Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Негізгі капиталдың нақты және моральдық тозуы. Амортизация.




Негізгі капиталдың қызмет етуімен байланысты физикалық (нақты) және моралдық тозу орын алады. Физикалық тозу процесі негізгі капитал элементтерінің өндірісте одан әрі пайдалануға жарамайтындығын сипаттайды. Негізгі капиталдың физикалық тозуына көптеген факторлар әсер етеді. Олар ең алдымен машина мен жабдықтарды пайдалану ұзақтылығы мен қарқындылығы, негізгі капиталды пайдалатын өндіріс технологиясының құрылымы, атмосфералық ықпал, материалдың өз бойындағы болып жатқан ішкі процестер.

Негізгі капиталды пайдалану ұзақтығы мен физикалық тозу дәрежесінің арасында тікелей пропорциялы тәуелдік бар, машиналар мен жабдықтарды пайдалану уақыты ұзақ болған сайын, физикалық тозу дәрежесі де жоғары болады.

Негізгі капиталдың заттық тозуынан басқа, оның құнсыздануы нәтижесінде және арзан, тиімді жабдықтардың пайда болуымен байланысты олардың моральдық тозуы орын алады. Негізгі капиталдың моральдық тозуы ең әуелі ғылыми-техникалық прогрестің қарқынды дамуымен байланысты. Моральдық жағынан тозған жабдықтар экономикалық тұрғыдан тиімсіз, өнімсіз, сондай-ақ онымен өндірілген өнімдердің бәсеке қабілеті де төмен болады. Моральдық тозған, ескірген жабдықтарды, құралдарды жаңарту белгілі бір бағдарламаға сай жүргізіледі, ол негізгі капиталға деген үлкен шығындарды қажет етеді. Осымен байланысты өндірісті техникалық жаңартуға жұмсалатын күрделі қаржының үлесі ұлғаяды. Дамыған елдерде өңдеуші өнеркәсіпке жұмсалатын қаражат бүкіл күрделі қаржының 60-80 пайызын құрайды.

Заттай және моральдық жағынан тозған, ескірген құралдарға кеткен шығындар амортизациялық жарна арқылы өтеліп отырады. Амортизациялық жарна сомасының негізгі капитал құнына пайызбен шаққанда қатынасы амортизация нормасы д еп аталады. Ғылыми-техникалық прогрестің жоғары қарқынымен, негізгі капиталдың моральдық тез тозуымен байланысты, мемлекет заңды жолмен амортизация нормасын көтеріп отырады. Мемлекеттің бұл әрекеті жабдықтардың құнын шығарылатын өнімдерге тез ауыстырып, моральдық ескірген уақыт талабына сай келмейтін құрал-жабдықтардан құтылуға бағытталған амортизацияны тездету саясаты деп аталады.

Дебиеттер

1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, «Санат», 1998.

2. Экономикалық теория. Оқу құралы. Я. Әубәкіров және т. б. Алматы, Қазақ университеті, 1999.

3. Экономикалық теория. Мырзалиев Б.С. және т. б. Оқу құралы. Алматы, 2006.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных