Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Алыптасуының ерекшеліктері.




Экономикада бөлу өте маңызды рөль атқарады, ол өндірген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Сондықтан экономикалық теорияда бөлу және табыстардың құрылу мәселелері зерттеушілердің назарынан тыс қалған емес. Д.Рикардо бөлуді саяси экономияның пәні, ал жалақы, пайда және рентаны капиталистік қоғамның басты үш тобының алғашқы табысы деп санады.

К.Маркстің «Капиталының» үшінші томы бөлу мәселесіне арналған. П.Самуэльсонның «Экономикс» курсының басты мәселесі де ұлттық табысты бөлу болып табылады. Бұл тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен процент, жер рентасының пайда болуы қаралады. Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек. Мұнда екі мәселе маңызды: біріншіден, өндірістің бүкіл факторлары механикалық және техникалық жағынан өзара байланысты, оларды жеке дара пайдалануға болмайды. Тауар өндірісі үшін осы үш фактор өзара белгілі бір қатынаста болуы шарт. Әрбір факторға деген сұраныс көлемі басқа факторлардың баға дәрежесіне тәуелді. Мысалы, жұмыс күшіне деген сұраныс жалақы дәрежесіне ғана тәуелді емес, қанша машина, шикізат сатып алынады және оларға деген баға қалай қойылады, міне, осылармен де байланысты. Екіншіден, өндіріс факторларына сұраныс пен олардың баға дәрежесі тұтыну сұранысынан туындайды, түптеп келгенде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмыс күші адамға қажетті тауар өндіру үшін керек. Өндіріс факторларына сұраныс осы факторлар арқылы өндірілетін тауарларға деген сұранысқа тәуелді. Мысалы, астық өсетін жерге сұраныс сол астыққа деген сұранысқа байланысты, белгілі мамандықтағы жұмысшылар еңбегіне деген сұраныс, осы жұмысшылар өндіретін өнімге деген сұраныспен байланысты.

Өндіріс факторларының бағасы сұраныс пен ұсыныстың арақатынасына тәуелді. Өз кезегінде баға дәрежесі мен оның өзгерісі сұраныс пен ұсыныстың арақатынасының динамикасына ықпал етеді. Бәсеке күресі барысына сұраныс пен ұсыныстың, тауарлар бағасының ауытқуымен байланысты өндіріс факторларының иегерлері арасында табыстарды бөлу орын алады. Табыстар – жалақы, пайда мен процент, рента қалай құрылып және бөлінетінін қарастырайық.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных