Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






А синостоз В синдесмоз С синхондроз Д диартроз




Адам анатомиясы пәнінен күндізгі бөлімнің 3-курс студенттеріне арналған студенттердің білімін бағалау және бақылау материалдары

 

Дайындаған: Жаданова Г.С.

 

Ағымдық бақылау тапсырмалары

 

 


 

 


Аттестация материалдары

І аралық аттестацияның тест сұрақтары

І нұсқа


1. Көкірек омыртқасына тән өсінділерді ата:

А сүйір, семсер, қанат тәрізді өсінділер;

B жоғарғы және төмен буын өсінділері, қанат тәрізді өсінділер;

C сүйір, көлденең өсінділер;

Д сүйір, көлденең өсінділер, жоғарғы және төмен буын өсінділері;.

E көлденең өсінді, қосымша өсінді.

2. Жауырынның дорзальды беткейінің құрылымдарын ата:

А жауырын жиегі, жауырын асты ойысы;

B жал үсті, жал асты ойысы;

C жауырын жиегі, жауырынүсті және жауырынасты ойыстары, иық өсіндісі.

Д иық өсіндісі, иық өсіндісінің буыны, жауырын асты ойыстары;

E жауырын жиегі, жауырын үсті, иық өсіндісі.

3. Тілерсектің проксимальды қатарын қандай сүйектер құрайды?

А қайық тәрізді, бұршақ тәрізді, басты, ұшқырлы;

В қайық тәрізді, бұршақ тәрізді, жартыай тәрізді, үшқырлы;

С ілмекті, жартыай тәрізді, үшқырлы, қайық тәрізді;

Д жартыай тәрізді, трапеция тәрізді, ілмекті;

Е қайық тәрізді, үшқырлы, ілмекті;

4. Жамбас қандай сүйектерден тұрады?

Ашонданай сүйектің бұтағы, шонданай сүйектің төмпегі;

B мықын, шат, шонданай сүйектері;

Сшат, сан сүйектері, қолсұғар сүйек;

Д шонданай сүйек, сегізкөз;

Е мықын, сан сүйектері, сегізкөз;

5. Жұп бет сүйектерін ата:

А жоғарғы жақ, тіласты, бет;

В жоғарғы, төменгі жақ, төменгі мұрын қалқаны, бет;

С таңдай, мұрын және төбе;

Д жоғарғы жақ, бет және төбе;

Е жоғарғы жақ, бет, жас, төменгі мұрын қалқаны, мұрын және таңдай;

6. Қанатты - таңдай шұңқырына қандай тесіктер ашылады?

А жыртық тесік, жоғарғы көз шарасы саңылауы;

В көру және қанатты өзек, дөңгелек тесік;

С жыртық, сопақша және дөңгелек тесік;

Д қанатты – таңдай және дөңгелек тесік, үлкен таңдай және қанатты өзек, төменгі көз шарасы саңылауы;

Е көру тесігі және жоғарғы көз шарасы саңылауы.

7. Буынның негізгі элементтерін ата:

А буын беті, шеміршек, қапшық, қуыс, синовиальды сұйық;

В жалғама, буын беті, қапшық;

С буын беті, шеміршек, ерін;

Д буын беті, диск, синовиальды сұйық;

Е жалғама, буын ерні, синовиальды сұйық;

8. Иық буыны немен түзелген?

А бұғананың акромиальды ұшы және тоқпан жілік басы;

В жауырынның құстұмсық өсінділері және тоқпан жілік басы;

С бұғананың акромиальды ұшы, жауырын құстұмсық өсіндісімен және тоқпан жілік басы;

Д тоқпан жіліктің шығыры және жауырынның буын ойпаты;

Е тоқпан жіліктің басы және жауырынның буын ойпаты.

9. Бұлшықеттің көмекші аппаратын атаңдар:

А жалғама, сіңір, сүйектер;

В фиброзды және сүйекті – фиброзды өзектер, синовиальды қынаптар және

қалталар, тобықты сүйектер, фасциялар, шығырлар;

С апонервроздар, буындар;

Д жалғамалар, буындар, сіңірлер;

Е жалғамалар, шеміршектер, сүйектер.

10. Іштің бүйір бұлшықеттері:

А ішкі қабырға аралық, іштің көлденең бұлшықеттері;

В пирамида бұлшықеті, іштің ішкі тік бұлшықеті;

C ішкі қабырға аралық, іштің тік бұлшықеті;

Д үлкен және кіші кеуде бұлшықеті, пирамида бұлшықеті;

Е іштің сыртқы қиғаш, іштің ішкі қиғаш, m. іштің көлденең бұлшықеттері;

11. Сирақтың алдыңғы топ бұлшық еттері:

А алдыңғы асық жілік бұлшық еті, І бәшайдың ұзын әкелуші бұлшық еті;

В бәшайдың ұзын жазушы бұлшық еті, табанның ұзын бұлшық еті;

C бәшайдың ұзын бүккіш бұлшық еті, алдыңғы асық жілік бұлшық еті, І бәшайдың ұзын жазушы бұлшық еті;

Д алдыңғы асық жілік бұлшық еті, табанның ұзын жазушы бұлшық еті, бәшайдың ұзын бүккіш бұлшық еті;

Е бәшайдың ұзын жазушы бұлшық еті, шыбық бұлшық еті.

12. Адам конституциясының түрлері:

А үлкен, төмендеу, орта;

В биік, төмен, орта;

С астеникалық, нормостеникалық, гиперстеникалық;

Д қалыпты, жалпақ, тар;

Е тар, биік, гиперстеникалық.

13. Аномалия дегеніміз не?

А толық организмнің және бөліктерінің құрылысының, оның қызметіне әсер ететін, қалыпты жағдайдан туасылы болатын ауытқулар;

В толық организмнің және бөліктерінің жиі кездесетін формалары мен

өлшемдері;

С толық организмнің және бөліктерінің кейін пайда болатын қалыпты жағдайдан ауытқуы;

Д толық организмнің және бөліктерінің құрылыстарындағы қызметіне әсер етпейтін ауытқулар;

Е қалыпты құрылымдардың қызметіне байланысты ауытқулар;

14. VII мойын омыртқаның шығыңқы жоталық өсінділерінің практикалық маңызы:

А VI және VIІ мойын омыртқалар арасынан пункция жасауда;

В қан ағу кезінде ұйқы артериясын басып тоқтатуға;

С омыртқа артериясының проекция орны;

Д диагностикалық мақсатында омыртқаларды санау үшін қолданылады;

Е бұғанаастылық артериясының проекция орны;

15. Ересек адамның шүйде мен сына сүйектерінің арасындағы байланыс түрі:

А синостоз В синдесмоз С синходроз Д диартроз

16. Нәрестенің мықын, шонданай, шат сүйектері арасындағы байланыс түрі:

А синостоз В синдесмоз С синхондроз Д диартоз

17. І-ші қабырға мен төс сүйегі арасындағы байланыс түрі:

А синостоз В синдесмоз С синхондроз Д диартроз

18. Екі сүйектің дәнекер ұлпасы арқылы байланысуы қалай аталады:

А синостоз В синдесмоз С синходроз Д диартроз

19. Қайсысы жай буын:

А шынтақ буыны С білезік буыны Е барлығы дұрыс емес

В тізе буыны Д иық буыны

20. Буынды құраушы элементтер қай топтамада дұрыс көрсетілген:

А буын беттері, буын қапшығы, кілегейлі қынап

В буын қапшығы, буын қуысы, сесам сүйектері

С буын беттері, буын қуысы, буын қапшығы

Д буын ернеулері, буынаралық шеміршектер, капсула

Е буын қапшығы, буынаралық шеміршектері, буын беттері



 

 


II-нұсқа

1. Омыртқалылырдың негізгі құрылымын ата:

А денесі, доғасы, негізі, тесігі; C денесі, доғасы, тесігі, өсінділері;

B денесі, негізі, тесігі, төмпегі; D тесігі, буын өсінділері, доғасы, денесі;

E денесі, төменгі буын өсінділері, ойығы;

2. Тоқпан жіліктің жоғарғы ұшының құрылымын ата:

А жілік басы, дельта етінің бұдыры, хирургиялық мойын;

B жілік басы, анатомиялық мойын, үлкен және кіші төмпек, үлкен және кіші төмпек қыры, төмпешік аралық сай;

C жілік басы, хирургиялық мойын, дельта етінің бұдыры, үлкен төмпек;

Д жілік басы, дельта етінің бұдыры, хирургиялық мойын, кіші төмпек;

E үлкен және кіші төмпек, анатомиялық мойын, кіші төмпек қыры;

3. Самай сүйегінің бөліктерін ата:

А жарғақ, дабыл, тас бөлімдері; C емізікше, дабыл бөлімі;

B жарғақ бөлімнің денесі, емізікше бөлім Д тәж, тас бөлімдері;

E емізікше бөлім, ұйқы бөлімі.

4. Бұлшықеттер бекитін, төменгі жақ құрылымдары:

А шәйнау, қанат тәрізді төмпектер, альвеолярлы өсінді;

В қанат тәрізді беткей, тіл асты сызық, қанат тәрізді өсінді;

С қанат тәрізді өсінді, тіл асты сызық, жоғарғы жақ бұрышы;

Д шәйнау, тәждік төмпектері, альвеолярлы өсінді;

Е қанат тәрізді төмпек, шәйнау төмпегі, қанат тәрізді беткей, тіл асты қиғаш сызығы.

5. Жоғарғы жақ денесінде қандай өсінділер болады?

А маңдай, самай, таңдай, бет; С маңдай, ұяшықты, таңдай, бет;

В ұяшықты, маңдай, төбе, қарақұс; Д бет, маңдай, төбе, самай;

Е маңдай, торлы, бет;

6. Ортаңғы бас шұңқыры немен түзелген:

А самай сүйегінің қабыршщақты бөлімі, түрік ашамайы, маңдай сүйегімен;

В сына сүйегінің денесімен және үлкен қанатымен, пирамиданың алдыңғы бетімен;

С самай сүйегі пирамидасының артқы бетімен, түрік ашамайымен;

Д қарақұс ылдиымен, түрік ашамайымен;

Е сына сүйегінің денесімен, маңдай сүйегінің көз шарасы бөлігімен;

7. Бас сүйектерінің байланысу түрлері:

А синдесмоздар, синхондроздар, диартроздар С еңбектер, сүйекаралық жарғақтар

В еңбектер, жіктер, буындар, жалғамалар Д жіктер, синхондроздар,

Е синхондроздар, синдесмоздар, буындар,

8. Атлант, қарақұс буынының пішіні:

А цилиндр тәрізді С эллипс тәрізді

В бүртікті Д шар тәрізді

Е шығыршық тәрізді

9. Шайнау бұлшықеттерін ата:

А медиальды және латеральды қанат тәрізді, ұрт бұлшықеттері;

B шайнау, самай,иекасты бұлшықеттері;

C медиальды және латеральды қанат тәрізді, шайнау, самай бұлшықеттері;

Д қос денелі, тіласты бұлшықеттері;

Е жоғарғы қанат тәрізді, маңдай, ұрт бұлшықеттері;

10. Шайнау – сөйлеу аппараттарының құрам бөліктері:

А бет сүйектері, самай – төменгі жақ буыны, шайнау бұлшықеттері, еріндер, ұрт, таңдай, тістер, тіл, ауыз қуысының сілекей бездері;

В тістер, жұтқыншақ, самай - төменгі жақ буыны, таңдай, шайнау бұлшықеттері;

С еріндер, ұрт, таңдай, тістер, тіл, ауыз қуысының сілекей бездері;

Д жоғарға және төменгі жақ, тіл;

Е жоғарғы жақ, тіл, бадамша без, құлақ маңылық без;

11. Мұрын маңылық қойнауларды ата:

А сыналық, самайлық, төменгі, жақтық;

В жоғарғы жақтық, сыналық, маңдайлық торлары;

С маңдайлық, төбелік, самайлық, төменгі жақтық;

Д сыналық, торлық, самайлық, қарақұстық;

Е жоғары жақтық, көзшаралық, қарақұстық;

12. Адам басының мөлшерін білу не үшін қажет?

А мидың салмағын анықтауға; С дәрі егу үшін;

В суретін салу үшін; Д көз шарасының топографиясы үшін;

Е бас киім тігуге, дулыға, маска дайындау үшін;

13. Синостазда сүйектер қандай тканьмен байланысады?

А сүйекті; С бұлшықетті;

В шеміршекті; Д дәнекер; Е эпителиальды;

14. Аяқ басында қандай күмбездер болады?

А қиғаш, көлденең; С бес ұзына бойы және бір көлденең;

В екі көлденең және екі ұзына бойы; Д бір көлденең;

Е үш ұзына бойы және екі көлденең;

15. Атлант пен эпистрофей арасында неше буын түзіледі:

А үш В екі С бір Д буын түзілмейді

16. Қабырғалар омыртқалармен қандай буын түзеді:

А екі қабырға мен омыртқа денесі, қабырға мен көлденең өсінді арасындағы буындар

В екі буын: қабырға мен өсіндісі, қабырға мен көлденең өсінді арасындағы буындар

С екі буын қабырға мен омыртқа денесі, қабырға мен арқа өсіндісі арасындағы буындар

Д үш буын қабырға мен арқа өсінді, қабырға мен омыртқа денесі, денесі қабырға мен көлденең өсінді арасындағы буындар

17. Дем алу кезінде қабырғалар қалай қозғалады:

А орнын өзгертейді С алға және төмен қарай көтеріледі

В артқа және жоғары қарай көтеріледі Д артқа және төмен қарай түседі

Е алға және төмен қарай түседі

18. Қай омыртқалардың рессорлық қабілетті жоғарылау:

А мойын В арқа С бел Д сегізкөз Е барлығында бірдей

19. Қай омыртқалардың қозғалу дәрежесі жоғарылау:

А мойын В арқа С бел Д сегізкөз Е барлығында бірдей

20. Қарттарда омыртқа жотасының иіні айқындала түседі:

А мойын лордозы С бел лордозы Е ешқайсысы өзгермейді

В сегізкөз кифозы Д) кеуде кифозы

 

III-нұсқа


1. Сегізкөз омыртқаларының бітісу мерзімі?

А 17-25 жаста С 7-12 жаста Е 1 жаста

В 3-4 жаста Д 5 жаста

2. Жамбас сүйектерінің сүйектену мерзімі:

А 8 жаста С 5-6 айларда Е 14-16 жаста

В 14 жаста Д 3-5 жаста

3. Жаңа туған балалар бас сүйегінің ерекшеліктерін атаңыз:

А латеральды, алдыңғы, проксимальды еңбегі;

В сүйек аралық мембрана, сыналы еңбек;

С алдыңғы, артқы еңбегі, сына және емізікше сүйектерінің аймағындағы еңбек;

Д негізгі жік, маңдай синусы,

Е емізікше, мұрын, самай жіктері;

4. Синдесмоз түрлері:

А шығыр тәрізді, шар тәрізді, С жалғамалар, жарғақтар, жіктер;

В уақытша, тұрақты; Д эллипс тәрізді, айдаршық тәрізді;

Е синостоздар, диартроздар;

5. Шынтақ буынды құрайтындар:

А топай-кәрі жілік, топай-шыбық, проксимальды кәрі жілік-шыбық буындары;

В топай-кәрі жілік, дистальды кәрі жілік-шыбық буындары;

С проксимальды кәрі жілік-шыбық буыны, акромионбұғаналы буын;

Д кәрі жілік коллатеральды, шыбық коллатеральды буындар;

Е топай-кәрі жілік, топай-шыбық, дистальды кәрі жілік-шыбық буындары;

6. Фасция дегеніміз не?

А бір салалы бұлшықеттің түзілген қабық;

В бұлшықетпен сүйек арасындағы қабық;

С бұлшықетаралық жарғақ;

Д тығыз талшықты ұлпадан түзілген қабық;

Е теріасты май шелінің тығыздалуынан түзілген қабық;

7. Диафрагманың бөліктерін атаңыз:

А қабырға, омыртқа бөліктері; C кеуде, құрсақ бөліктері;

B шат, шонданай, мықын бөліктері; Д бел, қабырға, кеуде бөліктері;

E бел, плевра, омыртқа бөліктер;

8. Тізе буынын жазғыш бұлшықеттер:

А Жартылай жарғақты, екі басты сан бұлшықеттері; С Төрт басты сан бұлшықеті;

В Жұқа, тігінші бұлшықеттері; Д Жартылай сіңірлі, екі басты сан бұлшықеттері;

Е Тігінші,тізе асты бұлшықеттері.

9. Жаңа туылған баланың бұлшықеттерінің массасы;

А дененің жалпы массасының 20-23%; С дененің жалпы массасының 50-52%;

В дененің жалпы массасының 34-44%; Д дененің жалпы массасының 15-20%;

Е дененің жалпы массасының 38-40%.

10. Сүйектену түрлері:

А периосталды, сүйекүстілік, сүйекастылық;

В мезенхималық, субкосталды, эпихондралды;

С эндесмалды, перихондралды, периосталды, эндохондралды;

Д остеобласты, эпифизарлы;

Е эндопериосталды, эктодермалды.

11. Омыртқа жотасын жазатын бұлшықеттерді атаңдар:

А омыртқа жотасын түзеуші, көлденең-жиекті бұлшықет;

B ромб тәрізді, арқаның жалпақ бұлшықеттері;

C жалүсті және жаласты бұлшықеттері;

Д артқы тісті, жалүсті бұлшықеттері;

E трапеция, төменгі артқы тісті бұлшықеттері;

12. Ішкі жамбас бұлшықеттерін атаңдар:

А қырқалы, жамбастың ішкі қолсұғар бұлшықеттері;

B мықын, төрт басты бұлшықеттері;

Cалмұрт тәрізді, төрт басты бұлшықеттері;

Д мықын-бел, кіші бел, ішкі қолсұғар, алмұрт тәрізді, жоғарғы және төмен егіз бұлшықеттері;

E жалпақ фасцияны қатайтатын, қырқалы бұлшықеттері.

13. Бұлшықеттің қызметіне сәйкес жіктелі:

А бүккіштер, жазғыштар, айналдырушы, әкелгіш, әкеткіш;

В алдыңғы, артқы;

С біріңғай салалы және көлденең – жолақты;

Д күшті, ыңғайлы;

Е тік, қиғаш, көлденең, бір қауырсынды, екі қауырсынды;

14. Білек пен білезік сүйектері арасындағы буын қалай түзіледі:

А кәрі жілікпен шынтақ сүйегінің төменгі бөлігі және білезік сүйектерінің жоғарғы қатары арасында;

В кәрі жіліктің төменгі бөлігі және білезік сүйектерінің төменгі қатары арасында;

С шынтақ сүйегінің төменгі бөлігі мен білезік сүйектерінің жоғарғы қатары арасында

Д кәрі жіліктің төменгі бөлігі және білезік сүйектерінің жоғарғы қатары арасында;

15. Қайсысы ер тәрізді буын:

А ІІ –V алақан және білезік сүйектерінің арасында;

В І –V алақан және білезік сүйектерінің арасында;

С V алақан және ілмек тәрізді сүйектерінің арасында;

Д І алақан және көпқырлы сүйектерінің арасында;

16. Қол басындағы бақайшақ аралық буындар қандай болады:

А жаңғақ тәрізді С жазық

В эллипс тәрізді Д ер тәрізді

Е блок тәрізді

17. Қайсысы жазық буын:

А ІІ –V алақан және білезік сүйектерінің арасында;

В І –V алақан және білезік сүйектерінің арасында;

С І алақан және көпқырлы сүйектерінің арасында;

Д І алақан және ілмек тәрізді сүйектер арасында;

18. Алақан – саусақ буындарының құрылысы:

А шар тәрізді, вертикальді білік бойынша еркін қозғалады;

В блок тәрізді, вертикальді білік бойынша еркін қозғалады;

С шар тәрізді, вертикальді білік бойынша қозғалмайды;

Д блок тәрізді вертикальді білік бойынша қозғалмайды;

19. Шат симфизінің басқа буындардан айырмашылығы:

А буын қуысының болуы; В буын сұйықтығына толы буын қуысының болуы;

С буын қапшығының болмауы; Д синхондроз түзуі;

20. Құлақ тәрізді буын беттері арқылы байланысатын сүйектер:

А сегізкөз – құйымшақ С сегізкөз – шоңданай

В сегізкөз – мықын Д сегізкөз – шат

Е жамбас – ортан жілік

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных