Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.




ЖОСПАР

1. Кіріспе

2. Ноосфера

3. Табиғатты корғау

4. Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.

5. Антропогенездің қозғаушы (факторлары)

6. Адам эволюциясындағы — антропогенездін биологиялық факторлары.

7. Еңбек — адам эволюциясының маңызды факторынын бірі.

8. Қорытынды

9. Қолданылған әдебиет
Кіріспе

Адам — биосфераның құрамдас бөлігі және оның жемісі. Адам алғаш рет пайда болғавда өзінің айналасындағы табиғатқа тікелей тәуелді болып өмір сүрді. Бірте-бірте адам санының артуы, еңбек құралдарын жетілдіріп, құрлықга кеңінен тарала түсуі адамның табиғат байлықтарын пайдалануын және оны игеруін жеделдете түсті. Бұрын игерілмеген жерлер игерілді, бұрын пайдаланылмай келген табиғат байлыктары пайдаға аса бастады. Әсіресе минерадды байлықтарды игеру өнеркәсіп салаларынын дамуына әсер етсе, ал жерді пайдалану ауыл шаруашылығынын дамуына негіз болды. Ең алғашқы кезде адам өзінің емір сүруіне қолайлы ірі өзеңцер мен көлдердің маңына қоныстанды. Сондай-ақ өзендер аркылы бір жерден екінші жерге баруға да ыңғайлы болды. Бірте-бірте адамның іс-әрекеті табиғатты кеңінен игеруге ұмтылдырды. Жаңадан суқоймалар, каналдар қазу, су арнасын бұру, тоғандар салу арқылы табиғатқа әсері де күшейе түсті. Адамзат өнеркәсіпті өркендету арқылы жануарлар әлемінен бөлініп оқшаулана түсті. Материалдық байлықтарды игеру мақсатымен биосфераны ез мүддесіне сай өзгерте түсті. Көрнекті ғалым В. И. Вернад-скийдін айтуы бойынша адам қуатты геологиялык күшке айналды. Техникалык, дамыту және энергиянын жаңа көздерін пайдалану, ауыл шаруашылығын еркендету, ғылым салаларын меңгеру адамзаттың табиғатқа ыкдал етуіне жол ашты.
НООСФЕРА

 

Қазіргі кезде биология ғылымдарының да көптеген жаңа салалары — бионика, биофизика, биотехнология және гендік инженерия, т. б. салалары қарқынды түрде дамып келеді.

Адамның осындай қуатгы ықпалы, ақыл-ой, санасы және оның білімі биосфераның жаңа деңгейге көшкенін көрсететінін В. И. Вернадский өзінің биосфера туралы ілімінде ерекше атап көрсетті. Ол биосфераның мүндай ең жоғары деңгейін «ноосфера» деп атады. Ноосфера грекше «саналы қабықша» деген ұғымды білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, ноосфера адамзатгың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы өзгерген биосфераның жаңа деңгейі болып саналады.

Ноосфера — биосфераның жаңа жағдайға көшкен деңгейі, онда адамның саналы ақыл-ойы табишттағы барлық әрекетгерді айқындайтын негізгі фактор болып есептелінеді. В. И. Вернадский ноосфера ұғымына толық түсінік берді. Оның ілімі бойынша адамзаттың ғылыми ой-санасы және еңбегі арқылы биосфераны жасампаздықпен езгерте отырып көркейту, яғни адамзаттың өзі және келешек ұрпағы үшін сақтап қалу, әрі тіршілік атаулыға барынша қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қазіргі кезде бүкіл Жер бетіндегі халықтарды толғандырып отырған мәселе — биосфераның тепе-тендігін сақтай отырып, оны көркейту болып отыр.

Ол үшін бүкіл адамзат бірлесе отырып ынтымақтастықпен жұмыс істеуі шарт. Сонымен бірге, тығыз байланыс жасай отырып, өзара үнемі пікір алысып, биосферадағы тіршілікке зиянды әсері жок жаңа энергия көздерін тауып пайдалану қажет. Бұл арада күн, жел және теңіздердің қайтуы мен тасуы кезіндегі, энергияларды пайдалану тиімді.

Қазіргі кезде көп мемлекетгерде Күн энергиясын пайдалану арқылы теңіз суын тұщыландыру, ауруларды емдеу және басқа да шаруашылық салаларьшда пайдалану жұмыстары қолға алынған. Ғалымдардың деректері бойынша қазіргі кездегі қоры белгілі дүние жүзівдегі жылу және электр энергиясымен 80 жылға және өлі ашылмаған жер қойнауывдаш қорларды есептегенде 140—160 жыл мелшеріңде камтамасыз етуге ғана жетеді екен. Олай болса келешекте әрі арзан, әрі табиғатгы ластамайтын энергия көздерін пайдаға асыру мәселесі тұр. Мұндай табиғи энергая корлары Қазақстанда да кездеседі. Тек қана Алматы мен Таддықорган облыстарыңца техника жағынан игеруге ыңғайлы, әрі арзан табиғи энергия көздері баршылық.

Бұл арада Іле және Жоңғар Алатауынан басталатын үлкенді-кішілі жүздеген езендерді атауға болады. Олардың жыл сайын 8 млрд. киловатт сағат энергия беретіні есептеліп шығарылған. Сондай-ақ бүл өңірде жел энергиясын да игеруге мүмкіншіліктер бар екені анықталды. Оған Алакел ауданындағы Жоңғар қакпасын, Шелек аңғарын атауға болады. Жел электр станциясын іске қосу техника жағынан көп қиындықтар туғызбайды. Экономистердің есебі бойынша Жоңғар қакпасында салынбақшы түңғыш жел электр станциясының қуаты 15 мың киловатт сағат болмақ. Ал Күн энергиясын пайдаланудың колайлы орындарына үлкен Алматы көлінін жағасы, Асы, Түрген-жоталары қолайлы деген пікірлер бар.

Қазіргі кезде адамзат тек Жерді ғана игеріп қойған жоқ, сондай-ак, ғарыш кеністігін, Айды, Шолпанды және баскд ғаламшарларды игеруге кадам жасап отыр.

Табиғатты корғау. Адам қоғамының қазіргі кездегі дамуы, оның алдына көптеген күрделі мәселелер койып отыр. Олардың негізгілері дүние жүзілік денгейде биосферадағы табиғи зандылықтарға үйлесімді технологиялық өндірісті дамыту, энергия көздерін жөне табиғат байлықтарын үқыпты пайдалану болып отыр. Ауаның, судың және топырақтың тазалығын сақтау казіргі күннің өзекті мәселесінің бірі деп саналады. Мұның өзі адамның денсаулығын сақтаумен өте тығыз байланысты. Сондықган да табиғатты қорғау адамды қорғау деген ұғыммен тікелей үндесіп жатады.

Қазақстанда табиғат байлықтарын қорғауға байланысты арнайы зандар қабылданған. 1991 жылы 18 маусымда «Қазакстан Республикасының айналадағы табиғи ортаны корғау туралы» заңы, ал 1992 жылы қантардың 18-інде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Арал өңірі халқының тіршілік жағдайларын түбірінен өзгерту жөніндегі шұғыл шаралар туралы» арнайы каулысы кабылданды.

Мұның бәрі де республикамызда табиғат қорғау мәселесіне мемлекет тарапынан үнемі назар аударылып түрғанына толық дәлел бола алады. Табиғат қорғау ісіне республикамыздың кез келген азаматы аса зор жауапкершілікпен карауы тиіс. Әсіресе бұл салада мектеп оқушыларының да косар үлесі зор. Балықтың шабактарын аман алып қалу, жасыл желектерге, жануарларға қамқорлықжасау, т. б. игілікті істерге окушылар белсене қатысып келеді.

Ірі енеркәсіп орывдарда калдықсыз технологиялық әдістерді енгізу, тұйык жұйе бойынша істеуге көшу, жанармайлардың ауаны ластамайтын түрлерін пайдалану да ғылымның алдында тұрған кезек күттірмейтін мәселе болып отыр.

Өндіріс орындарына табиғатты ластауға жол бермейтін кұрылыс материалдарын ойлап шығару, оларды пайдаланудың мерзімін ұзартуға басты көңіл бөлінуде. Бүл салада Қазакстан ғалымдарының косқан үлесі мол.

Қазақстандық енертапқыш ғалым Ғ. Наурызалин ауа, су өткізбейтін кұрылыс материалын жасаудың жаңа әдісін тапты. Оның ойлап тапқан құрылыс материалы дүниежүзілік деңгейдегі материалдардан ең берік деп саналатын «Бетон— 20»-дан 100—1000 есе сапалы болып шықты. Ал Қазақстандық орман шаруашылығы саласындағы ғалымдар терек ағашының әрі өсімтал, әрі құрғақшылыққа төзімді іріктемесін шығарып, оны Арал теңізінің суы тартылған сортанды жерлерін бекіту үшін өсіруді ұсынып отыр. Сонымен бірге, «Қазакстан орманы» деген бағдарлама бойынша да 2010 жылға дейін республикадағы жасыл желекті алкдпты 4,6 процентке жеткізу кезделуде, ал қазіргі кездегі орман алқабы республика жерінің 3,7 процентіне ғана тең. Әсіресе экологиялык колайсыз аудан ретінде Арал теңізінің кеуіп қалған түбіне тездетіп өсімдіктер егу, сексеуіл есіру ескерілген. 1992жылданбастапҚазақстанБіріккен¥лтгар¥йымынатолық мүше болып кірді. Оған мүше 175 мемлекетгің ішінде жер аукымы жөнінен Кдзакстан 9-орында, халқыныңсаны жөнінен 41-орында, ал ядролыкқару-жарақкд ие әлемдегі 8 елдің бірі болып отыр. Тіпті Арал өңірінің экологиялық жағдайын жақсарту Б¥¥-ның жанындағы айналадағы ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасына да енгізілді.

Қазіргі кезде Арал теңізін кұтқарып қалу жолында Орталык Азия, Қазақстан және Ресей мемлекеттері арасында халықаралык кор құрылып, игілікті істерді қолға алып отыр.

Халықаралық деңгейде жүргізіліп отырған БҰҰ-ның басшылығымен жүргізілетін «Адам және биосфера» бағдарламасының жұмыстарына да Қазақстан ғалымдары белсене атсалысуда. Қазақстандағы Алматы, Ақсу-Жабағылы, Қорғалжын корыктарынын ғылыми кызметкерлері де бұл салада өз үлестерін қосуда. Қазақстанда қорғалатын территориялар жүйесін дамыту ісі жүйелі түрде жү,ргізіліп келеді. 1991 жылы Талдықорған облысында табиғаты өте ерекше «Алтынемел» ұлттық-мемлекетгік қорығы үйымдастырылды.

1993 жылы Көкшетау облысында әйгілі Бурабай үлттыктынымбағы, ал сол жылы Оңтүстік Қазакстан облысында атақты «Ордабасы» тарихи, әрі табиғи корығы да ұйымдастырылды. Алдағы уақыттарда Қазақстан Республикасы Ұлттык Ғылым академиясының ұсынысы бойынша Қазакстанда 21 мемлекеттік қорықтар ұйымдастыру көзделіп отыр. Оның әркайсысы Қазақстанның әр түрлі табиғи жағдайларының ерекшелігін ескере отырып ұйымдастырылады. 1994 жылы Қаратау және Торғай қорықтарын үйымдастыру жүмыстарын аяқтау көзделіп, алдағы уакытта Алакел корығын ұйымдастыру жоспарда тұр.

 

Биосферадағы табиғи әрекеттерді басқару.

Биосферадағы биомасса мөлшерін арттыру үшін, оның қүрамды бөліктерінің тіршілігіне, оларда жүретін коректік тізбекке қолдан қолайлы жағдай жасап отыру керек. Адамның тікелей іс-әрекеті аркылы жасалған биоценоздар агроценоз деп аталады. Оған егістік алқаптар, колдан жасалған жайылымдыктар мен шабындықтар жатады. Егістік алқаптардың маңына қорғаныштык, мәні бар жасыл желекті бұталар ағаштар отырғызу агроценоздың түсімділігінің артуына септігін тигізетіні іс жүзінде дәлелденіп отыр. Сондай-ақ эрозияға үшыраған алкдптарда агротехникалық шараларды жүзеге асыруға ерекше мән берілуде. Бүл салада Акмола облысындағы Шортанды астық шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ғалымдарының енбектерін ерекше атап өткен жөн. Ол институтты дүниежүзіне белгілі ғалым Мехлис Сүлейменов игілікті істерімен басқарып келеді. Бүл институт кызметкерлері Қазакстаннын көпшілік аймағы эрозияға үшыраған жерлерде ғылыми негіздеүйымдастырушылықжәнеафотехникалық,т. б. шараларды кеңінен жүргізіп келеді.

Агроценоздардың түсімділігін арттыру жолында ауыспалы егіс жүйесін ғылыми негізде жүргізе білудің де манызы зор. Ауылшаруашылык зиянкестерімен күрес жүргізгенде биологиялық әдістерге ерекше мән беру кажет. Әсіресе саңырауқұлактардан, вирустардан басқа да үсақ ағзалардан дайындалған биологиялык препараттарды және тікелей пайдалы жәндіктерді пайдаланған тиімді болады. Бунакденелілерге жататын жарғак канаттылар отрядының өкілі трихограмма деген жәндік өз жүмыртқасын 16 турлі зиянкес жәндіктердің денесіне салып, оларды жойып жібереді, оны орамжапырак, мақта көбелектеріне де қарсы пайдалануға болады.

Ғалымдардың зерттеулері бойынша жыртқыш құстар мен андардың табиғаттағы қоректік тізбекте елеулі орын алатындығы, табиғатты тазартушы екендігі аныкталып, қазіргі кезде оларды ретсіз атуға тыйым салынды. Кейбір жануарлардын тіршілік ортасының өзгеруіне де жол бермеу жағына басты назар аударылады.

Жайык өзенінде кездесетін бекіре түқымдас балыктардың санынын азайып кетуіне көптеген себептер өсер етіп отырғаньг да анықталды. Өзен деңгейінің тартылуы, лас калдык сулардың оған қосылуы, суландыру жүйелерінің дүрыс салынбауы, заңсыз аулау, т. б. кедергілер кәсіптік мәні жоғары, әрі мақтанышымыз бекіре балықтарының санының азаюына тікелей әсер етуде. Олардың санын молайту үшін арнайы балық тәлімбактары мен заводтарын салып, колдан кебейту шараларын жүзеге асыру қажет. Кейбір бағалы жануарларды жерсіндіру және қайта жерсіндіру жүмыстарын жүргізу қажет. Мысалы, казіргі кезде жабайы жылқының түрі кұлан Жамбыл облысындағы Андасай кіші қорыкшасында, Маңғыстаудағы Үстірт қорығына және Қапшағай сұкоймасының маңындағы қорық-аңшылык шаруашылығына қайта жерсіндіріліп, саны жылдан-жылға көбейіп келеді.

Мұндай жұмыстар Жайық өзенінде тіршілік ететін терісі бағалы құндызды Ертіс бойына қайта жерсіндіру бағытында да жүргізілуде. Тіршіліктің сан алуан қүпия сырларын жан-жакты зерттеу мақсатында биология ғылымының кептеген жаңа салалары пайда болды. Адамзаттың азық-түлікпен қамтамасыз етуде биология ғылымының алатын орны ерекше. Қазіргі кезде гендік инженерия, бионика, биотехнология, т. б. биология ғылымдарына ерекше назар аударылып отыр. Биотехнология ғылымында түрлі ағзалардың тіршілік әрекетін өнеркәсіптік негізде пайдалана отырып, дәрі-дәрмектер, қуаты мол азык-түлік қорларын молайту кезделуде. Ал бионика ғылымы тірі ағзалардағы өте күрделі әрі нәзік тетіктерге сүйене отырып, қүралдар жасауды үйренуге ұмтылуда. Гендік инженерия ғылымы гендерді алмастыру, салу арқылы табиғатқа зиянсыз, әрі халык. игілігі үшін пайдалы ағзаларды көбейту максатын көздейді.

Табиғат қорғау шараларын нәтижелі жүргізіп және биосферадағы зандылықтарды бұзбау үшін, биология ғылымдарын жан-жақты әрі мұкият түрде дамытуға жол ашу қажет. Қорыта айтқанда, ноосфера ғылыми ой-сананың жөне әлеуметтік қатынастардың бір мақсаткд негізделген қорытывдысын көрсетуі тиіс. Ол адамдардың бойындағы шығармашылық күш-куатын және бар кабілетін барынша аша түсуіне жағдай жасау болып табылады. Ноосфераның негізгі мақсаты, халықтың әл-аукатын кетеру, жер бетіндегі барлык адамның теңдігіне жол ашу, соғыс атаулыны болдырмау, барлық адамдардың шығармашылык еңбегінің жемісті болуына жағдай жасау болып табылады.

 

АНТРОПОГЕНЕЗДІҢ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ (ФАКТОРЛАРЫ)

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных