Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оба жағдайларының жіктемесі




Обаның бубонды (А20.0) немесе ойық жара (тері) (А20.1) нысандарының болжамды жағдайы өткір қызба (38°С – дан астам) мен қатты уыттану болатын жіті асқынған ауруда және мына белгілердің біреуі немесе екеуі болғанда қойылады:

1) бір немесе одан астам түпкірдегі лимфа түйіндердің бубоны (лимфадениті және периадениті); олар мына белгілердің кемінде үшеуімен сипатталады:

- ауырсыну;

- саусақпен басқанда қатты болуы;

- саусақпен басқанда қозғалмайды;

- жекелеген лимфа түйіндерді ұстап көру мүмкін емес;

- гипертермия (жергілікті);

- бубон үстіндегі терінің гиперемиясы;

2) мына даму кезеңдерінің бірінде болатын ауырсынатын бастапқы - -- тері аффекті:

- папула;

- пустула (іріңді немесе геморрагиялық);

- ойық жара (тереңді, қанық, іріңі-геморрагиясы бар, инфильтрацияланған негіздегі, гиперемия талшығымен қоршалған).

2. Обаның ангинозды (ангиозды-бубонды) нысанының болжамды жағдайы (басқа нысандар – А20.8) өткір қызба мен инфекциялық-уытты шок және оба бубонының барлық ерекшеліктерімен сипатталатын мойын маңындағы (жақ асты) бубон белгілері болатын өте асқынған ауруда және асқынған, әдетте біржақты іріңді-некротиялық ангинада қойылады.

3. Обаның абдоминальды (ішек) нысандарының (басқа нысандар – А20.8) болжамды жағдайы инфекциялық-уытты шокпен және мына белгілердің кемінде үшеуі болатын өте асқынған ауру кезінде қойылады:

1) қызба;

2) іш ауруы;

3) құсу (қанды);

4) диарея (қанды).

4. Обаның өкпе (қабынуы, бастапқы қабынуы) нысанының (А20.2) болжамды жағдайы өткір қызба, инфекциялық-уытты шок белгілері және/немесе диссеминацияланатын қан тамырыішілік ұю және мынадай белгілердің кемінде төртеуімен сипатталатын өкпе қабынуының асқынып дамуы белгілері бар жіті асқынған ауру кезінде қойылады:

1) жөтел, басында құрғақ, содан соң қақырықты;

2) кеудесінің (бүйірінің) ауырсынуы;

3) қақырықтағы қан;

4) өкпе ісігі;

5) плеврит белгісі;

6) өкпе инфильтраты (клиникалық немесе рентгендегі).

5. Обаның септицемиялық (бастапқы – генерализдендірілген) нысанының (А20.7) болжамды жағдайы өткір қызба, инфекциялық – уытты шок және диссеминацияланатын қан тамырыішілік ұю белгілері бар жіті асқынған ауру кезінде қойылады.

6. Обаның ықтимал жағдайы болжамды жағдайды анықтауға сәйкес және мыналардың бірі болғанда қойылады:

1) ауруға дейін 6 ай ішінде табиғи ошақтардың аумағында немесе оба бойынша эндемиялық елдерде тұрғанда немесе болғанда және кем дегенде мыналардың бірінде:

обаны тасымалдаушы бүргелердің, кенелердің, жабайы жануарлардың (кеміргіштердің) шағуы;

оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кеміргіштермен (сартышқандар, құмтышқандар және басқалар) контактіде болғанда;

оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кәсіпшіліктік жануарларды (қояндар, суыр, мысық тектестер, ақбөкен, қабандар және т.б.) аулау, өндіру және бөлшектеу;

ауру түйелерді сою және бөлшектеу;

оба тасымалдаушысы болуы ықтимал жануарлардың шикі етін пайдалану;

оба тасымалдаушысы болуы ықтимал кеміргіштер індерінің аумағындағы жер жұмыстары;

өкпе қабынуымен науқастанғанмен контактіде болғанда;

2) обаның расталған жағдайымен эпидемиологиялық байланыста болғанда;

3) кемінде 1:10 антиденелер титрі табыла отырып, флюоресцирлендіруші антиденелердің тікелей реакциясының нәтижесі оң болғанда; Y. Pestis -ке тән антиген Ғ1 гемагглютинацияның тежелу реакциясы;

4) антиденелердің Ғ1 антигендерде титрлерінің кемінде төрт есе көбеюі;

5) клиникалық материал үлгілерінің микроскопиясында биополярлық грамтеріс бактериялардың табылуы.

7. Обаның расталған жағдайы мыналардың ең болмаса бірі болғанда қойылады:

1) бубон ішіндегі, пустуланың, ойық жараның бөліністерінен, қаннан, жұлын сұйығынан, қақырықтан, ауыз-жұтқыншақ шырышының жағындысынан, зәрден, нәжістен Y. рestis –тің бөлінуі;

2) ПТР нәтижесі оң болғанда;

3) ИФА нәтижесі оң болғанда;

4) қос сарысумен енжар гемагглютинациялау реакциясында белгіленген Y. рestis –ке тән Ғ1 антигеніне антиденелер титрінің кемінде төрт есе көбеюі.

ТУЛЯРЕМИЯ

(оба тәрізді ауру)

Анықтамасы. Туляремия – Francisella tularensis қоздыратын, лимфа түйіндерді, теріні, көзді, анқаны, өкпені закымдауымен және улану симптомдарымен сипатталатын жедел облигатты табиғи-ошақты зоонозды ауру.

Тақырыптың өзектілігі. Туляремия – убиквитарлы инфекция. Аурудың ощақтары Америкада (барлық штаттарында), Еуропада, Азияда кездеседі. Ресей мен Қазақстанда арудың ошақтары диффузды орналасып, үлкен территорияларда кездеседі. Қазақстан республикасында сырқаттанушылдық 0,06-0,95 аралығында ресми түрде тіркеледі. 2002 ж аурудың 17 жағдайы (Шығыс-Қазақстан облысында – 13), 2003 ж. – 15 (Шығыс-Қазақстан облысында – 7, Солтүстік Қазақстан облысында – 4, Ақтөбе облысында -3), 2004 ж. -7 (Шығыс-Қазақстан облысында – 5, Алматы облысында -2, 2005 ж. – 9 (Шығыс-Қазақстан облысында – 8, Ақмола облысында -1) ресми түрде тіркелген.

Туляремияның қоздырғышын биологиялық қару ретінде қолдану мүмкін. Аэрозоль түрінде қолданғанда қоздырғыштың 10-50 микробы жетеді.

Тарихи мәліметтер. Аурудың атауы табылған жеріне байланысты ( Туляре аралы, Калифорния, АҚШ). 1910 ж. Ч. Мак-Кой обаның табиғи ошағын зерттеп жүргенде суырдан оба тәрізді ауруын анықтаған, ал 1911 ж. Ш.Чепин екеуі ауру суырдан қоздырғышты бөліп алған. Содан Bacterium tularense деп атаған.

Сосын адамдардың да бұл аурумен ауратыны анықталды.

И.Френсистың (1921) ұсынысы бойынша ауру «туляремия» деп аталған.

Этиологиясы. Туляремияның қоздырғышы - Francisella tularensis - Francisella туыстығына, Brucellacea тұқымдастығына жатады. Ұсақ, грам «теріс» кокктар, капсула және спора түзбейді, құрамында соматикалық О- және капсулалық Vi- антигендері бар, ферментативті қасиеті әлсіз. Соматикалық антигенімен қоздырғыштың вирулентілігі және иммуногенділігі байланысты. Бруцелла антигенімен ұқсастығы бар.

Қоздырғыштың 2 түрі бар: А-түрі және В-түрі. А-түрінің вируленттік қасиеті жоғары, ауру Солтүстік Америкада кездеседі, қояндар аурады, олардан аңшыларға жұғады. В-типі Еуропада, Азияда таралған, вирулентілігі төмен, кеміргіштер ауырады. 1966 ж. М.А.Айкимбаев қоздырғыштың үшінші орта азиялық түрін анықтаған. Қазақстанда қоздырғыштың 2 түрі кездеседі: В-түрі және орта азиялық түрі.

Қарапайым қоректік орталарда өспейді. Цистенал немесе табиғи субстраттар: жұмыртқа сарысы, бауыр, талақ, ми қосу керек. Өсу үшін оптималді температура – 35-37°С, рН 7,0-7,2.

Қоздырғыш сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталады. Өзен суында 4° температурада – 1 ай, 0° - 9 ай; топырақта – 2,5-4 ай; бидай, шөпте - О° төмен температурада – 6 ай, 20-30° - 20 күн, ауру және өлген жануарлардың терісінде 8-12° температурада – 1 айдан жоғары.

Жоғары температураға және дезинфекциялаушы ертінділерге (фенол, сулема, формалин, этил спирты) төзімсіз.

Туляремиядан өлген малды 1 тәулік бойы дезинфекциялаушы ертіндеде ұстап, сосын өртеп жіберу керек.

Туляремия қоздырғышы рифампицинге, стрептомицинге левомицетинге, тетрациклинге, ципрофлоксацинге сезімтал.

Эпидемиологиясы. 1. Аурудың көзі. Туляремия – облигатты зооноз, табиғи ошақтық ауру. Аурудың көзі және резервуары – жануарлар. Табиғатта аурудың резервуары: кеміргіштер, егеуқұйрықтар, қояндар, ондатра. Олардан синантропты кеміргіштер залаладанады. Туляремия қоздырғышы 90 жабайы омыртқалы жануарларда, үй жануарларында (қой, ит, жылқы) кездеседі. Олар туляремияға өте сезімтал. Ресейде – аурудың негізгі көзі су тышқандары, үй тышқандары, қояндар, иттер, ондатра. Ауру тасымалдаушылары – иксод кенелері және қансорғыш қанаттылар: маса, шожала. Кенелердің организмінде қоздырғыш өмір бойы сақталады, қан сорғыштардын организмінде – 2 апта бойы, ал инфицирленген жануарлардың қанында олар өлгенше дейін сақталады. Жануарлар арасында ауру кенелер арқылы тарайды. Кеміргіштер арасында инфекция алиментарлы жолмен тарайды. Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Табиғи ошақтардың 7 түрін ажыратады: батпақтық, қоғалдық, ормандық, далалық, таулы-шатқалды, тоғайлық, тундралық. Қазақстанда ошақтардың 4 түрі кездеседі: таулы-шатқалды, батпақтық, тоғайлық, далалық. Әр ошақ өзіне тән жануарлармен, қансорғыштармен ерекшеленеді.

2. Берілу жолдары:

· трансмиссивті (негізгі) – арнайы тасымалдаушысы жоқ, ауру әр түрлі қансорғыш қанаттылар (маса, кене, шожала) арқылы берілу мүмкін;

· контактілі – тері мен шырышты қабықшалар арқылы инфицирленген жануарлармен жанасқанда: теріні өндеген кезде, жануарлар тістеп алған кезде; аңшылар ондатра арқылы жұқтырады;

· алиментарлы – кеміргіштердің зәрімен инфицирленген су, тағам арқылы. Кеміргіштермен ластанған судың эпидемиологиялық маңызы зор. Аурудың құдықтық өршуі жиі кездеседі. Кеміргіштің өлігі құдықта жатса, сол құдықтың суын ішкен адамдар заладанады;

· аэрогенді – заладанған шаң арқылы, шөп жинайтын жұмыстар жүргізгенде.

3.Қабылдаушы макроорганизм. Адамдар туляремияға 100% сезімтал. Көбінесе ересектер, ер адамдар, кәсіби топтары – аңшылар, балықшылар, ауыл шаруашылық қызметкерлері аурады. Антропургиялық ошақтар инфицирленген кеміргіштердің миграциясына байланысты, олар үй кеміргіштеріне ауруды жұқтырады. Эпидемиялық процестің ағымы жыл мезгіліне, табиғи ошақтың ерекшелігіне, эпизоотиялық жағдайға байланысты. Жекеленген эпидемиялар үшін белгілі бір жұғу механизмінің және белгілі бір клиникалық түрінің басым болуы тән. Жыл маусымдылығы – жаз-күз айлары. Сонғы кездерде ауру спорадикалық түрінде кездеседі. Аурудан кейін тұрақты иммунитет қалыптасады.

Патогенезі.

1. Жұқтыру сатысы

Инфекцияның кіру қақпалары – тері, шырышты қабықшалар.

Кіру қақпасының локализациясы аурудың клиникалық түріне әсер өтеді. Осы жерде біріншілік аффект пайда болуы мүмкін – бір бірін ауыстырып дамитын дақ, папула,көпіршік, пустула, жара.

2. Лимфогенді таралу сатысы

Қоздырғыш лимфогенді жолдарымен регионарлы лимфа түйіндеріне жетіп, көбейіп, қабыну процесс тудырады (лимфаденит). Бактериялар ыдырағанда эндотоксин бөлініп, жергілікті патологиялық процестер дамиды. Біріншілік бубон пайда болады.

3. Бактериемия сатысы – лимфа түйінінің қорғаныс қасиеті төмендегенде, қоздырғыш қанға түсіп, жайылмалы турлері дамып, токсико-аллергиялық өзгерістер айқын көрінеді.

4. Гематогенді диссеминация бойынша қоздырғыштар паренхиматозды ағзаларда – бауырда, көкбауырда, өкпеде ошақтанады. Гранулемалар пайда болады. Олар ақшыл-сары түсті, көлемі 1-4 мм. Гранулема ортасында некроз ошағы эпителиалді клеткалармен, лейкоциттермен лимфоциттермен қоршалған. Туберкулездік гранулемаларға ұқсайды. Соңынан олар некрозданып, дәнекер тіндермен алмасады. Гранулематозды процесс лимфа түйіндерінде айқын көрініп, іріңдеп, өзі тесілуі мүмкін.

Барлық сатыларының дамуы міндетті түрде емес. Инфекциялық процесс кез келген сатысында тоқтап қалу мүмкін.

Клиникасы. 1.Жасырын кезеңі - 3-5 күн (2-3 аптаға созылуы мүмкін).

2.Бастапқы кезең

3. Өршу кезеңі

4. Айығу кезеңі

Ауырлығы бойынша – жеңіл, орташа ауыр, ауыр түрлері

Ағымы бойынша – жедел, баяу, рецидивті түрлері.

Жалпы симптомдары:

Қызба 38-40° ремиттерлеуші, интермиттерлеуші, дұрыс емес, тұрақты, толқын тәрізді сипатта болуы мүмкін. Жиі кездесетін түрі – ремиттерлеуші қызба, ол 2-3 толқын болуы мүмкін. Ұзақтығы – 2-3 аптаға, сирек 5-7 немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін. Қалтырау, бас ауру, бұлшық еттерінің ауруы, жалпы әлсіздік, анорексия. Науқастың беті ісінкі, қызарып тұрады, конъюнктивит, склерит. Экзантема болуы мүмкін – эритематозды, дақты- папулезді, розеолезді, петехиалді. Салыстырмалы брадикардия, АҚ төмендейді. Бауыр, көкбауыр ұлғаяды.

Туляремияның клиникалық түрлері жұғу жолдарына байланысты. Г.П.Руднев бойынша келесі түрлерін ажыратады (№4 кесте).

 

№4 кесте






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных