Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Медициналық симуляция сценариі

Клиникалық жағдай: «Жанұялық амбулатория жағдайында аяқ веналарының варикозды ауруымен сырқаттанған науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы».

 

Жағдай: Сіз – жалпы тәжірибелі дәрігерсіз. Қабылдауға 45 жасар әйел келді.

 

Ø Анамнез жинаңыз және науқасты қарап-тексеріңіз.

Ø Лабораторлық-аспаптық зерттеулердің нәтижелерін талдаңыз.

Ø Диагноз қойыңыз

Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз.

Ақырғы нәтиже (outcomes):

Ø Сұрастыру және науқасты қарап-тексеру

Ø Веналардың варикозды кеңеюінің клиникалық диагностикасы

Ø Жалпы қан анализін, жалпы зәр анализін, қанның биохимиялық анализін, аяқ тамырларын УДДГ жасау және олардың нәтижелерін талдау.

Ø Веналары варикозды кеңейген науқасты жүргізу тактикасы

Ø

«Жанұялық амбулатория жағдайында аяқ веналарының варикозды ауруымен сырқаттанған науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы»

клиникалық жағдайы бойынша

бағалау парағы (check-list)

Қадамдарды бағалау критерийлері Балмен бағалау
Дұрыс орындады Дұрыс орындамады Орындамады
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? 1,0 0,5  
  Веналардың варикозды кеңеюі ауырлығының критериилері анықталды ма? 1,0 0,5  
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру 2,0 1,0  
  Қан тамырлар жүйесін дұрыс тексерді (жергілікті тексеру) 1,0 0,5  
  Болжама диагноз 2,0 1,0  
  Зерттеу жоспарын тағайындау 2,0 1,0  
  Салыстырмалы диагностика жоспары 1,0 0,5  
  ЖҚА нәтижелерін талдады 1,0 0,5  
  ҚБА нәтижелерін талдады 1,0 0,5  
  ЗЖА нәтижелерін талдады 1,0 0,5  
  Коагулограмма нәтижелерін талдады 1,0 0,5  
  Аяқты УДЗ нәтижелерін талдады 1,0 0,5  
  Емдеу тактикасын анықтады 2,0 1,0  
  Базисті терапияны тағайындады 1,0 0,5  
  Ем тиімділігін бақылау 1,0 0,5  
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі. 1,0 0,5  
  ҚОРЫТЫНДЫ БАЛЛ      

 

Этап бойынша максималды балл - 20

Актерға (науқас) арналған сценарий мәтіні және оның ролінің сипаттамасы:

45 жасар науқас әйел.

Шағымдары: оң аяғындағы веналарының варикозды кеңеюі, кеште балтырларының ісінуі, аяғында ауырлық сезімі және кернелу сезімі.

 

Сұрақтың мәні Актер үшін сұрақ құрастыру Актердің жауабы
Аурудың басталған уақытын нақтылау Ауыру сезімі қанша уақыттан бері мазалайды? Срңғы 2-3 жыл бойы
Ауыру сезімінің сипатын нақтылау Ауыру сезімінің сипаты қандай? ауырлық сезімі және кернелу сезімі
Ауыру сезімінің локализациясын нақтылау Ауыру сезімі қай жерде орналасқан? Сол жақ балтырымның веналарының бойымен, бүйір және ішкі жақтан ауырады
Ауыру сезімінің себебін нақтылау Ауыру сезімі немен байланысты пайда болады? Ауыру сезімі көп жүрген соң, жұмыс күнінің соңында пайда болады
Ауыру сезімінің таралуы Ауыру сезімі таралады ма? Жоқ
Ісіну сипатын нақтылау Ісінулер қашан пайда болады? Қайтады ма? Ісінулер ұзақ жүрген соң? Жиі кешке пайда болады. Таңертең ісінулер азаяды, бірақ толығымен жоғалып кетпейді.
Косметикалық дефекттың пайда болу уақытын нақтылау Тері ішілік түйіндерді қашан байқадыңыз? Тері ішілік түйіндерді 2-3 жыл бұрын байқадым, ал веналардың кеңеюін босанғанс оң бірден байқадым (15 жыл бұрын).

Анамнезінде: өзін 15 жылдан бері ауырамын деп есептейді, сол кезде босанған соң оң аяғында кеңейген веналар пайда болған. медициналық көмекке жүгінбеген. Әкесінде аяқ веналарының варикозды кеңеюі болған.

Объективті: науқас қалпы белсенді. Жалпы жағдайы қанағаттанарлық, есі анық. Дене бітімі нормостеникалық, тамақтануы жасына және жынысына сәйкес келеді, бойы 164см, салмағы 63кг. Тері жабындылары таза, жылы, құрғақ, тіндер тургоры қанағаттанарлық. Көрінетін шырышты қабаттары қалыпты жағдайда. ТЖ минутына 17 рет, ЖЖЖ минутына 74 рет. АҚҚ 110/70 мм сын. бағ. Пальпацияда – іші жұмсақ, ауыру сезімінсіз. Курлов бойынша бауыры 12 х 10 х 9 см. Көк бауыры пальпацияланбайды.

Status localis: Қарағанда оң балтыры сол жағымен салыстырғанда жіңішкелеу. Балтырының ортаңғы және төменгі 1/3 бөлігінде, аяқ басында ісіну бар. Балтырының төменгі 1/3 бөлігінің терісі жылтыраған, түзі бозғылт, түктері жоқ, құрғақ, тығыз, жиналмайды. Балтырының алдыңғы және медиалды бетінде кішігірім тері ішілік түйіндер түрінде веналардың варикозды кеңеюі анықталады. Пальпацияда: веналардың консистенциясы тығыз эластикалық, оңай басылады, түйіндер үстіндегі температура басқа ошақтарға қарағанжа жоғары.

Зерттеу жоспары:

ЖҚА: эритроцит — 4,3 х 1012/л, гемоглобин — 126 г/л, лейкоцит – 6,0 х 109/л, эозинофил — 3%, т/я — 4%, с/я — 63%, лимфоцит — 27%, моноцит — 3%, тромбоцит 260 х 109 , ЭТЖ 15 мм/сағ.

ЖЗА: 20мл, сары түсті, 1012, лейк- 3-4 к/а, жалпақ эпит-2-3 к/а, шырыш +, белок-, глюкоза-

БҚА: Жалпы белок – 79 г/л, жалпы билирубин – 17,6 ммоль/л, глюкоза – 3,99 ммоль/л, мочевина – 5,1 ммоль/л, креатинин – 75 ммоль/л, К — 3,8 мэкв/л, Nа — 140 мэкв/л, жалпы холестерин - 3,4 ммоль/л, АСТ — 14 Ед, АЛТ — 12 Ед

Коагулограмма

Ұю уақыты (5-10 мин) – 4 мин

Фибриноген (2,0-4,0 г/л) – 5,1 г/л

Тромбин уақыты (14-17 сек) – 21 сек

БІТУ (Белсендірілген ішінара тромбопластин уақыты 24-35 сек) – 22 сек

Аяқ қан тамырларын УДДГ:

Балтырдың үлкен тері асты венасының өзегі кеңейген, өткізгіштігі сақталған, өзек компрессиясы толық. Балтырдың жоғарғы және ортаңғы 1/3 бөліктерінде 10 мм дейін кеңею бар, үлкен тері асты венасы бассейнінің тармақтарының өткізгіштігі сақталған. Балтырдың алдыңғы-медиалды бетінде, жоғарғы 1/3 бөлігінде және ортаңғы және төменгі 1/3 бөліктерінің шекарасындағы үлкен тері асты венасының бассейнінде екі дилятациялық перфорант орналасқан, оларда патологиялық қан рефлюксі анықталады. Оң жақта: Тері асты венасының өткізгіштігі сақталған, өзегінің компрессиясы толық, патологиялық қан рефлюксі анықталмайды.

 

Жанұялық амбулатория жағдайында аяқ веналарының варикозды ауруымен сырқаттанған науқасты диагностикалау және жүргізу тактикасы» клиникалық жағдайы бойынша жауаптар эталоны

Қадамдарды бағалау критерийлері Жауап эталоны
  Шағымдары мен анамнезін жинау. Барлық сұрақтар қойылды ма? Аурудың басталуын, анемизация белгілерін, парестезияны, диспепсияны нақтылау Анамнез morbie
  Веналардың варикозды кеңеюі ауырлығының критериилері анықталды ма? «Ауыр аяқ» синдромы, қайтпалы ісіну, тері астылық түйіндердің болуы
  Физикалық тексеруді дұрыс жүргізу – жалпы қарап-тексеру Нормостеникалық дене бітімі, тамақтануы қанағаттанарлық. мүшелер және жүйелер жағдайы қалыпты.
  Қан тамырлар жүйесін дұрыс тексерді (жергілікті тексеру) Сол жақ аяғының веналары ерекшеліксіз. Сол балтыры мен аяқ басы ісінген, бозарған, балтырының алдыңғы және медиалды бетінде тері ішілік түйіндер орналасқан, олардың үстіндегі тері температурасы басқа ошақтарға қарағанда жоғары
  Болжама диагноз Оң балтырдың терең веналарының варикозды ауруы, орташа ауырлық дәрежесі. Созылмалы венозды жетіспеушілік, II дәреже.
  Зерттеу жоспарын тағайындау ЖҚА, ЖЗА, БҚА, (жалпы белок, жалпы билирубин, мочевина, креатинин, глюкоза, холестерин, АСТ, АЛТ), аяқ веналарын УДЗ
  Салыстырмалы диагностика жоспары Аяқтың беткей веналарының варикозды кеңеюімен, тромбофлебитпен салыстыру
  ЖҚА нәтижелерін талдады Аздаған тромбоцитоз.
  ҚБА нәтижелерін талдады Қалыпты жағдайда
  ЗЖА нәтижелерін талдады Қалыпты жағдайда
  Коагулограмма нәтижелерін талдады коагулограмма – қан ұюының жоғарылауы, тромб түзілуіне бейімділік
  Аяқты УДДГ нәтижелерін талдады Оң балтырының перфорантты веналарының функционалды және органикалық өзгерістері
  Емдеу тактикасын анықтады Лиотон гель ауыру сезімі болғанда жергілікті түрде, жұмыс күнінің соңында 15-20 мин аяқ басын (15-20˚) жоғары көтеріп жату, күнде 30-60 минут эластикалық дәкемен байлау (компрессионды трикотаж 2 ф.к.), одан әрі емдеу тактикасын анықтау масатымен қан тамырлар хирургінің консультациясына жолдама.
  Науқаспен оңтайлы қарым-қатынас орнатуы және қорқынышын сейілтуі.

Симуляцияның жабдықталуы:

1. Тапсырма жазылған парақ, волонтерге арналған сценарий, қадамдарды бағалау критерилері.

2. Жалпы қан анализі, жалпы зәр анализі, қанның биохимиялық анализі, аяқ тамырларын УДЗ нәтижелері

3. Тонометр

4. Фонендоскоп.

5. Секундомері бар сағат

6. Эластикалық дәкелер 2 ф.к.(21- 23 мм)

7. Латекс қолғаптар мақта шариктер

 

Жағдай:

Оқу бөлмесі– жалпы тәжірибелі дәрігер кабинеті.

1. Кушетка – 1

2. Үстел мен орындықтар

3. Медициналық шкаф

 

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Кадровый (интеллектуальный) ресурс | 


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных