Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






А Ф Р И К А С А П А Р Ы




(Марусия Маралқызының монологы)


Алланың жазуында мағына бар,

Сол себепті құдайға табына ал.

Жол шеккенде ел асып сәтін салып,

Туған жерін адамзат сағынады әр.

 

Алла жазған қалаумен жол шегеміз,

Тәңір ием жаратқан бөлшегі біз.

Құрлық асып сапарға аттанарда,

Алла алдында құлшылық көрсетеміз.

 

Таңырқаудың сәті бар көрер көзге,

Көрмеген жер аз емес әлі бізде.

Африка құрлығы отты алап,

Таңсық еді бір бару бәрімізге.

 

Талай жерді көрсем де таң-тамаша,

Ғажап жерді білмеппін мұнан аса.

Әр аумақтың ерекше тұстары бар,

Тамашалай алсаңыз құмарлана.

Жаңа жерлер көретін кітап сынды,

Оқылмаған парақтар мұнда құнды.

Табиғаты, тарихы қызықтырып,

Білсем деген ойларым ширатылды.

 

Мына әлем не әлем тылсым жатқан,

Білер едім деймін мен құлпыңды ашсам.

Ханым сынды дүкенді аралайтын,

Қарапайым пейілмен таңырқасам.

 

Жаңа тарих бастаған сапарларым,

Болашақты көрсеткен атар таңым.

Әсер етсе жаныма жылылығы,

Толысады жинаған қатарларым.

 

Шақырды дос еліне қиырдағы,

Сонан сапар тап осы бұйырғаны.

Африка алыстан естіген жер,

Бір әлем деп ұғушы ек қияндағы.

 

Оңтүстікте елінде Африка,

Кеніштер бар жатталған аты мида.

Сол алапты көріңдер дегеннен соң,

Жасамадық қарсылық шақыруға.

 

Таңғажайып табиғат көркі қандай,

Біз білмейтін халқының салты бардай.

Соны білу бір қызық әрі міндет,

Ұшып бардық ұшақпен тартына алмай.

 

Бұл саванна даласы құпиялы,

Жабайы ма ол әлде құр қиялды?

Таңырқаймын мүлгіген табиғатқа,

Африка әлемнің бір қияны.

 

Әрекетшіл адамдар тұрар аймақ,

Көре алмассың оларды жүріп жайлап.

Еңбек десе білегі білеуленген,

Тамырлар бар күн құшып жүрген жайдақ.

 

Тек сол емес, мұнда бар жаһандану,

Жаңарудың жолымен қоғамдану.

Соны көру бір ғажап мен үшін де,

Еңбексүйгіш жандармен амандасу.

 

Кім айтады бұл елді қалыс ел деп,

Білгің келсе жөнімен таныс, ал кеп.

Мегаполис қазіргі заманауи,

Супер ғажап тірлік бар танысарлық.

 

Қабат-қабат үйлер бар сәулеттенген,

Бұл тірлікпен адамдар дәулеттенген.

Не қажеттің барлығы табылғанда,

Африка ақ ел ма, ғажап дер ме ең.

 

Йоханнесбург, Кейптаун, Сан Сатилер,

Жұмақ деуге әрбірі татиды бұл.

Африка даласы сондай болса,

Саванна да көргенге айтулы жер.

 

Голландия, Германия нұрлы болса,

Африка соған сай сырлы тола.

Таңырқамай қалайша қалар едің,

Біз білмеген бір әлем кұрлық ол да.

 

Жабайы деп шошитын шағың қалмас,

Қапырық күн ысытып табыңды алмас.

Ғажайыбы тартқанда тұңғиыққа,

Кімдер келіп бұл жерге таңырқамас?!

 

Джунглиі, құмдары жатырқамас,

Аң әлемі тектен тек қабылдамас.

Осы елдің заңына бағынасың,

Онсыз кісі аймаққа жақындамас.

 

Заманауи бақ та бар, тұрпайы да,

Назар салу бір бақыт шынайыға.

Көре білу керек-ті мұны жақсы,

Қарау керек ырза боп құдайына.

 

Алғашқы күн біз келдік Кейптаунға,

Өнерімен жағып тұр кит қауымға.

Фестивалі ғажайып көз тоймайтын,

Теңіз толқып ұқсайды құт жауынға.

 

Алып теңіз жануары биқұмар,

Мінезі де тектен-тексіз дейді олар.

Жағалауға жақын келіп ырғалар,

Жұбын тауып адамдайын биде олар.

 

Қалай енді қызықпассың ғажапқа,

Жан шеріңді осы әлем босатса.

Естен сірә кетпейтұғын бір бақыт,

Сияқтанар қараған сәт қосаққа.

 

Көрермендей адам біткен жағада,

Китке де осындай сәт жаға ма.

Фантастика көрсетеді қайталап,

Таңырқасаң кит жанын бағала.

ІІ

Екінші күн шықтық керім далаға,

Шынайылық, жабайылық далада.

Тіркемелі джип машина тартады,

Бізді алға, көз тоймайды қараса.

 

Жолбастаушы дала сырын түсінген,

Секем алар тылсым әлем күшінен.

Сондадағы сыр бермейді мейманға,

Тәуба дедім Алла иеме ішімнен.

 

Гид жігіттің білері көп біз білмес,

Құм теңізде бізді текке жүзгізбес.

Құтты аймақ аша түсті құшағын,

Біз келеміз аяң қағып тізгіндес.

 

Алғаш бізге не кездесті, қараңыз!

Жираф еді сондай сұлу, дара түс.

Ұзын мойын, түйе сирақ жануар,

Кезіккенде дедік болды ғажап іс.

 

Венада бар хайуанаттар бағында,

Сұлуырақ емес мұның жанында.

 

 

Жираф деген нағыз еркін жануар,

Екендігін ұғындық біз тағы да.

 

Тоқтап ұзақ тұра алмадық амалсыз,

Күн ысыса жер қайнайды самалсыз.

Қалауыңнан өзің сондай қорықсаң,

Орындалар сәтіменен қамалсыз.

 

Айналаға көз саламыз тынымсыз,

Бастаушыға оғаш па екен мұнымыз.

Кенет, бірде тоқтап қалды көлік те,

Не болды деп зейін салдық шыны біз.

 

Жолбасшымыз сыбыр үнмен тілдесті,

Анау тұрған жер иесі піл десті.

Назар салып қарап жаттық бәріміз,

Кешірер ме кие иесі білместі.

 

Жүз, жүз елу метр жерде тұр алып,

Сол тұрысы тау сықылды мұнарып.

Ұйқыда дейт гид оны шын түсініп,

Қаша алмайсың онан енді тым алыс.

 

Африка пілі осы тұлғалы,

Жол бойына шлагбаум құрғаны.

Екі қаптал жол бойы да тар еді,

Бір бағытта жүретұғын мұндағы.

 

Бұта біткен жол жағасы сыбасқан,

Тар жол осы, оны бұзып кім асқан.

Ұйқыдағы піл оянып кетпесе,

Деген ойлар келді басқа ұласқан.

 

Жолды айналып өту қажет тап қазір,

Тіркемелі көлік қиын ап-ауыр.

Бұрылу да оңай емес мұндайда,

Қорған бол тек Алла ием сақтағыр!

 

Міне, қара, піл қозғалды теңселіп,

Тау келеді бізге қарай еңселі.

Ойлар келді басымызға не түрлі,

Қауіптің де осы болар төнгені.

 

Гид жігіттің өзі сірә шошыды,

Білдірмеуге тырысса да осыны.

Қорқынышы бізге әсер етті рас,

Оқиғаның осы болды тосыны.

 

Сәлден кейін гид айтады сыбырлап,

Піл алыбы қосағына бұрылмақ.

Мұндай сәтте тұра қалсаң жолына,

Таптап кету дегеніңіз тұрған гәп.

 

Рұқсатсыз жолда жүрген екенбіз,

Себебі біз бұл алапқа бөтенбіз.

Табиғаттың өз жолы бар жүретін,

Өту қиын мұндай сәтте секемсіз.

 

Ескермеппіз жер иесін, киесін,

Алла алдында басыңызды иесің.

Африка миллион жылдық жер басы,

Сол үшін де бар пейілмен сүйесің.

 

Әлгі бізді билеген сол үрейлер,

Өткен тарих киесіндей дүлейлер.

Көне жұртта әруақ жатыр сезініп,

Бәрің-дағы бабаласпыз, жебей көр.

 

Өзімді әркез мазалаған ойлар бар,

Солар жайлы кезі келді толғанар.

Қалауымды орнаттым ба жүзбе-жүз,

Шындық жайлы не бітірдім қолға алар?!

 

Түзу пейіл соқпағымен жүргенде,

Адам сірә айыпталар түрленсе.

Не тындырдым екен дедім өз басым,

Аллаға аян, мен де оған бір пенде.

 

Өзіме-өзім есеп бердім сол сәтте-ақ,

Уақыт шіркін тұрғанымен қымбаттап.

Бұл алапқа неге келдім мен өзім?

Жатпадым ба құс жастықты шынтақтап.

 

Небір мейрам, сайран-сауық тұрғанмен,

Онда бармай мұнда мойын бұрған мен.

Жаңа әлемді білсем дедім ел үшін,

Бәрі бітпес құры сауық құрғанмен.

 

Африка - жер тұнығы қатпарлы,

Иесі бар көне жердің баптаулы.

Дегендейін алу керек ұлықсат,

Әулие піл бізге қарап кеп қалды.

 

Саваннаның нақ иесі піл алып,

Бұл жүрісті тапты ма екен кінә қып.

Кешірімді дұрыс еді сұраған,

Түйсік бары рас онда ұғарлық.

 

Бейтаныс жер тартқанменен баурына,

Мән керек қой заңы мемен зауқына.

Ақ пейілмен жүрсеңдағы жерінде,

Ұқсайтының рас шығар жаушыға.

Піл әулие сұрақ қойып жатқандай,

Ақ пейілмен тұрғаныммен ақ маңдай.

Жер иесін мойындау да керек-ті,

Бір қателік кеткен есте сақтардай.

 

Сезінемін жер қожасын ұғуға,

Еркін жүріп саваннаға шығуға.

Түсінісіп, бас иер ем тылсымға,

Сезімімді мүмкін емес тығуға.

 

Сұрағанмен рұқсатты қожадан,

Мұнда болу, болмауды да тос одан.

Пейлім түзу, ниетім ақ болған соң,

Болары хақ сынақ сәтте бас аман.

 

Тар жол тауып, піл киемен жолықтық,

Алғаш рас, құдіреттен қорықтық.

Ол да ұққан сияқтанып біздерді,

Айналып кеп өте берді, жарықтық.

 

Алып құлақ шатырдайын көмкерген,

Қазан сынды жауып өтті төңкерген.

Сынақ сәтте адалдықтар күш берді,

Автокөлік ырғатылды теңселген.

 

Бір сәт қарап арқасына бұрылды,

Ұқтыңызба дегендейін сырымды.

«Жүре берген дұрыс» деді бір сәтте,

Абайлауды еске салып ұғымды.

 

Жүрдік және, қауіп қалып арқада,

Қойғаны жоқ кінәлі ой тарқала.

Себебі біз дайын болмай шығыппыз,

Табиғатпен кездесу сәт парқына.

 

Бұл құбылыс ойдан ұзақ кетпеді,

Тәңірге бас игенімде көктегі.

Қонақүйге келсемдағы соны ойлап,

Самғай берді көңілімнің кептері.

 

Бас иемін киелі өңір күшіне,

Мінәжаттап үлкен менен кішіге.

Қарсы келген жан-жануар алдымнан,

Түссін дедім келбетімді түсіне.

 

Мейманхана саваннаның төрінде,

Нағыз жұмақ орнағандай жерінде.

Ғимараты көз тоймайтын сәулетті,

Оңтүстікте Африка елінде.

 

Түстен кейін біз ешқайда бармадық,

Отағасы екеуміз ой талғадық.

Әлгі пілдің әрекеті алдында,

Адалдықтан тек қиында қалмадық.

 

Құдай үшін жалбарынған пендеміз,

Сол үшін де жайдық пейіл кеңге біз.

Әлдеқалай іс болар деп толғансақ,

Жаратқанның дегеніне көнгенбіз.

ІІ

Ғажап әлем мынау тұрған айналаң,

Зообаққа ұқсар бәрі байқасаң.

Терассада секіреді маймылдар,

Сұлу елік еркелейді жәй ғана.

 

Мүйізді де мүйізсізі жайылған,

Әдейілеп әсемдікке қойылған.

Біздің отар қойларына ұқсайды,

Қазақ бабам жайылымнан қайырған.

 

Олар бізді жатсынбады өзімсіп,

Жақындықты осыдан соң сезіндік.

Бұғының да жас бұзауы ұйқыда,

Қауіптенбей енесі жүр өзі түк.

 

Теледидар көре алмадық жайланып,

Жан-жануар жүрді бізді айналып.

Қайнап жатқан тіршілікте мән де бар,

Көз тоятын назар салсаң ойланып.

 

Сол себепті тысқа шығып кетпедік,

Көрер қызық осы арада көп дедік.

Өсімдіктер әлемі де бір ғажап,

Тамашасы таусылмайтын жетерлік.

 

Сондадағы пілді ұмыта алмадық,

Жамандыққа ешбір жақын бармадық.

Бізді ол піл дұрыс қабылдады ма?

Қай күш бізді қойды екен қорғатып?

 

Соныменен тынығуды қаладық,

Дедік ертең саваннаға баралық.

Ғажайып шақ алда әлі көп еді,

Бұталы алқап күткен еді далалық.

 

Зебралар, мүйізтұмсық жөңкіген,

Қолтырауын судан шығып өңкиген.

Буйвол сиыр, арыстандар көз тартып,

Түрлі құстар түр-түсімен көл сүйген.

 

Африка үкілері үлпілдеп,

Тырналары ұзын сирақ жүр бірлеп.

Жұмақ сынды бұрын ешбір көрмеген,

Табиғаты құлпырады түр-түрлеп.

 

Мұның бәрін ашық ждиптен көресіз,

Жатырқамай, қыбыр етпейс төре Сіз.

Оғаш қимыл танытсаңыз болмайды,

Сол себепрті дегеніне көнесіз.

 

Солай болса олар сізді ұғады,

Хайуанатта сақ болады құлағы.

Қауіп күтпей тұрғанында түсініп,

Көрінеді сонысымен ұнамы.

 

Маған сол бір арыстан шын ұнады,

Төрт баласы тап жынында тұрады.

Ана арсытан ұйықтап жатты алаңсыз,

Әке арыстан тұрды сақшы-қырағы.

 

От көздері бізді бақылап қалыпты,

Бола ма деп әлдеқандай қаупті.

Мұндай қимыл болмаған соң біз жақтан,

Адам сынды биязылық танытты.

 

Ал, мен болсам одан үзір сұрадым,

Алаңдауы әкеге тән қырағы.

Отбасымның амандығын тіледім,

Дұрыс деумен арыстанның сынағы.

 
 


Осы ұстаным жүрегімде сақталды,

Қайда жүрсем адал сезім жатталды.

Сөйткенімше болғаны жоқ, арыстан

Ұйықтап, ана орынына тақталды.

 

Бұл ғажайып көріністің жақсысы,

Осындайдан болған ұя құттысы.

Кей адамдар ойламайды отбасын,

Ал, арсытан болар хайуан мықтысы.

 

Билл Трю досымыз да жайдары,

Артта қалып күмәнданған ойлары.

Себебі біз табиғаттан қорықпай,

Жеңіп жаттық тамсанысты бойдағы.

 

Бұл ортаның бұрыннан ол қожасы,

Жиырма жылдай қонақтарын тосады.

Табиғаттың небір ғажап сәттерін,

Көзбен көріп, жаңалығын ашады.

 

Мұндай сәттер басымызда кезіккен,

Көзбен көрген жақсы тағы есіткен.

Ғажап досқа айтып жаттық алғысты,

Бар жақсысын төрге жайған есіктен.

 

Адамдықтың небір жақсы тұсы бар,

Тілі басқа, жүрегімен түсінер.

Әр әлемді араласаң ғаламда,

Ол алаптың қасиеті, сұсы бар.

 

хх

Ақырғы күн, ерте тұрдық таңертең,

Жол жүрерде көңіл нұрға бөленген.

Осы сәтте Санжар ұлым шақырды;

«Қараңыздар, бізді іздеп келген кім?»

 

Міне, ғажап, сол кешегі піліміз,

Отбасымен келгенін де біліңіз.

18 піл басшысымен қарап тұр,

Тұрқы осы Африка пірінің.

 

Басын салып әлгі піл-пір иілді,

Түсін деген сияқтанып қиынды.

Сөзсіз тұрып ұғындырды ниетін,

Мұны көру бәрімізге бұйырды.

 

Тек біз емес, бүкіл қауым қарады,

Піл жүрегі мұздай еріп барады.

Тап осылай ұзақ тұрды піл байғұс,

Көзқарасы жанға қан боп тарады.

 

Отбасымен келген алып тұлғалы,

Киелі піл ғажап мұнда тұрғаны.

Разы боп мен де идім басымды,

Себебі - оның бізді қабыл қылғаны.

 

Неткен әлем, неткен ғалам мына шақ!

Бұл жұртта да арман бар ма ұнасақ?!

Осы әсер кетпей қойды есімнен,

Африка – Жер әлемде бір ошақ.

 

Кері қайттық, өз жұртыма асықтым,

Қазақстан, тек өзіңе ғашықпын!

Жұмақ бар ма бір өзіңе тең келер,

Сенде өсіп көңілімді тасыттым.

 

Степногорск – жасыл қалам, жан қалам,

Келбетіңе басымды иіп таңданам.

Жері де құт, адамдары бақытты,

Аймағымсың, айналайын аңсаған!

 

Мамыр 2008 жыл.

 

***


ИНДИРА СЫРБАЙ - ӘЛЕМ ӘНШІСІ, ЖАҺАН АРУЫ!!!


Ән сүйген әрбір адам армандаған,

Биікте тұр мақсаттар алда алмаған.

Осыған жету үшін талап керек,

Қалайша ерісерсің қамданбасаң.

 

Адамда арман болар шықсам деген,

Байыбын ақырында ұқсам деген.

Осы ой мазалады жас аруды,

Анаға өнегелі ұқсап келген.

 

Индира қызы еді Ералының,

Барында сайран салған оралының.

Ізетін ұмытқан жоқ ақылды қыз,

Жүрсе де озаты боп топ алдының.

 

Жасынан әнді сүйді анасындай,

Лайық болды әкенің баласындай.

Оқуы озат әрі тәртібі де,

Кезі жоқ ел артында қалатындай.

 

Анасы Розаны кім білмеген,

Ән айтып үн қосатын бұлбұлменен.

Талайды таңырқатып талантымен,

Шабысы теңелетін дүлдүлменен.

 

Қосылып Роза апа Ерекеңмен,

Табысқан жанұясы берекемен.

Үш бірдей перзентті болды олар,

Әр күні өтті солай мерекемен.

 

Ән айтса аққу қонған ордасына,

Сыйлы боп үлгерген-ді бар досына.

Дос түгіл, дұшпандары мойындады,

Әпкенің өнерінің арқасында.

 

Ералы аға кенші маман болды,

Демейміз табысы да жаман болды.

Келтіріп берекені Зарафшанда,

Көтерді биіктерге табанды елді.

 

Алтынды алқап тұрды күндей жайнап,

Апаның өнері де тұрды қайнап.

Әнімен таң қалдырды сол маңайды,

Өзін де бәйгелерге жүрді сайлап.

 

Аймағы Тауелібай білді анық,

Әніне жерлестері болды қанық.

Кенимех, Тамды, тағы Зарафшанда,

Таныды Үшқұдық та ынта салып.

 

Эльмира Ерекеңнің тұңғыш қызы,

Индира онан соңғы бір жұлдызы.

Ұлданай ең кенжесі осы күнгі,

Қылықты өнегелі әрбір ісі.

 

Тоқтасақ Роза апа өнеріне,

Сөзіміз мадақтауға жетеді ме.

Лауреат атанды ол Ташкентте,

Жүрместен ешкімдердің жетегінде.

 

Жұлдызы эстрада болды өзі,

Талайдың сымбатына түсті көзі.

Бәрінен әні бөлек, даусы майда,

Өзбектің бас иген-ді күштілері.

 

Халқына өнерімен етті еңбек,

Еңбекте тырысқандар таза жеңбек.

Осыны ұғындырды қыздарына,

Бақытқа ерісерсің мың бір терлеп.

 

Мұны да Индирасы ұғып алды,

Болар деп ана ақылы шұғыласы.

Ән сүйді Эльмира мен Индира қыз,

Үлданай ғалымдыққа ынтығады.

 

Оралды Сырбаевтар атажұртқа,

Атажұрт жайлы орын аталып па?

Бұл жақта басқа әлем, басқа тірлік,

Берілмеу болды мақсат қапалыққа.

 

 

Келгені Қостанайдың алабына,

Арман бар небір тірлік талабында.

Кім оны бастық қойсын бірден «ма» деп,

Қиындық болғаны рас арасында.

 

Мұнда да өнерінің көрді бағын,

Апамыз Розаның алды жарқын.

Құжаттың тақ болмауы кедергі боп,

Тұйыққа тіреген-ді мұны әр күн.

 

Жақсының аты қалай байқалмайды,

Құт қонған шаңырағы шайқалмайды.

Ай өтіп, айдан кейін жылдар өтіп,

Небір сын өтті, бәрін айта алмайды.

 

Рудный шаһар еді өндірісті,

Көтерген кезі келсе көңіл құсты.

Ерекең комбинатқа шебер болды,

Бастықтар оны артқа шегіндірді.

 

Мұнымен жасыған жоқ ағамыз да,

Ұсыныс түсіп тұрды ағамызға.

Шақырды «Қазақалтын» Степногорда,

Лайық орын тақ деп бағаңызға.

 

Қош деді осыдан соң Рудныйға,

Көшу де ниеті бар бірер айда.

Өзі кеп орналасты қызметке,

Шүкір деп Алла берген күн мен айға.

 

Жұмысы Ақсу кеніш карьерінде,

Бел байлап ынтыққан-ды келерінде.

Өндіру алтын байлық жер астынан,

Тағдыры нәсіп етіп көреріне.

 

Алғашқы айында-ақ көзге түсті,

Қойған соң жұмысынан өзге істі.

Байқады концерннің басшылары,

Ағамыз бастап берген өзгерісті.

 

Көп өтпей Бестөбеге ауыстырды,

Бастық деп сол карьерге таныстырды.

Мұндағы жұмыс тіптен ауыр екен,

Алдағы алапат сан шабыс тұрды.

 

Ұйқысыз күн менен түн, айлар өтті,

Бармаған Ерекеңсіз тойлар өтті.

Бірақта жұмысында жылжу болып,

Табысқа мадақтарлық қол да жетті.

 

Сол жылы «Жыл адамы» болды аға,

Тектен тек бақыт басқа қондыра ма.

Арқасы төккен тердің моншақталған,

Алтыны Бестөбенің жарқырады.

 

Бәйгеден келмесе егер асауға айып,

Қадамын топ алдында басар қайтіп?

Мақтады Ерекеңті «Қазақалтын»

Президенті Қанат аға Асаубаев.

Осымен табыс берді төккен тері,

Жеміс боп өсіп шықты еккендері.

Арадан бес жыл өтті содан бері,

Қуантып күз бенен жаз, көктемдері.

 

Ағаның үш қызы еді қарлығашы,

Солармен сарқылмайды қазынасы.

Оқытты екі қызын Алматыға,

Деуменен өнерінде бағы жансын.

 

Жыл келді жыл артынан айлар өтіп,

Жетілді арғымаққа тайлар өсіп.

Индира сол шаһарда әндер шырқап,

Танылды тал терекше бойлап өсіп.

 

Тартынар бәйгелерден бар ма сылтау,

Даусы бар Құдай берген, емес мылқау.

Бас жүлде иесі боп топты жарды,

Сайыста французша әндер шырқау.

 

Не деген керемет шақ еді бұл кез,

Индира енді-енді жетілген кез.

Жүрегі тулап жатты асау тайдай,

Жұлдыз боп ел алдында көрінген кез!

 

Сонан соң мәртебесі кетті асып,

Көңілі Айдаркөлдей асып-тасып.

Қарайды көз біткендер ашқарақтап,

Жүргенде аула бойлап қадам басып.

 

Эльмира дипломын алды бірде,

Алаңсыз еді бауыры бірге жүрсе.

Ол жақта жалғыз қалар халі де жоқ,

Несі бар Астанаға келсе бірге.

 

Осылай оқуын да ауыстырды,

Әкесі елордамен таныстырды.

Бір ой бар Индирада көптен жүрген,

Сол ойын әкесімен салыстырды.

 

Алланың құлы болған мүсәпірміз,

Жүреміз Раббымнан күш алып біз.

Қажыға бару парыз мұсылманға,

Ниет те орындалмас құштарлықсыз.

 

Бұл ойын айтқан кезде әкесіне,

Индира қоштаттырды тәтесіне.

Барлығы қолдап кетті ұсынысын,

Дайындық жүріп кетті ертесіне.

 

Ақшаны босқа шашу емес тегі,

Алланың көріп тұрған болса көзі.

Жағдайы келгендердің зор міндеті,

Қағбаға қол тигізер келсе кезі.

 

Осы ой жетеледі қыз, әкені,

Ниеті айтқан сайын түзеледі.

Құлына жаратқанның бұл бір борыш,

Болған соң сәждеге бас тіреп еді.

 

Сапарға дайындалды, тексерілді,

Талай жол алдарында кептетілді.

Сындардан өтіп ақыр жолға шықты,

Ұшақпен Мекке жаққа көтерілді.

 

Қажылық қажытпады, қанаттады,

Еленбей алыс жолдың азаптары.

Мұсылман дін жолымен парызды өтеп,

Жөн болды жан-дүниесін тазартқаны.

 

Ерекең жан қызына болды разы,

Борыштың өтелген соң сол біразы.

Ібіліс жолдарынан аулақ жүріп,

Жанына Алла нұрын толтырады.

 

 

Қолына кесектерді ала сала,

Сайтанға атты көздеп Арафада.

Қағбаға қолы тиген сол бір сәтте,

Оралды елде қалған бала-шаға.

 

Тіледі бір Алладан амандықты,

Еліме келмесін деп жамандықты.

Сапары оң болған соң жолы ашылды,

Тамсантып әрбір ісі тамам жұртты.

 

Қажыға міндет те көп жүктелетін,

Ашудың керегі жоқ тіктелетін.

Құл болып жаратқанға табынасың,

Алдына ақиқаттың тік келесің.

 

Осылай әкелі-қыз болды қажы,

Көңілдің жеміс беріп маусым жазы.

Индира оқып жатты Астанада,

Жетіліп жетістіктер даусындағы.

 

Өнерлі бәйге аңсар расында,

Ұласса бір асуы бір асуға.

Индира «Жас қанатқа» талаптанды,

Өнерін дайын еді сынатуға.

 

Ән таңдап шарқ ұрғаны соған дәлел,

Анасы дайындады оны кемел.

Әуенін өлеңінің түрлендіріп,

Небір ән сарапталды сай боп келер.

 

Ұсыныс түсіргенде жоғарыға,

Әні бір «сай келмепті талабына».

Осылай сылтау айтып бюрократ,

Жуытпай қойғаны бар алабына.

 

Не деген көреалмаушы, сылтаушылар,

Мұнымен бағы тайып кім таусылар?

Бұдан да басқа сындар болар әлі,

Сенетін Индираның шын даусы бар.

 

Жас әнші осылайша қаталданды,

Армандап жүріп бұлбұл атанғанды.

Әлемдік деңгей тұрды көз алдында,

Аңсады дүние кезер сапарларды.

 

Киевтен келді хабар жарнамалы,

Әншілер керек деген таңдамалы.

Әнінен украин бәйге өтер,

Дүниеде тамсандырған қанша жанды.

 

Бар еді үлкен үміт талабында,

Рет тұр оған жақын баратын да.

Әлемдік әншілерді саралайтын,

Бұл сынақ еді «Молода Галичина».

 

Ерекең қызын сонда кетті қолдай,

Апамыз Роза да жай бір тұрмай.

Ән іздеп сан сабылды жанталаса,

Болама әншіге өзін табындырмай.

 

Индира дайын тұрды қай сынға да,

Мақсатқа жетер қайсар тайсынбаса.

Ән салу украин болып бір сәт,

Ұят-ау өз қызы боп айтылмаса.

 

Бел байлап әнші тұрды аңтарылып,

Тұлпардай қазықтағы қаңтарылып.

«Әлиясын» Розаның таңдап алды,

Сөйтті де Алла-иеме жалбарынды.

 

Танымал әнші бар-ды Тина Кароль,

Реп ән шырқаудағы ол бір король

Алды одан «Номалюю тоби» әнін,

Деуменен абыройға болса жарар.

 

Бұл бір ән Индираға ұнағандай,

Тыңдады қайта-қайта тұра алмай.

Әуені бойды билеп бара жатты,

Күдігін паршаланған құрағандай.

 

Сыншысы Роза апа жан анасы,

Бар сырын соған ғана таратады.

Бұл әнін қарап шыққан әнші ана,

Дереу-ақ өзін тіптен ұнатады.

 

Сонымен дайындықтың жанды оты,

Орындау арман болды әнді осы.

Ырғағын келтіретін сазгер керек,

Кім оны Филипповтай келтіреді.

 

Бар еді Рудныйда Анатолий,

(Бізге ол жарияламас мараторий).

Жүгінді сол бауырға интернетпен,

Деуменен осы әнді қарап көргей.

 

Ұлы да Николайдың емес қарсы,

Толиктен қуанышты хабар алды.

Әуенін өлеңінің жөнге салып,

Орындау ыңғайына жаратады.

 

Мұндайда дос та керек кеңесетін,

Алдыңнан қол бұлғаса келешегің.

Әншіге жолды ашты осы бауыр,

Дегендей шын дарынмен теңесесің.

 

 

Болғанда жаймашуақ жаздың айы,

Болмады алаңсыздау көңіл жайы.

Ізденді небір сүрлеу өнерімен,

Тыңдатып шырқайтұғын әннің жайын.

 
 


Киімі, жүріс-тұрыс, көркі қандай,

Бола ма әділқазы таңдағандай?

Әлемнің аймағынан келген жұрттар,

Өзіне болар ма екен тамсанардай.

 

Бастысы әнді айту жүрекпенен,

Алмайсың оны жеңіп білекпенен.

Әншіге талант керек, шабыт керек,

Қолдаушың болар рас тілек деген.

 

Киевке ұшып жетті ұшақпенен,

Арманы алсам деген құшақта кең.

Қасында жан әкесі Ерекең бар,

Ал, Львов осы маңнан жүз-ақ белең.

 

Жиылған сан тараптан тәмам әнші,

Сыланып тоты құсша таранады.

Бар мұнда жүрекжұтқан жігіттер де,

Бәрі де бас жүлде деп таласады.

 

Келгенде украин аймағына,

Индира ерік берді ойларына.

Танысып Новояворск шаһарымен,

Тек әнін шашу етпек тойға мына.

 

Кең екен сахна да думандатар,

Мейрамы ән-базардың ұлан-асыр.

Финальдан сүрінбей-ақ өткеннен соң,

Мерейі алға өсіп бара жатыр.

 

Ақтық сын 50 әнші бағын көрді,

Кім қане биіктерді бағындырды?

Ол жағын ашып айтқан қазылар жоқ,

Тек тілек Алла-иеме табындырды.

 

Екі әнді шырқағаны түгесіле,

Барын сап дарынының бүге-шіге.

Әкесі жаман емес дегеннен соң,

Күш алды Тәңірімнен тілегіне.

 

Қазылар қарапайым емес, - қатал,

Отырған қадағалап түгел қатар.

Әнші бар сан ұлыстың өкілдері,

Таланты сонадайдан көздеп атар.

 

Аспаны Еуропаның кетті жайнап,

Өнердің қазанында әндер қайнап.

Кім шығар топты жарып осындайда,

Дайындық өткізгеннен жылдап, айлап?

 

Қажы қыз қанаттанды талықсымай,

Ұстаған алтын балық балықшыдай.

Әр сөзі қазылардың қуат беріп,

Деді де: мені жұртқа таныт, Құдай!

 

Қолдаса Алла оны озбас қалай,

Тілегі Қағбадағы жол бастағай.

Шықты да Құлагердей топты жарып,

Жұрт басқа, ел алдында бұл басқадай!

 

Жүрегі жарылардай кетті толқып,

Қуаныш сәтіменен әлде қорқып.

Әкесі Ерекеңде ес те қалмай,

Әп-сәтте көңіл-күйі кетті шалқып!

 

Бар әлем алдына кеп құлағандай,

Қуаныш көзжасымен жылағандай.

Талайлар шыға алмаған шың басына,

Индира шығып алды құламастай.

 

Гүлшашу, нұршашулар атқылады,

Ғаламат осы табыс бақ құрады.

Әке мен қызы тұрды сөз таба алмай,

Атағы Индираның шықты тағы.

 

Мұншама табыс келді алақанға,

Бас бәйге жарасады дара жанға.

Келесі күні таңдап аруларды,

Қарсы алды ұйқы көрмей ала таңды.

 

Басында алтын тәжі бәйгесінің,

Қарашы арулықтың сай келуін.

Бір тойда екі жарды иемденіп,

Шықса енді бұл аруды қайтер едің?!

 

Бәйгеге түскен 50 талапкердің,

Бәрін де нағыз мықты болат дерсің.

Ішінде осалы жоқ қыз-жігіттер,

Өзіндей айбарлары жарақты ердің.

 

Ән салып украин тіліменен,

Теңелу оңай боп па күніменен.

Күн түгіл, ай да болсаң жарасар ед,

Жұлдыз да жарқырайды шыныменен.

 

Күн болды біздің ару Индирамыз,

Шапалақ ұрып отын жандырамыз.

Алтын тәж, ал сыйлығы түйеге жүк,

Мәз болдық бәрінен де даңқына біз!

 

Өткенде Гала концерт болды қызық,

Қойғанмен сахнаны дәлдеп сызып.

Ел-жұртта тыным да жоқ, қала күні,

Көрермен шеңберіңді кетті бұзып.

 

Күн батып, таң атқанша дамылдамай,

Шырқалды әнге қосып дабыл талай.

Отшашу, аспанға ұшқан жаңбыр шамдар,

Жатқан жоқ еркелікті қабылдамай.

 

Соғылып қоңыраулар сан тараптан,

Интернет сайыттары жанталасқан.

Құттықтап елшілігі қазағымның,

Тілекпен жантербетер шам да жаққан.

 

Елге де хабар жетті мезетінде,

Қуанған мұндағылар кезегінде.

Роза апамызда арман жоқтай,

Шаттық бар кернеп жатқан өзегінде.

 

Еңбегі ақталғаны жан қызының,

Татқанда украин дәм-тұзының.

Төбесі көкке жетіп үлгеріпті,

Тілеуін тілеп жүріп бар қызының.

 

Эльмира, Ұлданайлар ұйқы көрмей,

Күйеу мен құда-жекжат жүр дүркірей.

Шаттығын Индираның тойлап жатты,

Жауын да жаумас деген күркіремей.

 

Тарасқа табынған қыз таққа жетті,

Өзгелер тап сол елде мақтан етті.

Мақтауға масайрамай тұрды әнші,

Алланың шүкірлігін жақтар еді.

 

Бұл да бір Алла берген несібесі,

Несібе дөп келмесе кешігеді.

Жол болса, Тәңір оны қолдағаны,

Өсірем десе ием өсіреді.

 

Бұл жайды Ерекең де ұғынғандай,

Кіресі кіре ме екен шығындалмай.

Жұмсаған қаражаты өзіне олжа,

Қуанды таң-тамаша бүгін сондай.

 

Құттықтап қазылар мен қала мэрі,

Ұсынды сыйлықтарын келіп бәрі.

 

Қазақтың танылғаны жұлдыз болып,

Шаһарға еуропалық көрік берді.

 

Дос артты Индирада елу шақты,

Өрісі ғаламтордай кеңіп жатты.

Бәрінің тілейтіні аппақ тілек,

Оларға дос пейілмен сенім артты.

 

Жүректің тулағаны тоқтамады,

Қызуы күшті еді оттан әрі.

Көз өтіп кетпесін деп «тіфә» дейді,

Ерекең өзін әрең тоқтатады.

 

Ұшақтан жүйрік еді қиялы да,

Оралу, табысу бар ұялыда.

Еліне жеткенінше асығулы,

Шаттығы құшағына сияды ма!

 

Арайлы Астанасы тұрды күтіп,

Қиялын туған жерге жүр жүгіртіп.

Табаны тиген кезде өз жеріне,

Аллаға етті ару мың шүкірлік.

 

Арманы қанат берді қажы қызға,

Ашылды жолы алдан осы тұста.

Несібе өз басына жазғаны бар,

Сенеді сол себепті жазымышқа.

28-29 шілде 2010 жыл


А т а – т е г і ң д і ұ м ы т п а!

А Л А Ш

Қазақ, Созақ (Қарақалпақ).

1. Ұлы жүз (Ақарыс), 2. Орта жүз (Жанарыс), 3. Кіші жүз (Бекарыс).

Кіші жүзден: 1 Арғымақ, 2 Алау.

Алаудан: - Алшын.

Алшыннан – Қыдуар.

Қыдуардан: – Қыдарқожа және Қадырқожа.

Қадырқожадан – Байсары, Шөмен, Әлім.

Шөменнен: - Шөмекей, Дөйт.

Шөмекейден: - Тоқа, Көнек, Аспан, Бозғыл.

Тоқадан: - Бескем, Қармыс, Есқара.

Бескемнен – Бәтікей.

Бәтікейден – Досқұл.

Досқұлдан – Амалдық.

Амалдықтан – Аралбай,

Аралбайдан – Асан.

Асаннан – Сүйінбай.

Сүйінбайдан - Әбдір.

Әбдірден: - Жанбай, Олжабай.

Жанбайдан: Тілләбай, Жадыракүл, Маржанкүл, Бақтылы

Тілләбайдан: Шойынбек, Өмірбек, Алмагүл, Балғабай, Балтабай, Полатбек.

Шойынбектен: -Майрамкүл, Ақмарал, Пернегүл, Гауһар, Қуаныш, Серік.Өмірбектен: -Сәрсенкүл, Есенкүл, Светлана, Сарқыт. Алмагүлден: -Гүлназ, Ақерке, Гүлжазира, Асан, Үсен, Нұрлыбек, Нұрлан,

Фариза.Балғабайдан: -Бақыт, Мұрат, Жанар, Жадыра, Мақсат. Балтабайдан: - Мәншүк, Әлия, Бауыржан, Айгүл.

Полатбектен: - Манас, Қарашаш, Нұрсұлтан.

Фотосуреттер естелігі сыр шертеді

Әжем Оңайбике Ашықбайқызы мен әкем Тілләбай Жанбайұлы менің өмірімнің маңызы ретінде қадірлі

Дастарқан басындағы кездесу Шекернай апам менЕсенбай ағам


Бажам Майдан Жәрменұлы мен қайынапам Тазагүл Көшекқызы


Қанат Асаубаевтың марапатын атап өту Ағам Балтабай мен жеңгем Үміт

Қызым Қарашаш пен күйеу балам Нұрболдың бақыт тойы, 2011 жыл 5 қараша

Шәрібек ағам, Әлібек інім және бауырларым.Есенкүл қарындасым, Қарлығаш жиен

Қарашаш қызым жеңімпаз. Жаңа Тамдыдағы біздің үйде туыстардың басқосуы

Шойынбек, Өмірбек ағаларым, Жыға жеңгем, мен, құдаша қарындасым Гүлбану және анам Патшагүл Нұрпейісқызы. Ат үстіндегі әкем Тілләбай Жанбайұлы.

МАЗМҰНЫ

Жыр жинағы туралы...................................................................... 2

І. Отансүйгіштік – ұлы сезім......................................................... 3

ІІ. Лирика және махаббат............................................................. 16

ІІІ. Ана тілің – арың бұл.............................................................. 26

ІҮ. Жыр маржаны......................................................................... 30

Ү. Өрілген өлең өрнектері........................................................... 45

ҮІ. Алтыншы асыл жырларым.................................................. 62

ҮІІ. Арнау өлеңдер тобы.............................................................. 73

ҮІІІ. Балладалы поэмалар........................................................... 86






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных