауға болады.

Астың ауыз қуысында қорытылуы. Асқорыту ауыздан басталады. Ауызға келіп түскен тағам мұнда 15-30 секундтей кідіреді. Осы уақыттың ішінде тағам (ас кесегі) шайналып, ұсатылады, сілекеймен шыланып, жұмсарады, астың дәмі, фи-зикалық қасиеттері туралы мағлұмат алынады. Көмірсулы заттар (көмірсулар) ыдырай бастайды. Ұсатылған ас кесегі сілекейге шыланып, шырышпен қапталып тілдің түбіріне қарай жылжиды да жұтқын-шаққа жетіп жұтылады. Ауыз ішінде (шырышты қабығында) ас кесегінің ыстық суықтығын, жұмсақ-қаттылығын сезетін қабылдағыштармен қатар дәм сезетін қабылдағыштары да бар. Осыған орай ауыз шырышты қабығын қабылдағыш алаң деуге де болады. Қабылдағыштар ас кесегімен жанасып тітіркенеді, бұдан пайда болған козу сигналдары бет тіл-жұтқыншақ үшкіл жүйкелер мен кезеген жүйке арқылы орталық жүйке жүйесіндегі рефлекстер орталығына барып жетеді. Сол жүйкелерден келген эфференттік серпіністер ас кесегінің ауызда шайналып, жұтылуын реттейді де ас қорыту бездерінің сөл шығаруын, ішек-қарынның қимылын күшейтеді. Мұнымен қатар рефлекстік жолмен зат алмасуы, жүрек соғуы, қан айналысы, дем алу үрдістері де өзгереді.

Сілекейдің бөлінуі. Сілекей негізінен рефлекстік жолмен бөлініп шығады. Ол шартты және шартсыз рефлекстер арқылы сілекей шыға-ру болып екіге бөлінеді.

Шайнау. Ауызға келіп түскен ас шайналып ұсакталатыны, сілекейге шыланып жұмсаратыны, осыған орай адам астың дәмі, сапасы туралы түсінік алатыны жоғарыда айтылды. Ас кесегін асықпай шайнау, оны әбден жұмсарту тағамның қарында одан әрі қорытылуын жеңілдетеді, мұның арқасында, қарынның шырышты қабығы (ішкі беті) жарақаттанбайды, мұнымен қатар ас қорыту жүйесінің (сөл шығару, жиырылу) қызметтері тыныс алу, қан айналу қызметтеріне де әсер етеді.

Ауызға түскен тамақты шайнауға, жақ еттерімен қатар, тіл және бет еттері де қатысады. Жақ сүйек жоғары көтеріліп, алға-артқа, солға-оңға немесе оңнан-солға қарай жылжып, төменгі жоғарғы тістер ай-қасып, ас кесегін ысқылап, ұсатады. Сілекейге шыланған асты тіл әрлі-берлі аударып, араластырып жинап жүтуға даярлайды.

Жұту - рефлекс арқылы іске асырылатын күрделі үрдіс. Жұтқыншақтың шырышты қабығына кокаин жағып, оның қабылдағыштарын жансыздандырса, яғни олардың тітіркену қабілетін жойса, адам аузын-дағы асын жұта алмай, қақалып-шашалады. Шайналған ас жұтуға даяр болысымен сопақша мида орналасқан үшкіл, тіл-жұткыншақ, жоғарғы кезеген жүйкелер арқылы келіп жеткен серпіністер жүту орталы-ғын тітіркендіреді де, тікелей жұту үрдісіне қатысатын еттерді белгілі бір тәртіппен жиырылтады. Жүту үрдісі бірінен соң бірі басталатын бірнеше рефлекстерден тұрады, осыған орай ол ауыз, жұтқыншақ және өңеш деп 3 кезеңге бөлінеді.

Ауыздашайналып бапталған асты адам өз еркімен жұтуға даярлайды. Көлемі 5-15 см3-дей ас кесегі шайналып бапталған соң, тілдің және ұрт еттерінің итермелеуімен тілдің үстіне қарай жылжытылады. Одан әрі тілдің түбірі көтеріліп ас кесегін таңцайға тақап қысады да таңдай доғасына, содан соң жүтқыншаққа қарай ысырады, сөйтіп ауыз ішін жұтқыншақтан бөліп тастайды.

Жұтқыншаққа а с кесегі өткен кезде алдымен жұмсақ тандай мен тілшік, жұткыншаққа қарай көтеріледі де, оның мұрын бөлімін ауыз бөлімінен бөліп тастайды, сөйтіп жұтынған сәтте ас кесегінің мұрынға өтіп кетуіне кедергі жасалады. Мұнымен қатар көмекей көтеріледі. Тіл түбірі жұтқыншаққа өткен ас кесегімен көмей қақпақшасын үстінен басады да көмейді жауып тастайды.Одан әрі ас кесегі өңешкеқарай жылжиды. Дәл осы кезде жүтқыншақ көтеріліп, өңештің кіре-берісіндегі сфинктер босаңсып жазылады да өңеш ашылады. Сөйтіп ас кесегі өңешке барып түседі. Өңештің жиырылып, жазылу қимылымен (перистальтика) 6-8 секунд ішінде ас қарынға жетеді. Қарын кіре берісіндегі сфинктер босаңсып ашылады да ол қарынға өтеді.

Қарындағы астың қорытылуы. Қарын дегеніміз-ішек-қарын түтігінің кеңейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей, сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөліктен түрады. Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа деп аталады. Қарынның жоғарғы жағы күмбез тәрізді жоғары қарай көтеріңкі келеді, бұл - қарын күмбезі, қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус (қақпақша) деп, ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі, жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу, ал төменгі шеті ойыстау келген. Жоғарғы шетін қарын түйығі;і, төменгі шетін қарын ойығы дейді. Қарынның пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталады.

Қарын құрсақ куысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта, қабырғалардың ішкі бетінде, пилорус оң жақта бауырдың астында. Қабырғасы (кенересі) жалпы ішек-карын түтігіне тән үш қабаттан, ішкі - шырышты, ортаңғы - бірыңғай салалы ет, сыртқы - серозды қабаттан тұрады.

Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар, ойық және жазық жерлер бар. Онда қарын бездері орналасқан (жәй түтік бездер). Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер (негізгі, қосымша, айнала қоршалған) бар. Негізгі гландулоциттер сөл фер-менттерін (пепсиноген), айнала қоршалған гландулоциттер түз қышқ-ылын, қосымша жасушалар шырышты зат-муцин шығарады. Осы жа-сушалардан бөлінген заттар қарын сөлінің қүрамына кіреді. Қарын-ның пилорус бөлігінде айнала қоршалған гландулоциттер болмайды, сондықтан сөл реакциясы қышқылды емес, сілтілі не бейтарапты болады.

Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі. Астың адам қарнында қорытылу мерзімі (6-8 сағат) оның құрамына байланысты. Қарында әсіресе майы, белогі көп тағамдар ұзақ жатып қалады, бірақ көмірсулы тағамдар тезірек жылжып, он екі елі ішекке бұрынырақ ауысады. Сұйық тағам қарында тоқтамастан тез ішекке өтеді, ал жасанды қорек қарында жылжымай жатып қалады. Пилорустың ашылып жабылуына қарай ас қарыннан он екі елі ішекке бөлек-бөлек сығымдалып өтеді.

Пилорус сфинктері жиырылып жабылса ас қарында тоқтап қала-ды, тек сфинктер босаған сәтте ғана он екі елі ішекке өтіп кетеді. Ал сфинктер рефлекстік жолмен жиырылып жазылады, яғни пилорустың ашылып жабылуы рефлекс арқылы іске асады. Қарын тарапынан кел-ген рефлекс сфинктерді босатады, ал он екі елі ішектен келген рефлекс, керісінше, сфинктерді жиырады. Пилорустың ашылып жабылу-ына қарындағы және он екі елі ішектегі гидростатикалық қысым, химустың қышқылдық дәрежесі әсер етеді. Мұнымен қатар қарын-дағы астың осмостық қысымы жоғары болса, пилорус сфинктері көпке дейін (химус изотоникалы болғанша) босамайды. Астың қарыннан он екі елі ішекке өтуін ішек гормондары да реттейді. Он екі елі ішекке химус қышқыл күйінде өтсе, көп мөлшерде секретин мен панкреози-мин бөлінеді. Бұл гормондар қарын қимылын тежейді, бірақ үйқы безінің сөл шығару қабілетін күшейтеді, осыған орай ішекте рН жоға-рылап, пилорустың ашылуын тездетеді.

Тапсырма. Ауыздағы ас қорыту үрдісіне қатысатын сілекей кұрамындағы муцинді және сілекейдің қышқылдық сыйымдылығын анықтау

Керекті заттар мен құралдар: Адам немесе мал сілекейі, химиялық шыны стакандар, пробиркалар, 10% сірке қышқылы ерітіндісі, Люголь ерітіндісі, 0,2% крахмал клейстері, 10% NаОH ерітіндісі, 1% СuS04 ерітіндісі, 0,1 н H2S04 ерітіндісі, лакмус қағазы, рН метр,пипеткалар,метилоранж индикаторы.

 

Жұмыстың барысы:

Пробиркаға 3-5 мл сілекейді өлшеп құйып, оған 1-2 тамшы 10% сірке қышкылын (СН2СООH) қосады. Муцин ақ тұнба түрінде бөлінеді.

Стаканға 1 мл сілекей құйып, оған 2 тамшы метилоранж индикаторын қосады да 0,01 н. H2S04 ерітіндісімен қызыл түс пайда болғанға дейін титрлейді.

Сілекейдің сілтілік қорын титрлеуге кеткен Н2S04 ерітіндісінің мөлшері арқылы есептеп,NaHСО4 тұзының поцентімен бейнелейді.

Есептеу жолы. Мысалы, 1 мл сілекейді титрлеуге 8 мл 0,01 н Н2S04 ерітіндісі кетті дейік:

H2S04 + 2NаНС03 = Nа2S04 + 2Н2СОз

Сонда 1 мл 0,01 н. Н2S04 1 мл 0,01 н. NаНСОз -пен, немесе 0,00084 г NаНСОз -пен қосылады. Титрлеуге 8 мл Н2S04 кеткендіктен 1 мл сілекейдің

сілтілік қоры төмендегідей болады:

8*0,00084 г NаНСОз, ал процент есебімен 8*0,00084-100%, немесе 67% NаНСОз болады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных