Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






жаттарды оқып білу

 

Эпидемиологиялық тексеру кезінде маңызды орын алады. Көбінесе медициналық құжаттар оқылады:

- ауру тарихы;

- жұмысқа жарамсыздық парағы;

- инфекциялық ауруларды тіркеу журналы /ф60/;

- егу картасы /ф63/;

- баланың даму тарихы;

Медициналық құжаттарды оқып білу аурудың пайда болған күнін дәлелдеу үшін, инфекция көзін анықтау үшін қолданылады. Мемлекеттік сан.эпид.қадағалау басқармасындағы /МСЭҚБ/ медициналық құжаттар тексеріледі:

- үй картотекасы;

- балалар мекемелеріндегі, мектептердегі, басқа оқу орындарындағы жұқпалы аурулар картотекасы;

Сонымен қатар өндіріс орындарындағы:

- жұқпалы ауруларды тіркеу журналы;

- су құбырлары мен канализациялық тораптардағы істен шығу жағдайларының болуы, олар тез арада жойылған ба; және басқа да мәліметтер тексеріледі.

Сонымен бірге мекемелердің өзіндегі, әсіресе, мектепке дейінгі балалар мекемелеріндегі, мектептердегі мынадай құжаттар тексеріледі:

- қатысу табелі /МДБМ/;

- нәжісті тіркеу журналы /МДБМ/;

- үлгерім журналы /мектептер/ және басқалары;

Кейбір жағдайларда мал дәрігерлік құжаттарды оқып білу қажет болады /жануарларды эпизоотиялық ауруларға тексеру нәтижелерін, түскен өнімдерді тіркеу журналы, жануарларды егуді тіркеу журналы және тағы басқалар/. Және де қаржы құжаттарын /табель, жұмыс кестесі, жалақы төленетін ведомость және т.б./.

Эпидемиологиялық тексеру кезінде әр түрлі әдістерді қолданумен алынған мәліметтер сынды бағалауды талап етеді. Эпидемиологиялық тексеру нәтижелері арнайы эпидемиологияялық тексеру картасына толтырылады.

Жұқпалы аурулар ошағын эпидемиологиялық тексеру келесі сатылардан тұрады:

 

1 саты - ошақты сипаттайтын нақты айғақтарды жинау;

 

2 саты - жиналған айғақтарды талдау және ошақтың пайда болу себептері жөнінде және де ауру адамның қоршаған ортаға жаңа аурудың пайда болуына мүмкіншілік тудыратын жағдайлар жөнінде тұжырымдау;

 

3 саты - жаңа жұқтыруларды алдын алуға және ошақты жоюға бағытталған шараларды жүргізу және өңдеу;

 

4 саты - жүргіізілген шаралардың тиімділігін бағалау.

 

Барлық сатыларды толығымен тәжірибелік сабақтарда талқылайсыздар. Ошақты жою бойынша біріншілік эпидемияға қарсы шаралардың нақты жоспары белгілі бір инфекцияның эпидемиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып құрылады және де шаралар эпидемиялық процестің 3 звеносына бағытталады.

<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Биологическая роль буферных систем | Анализ технологического процесса, как объекта автоматического управления.


Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных