Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Иммунограмманы талдау




«Иммунограмма» термині XX ғасырдың 90-шы жылдары клиникалық иммунологтар К.А.Лебедев және И.Д.Понякина ұсынды. Олар иммунограммаға қалыпты деңгейде ағзада қабыну процесінің бар екенін қандағы жасушалық және гуморалдық факторлардың көрсеткіштерінің минималды кешені ретінде анықтама берген.

Нақты иммунограмманы талдап-шешу кезінде әр көрсеткішін қалыпты жағдайдағы берілген көрсеткіштің тербеліс интервалымен салыстырады. Бұндай интервалдар үлкен топтағы дені сау адамдардың иммунологиялық тексерулердің нәтижелеріне негізделу арқылы анықталған.

Дені сау адамдардың қанында Т-лимфоциттердің (СВЗ) құбылмалылығымен сипатталады, осы көрсеткіштің тербеліс ин­тервалы 40-тан 80% дейін құрайды; Т-лимфоциттердің абсолюттік құрамы шамаммен - 1,0-2,4 (х109/л) тербелісті көрсетті.

Лимфоциттердің Т-хелпер және Т-киллер/супрессор субпопуляцияларының бөлінуі клиникада маңызды орын алады. Осы көрсеткіштер СD4 және СD8 антигендеріне МкАд-ң қолдануымен бағаланады. Дені сау адамдардың қанында Т-лимфоциттер субпопуляциясынің саны келесі мағыналармен сипатталады: СD4+ - лимфоциттер 33-50% (абсолюттік көрсеткіштері - 0,6-1,7х109/л); СD8+ - лимфоциттер 16-39% (абсолюттік көрсеткіштері - 0,3-1,0х109/л); көрсеткіштер үшін қалыпты мағынасы СD4/СD8 ара қатынасында - 1,5-2,0 құрайды.

В-лимфоциттер үшін олардың қалыпты мағынасы Т-лимфоциттермен салыстырғанда төменгі шекарасы тән, себебі бұл жасушалар үшін қанға қарағанда, лимфоидты тіндерде болуы тән. В-лимфоциттің СD20+ саны (%-бен лимфоциттер санының жиынтығына) қанда 5-30% құрайды, ал абсолюттік саны 0,04- 0,6x109/л.

Шеткері қанда табиғи киллерлер СD16+ және/немесе СD56+ антигендеріне МкАд колдану арқылы анықталады. Ересек адамдарда осы жасушалардың салыстырмалы саны 5-15% құрайды, абсолюттік көрсеткіші 0,045-0,7x109/л тең.

Қанда иммуноглобулиндер екі негізгі жағдайда болады. Молекуланың бір бөлігі плазмада бос күйінде, ал басқа бөлігі - жасушалар бетінде байланысқан күйінде болады. Дені сау адамдардың қан сарысуында IgG, IgМ, IgА қалыпты концентрациясының шекарасы кестеде берілген.

 

 

Дені сау адамдардағы иммуноглобулиндердің көрсеткіші

Жасы IgG мг/мл IgM мг/мл IgA мг/мл
15-45 5,4-16,1 0,5 -1,9 0,8 - 2,8
45 және одан жоғары 5,3 -16,5 0,5 - 2,0 0,8 - 4,0

 

Егер де иммунограмманың бір немесе бірнеше көрсеткіштері қалыпты деңгейінен төмен болса, осыған негізделе отырып, адамда иммундық тапшылық жағдай бар деп айтуға бола ма? Жоқ, себебі бұл уақытша серпіліс әртүрлі сыртқы әсерлерден болуы мүмкін, сондықтан да иммунограммада анықталған өзгерістің қаншалықты тұрақты екейін білу үшін, зерттеуді 2-3 аптадан кейін қайталау қажет.

Иммунологиялық көрсеткіштің төмендеуі ағзаның қорғаныс қызметінің төмендегенін көрсетеді, яғни ол клиникалық көріністермен міндетті түрде байқалады. Қандағы фагоциттік жасушалардың функционалды белсенділігінің және санының төмендеуі созылмалы іріңді процесс бар науқастарда жиі кездеседі. Белгілі аурулардың ішіндегі ең ауыр жағдай - ЖИТС-ң вирустык ауруларында Т-лимфоциттің ақауы көрінеді. Адамның иммундық тапшылық вирусы тек Т-хелперлерді таңдап зақымдайды, сондықтан Т-хелперлер санының темендеуі нәтижесінде, Т-лимфоциттердің жалпы саны төмендейді. Ол Т-хелпердің санының төмендеуіне және жалпы лимфодитопенияға алып келеді. Себебі Т-хелперлер жұқпаға және ісіктің өсуіне қарсы иммундық жауаптың реттелуіне қатысады, олардың төмендеуі жұқпалар мен ісіктің дамуына алып келеді, сондықтан ЖИТС-н ауыратын науқастар осыдан өлімге шалдығады. Осы аурудың ерте белгілері иммунограммада Т-лимфоциттер субпопуляцияларының қалыпты ара қатынасының бұзылуымен байқалады.

Иммундық тапшылықтың құрылыстық критериясы зертханалық тексерулерде Т- және В-лимфоциттер популяцияларының қызметін және құрамының 20% және одан да төмендеуі, бұл кезде арнайы емес қорғаныс факторлардың деңгейі қалыптыдан 10% және одан да төмендеуімен сипатталатын зертханалық көрсеткіштер болып табылады. Функционалдық иммундық тапшылық жағдайлардың болу критериясы Т- және В-лимфоциттердің 10% шамасында төмендеуі болып табылады, ал арнайы емес қорғаныс факторлар­дың мөлшері қалыпты шамасында немесе біршама жоғарылаған.

Иммунограммада төменделген көрсеткіштермен қатар, жоғарылаған көрсеткіштердің анықталуы да дәрігерлерді күмәндандырады. Көрсеткіштердің жоғарылауы ағзаның адаптациялық реакциясы деп қарауға болады. Мысалы, қандағы лейкоциттер санының жоғарылауы - лейкоцитоз, ол жедел қабынуға, соның ішінде жедел жұқпаларға тән. Бактериялық жұқпаларда сүйек кемігінде гранулоциттер өнімдері жоғарылайды: қанда олардың таяқша тәрізді ядросы бар пісіп-жетілмеген түрлері кездеседі. Вирустық жұқпаларда қанда лимфоциттер саны жоғарылайды (лимфоцитоз), ол вирустарға қарсы иммунитетте маңызды рөл атқарады.

Жұқпалы аурулар кезінде қанда IgG және IgM деңгейлері жоғарыласа, ол қоздырғыш антигендеріне қарсы белсенді иммун­дық жауаптың белгісі ретінде оң деп бағаланады. Аутоиммундық аурулары бар науқастардың қанында осы иммуноглобулиндер деңгейінің жоғарылауы, аутоагрессияны күшейтетін, организмнің өзінің антигендеріне қарсы аутоантиденелер өнімдерінің көбею белгісі, болжамы қолайсыз деп бағалайды.

Иммунограмманың біркелкі нәтижесі әрқашанда болуы мүмкін емес. Бірақ иммунограмма иммунологиялық ақауды орналасуын нақтылайды және де сәйкес орынбасушы немесе иммунитетті реттейтін терапияның жүргізуінің негізі болып табылады. Аллергиялық және жұкпалы аурулардың емі осы иммунограмманың динамикасына сәйкес негізделген. Иммунограмма организмнің иммундық жүйенің қызметін және жағдайын көрсететін өзіндік экран болып табылады.

Мысалы, IgG және IgМ иммуноглобулиндер жеткіліксіздігінің анықталуы, донор қанынан дайындалған иммуноноглобулин препараттарын, көк тамырға енгізу көрсеткіші деп қарастырылады. Т-лимфоциттер ақауы табылған кезде құрамында тимус пептидтері бар бұзау тимусының тіндерінен жасалған емдік препараттарды қолданады, ол Т-лимфоциттердің дифференциялануына және белсенділігіне себепкер болады. Плазмоферез, қанда жиналған иммундық комплекстерді, қабыну алды цитокиндерді және т.б. компоненттерді элиминациялау әдісі ретінде міндетті түрде иммунограмманың бақылауы арқылы жүргізіледі.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных