Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






ТАУ БОЛЫП КЕТСЕМ... 2 страница




Құшақ жайып қарса алар әр белеңі,

Жаяу кезіп жаһанды мауқым басам.

 

Неткен керім дала еді мынау ғалам,

Жазғы дала, қысқы ой қыраулаған.

Күзгі аймақ, көктемгі көгілдір бел,

Даласына ақынның жыр аунаған.

 

Қазағымның қаймақты шөлдері де,

Көз қамаға тұп-тұнық көлдері де.

Ақынында не арман аралаған,

Құшақ жайып қарсы алар келгенінде.

12.07.06.

***

ЕЛІМДЕМІН

Қайда келдім демеймін, елімдемін,

Өз елімде бел буған сенімдемін.

Бақытты жан жоқ шығар менен аса,

Сол бақытты болса егер елінде кім.

 

Елімдемін, қазақтың жеріндемін,

Қабанбайдың жау қуған беліндемін.

Райымбек бабамдай аты әйгілі,

Сонан бүгін қалқайып бекінгенім.

 

Жерімдемін, қазақы жұртымдамын,

Жақсылыққа күн сайын ұмтылғаным.

Жаңалықты менен көр сағат сайын,

Көрсін жұрттар биікте кім тұрғанын.

 

Елімдемін, елеулі ордамдамын,

Бір кездері жетуім болды арманым.

Елім берсе мендағы берем оған,

Жараспайды жұртымнан қорғанғаным.

11.07.06.

***

 

АҚКӨЛІМ

Ақкөлім, аппақ көлді шағалалым,

Келіп тұр бүгін сені бағалағым.

Қаншама ерлер өтті баурайыңнан,

Мендағы өн бойыңды жағаладым.

 

Ақкөлім, тарих әрі шежірелім,

Сырларың жатыр талай шешілетін.

Қазақтың құт дарыған өз ортасы,

Бағаңды бере алмасам, кешірерсің.

 

Абылай, Қасым хандар қорғаған жер,

Ну орман, жыныс бұлақ торлаған жер.

Келімсек келіп салып ойрандарын,

Шарасыз қойнауыңды қорлаған жер.

 

Ақкөлім, аппақ арлы махаббатым,

Тиген жер өз жұртыңа шапағатың.

Ешкім де сені қорлап, таптай алмас,

Келді кез атың биік аталатын.

 

Бүгінде жаңарған жер, өскен орта,

Заманның жетістігі көшкен алға.

Сендағы «КазСатыңмен» танылғансың,

Ақкөлім, іні болып Астанама.

 

***

 

СӘЛЕМ САҒАН, АҚКӨЛІМ!

Аспандатқан жақсы елін,

Біз аңсаған бақ па едің.

Ассалаумағалейкум,

Қадірменді Ақкөлім!

 

Шежіре ме өткенің,

Жетістігің көп сенің.

Сенен тапсам бағымды,

Арманым да жоқ менің.

 

Қысың қандай боранды,

Жаным аққа оранды.

Жыр тиегін ағытып,

Өз бауырың оралды.

 

Ой-өрісім кеңісе,

Қысыламын несіне.

Айналайын, Ақкөлім,

Жатырқама мені де.

 

Қазағымның мекені,

Саған қай жұрт жетеді?

Ақкөл бүгін асқақтап,

Түледі ғой кешегі.

 

Жайсаң ылғи жандары,

Мақсаты көп алдағы.

Туған жерді ғарышпен,

Осы Ақкөл жалғады.

 

Көлің қандай керім-ді,

Нұрландырған жерімді.

Кең далаң да құт толы,

Қазыналы егінді.

 

Қазағымның даласы,

Көз жетпейді шегіне.

Талаптанып баласы,

Еткен еңбек еліне.

 

Нұр бар ерек таңында,

Баққа оранған алабы.

Астананың жанында,

Ақкөл өрлеп барады.

 

Мін тағады кім бұған,

Заманның бар талабы.

Ну орманы сыңсыған,

Көздің жауын алады.

 

Көріп сені көзіммен,

Жыр боп ақты пәк сезім.

Өркендейін өзіңмен,

Қасиетті Ақкөлім!

 

***

ПОЛИЦИЯШЫ

Тыныштықтың сақшысы тұр көз ілмей,

Еңбегінің қиындығы сезілмей.

Былайғы жұрт оған мән де бермейді,

Өзгеде жоқ ондағы асыл төзімдей.

 

Полицияшы шенді болсын, болмасын,

Міндеті бір ел қорғаны болғасын.

Қандай жұмыс жүктесе де бас тартпас,

Қайрар оны борыш жолда алда сын.

 

Тентек те көп, есер де бар арада,

Тезге салмай ондайларды бола ма.

Нашақор да қарап қалмас бұзақы,

Ұстау керек, оны уақыт тоса ма.

 

Осы жолда тынықпаған қорғаным,

Алдын кескен жемқорлықты олжаның.

Сыбайластар полицияны ұнатпас,

Тезге түсер алынғанда қолға кім.

 

Түні бойы инспектор тынбаған,

Қиындықты басып өтіп мыңдаған.

Жанұяңның бақыт күнін күзеткен,

Жандарға арна жырыңды сен, тыңдасаң.

 

***

ЖУРНАЛИСТ

Журналист кім, жазғыш емес ол тегін,

Журналистің бағалай біл еңбегін.

Ол жазғанда бар жағдайды бүркемес,

Жасырмайды тентек болса елде кім.

 

Қалам керсе, ой еңбегі сезілер,

Болмаса да айтарлықтай өзі ер.

Нағыз ерді сомдап сонда көрсетер,

Түн жарымда жазу жазып көз ілер.

 

Журналист кім, жүрген жан ба жүгіртек,

Қызметін көзге оның кім ілмек.

Шындық жазса қаламайды кей басшы,

Ақиқаттан тоғышарлар түңілмек.

 

Қаламгердің бәрі ойшыл, қырағы,

Жұмыс орны өз үйіндей тұрағы.

Тым кеш қайтып жолдасынан сөз естір,

Сөйте тұрып тағы ерте тұрады.

 

Қайран жандар, ой моншағын тізгендер,

Нағыз ерді осылардан іздеңдер.

Қандай жағдай болсадағы бас тартпас,

Өмір мұхит толқынында жүзгендер.

 

***

АҚСУЫМ

Қойнауы тұнған тарих қатпарланған,

Ақсудың сырлары көп ақтармаған.

Алтын да, қазына да бар осында,

Бір дастан жазылмаған, жатталмаған.

 

Ақсуда бар асыл мен жетістіктер,

Сыр шертер барсаң саған тегістіктер.

Маңайы Қарабұлақ құтты қоныс,

Алтынға айналғандай егістіктер.

 

Паң ата Нұрмағамбет қоныс еткен,

Бұл Ақсу керемет ед аса неткен.

Әр тасы алтындалған байлық елдің,

Жолында талай ердің басы кеткен.

 

Қойнауы қазыналы тұнған ерек,

Алабы Ақсуымның жерден бөлек.

Сексен жыл тартқылаған жер пұшпағы,

Әлі де сынын бермес көркемірек.

 

Ақсудың байлығына баға жетпес,

Қожайын жиі ауысты аға тектес.

Ақыры қайыр берсін кенішіме,

Қаптаған ашқарақ көз маса тектес.

 

Не құқай көрмеді ел, мынау өңір,

Сонда да төмендемес алау көңіл.

Ақсуым жаңаруда елмен бірге,

Сән берген алтынымен далама гүл.

 

Дәуірі туды енді Ақсуымның,

Қарсы алып қуанышын жақсы күннің.

Жер менен ел тәуелсіз, заман абат,

Бастауы болсын жырым бақытыңның.

5.05.2011

 

***

Астанадағы Жұматай інімнің үйінде

САРЫАРҚА

Қабыл ал мен келгенде далаңқайға,

Сен барда жалтақтау мен алаң қайда.

Қазақтың кең жазира өлкесі ме ең,

Жұмақ деп сенен өзге барам қайда.

 

Мендағы өз балаңмын жырақ жүрген,

Әрбір іс, игілікке құлақ түрген.

Оралдым бабам кеткен ізбен қайта,

Кім қуар өз қазағын жұмақ жерден.

 

Арманым қойынымда таудай биік,

Жаттың сен жан анамнан аумай сүйіп.

Мен сонан жерді құшып құлай кеттім,

Сарыарқа, саған жетті ауған киік.

 

Өзіңде бар бақытым, жеткен шыңым,

Бетеке белдеріңде көктем гүлің.

Осының барлығы да менікі екен,

Үдеме қуатыммен жеткендігім.

 

Оу, менің кең жазира қиыр жерім,

Алтынды, молибден боп құйыл кенім.

Байлығың сан жетпейді санауға да,

Осы өлең болсын саған сыйым менің.

1.06.201

***

ТАМДЫМ

Әр адам туған жерде баққа жеткен,

Зиратын кезі болмай аттап өткен.

Жұмақтан артық осы шұрайлым деп,

Әркімдер өз өлкесін мақтан еткен.

 

Сондай бір алқабым бар Тамды деген,

Мен онан ешкімде жоқ мәнді көрем.

Құмында ізім қалса адымдаған,

Тауынан арайлаған таңды көрем.

 

Мыңғырған қаракөлді қойды көрем,

Түйсікті адамынан ойды көрем.

Ақтаудан биіктікті байқағанда,

Суынан бұлақтанған айды көрем.

 

Өрістен шұбырынған түйе көрем,

Даладан дарқандалған кие көрем.

Анамдай маған ыстық ауасы да,

Айналып бар бауырды сүйе берем.

 

Арманым қалған құмақ, ақ шағылдар,

Наурызда нөсерден соң қақ та тұрар.

Ақының болмағанда кімің болам,

Өзіңді жырлар менде жақ табылар.

 

Қайран сол қызылқұмның белестері,

Түсіме кіріп қайта елестеді.

Сексеуіл сырын айтса баласына,

Нақ осы киесі де емес пе еді!

 

Жырласа Днепрін Тарас ақын,

Әбділдә Сыр елімен жарасатын.

Ән етсе Назарбаев Үшқоңырын,

Танытам мен Тамдымен Алаш атын!

СТЕПНОГОР

Арқаның төрінде тұрағы,

Жарқырап нұр шашқан шырағы.

Степногор жаңарған жас шаһар,

Биікке өркендеу ұраны.

 

Степногор бақ қалам,

Өзіңмен мақтанам.

Елімнің тасытып байлығын,

Сенімін жұртымның ақтаған!

 

Ақсу мен Сілеті бұлағым,

Өзіңсің жас қалам жыр-әнім.

Алтын мен ураның тасыған,

Биікке ұмтылған қыраның.

 

Жасарған жыл сайын келбетің,

Сарыарқа жайнатқан жер бетін.

Бестөбе, Шаңтөбе кенішің

Даңқыңды асырып тербесін.

 

Орманды, жазықты далаң бар,

Сәулетті, көрікті қалам бар.

Степногор Ақмола жұлдызы,

Көркіне көз тоймас, қараңдар!

10.06.2011


Ұлы Жеңістің 45 жылдық мерекесінде, Степногорск шаһары

Тауелібайдың Тамды, Кенимех, Үшқұдық, Зарафшан өңірінен атажұртқа көшіп келген қандастарымыз Степногорск қаласында концерт берді. Онда Роза Отарова, Бағила Мұратова, Индира Сырбай, Сәдуақас Байқадамов, Клара Абдуллаева, Досеке Құланбайұлы, Есенәлі Боранбаев т.б. ән салды.

2. Л ир и к а ж ә н е м а х а б б а т


ЖАН ЖАРЫМ

Жыр арнасам жан жадырар бақ үнді,

Сен өлшедің менің түпсіз бағымды.

Өзіңменен менің күнім той болған,

Жан жүрегім сен арқылы жалынды.

 

Қандай ғажап адам едің ертегі,

Абат күндер талай сырды шертеді.

Балаларым сенің маған сыйлығың,

Өмірімнің солар болды ертеңі.

 

Әлсіз болсам, сен әл бердің басыма,

Ақыл қостың отырып ап қасыма.

Шетке шығып шығандасам тоқтатып,

Көндіргенсің иығыма асыла.

 

Неткен ғажап асыл едің бағасыз,

Өмір көшін қадағалап бағамыз.

Бітпейтұғын тіршіліктің шырмауын,

Күрмеуін де бірге жүріп табамыз.

 

Әлі қанша бір болармыз жұптасып,

Жүре берші қырықта да нық басып.

Қартайтпасын өмір мына өзіңді,

Жүрген жақсы серігіңмен құптасып.

 
 


Армандарға қол ұстасып баралық,

Ұрпақтарға мұра болып балалық.

Өмір тойын түгеспестен тойлайық,

Несібені Алла жазған алалық.

 

Тірлік мынау жаһанданған, жаңарған,

Адам оны еріксізден тән алған.

Осы жолда қатар басып аяқты,

Аса білсек мәртебе ғой қамалдан.

 

Солай, жарым, сүйенгенім ардағым,

Сен тұрғанда жаман ойға бармадым.

Маған байлық сенің күлкің шынайы,

Мақтаным да өзің ғана, жан-жарым!

 

Мен кім едім өзіңсізде өзгеше,

Түспес те едім қазіргідей көзге де.

Бас иемін ана болған шешемдей,

Төзбес едім ол төзімге төзбесе.

 

Алау жаным жалындасын, өртенсін,

Бізді таныр сен болмасаң ертең кім?

Тіршіліктің өре түссем өрімін,

Сен тұратын елігімсің, еркемсің.

 

Өмір дауыл, құйын болсын бәрібір,

Ту сыртымда аналардың ары тұр.

Сен - анасың, мен - әкемін, аяулым,

Азаматтың ақперіште жары бір.

 

Неткен ғажап салиқалы, сабырлы,

Жаның жайсаң мені ойға шақырды.

Сен арқылы Оқжетпеске шығамын,

Жиып теріп қуатымды ақырғы.

 

Жігітке - жар, ана болу - балаға,

Ұят тұрса ең алдымен санада.

Әйел заты ең керемет құдірет,

Дер едім мен таппай басқа балама.

 

Асыл жарым, жырым саған арналды,

Түгел саған көшіргендей жарнамды.

Баға бере алмасам мен кеше гөр,

Ақын жарың өлең өріп қарманды.

 

Өлеңнің де естісі бар, есері,

Күндер қайда келмейтұғын кешегі.

Мен сенімен мәңгі жаспын, соны біл,

Өзің барда көңіл мәңгі өседі.

25.09.07.

 

***

ТАУЛАРДАН АСЫП

БАРАМЫН

Бүгін менің өрлейтұғын кезегім,

Сондықтанда тоқтау болмай кеземін.

Өмірімді жыр етемін желмая,

Арманым тұр қол созымда жететін.

 

Бүгін менің шабыттанған шағым бұл,

Мен патшамын, алтындалған тағым тұр.

Ол тағымнан пайғамбар да тайдырмас,

Шайып кетер жолдағыны ағын жыр.

 

Патшамын мен мойындамас пендені,

Алтыннан да бағалымын кендегі.

Бір-ақ Алла табынғаным алдымда,

Ол қолдаса өлім маған төнбеді.

 

Бүгін жойқын қара дауыл мына мен,

Тауға шығып ұлыларға ұнап ем.

Түсіреді бұл биіктен кім мені,

Қарғысы өтпес дегендердің «құлап өл».

 

Шабыт қысты, шалқымалы шашулы,

Келді кезім асатұғын асуды.

Алатау да аласарып қалапты,

Мен келгенде өлең мініп ашулы.

 

Өлеңдімін өршеленген, өрлімін,

Мен тұрғанда иемденер төрді кім.

Мұқағали, Төлегендер тірілді,

Өзімдей боп Өмірзақты көрді кім?

 

Жыр оқыдым, қуаттандым, толғадым,

Демегенмін бұл күнімді толғаным.

Қазақ жыры жаңа ғасыр көгінде,

Қалаймын мен нағыз қожа болғанын.

 

Жаза берсем тоқтамай жыр жазамын,

Тарқатпастан жыр өмірдің базарын.

Таудан асқан мен бір Қорқыт қобызшы,

Толыстырған топ алдында қазағын.

27.09.07.

***

БАРЛЫҚ АДАМ БІР ТУҒАН

Жаратқанның пендесіміз, құлымыз,

Қызымыз да, қызба мінез ұлымыз.

Соны біліп тұрсақтағы бөлініп,

Шыға келген дұрыс па екен мұнымыз?

 

Барлық пенде жаратушы бұйымы,

Соны білмеу адам үшін қиыны.

Неге пенде бір-біріне тас атар,

Көре алмайды шықса артық бүйірі.

 
 


Бірге тудық бір әке мен анадан,

Өмір сыйлап бере салды жасаған.

Соған енді бас иместен Аллаға,

Тіл тигізер адамдар бар тасадан.

 

Жұмыр басты пенделер-ай бір жүрген,

Шер шығады ой толғанып күрсінсем.

Жаратқанның бірге туған құлымыз,

Тазар бүгін, ой тоғыт та сілкін, сен.

 

Осы күнің сынағы де Алланың,

Іште шерің, арам ойың қалмасын.

Дос болайық, туған бауыр адамбыз,

Ібіліс кеп іріткі ойнақ салмасын.

28.09.07.

 

***

КӨКШЕТАУ ТАБИҒАТЫ

Қандай әсем жасыл әлем қаптаған,

Сөз жете ме сымбатыңды қаттасам.

Қарағайлы ормандарың бір ғажап,

Сендей керім кербез жерді таппағам.

 

Самырсының, ақ қайыңың қадалған,

Жанарымда құмарым тұр қадалған.

Тасқа дейін жасыл тартып кетіпті,

Айналаны күзеткендей қаһарман.

 

Сәкен менен Мәди кезген табиғат,

Ақан менен Біржан жүрген жамиғат.

Балуан шолақ күш атасын танытқан,

Көкшетауым, менің үшін нағыз бақ.

 

Оқжетпесім, Шайтанкөлім шырайлым,

Құты қонған ордасысың құдайдың.

Кереметің қадымнан-ақ белгілі,

Көрген адам есін жимай құлайтын.

 

Сексен көлің кесесінде аяның,

Атағыңды ақының көп жаятын.

Бұлақтарың бал татиды шәрбаттай,

Көңілдің де кезі қалмас тоятын.

 

Қазағымның қорғап жүрген ғажабы,

Осы жерде ауаның да тазасы.

Сөз жетпейді келбетіңді жырлауға,

Арналады ақынның жан ғазалы.

 

Күзіңдағы сары алтындай төгілген,

Қысың аппақ ақ жауһардай көрінген.

Көктеміңде түлей түсе бастасаң,

Жазыңдағы таң қаламын керімнен.

 

Тынығуға келгендер көп тамсанып,

Бауырыңды кезсе олар ән салып,

Қызғанамын сырт көздерден ашқарақ,

Жасарғаның қажет маған жанданып.

02.10.07.

***

 

КІШІРЕЙГІМ КЕЛМЕЙДІ

Орыным бар топ алдында ойылған,

Құрметім де бар білемін қойылған.

Сол себепті кішірейгім келмейді,

Бәрі шығып жатпаған соң ойымнан.

 

Қатарымнан кем болатын түгім жоқ,

Ақын үшін ақша өлшем ұғым жоқ.

Иықтасып басқалармен тұрмасам,

Құр әурелік деп түсінші мұным түк.

 

Таулар биік болсадағы адамнан,

Адам одан ақылымен аса алған.

Арман қуып мен келемін ортаңда,

Жаным жаздай баяғыша тазарған.

 

Қадамдарым нығырлана басылған,

Дос пен жолдас табыла ма қасымнан.

Қырық беске мен келгенде қомданып,

Пейілім де көктем болып ашылған.

 

Орыным бар орден емес құт қонар,

Жолым бастау алатындай жыр сонар.

Аспандауға қақым да бар кәдімгі,

Кім бар маған осы жолда жұп болар?!

 

Келем бүгін ата жолмен аттанған,

Сәйгүлік-ой маза бермес бапталған.

Кім біледі қаншағаша шабарын,

Ақталармын бүгін сірә ақталсам.

 

Мынау кім деп шұқшимасын білмесім,

Алдыма кел кімдігімді білгесін.

Талайларды тамсандырған жырлы бас,

Қайдан білсін томағада жүргесін.

 

Мазалымын, сондай тағы күштімін,

Сыртқа шығып жатыр сонан ішкі үнім.

Орыным бар болғаннан соң биікте,

Дейді маған биігіңнен түсші кім.

02.10.07.

***

БАУЫРЛАРЫМ

КӨП МЕНІҢ

Бар адаммен доспын әрі бауырмын,

Ұшуға бар менде қанат қауырсын.

Еш адамды жат екенсің демедім,

Дос көп болса жаным қалай ауырсын.

 

Кең құшағым бар адамды сиғызған,

Жаны жазды ақ пейілім жиғызған.

Тас атқанға ас атқанмын тапжылмай,

Асаба етіп өзіне ас құйғызғам.

 

Маңайымның бәрі өз дос-жараным,

Сол себепті алға алаңсыз барамын.

Мендей жан жоқ айналасы тілеулес,

Қызғанғандар іші жанып қарасын.

 

Бауырларым көп екені көрінер,

Аға дейді мені кіші өрім ер.

Көмегімді қолдан келер беремін,

Келсе мейлі төрім дайын серілер.

 

Бауырмалмын, әкем сондай жан еді,

Бала келсе бірге сондай бала еді.

Кішілерді кіші едің демеді,

Үлкендерге жомарттығы бар еді.

 

Бауырмалдық әкемізден қалған құт,

Сүймей өскендігім де сол жалғандық.

Дүниеде бауыр болам бар жанға,

Қазақтығым соған лайық аңғалдық.

3.10.07.

 

***

КІМ МЕНІ ТҮСІНЕДІ?

Кім мені түсінеді,

Қайда атым кісінеді?

Кімдермен бауырластым,

Буалдыр түсі ме еді?

 

Кім мені ұғынады,

Кім менен тығылады?

Кім менен бой тасалап,

Қиянға шығынады?

 

Түсінер адам бар ма,

Ондайды табам ба алда?

Бар адам басын ойлап,

Айналған қабандарға.

 

Айналған доңыздар бар,

Жүгірген қоңыздар бар.

Соларға сүйенем бе,

Өңкей бір сабылғандар.

 

Кім менен ақыл алар,






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных