Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 1 страница




БАУЫРЖАН

Келбеті қайсарлықтан жаратылған,

Бауыржан, қазағы үшін дара тұлғам.

Ордасын қорғағанда самұрықша,

Жауының оғы өтпеген қанатынан.

 

Бауыржан!

Бауыржан!

Елдің ері Бауыржан!

Сын сағатта қайыспай ел деп жаны ауырған.

Қабанбайдай қол бастап, Махамбетше сөз бастап,

Тайсалмаған қасқайып оқ боранды жауыннан.

 

Арзыған ардақтауым батыр ұлға,

Таным бар қазақ үшін ақылында.

Жатпады алтын кездік қап түбінде,

Жұлдызы тапты иесін ақырында.

 

Кезі жоқ оғын жаудан шығын қылған,

Қаламын қаруымен сұғындырған.

Бауыржан тәуелсіздік күнін қорғап,

Қазақтың кім екенін ұғындырған.

 

***

 

ОТАН ЖАЙЛЫ ОДА

Үлес қосып болжамға,

Ұлы іске бойлаймын.

Балғын бөбек болсам да,

Ел ертеңін ойлаймын.

 

Елім елден қалмауы,

Мені елең еткізер.

Елбасымның Жолдауы,

Бақытыма жеткізер.

 
 


Аспан көкте қалықтай,

Толысамын, толамын.

Білім қуып жалықпай,

Нағыз ғалым боламын.

 

Арманға ұл аттанса,

Алдан күтер ұлы таң.

Отан ыстық оттан да,

Жылынам да жылытам.

 

Жаным сірә жабықпас,

Көңілдің жоқ аласы.

Еңбексүйгіш жалықпас,

Мендей қазақ баласы.

 

Арманым бұл танысаң,

Ойымда жоқ тосылу.

Әлемдегі дамыған,

Елу елге қосылу.

 

Ұстазымның тілегін,

Жаным сондай ұғады.

Білім қуған түлегің,

Азамат боп шығады.

 

Ойым ұшқыр достан да,

Алға қадам тастатты.

Ұшырғанмын аспанға,

Ойлап тауып «КазСатты».

 

Берік бүгін босағам,

Жалғастырдым көнені.

Жағдайымды жасаған,

Отан маған сенеді.

 

2011 жыл

 

***

 

ҚАЗАҚСТАН ДАЛАСЫ

Кетер болсам кемел жолда кенеліп,

Бағым болар демегенмін қай күнім.

Бабалардан маған қалған теберік,

Қазақ жері менің барлық байлығым.

 

Ертеңіме елеңдетпей жол бастап,

Қуатымды қоятұғын құрыш қып.

Жас жаныма күш беретін қолпаштап,

Әр паршасы ана жердің тым ыстық.

 

Иесі боп дала менен қаланың,

Сапар шексем мықтап ұстап рөлден.

Атыраудан бастау алса алабым,

Ту Алтайдай өрге барып тірелген.

 

Тарқамаған өмірінде базары,

Отанымның оңнан келген орайы.

Жанарыңа симас барлық ғажабы,

Тау мен шөлі, өзен, көлі, тоғайы.

 

Қыран болар бүгінгідей ителгің,

Ұлан болар өзіміз ғой ертеңің.

Болашағым десең бізді дей бергін,

Қанат жаяр сәтін салса өркенің.

 

Балаң үшін бұйым болмас тағың түк,

Тірі болсам өзгелерден қалмаймын.

Қол жетпеген шыңға шығып, табынтып,

Қияндар мен шыңырауды барлаймын.

 

Кетседағы бір кездері босып ел,

Ізі қалып аппақ-аппақ табанның.

Маған ыстық отыңнан да осы жер,

Тері сіңген қаны менен бабамның.

 

Осы Отан ұрпағы үшін киелі,

Абат күндер жүрген ылғи табылып.

Ақ құмыңды жата қалап сүйеді,

Қорған болар жас өркенің табынып.

***

Ел рәміздері

ҚАЗАҚСТАН ЖАЛАУЫ

Келсе егер жөн білгің,

Жалаудың бар керегі.

Көк теңіздей мөлдірмін,

Көгімде күн күледі.

 

Бастауындай жыр-әннің,

Бақытым бар менің де.

Қалықтаған қыранмын,

Қазақстан жерінде.

 

Болсаң егер озат шын,

Тұрам сені сүйіп мен.

Көк байрағы қазақтың,

Желбірейді биіктен.

 

ЕЛТАҢБАМ

Елімдегі туыстар,

Бауырмал да бір екен.

Кереге мен уықтар,

Шаңырақты тіреген.

 

Ашып өмір бұлағын,

Ақ жолымды тазарттым.

Ай мүйізді пырағым,

Мақтанышы қазақтың.

 

Келмес енді іркілгім,

Тамсанбаймын таң қалсаң.

Мөрі болған жұртымның,

Қасиетті елтаңбам.

 

ӘНҰРАНЫМ

Қазақ мәшһүр ғаламға,

Даңқыменен нұр табар.

Алтын күнді даламда,

Әнұраным шырқалар.

 

Биіктерге өрлеген,

Көрсетті өмір шындықты.

Намысын да бермеген,

Қазақ сондай бір мықты.

 

Ел ертеңі ұланым,

Ие болған сенімге.

Шырқалады бұл әнім,

Төрткүл дүние әлемде.

 

***

ҰЛЫ МАҚСАТ

Мүмкін емес адамда арман болмауы,

Керек кісі бірін-бірі қолдауы.

Қазақстан халқы үшін түсінсек,

Ұлы мақса Елбасымның Жолдауы.

 

Қазағымды дүние бүгін таныған,

Сапа керек әр нәрсенің санынан.

Қосыламыз бірлесе кеп талпынсақ,

Әлемдегі елу елге дамыған.

 

Асулар бар шығып, ары асатын,

Ел бірлігі, егемендік жасасын!

Жеткізді ғой енді тоғыз миллионға,

Қазақстан өз елінде қазағын.

 

Мақсатына жетер адам жүгірген,

Биктерден сөйлеп тұрмын бүгін мен.

Бауырларға жат екенсің демедім,

Айрылмадым тілім менен дінімнен.

 

Айрылмадым дінім менен тілімнен,

Десе айтам - мақтанасың кіміңмен?

Әл-Фараби, Абылайхан, Абайым,

Дара тұрам Әзірет Әлі піріммен.

***

Тәуелсіздік таңы атты нұрланып,

Қаймығатын кезім қалды ұрланып.

Нұры тарап Нұрсұлтандай дананың,

Төбем көкке жетпей тұр ғой бір қарыс.

 

Төбем көкке жетпей тұр ғой бір қарыс,

Азаттықтың көкаршыны, самғап ұш.

Қадірлесең қазағымның кеңдігін,

Қошеметке бөленесіз мұнда Сіз.

 

Мақтауыңды келтіретін балаңмын,

Келтіре алмай қалсам жырдан маған сын.

Тәуетемін топырағын елімнің,

Қаны менен тері сіңген бабамның.

 

***

ЕГЕМЕНДІ ЕЛДЕМІН

Қазақпын, егеменді елдемін,

Ер Елбасым, маған елге кел дедің.

Келдім міне, еркін құспын – азатпын,

Қандай ғажап болды мұнда келгенім!

 

Мен қазақпын, шетте жүрдім қырық жыл,

Келдім былтыр жолды елге бұрып бір.

Сұлтан болдым рас онда кәдімгі,

Ташкенттен өз газетім шығып тұр.

 

Мұнда келіп ұлтан болдым бір жылдай,

Армандарым тұрды үнемі қырқылмай.

Қалам қалып, күрек алдым қолыма,

Көк еттерім қалғаны жоқ жыртылмай.

 

Шүкір дедім өз елемде жүргесін,

Қазағыммен еншілеспін, біргемін.

Бауырластың жаттығы жоқ ешқандай,

Ойларымды несіне енді іркемін?!

 

Көп қазақтың бірі едім оралған,

Деп айтады енді бізді оралман.

Айтса айтсын, айтатұғын кез осы,

Меніменен қазақ саны тола алған.

 

Опа бермес дүние шіркін ешкімге,

Қимастықтан мұнда кештеу көштім бе.

Ең бастысы мен жүргенде жер басып,

«Піш!» демейді мысығыма ешкім де.

 

Арман еді жетелеген мені де,

Ат байладым баба қоныс шебіне.

Қандай ғажап Қазақстан алабы,

Елім байтақ, көз жетпейді шегіне.

 

Көз жетпесе жетпесін жер шегіне,

Мақтанамын өз елім деп семіре.

Семіргенім жараспай ма, айтшы өзің,

Берем енді биіктерден көріне.

***

 

ӨЗІҢЕ КЕЛДІМ, АСТАНАМ!

Не десем екен, па шіркін!

Жанымда жалау желбіреп.

Көңілімді таудай өсірдің,

Жауындай жаным мөлдіреп.

 

Армандар алып келгенмін,

Қайда оны енді ән етем.

Қолдаушым болшы сен менің,

Қанаттанамын демесең.

 

Оқ болып сірә атылам,

Мылтығым дайын шабыттан.

Жыр ғана емес,- ақын ән,

Салады шырқап бақыттан.

 

Бәйтерек көңіл аспандап,

Табысып жатыр арманмен.

Егемен елді бастаған,

Көремін күнді алдан мен.

 

Көргенмін күнді кеше де,

Мақсатым менің орнаған.

От жанып жатыр көшеде,

Түнінде жарық маздаған.

 

Тәуелсіз елдің ордасы,

Шаһар жоқ саған теңесер.

Тұрғызған ұлы Елбасы,

Өзіңді жырға бөлесем.

 

Өзіңе келдім өріліп,

Не десең еркің өзіңде.

Жазайын жырды керіліп,

Сезімге сергек кезімде.

18.12. 07.

***

АРҚА - ЕЛІМНІҢ МАҚТАНЫ!

Қандай сұлу Көкшетаудың келбеті,

Таңырқайды оған түгел жер беті.

Жер жәннаты Бурабайдан асқан жоқ,

Саумал көлі көңілімді тербеді.

 

Көз жетпейді қиырына даланың,

Қопа көлдің толқынына қарашы.

Атам қазақ қорғап өткен аймақтан,

Мен де бүгін бақытымды табамын.

 

Степногор Көкшетаудың інісі,

Қарбаласқа ұласады тынысы.

Өнеркәсіп балғаларын ұрғылап,

Дамып жатқан бір ісінен бір ісі.

 

Қазақстан жаңарғанда жанданып,

Өзге елдер таңырқайды таңданып.

Көп ұлттың балалары бауырдай,

Өмір сүрген еңбек етіп, ән салып.

 

Қазақ тілі бұл өлкеде өрлемек,

Мәртебесі жоғарыға төрлемек.

Ақмолада барлық ырыс білгенге,

Кет демек жоқ, бар ғой бірақ кел демек.

 

Арқа елі – қазағымның мақтаны,

Ақмоладан шуақ шашқан ақ таңы.

Бақытты ел осындай-ақ болар-ау,

Ақсақалдан үлгі алған жастары.

 

Көкшетау мен Степногор қос тінім,

Оқжетпесім көрікті әрі бас шыңым.

Мақтан етем аймағымды жыр етіп,

Ән етемін халықтардың достығын!

 

***

АҚМОЛАЛЫҚТАРДЫ

ҚҰТТЫҚТАУ

 

Армысың, туған бауырлар,

Тел емген Отан-ананы.

Мақсаты ортақ қауымдар,

Қалмаған ойда алаңы.

 

Құттықтап жарқын жүректен,

Пейілді түзу ұстадым.

Жүз отыз ұлтты бір еткен,

Жасасын Қазақстаным!

 

Ақының бүгін жыр төксе,

«Шу» деген қайрат атанға.

Қазақтың тілін құрметте,

Ортақ бұл туған Отанда.

 

Сыр бермей қиын шақта да,

Қарсы алған күнді бақытты.

Облыс біздің Ақмола,

Іргелі мекен көп ұлтты.

 

Қарсы алып ай мен күніңді,

Көңілге нұрлы гүл еккен.

Құтты да болсын бүгінгі,

Ынтымақ күнің біріккен!

12.07.1011

***

ЖЕҢІС КҮНІ

Жау жағадан алған кезде елдің туын жықпаған,

Көкірегін оққа тосып қара жерді құшқанмен.

Ұрпағымын сол ерлердің оқ бораннан бұқпаған,

Ел басына күн туғанда жағаласқан дұшпанмен.

 

Оқтан бұғып, масқара ғой ұлы серттен тайса кім,

Осы сында менің әкем тіке өлімге барысқан.

Елі үшін құрбан болар нағыз батыр қайсарым,

Дауылдарға қарсы шығып, аждаһамен алысқан.

 

Тыным қайда шыбын жанды бір Аллаға тапсырмай,

Жатқан кезде еркін елді тұтқиылдан от орай.

Шексіз мынау кең өлкемді таптап өтіп тапжылмай,

Қаруы сай неміс шіркін алам деді оп-оңай.

 

Көрінер деп қияндардан жауды қуса жақсылық,

Жылдар бойы жеңіс үшін жанпида деп ерлеген.

Мал мен жанды жаратқанға аманат деп тапсырып,

Сонда біздің әкелер ғой дұшпанға дес бермеген.

 

Иықпенен арқалаған соғыстың сан азабын,

Ұйқы көрмей шайқастарда аштыққа да көніккен.

Жауын жығып алысқанда ердің ері қазағым,

Рахымжан Қошқарбаев рейхстагқа ту тіккен.

 

Өлім деген қаруласты оқтан бұғып именсе,

Керек болды аластауы елден қуып немісті.

Қаны менен тері сіңіп өрім-өрім шинелге,

Бабаларым алып келген осы Ұлы Жеңісті.

 

***

 
 


ЖЕҢІС ЖЕҢІЛ КЕЛГЕН ЖОҚ

Тыныш елдің берекесін кетірген,

Фашизмге не жетпеді есірген?

Бар әлемнің билеушісі болам деп,

Гитлер еді көкірегін өсірген.

 

Еуропаны жаулап алды жартылай,

Арамдықтың не түрінен тартынбай.

Сан қарумен жарақтанып түгелдей,

Өршеленді аш қасқырша қарқындай.

 

22-ші жұлдызында маусымның,

Естіген ел оқ атылған даусын мың.

Уәдені орындамай фашистер,

Отаныма салды неміс азуын.

 

Шекарашы шырт ұйқыдан оянды,

Бейбіт далам қызыл қанға боялды.

Танктері қаптап келді құзғындай,

Танытпады сол күннен-ақ аярлық.

 

Суық хабар кең өлкеге тарады,

Соғыс деген мазалады ананы.

Ел қорғауға ер жігіттер жиналып,

Қару алып ата жауға барады.

 

Не жетпеді неміс-фашист құзғынға,

Бейбіт заман құрып едік біз мұнда.

Деді-дағы күңіренді аналар,

Арқа тосып соғыс атты ызғарға.

 

Жауынгерлер сапқа тұрып аттанды,

Намыс көріп жұмыс істеп жатқанды.

Ата жаумен алысқаны мың артық,

Қорғау үшін бейбіт заман, ақ таңды.

 

Көкірекпен жапты жаудың оқтарын,

Кім біледі соғыс қашан тоқтарын.

Ата-ана, елі үшін аянбас,

Қорқытпайды алаулаған от, жалын.

 

Жаралады жаудың оғы ақ тәнін,

Құмырсқадай қарақұрым қаптады.

Тайсалатын дұшпанынан ер ме еді,

Оқ жаудырмай окобында жатпады.

 

Күші басым дұшпан келді ентігіп,

Даласына Отанымның көз тігіп.

Бар байлығын олжалайтын ойы бар,

Тынымсыз оқ үні тынбай естіліп.

 

Қара түнек басып алды аспанды,

Жаралады ересек пен жас жанды.

Құрбан болды жанын қиып боздақтар,

Арпалысқан нағыз айқас басталды.

 

Ер жауынгер шегінгенмен, қайтпады,

Дұшпанына ішкі сырын айтпады.

Қол бастады ер Бауыржан атамыз,

Елі тұрып арқасында байтағы.

 

Партизандар жауын аңдып, жайратты,

Тіл әкеліп сырын-дағы сайратты.

Қасым ата партизандар басшысы,

Тасып тұрды бойындағы қайраты.

 

Мәншүк, Әлия нағыз ердей шайқасты,

Жамбыл ата жауынгерін ойласты.

Ленинградтық өрендерін мадақтап,

Намыс отын жігерлетті, қайратты.

 

Ер Төлеген төтеп берді жауына,

Шағылмады ажал оқтан тауы да.

Талғат ата жауын қуып ұшақпен,

Нұркен шықты қыран болып тағы да.

 

Таразыға түсіп жатты ақылдар,

Ойрандалды тұрғын үйлер, шатырлар.

Қорғап қалды Отанымның жүрегін,

Жиырма сегіз Панфилофшы батырлар.

 

Күші қайтып, дұшпан сонан тайсалды,

Ізіменен өзі келген қайта алды.

Ерлігінен батырлардың қаймығып,

Жеңілетін сыңайы да байқалды.

 

Қасіретті жылдар өтті жырақта,

Қайғысы да дейді атай құлақта.

Арам пиғыл фашизмнің ойраны,

Азаматты салып еді сынаққа.

 

Қиындықтың ащы дәмін татамыз,

Ерліктерін мақтан етіп жатамыз.

Берлиндегі рейхстаг басына,

Туды тікті Қошқарбаев атамыз.

 

Еңбек етіп бала-шаға елдегі,

Қай отбасы қиындықты көрмеді.

Кейінгі жас соны білсін жақсылап,

Жеңіс бірақ оңайлықпен келмеді.

 

Жеңіс туы желбіреді тербеліп,

Сүйсінеді оны бүгін ел көріп.

Жауды жеңген жауынгерлер жасасын,

Осылайша намысты еш бермелік.

 

Жеңіс деген ауыр жылдар жемісі,

Азаптанды, қиналды да ел іші,

Аштық жүрді ауылдарды аралап,

Тіршіліктің кетіп мүлде мәнісі.

 

Жоқтатпады азаматтың орынын,

Орындады ауылдағы борышын.

Жауын жеңсе, бәріне де төзеді,

Аянбады, ұйқы көрмей сол үшін.

 

Қатарларын көбейткенмен қабірдің,

Арқасында төзім менен сабырдың.

Дүрілдетіп жер әлемді жаңғыртып,

Жеңіс келді тоғызында мамырдың.

 

Жеңіс келді тоғызында мамырдың,

Шын бірлігін дәлелдеумен тамырдың.

Жауын жеңген солдаттардың ерлігі,

Кеудесіне орден болып тағылды.

 

Қара түнек кетті сонан келмеске,

Әділеттік жеңер екен белдессе.

Оқ атпасын бір-біріне адамдар,

Сол бақытты кім соғысты көрмесе.

 

Жеңіс! Жеңіс! Мәңгі Жеңіс орнаған,

Гүлдер өссін даламызда солмаған.

Оқ теспесін емендерді жайқалған,

Әйбат заман болсын мәңгі орнаған.

 

Әйбат заман менің-дағы байлығым,

Қарт жауынгер дейді бүгін жайлымын.

Сол аталар аман болсын әйтеуір,

Тағдыр берсін қиындықтың қайтымын.

 

Кәрі солдат отыр ұстап таяғын,

Келмесін деп қиын күндер, баяғым.

Немересі ұстап көріп медалін,

Уқалайды сырқыраса аяғын.

 

Жеңіс күннің куәгері - тарланым,

Осы жырды өздеріңе арнадым.

Ерліктерің ұмытылмас мәңгілік,

Мұраңызды ұрпақтарың жалғасын.

 

Соғыс салған жара қалай жазылар,

Уақыт өзі емші әрі қазылар.

Дегенменен кәрі солдат қамығып,

Қаруласын ойлап ұзақ отырар.

 

Бүгін заман өзгерді де гүлденді,

Ұрпақтары қадірлейді үлкенді.

Орыны бар жауынгердің төрімде,

Таңырқатар ерлік ісі білгенді.

 

Жан алса да дұшпаныңа беріспе,

Есе бермей келген атам неміске.

Мамырында мерекелі осынау,

61 жыл толып отыр жеңіске.

 
 


61 жыл толып отыр Жеңіске,

Сыналған ол соғыста да, көп істе.

Өсе берсін аталардың мерейі,

Гүл жайнасын даламыз да, өріс те!

 

Жеңіс жырым, әнімнің де өзегі,

Жырлайтұғын келді ақын кезегі.

Бейбіт заман мәңгілікке ұлассын,

Сонда ұрпақ бақытты боп өседі.

11.05.06.

***

МАМЫР – БАҒЫМ

Тойламақ арманы емес кімнің мұны,

Мамырда табысқанда тамам тамыр.

Төгіліп күмбез көктен күннің нұры,

Еліме бақыт сыйлап жатыр мамыр.

 

Арудың алуан түсті киіміндей,

Боялар бой көрсетіп талшыбығым.

Қазақтың жері де кең пейіліндей,

Жетеді барша жұртқа молшылығы.

 

Пейілі атына бақ жинайтұғын,

Бақытты ары болса таза кімнің.

Қонағын құдайындай сыйлайтұғын,

Досына құшағы ашық қазағымның.

 

Даланың ұланына тең келе ме,

Жайлаудай жаймашуақ жан-жағы бақ.

Қазақтың құшағы ашық әммеге де,

Өзім деп келер болса ақжарылғап.

 

Жауын да онша көзге ілмейтұғын,

Тілейтін тек жақсылық ошағына.

Жасқану дегеніңді білмейтұғын,

Жарасар мамыр мінез қазағыма.

 

Аңғалдық аңғарылса әр ісінде,

Тазасы қазағымның өзегінің.

Қалайша қуанбайын топ ішінде,

Бірлігі жарасқанда өз елімнің.

 

Өркендеп дамитұғын бағытпенен,

Керуеннен қалмас қазақ ағымдағы.

Жолдауы Елбасымның бақыт берген,

Елімнің құтты болсын, мамыр бағы!

***

 

ЫНТЫМАҚ ЖЫРЫ

Бүгін еркін, азатпын,

Жұртқа мәлім есімім.

Құшағы кең қазақтың,

Жабылмаған есігім.

 

Бақ орнамас бірліксіз,

Қорғанымын баршаның.

Досқа пейілім кіршіксіз,

Құшағыма тартамын.

 

Қандай ғажап аймағым,

Таңданады жұрт маған.

Әндерім көп айтатын,

Масайраймын, шаттанам.

 

Оңға қадам бұрылған,

Жан жадырар шаттықтан.

Бұл қазағым бұрыннан,

Жатты сыйлап жаттыққан.

 

Қанат жайып өркені,

Нақты қадам басатын.

Ынтымақтың мекені,

Қазақстан жасасын!

***

 

ҚАЗАҚ ЖЕРІ

Қазағымда жер кең бе, неткен керім,

Таусылмайтын бұралған бейне өрім.

Көз тігемін, түкіріп "тіфә!" деймін,

Байтақ елдің әр таңын сүйген едім.

 

Сүйген едім жерімді құмартқаннан,

Басталады шабытым бұлақтардан.

Жер ананың қойыны ұлы байтақ,

Болсын сынақ бір маған құлап қалсам.

 

Қазағымның жері кең таусылмаған,

Аралаймын даласын, тау, қырды асам.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных