Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Бәсекенің мәні және түрлері.




Нарықтық экономиканың негізгі ерекшелігі еркін таңдау: өндіруші үшін өндірілетін өнімді таңдау еркі, тұтынушыға тауарды алуда, жұмысшыға жұмыс орнын таңдау еркі айтылады. Бірақ, еркін таңдау экономикалық табысты өзінен-өзі қамтамасыз ете алмайды. Ал оны бәсекелестік күресте ғана жеңіп алады.

Бәсеке (латын тілінен concurred-қақтығысу) бұл нарықтық экономиканың қатысушыларының арасындағы тауарларды сатып алу және сату барысында, өндірістегі ең жақсы жағдайлары үшін бақталастық.

Нарықтық қатынастардың қатысушыларының өзара қалай бәсекелесуіне байланысты жетілген (еркін) және жетілмеген бәсеке нарығы деп бөлінеді.

Жетілген бәсеке дегеніміз нарықта бір-біріне тәуелсіз көптеген сатушылар мен сатып алушылар қызмет ететін және тең мүмкіндіктері мен құқықтары бар бәсекенің идеалды бейнесін айтады.

Жетілген бәсекенің негізгі белгісі: әрбір фирманың үлесі жалпы өнімге шаққанда аз болғандықтан, ешқайсысының бөлшек бағаға әсері өте төмен болады. Ұсыныс бағалары төменгі шекте теңеледі.

Жетілген бәсеке толық түрде болмайды. Оған тек жуық шамада жақындауға болады. Еркін бәсеке деп ХІХ ғасырдың ортасында болған бәсекені шартты түрде айтуға болады.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап ҒТП-ң әсерінен өндірісті шоғырландыру жүріп жатыр, ол ірі және аса ірі кәсіпорындардың, яғни монополияның құрылуына әкеп соқты.

Жетілмеген бәсеке деп еркін бәсекенің шарттарының кем дегенде біреуі орындалмайтын нарықты атайды. Жетілмеген бәсеке үш типке бөлінеді: монополиялық бәсеке, îлигополия, таза монополия.

Монополиялық бәсеке кезінде нарықта сатушылар мен сатып алушылардың саны бірнешеу болады. Бірақ жаңа құбылыс пайда болады, өнімнің дифференциациясы, яғни өнімнің даярлығы оны басқа бәсекелестің ұқсас тауарларынан айырып тұратын қасиетінің болуы. Ондай қасиеттер: өнімнің жоғарғы сапасы, әдемі орамû, сатудағы жақсы шарттар, дүкеннің жағымды орынға орналасуы, жоғары деңгейдегі сервис және т.б. болып табылады.

Осындай артықшылықтарға ие бола отырып, дифференциалданған өнімнің иесі белгілі бір деңгейде монополист болады және бағаға әсер ету мүмкіндігіне ие. Бірақ, әрбір сатушының сату көлемі жоғары болмағандықтан, бірде монополист фирмалар көп болады да, олардың әрбіреуі нарықтық бағаны шектеген түрде бақылай алады, бұл монополиялық бәсекенің ерекше белгісін көрсетеді.

Олигополиялық бәсеке дегеніміз бірнеше фирма үстемдік ететін нарық. Оған біртекті немесе әртүрлі өнімді сипаттама тән, ал басты белгісі баға лидердің принципі бойынша бекітіледі. Бұл принцип көптеген фирмалардың бағаны осы нарықтағы мықты фирманың бағасы сияқты қоюға ұмтылатынын білдіреді.

Таза монополия нарықта ешқандайсыз бәсекелестерсіз бір ғана сатушы болған кезде пайда болады. Оның ерекшелігі, сатушы өз бағасын өте кең шектікте ауыстыра алады, ал максималды жоғары баға тек көлем қабілеттік сұраныспен шектеледі. Кейбір жағдайда нарықта тек бір ғана сатып алушы болады. Ол монопсония деп аталады.

Монополияның рөлі экономикада екі жақты. Оның жақсы жағы монополиялық компаниялардың өнімдері жоғары сапасымен ерекшеленеді, ал ірі масштабты өндіріс шығындарды азайту мен ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жаман жағы монополия нарықта үстемдік етеді және монопольды жоғары баға арқасында жоғары пайда ала отырып, өнімді шығаруды шектейді. Сонымен қатар, бәсеке жоқ жағдайда, монополия техникалық прогресс есебінен тиімділікті жоғарылату ынтасын жоғалтады.

Осыны ескере келе, мемлекет бәсекені қолдай отырып, монополизмге қарсы тұруға ұмтылады. Бұл үшін маңызды құрал болып антимонополиялық заңдар қолданады, яғни бәсеке мен монополияның арасындағы тепе-теңдікті мемлекеттік қолдау құралы болып табылатын заңдар пакеті қабылданады.

Антимонополиялық заңдар 1890 жылы АҚШ-та қабылданған. Қазіргі антимонополиялық заңдар екі бағытта жұмыс істейді: бағаны бақылау және компаниялардың қосылуын бақылайды.

Қазақстанда 1996 жылы "Бәсеке және сауда нарығындағы монополиялық қызметті шектеу туралы заң" қабылданды және антимонополиялық саясат бойынша мемлекеттік комитет құрылды.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных