Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Коллоквиум сұрақтары





1. Буын беті қандай ұлпамен қапталады

2. Буын қапшығының құрылымы

3. Буын қуысының сипаттамалық ерекшелігі

4. Буын байламдары қандай ұлпадан құралады және қандай қызмет атқарады:

5. Шат симфизі сүйекаралық байланыстың қай түрін түзеді

6. Шүйде мен атлант арасындағы буын түрі қандай

7. Омыртқа жотасының қай бөлігінде, омыртқалар арасында цилиндр тәрізді буын болады

8. Жауырын құрылымы қандай болады

9. Жеке даму кезеңі

10. Перинхондральды сүйектену процесі

11. Апофиз дегеніміз не?

12. Апофиздің атқаратын ролі қандай?

13. Төстікпен қанша қабырға буындасады:

14. Тоқпан жіліктің дистальды эпифізінің құрылымы қандай

15. Шынтақ сүйектің құрылымын атаңыз

16. Кәрі жілікпен қол басының буындасуына қатысатын сүйектері

17. Мықын сүйегінің құрылымының ерекшелігі

18. Шүйде сүйегі қандай бөліктерден құралған?

19.Сүйектің құрылымдық бірлігі

20. Сүйектің тығыз және кемік заттарының негізін қандай зат құрайды

21. Аш және мықын ішектірдің орналасу аймағы?

22. Қарынасты безінің өзегі қайда ашылады?

23. Жұтқыншақ бөлімдері:

24. Сүт тістерінің формуласы?

25. Өт қабының қызметтері

26. Омыртқалылырдың негізгі құрылымы

27. Тоқпан жіліктің жоғарғы ұшының құрылымы

28. Самай сүйегінің бөліктері

29. Бұлшықеттер бекитін, төменгі жақ құрылымдары

30. Жоғарғы жақ денесінде қандай өсінділер болады?

 

 


Аралық аттестацияның тесттер сұрақтары


Нұсқа

1. Буын беті қандай ұлпамен қапталады:

А тығыз талшықты дәнекер ұлпасымен

В май ұлпасымен Д гиалинді шеміршекпен

С ірі талшықты шеміршекпен Е эластикалық шеміршекпен

2. Буын қапшығының құрылымы қай топтамада дұрыс берілген:

А екі қабатты: сыртқы – синовия сұйықтығын бөледі, ішкісі –фиброзды, тығыз

дәнекер ұлпасынан түзілген;

В екі қабатты: ішкісі- синовия сұйықтығын бөледі, сыртқы- фиброзды, тығыз

дәнекер ұлпасынан түзілген;

С үш қабатты: сыртқы – синовия сұйықтығын бөледі, ішкісі –фиброзды, тығыз

дәнекер ұлпасынан түзілген, ортаңғы қабаты- гиалинді шеміршек ұлпасынан түзілген;

Д үш қабатты: ішкісі- синовия сұйықтығын бөледі, сыртқы – фиброзды, тығыз дәнекер ұлпасынан түзілген, ортаңғы қабаты – эластикалық шеміршектен түзілген;

3. Буын қуысының сипаттамалық ерекшелігін көрсетпейді:

А герметикалық тұрғыдан жабық шел тәрізді кеңістік;

В синовияға толы;

С ауаға толы;

Д мұндағы қысым атмосфералық қысымнан төмендеу;

Е буындасушы сүйектердің беттері және буын қапшығы арқылы шектеледі.

4. Буын байламдары қандай ұлпадан құралады және қандай қызмет атқарады:

А тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады, буынның қозғалысын тежейді, буынды тайып кетуден сақтайды;

В борпылдақ дәнекер ұлпасынан тұрады, буынның қозғалысын шектейді;

С гиалинді шеміршек ұлпасынан тұрады, буынды тайып кетуден сақтайды;

Д тығыз дәнекер ұлпасынан тұрады, буын қозғалысын жеңілдетеді.

5. Шат симфизі сүйекаралық байланыстың қай түрін түзеді:

А жаңғақ тәрізді буын С жартылай буын

В баяу қимылды буын Д жазық буын

6. Шүйде мен атлант арасындағы буын түрі қандай:

А шар тәрізді В цилиндр тәрізді С жаңғақ тәрізді Д эллипс тәрізді

7. Омыртқа жотасының қай бөлігінде, омыртқалар арасында цилиндр тәрізді буын болады:

А мойын бөлігінде

В сегізкөз бөлігінде

С көкірек бөлігінде

Д бел бөлігінде

8. Жауырын құрылымы қандай болады:

А жауырынның үш жиегі, үш бұрышы болады, иық өсіндісі және құстұмсық өсіндісі бар

В жауырынның үш жиегі, үш бұрышы болады және иық өсіндісі ғана болады

С жауырынның үш жиегі, үш бұрышы болады және құстұмсық өсіндісі ғана болады

Д жауырынның үш жиегі, үш бұрышы жалүсті жаласты ойыслтары болады, өсінділері болмайды.

9. Жеке даму кезеңінде қаңқа 3 сатыдан өтеді, олар:

А) мезенхима, шеміршек, сүйек сатысы

В) паренхима, шеміршек, сүйек сатысы

С) мезодерма, шеміршек, сүйек сатысы

Д) шеміршек, сүйек сатысы

10. Перинхондральды сүйектену процесін қалай түсінесіз:

А бұл процесс шеміршек батамаларының сыртқы бетінде, шеміршекүсті құрылымының қатысуыменөтеді

В шеміршек бастамаларының ішкі бөлігінде өтеді

С меенхима қабатында өтеді

Д хорданың аймағында өтеді

11.Апофиз дегеніміз не?

А эпифиздің аймағында орналасқан сүйекті төмпешіктер

В түтікше сүйектердің ұшы

С сүйектің денесі

Д диооафиздің ұшы

12. Апофиздің атқаратын ролі қандай?

А оларға бұлшық еттер бекиді

В оларға буындасуға қатысады

С еш қандай функция атқармайды

Е сүйектің денесін құрайды.

13.Төстікпен қанша қабырға буындасады:

А 7 В8 С 9 Д10

14.Тоқпан жіліктің дистальды эпифізінің құрылымы қандай

А Оның екі буын беті бар, блок тәрізді буын беті және шартәрізді буын беті

В Оның шар пішінді басы бар

С Бұл бөлігі жалпақ келеді

Д Бұл бөлігі тек блоктәрізді буын бетінен тұрады

15. Шынтақ сүйектің құрылымын атаңыз

А шынтақ сүйектің жоғарғы бөлігінде аймақ ойындысы бар, шынтақ және тәждік өсінділері бар.

В оның жоғарғы жағында цилиндртәрізді басы, оның буын ойығы бар, сақиналы буын беті бар. Төменгі бөлігі жалпақ келеді.

С ол денедең, жоғарғы және төменгі эпифиздерден құрастырылған, төменгі бөлігі үшқырлы

Д жалпақ үшбұрышты келген сүйек

16.Кәрі жілікпен қол басының буындасуына қатысатын сүйектерді атаңыз:

Аладья тәрізді, жартылай, үшқырлы сүйектері

В трапеция, трапеция тәрізді, бас тәрізді

С ладья тәрізді, жартылай, бұршақ тәрізді

Д ладья тәрізді, үшқырлы, бұршақ тәрізді

17.Мықын сүйегінің құрылымының ерекшелігі:

А екі бөліктен тұрады: дене және қанаттан, қанатының жоғары жағы – қыр түзеді

В денеден және екі бұтасы бар

С денесі жоғарғы және төменгі бұтасы бар

Д ол бітісіп өскен үш сүйектен тұрады

18. Шүйде сүйегі қандай бөліктерден құралған?

А базиальдық бөліктерден және латериалдық бөліктерден және шүйде қабыршағы

В денеден, үлкен және кіші қанатшалардан

С қабыршақ бөлік, тастақ бөліктен, дабыл бөлігінен

Д маңдай қабыршағынан, көз бөлігінен

19. Сүйектің құрылымдық бірлігін атаңыз:

А остеон

В трабекулалар

С остеобластар

Д остеокластар

Е остеоциттер

20. Сүйектің тығыз және кемік заттарының негізін қандай зат құрайды:

А остеобластар

В остеокластар

С трибеккулалар

Д остеоциттер

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных