Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Кәсіпкерлік түсінігі және оның дамуының алғы шарттары.




Жалпы кәсіпкерліктің тарихы талай ғасырларды қамтиды, алайда нарық атрибуты ретінде ол капитализм дамуы кезеңінде айқын көріне бастады.

Буржуазиялық саяси экономияда "кәсіпкерлік" түсінігі ХVIII ғасырда пайда болды да, "меншік иесі" деген түсінікпен қатар орын алады. А.Смит кәсіпкерді коммерциялық идеяны жүзеге асыру және пайда алу үшін экономикалық тәуекелге баратын мешік иесі ретінде сипаттады. Ол өндірісті өзі ұйымдастырады, оның нәтижесіне иелік етеді. Алайда, меншік иесі мен кәсіпкердің бірігуі несиенің пайда болуымен байланысты өзгереді. Кез келген коммерциялық банк айналысқа жіберген бүкіл капиталға иелік ете алмайды.

Кәсіпкерліктің меншік иесінен ажырасуы акционерлік қоғамда анық көрініс алды. Акция иесі кәсіпорындарға шартты бақылау ғана жасай алады. Корпорация қызметінде жауапкершілік менеджерлерге ауысады. Несие қатынасының дамуы және ұлттық байлықтың жеке меншік формасынан корпорациялар меншігінің формасына көшуі нәтижесінде меншік кәсіпкерліктен бөлініп қалады.

Америкалық ғалымдар А.Берли мен Г.Минз меншікке бақылау орнату мүмкіндігінің бірнеше түрлерін ұсынды:

1. Толық меншік арқылы бақылау. Барлық шығарылған акциялар бір адамның немесе азын- аулақ топтың қолында болғанда жүргізілетін бақылау.

2. Көпшілік акция арқылы бақылау. Мұндай жағдайда шығарылған акцияларға меншік үлесі 51 пайыз болады.

3. Бірлесіп бағыну тетігі арқылы бақылау. Көпшілік акцияларға бір корпорация иелік ету пирамида көрінісін алады да, өз кезегінде басқа компаниялар акциясының бақылау пакетіне ие болу, соңғысына да бақылау жасау мүмкін болады. Мұндай жайлар бірнеше рет қайталануы мүмкін.

4. Акцияның аз бөлігіне бақылау. Бақылаудың бұл түрін жеке адам немесе азын-аулақ топ корпорацияда өктемдік жүргізетін жеткілікті акция пайызына иелік етеді.

5. Басқару тарапынан бақылау. Ол жеке бір адамның меншігі көзге ілінгісіз жағдайда орын алады. Мұндай жағдайда менеджмент меншіктегі үлесі аз болса да, қысым көрсете алатын күшке айналады.

Кәсіпкерлікті дамытудың шарттары:

1. Субьектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқы болуы шарт. Ол шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік бағдарламаны анықтау, қаржыландыру көзін таңдау, өнімдерді өткізу, оларға баға белгілеу, пайдаға өз жарлығын жүргізу және т.б. Басқаша айтқанда, кәсіпкер шаруашылықты жүргізудің экономикалық жағынан оқшауланған субьектісі болуы керек.

2. Кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге, одан туындайтын нәтижелерге тәуекелділікті қажет етеді.

3. Кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге, пайда табуға бағдар ұстауы, мұның өзі экономиканың қажетті нарықтық құрылымын орнатумен байланысты. Кәсіпкерліктің жан-жақты дамуына оның құқылық базасы жеткіліксіз, оған сай әлеуметтік экономикалық шарт қалануы қажет. Өйткені ақшасыз, тауарсыз, капиталсыз, ең басты реттеуші-құн заңûíың қозғаушы күші бәсекесіз, нарық пен кәсіпкерлік дами алмайды.

4. Еркін кәсіпкерлік меншіктің әр қилы формада, түрде, типте болуын қалайды, олай болса иемденуді де қамтиды.

Кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі ғана емес, бұл тағы да бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтқанда үлкен бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, кең көлемді тәуекелге бел байлау, іскерлік. Белгілі Австриялық экономист И.Шумпетер айтқандай; "Кәсіпкерлік-жұмыстың бір түрі емес, тұнып тұрған ақыл-ой, тұла бойы қасиет".

Қазақстан заңында кәсіпкерлік азаматтар мен бірлестіктердің пайда алуға бағытталған және олардың тәуекел етуімен, сондай-ақ мүліктік жауапкершілігі негізінде жүзеге асырылатын ынталы қызметі.

Кәсіпкерлікте тұлға (субьект) және нысанын бөліп қарайды.

Кәсіпкерліктің тұлғалары (субьектілері) жеке тұлғалар, әртүрлі ассоциациялар, акционерлік қоғамдар, арендалық ұжым, кооперативтер және мемлекет бола алады. Қызмет мазмұнына қарай кәсіпкерлік мынадай түрлерге бөлінеді.

Кәсіпкерлік нысандары (обьектілері) шаруашылық қызметтің кез - келген түрлері: коммерциялық делдалдық, сату сатып алу, инновациялық, кеңес беру қызметтері, бағалы қағаздармен операциялар бола алады.

Өндірістік кәсіпкерлік - тауарлар, қызметтер, ақпараттар, рухани құндылықтар өндіретін кәсіпкерлік. Кәсіпкерліктің бұл түрінде өндіріс қызметі негізгі болып табылады.

Коммерциялық кәсіпкерлік тауарлар мен қызметтерді қайта сату бойынша мәмілелер мен операциялар құрамына енеді, өнім өндірісімен айланыспайды. Кәсіпкер пайдасы тауарды сатып алу бағасынан жоғары бағаға сату арқылы жасалады.

Қаржылық кәсіпкерлік - коммерциялық кәсіпкерліктің бір түрі болып табылады. Сату-сатып алудың обьектісі ақша, валюта, бағалы қағаздар болып табылады.

Делдалдық кәсіпкерлік бір мәмілеге өзара мүдделі жақтардың басын қосатын қызметте көрінеді. Мұндай қызметті көрсеткені үшін кәсіпкер табыс алады.

Сақтандыру кәсіпкерлігі - кәсіпкер сақтандырған оқиға болған кезде ғана қайтарылатын сақтандыру жарнасын алып отыратын қаржы кәсіпкерлігінің ерекше формасы. Жарналардың қалған бөлігі кәсіпкерлік табысты құрайды.

Көріп отырғандай, кәсіпкерліктің барлық түрі табыс алуға бағытталған. Бірақ ол үшін шектеулі ресурстарды қиыстырып пайдалануға үйрену керек.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных