Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






IV. Асқынулар бойынша




А. Ерте: бронхит, аспирациялық, гипостатикалық пневмония, ателектаз, асфиксия, миокард инфаркты, жүрек салдануы, миокардит, омыртқалардың сынуы, бұлшық еттердің жыртылуы.

Б. Кеш: ұзақ тахикардия және гипотензия, жалпы әлсіздік, омыртқа жотасының деформациясы, бұлшық еттермен буындардың контрактурасы.

Диагностикасы клинико-эпидемиологиялық мәліметтерге негізделеді, себебі токсин қанда анықталмайды және антитоксикалық антиденелер бұрынғы прививканың ізі болуы мүмкінү. Эпидемиологиялық.анамнезінің ролі маңызды.Клиникалық көріністердің ішінде жара тұсының ауыруы, тартылуы. Тістің арасына шпатель салып оның үстіне перкуссия жүргізгенде шайнау бұлшық еттерінің жиырылуы – тризмңін алдында дамитын синдром.

Емдеуі. Сіреспемен ауырған науқастарды тыныш жеке палатыға жатқызу керек. Науқасқа жеке пост және тұрақты бақылау қажет. Жоғары калорийлі тағам зонд арқылы беріледі. Біріншіден, жараның біріншілік хирургиялық обработкасын жасау керек. Бұл манипуляцияны наркозбен жасау керек. Алдымен, науқастың жара аймағындағы терісіне 1000-3000 ҚБ сіреспеге қарсы сарысу енгізіліді.

Науқасқа бұлшық ет ішіне сіреспеге қарсы сарысу енгізіліді: ересектерге- 100000-150000 ҚБ, жаңа туылған нәрестелерге – 20000-40000 ҚБ, балалрға – 80000-100000 ҚБ.

Сарысу енгізудің алдында науқасқа десенчибилизация жүргізу қажет. Сонғы кезде антитоксикалық мақсатымен сіреспеге қарсы адамның иммуноглобулинін – 900 ҚБ (6 мл) бұлшық етіне бір рет енгізеді.

Тырысуларға қарсы седативті наркотикалық, нейроплегиялық препараттар, миорелаксантар қолданылады.

Алдын алу шаралары. Біріншеден әр түрлі жарақаттардан сақтану керек. Сіреспенің арнайы алдын алу шаралары жоспар ретінде және қауыпты жағдай туғанда жүргізіледі. Жоспар бойынша балаларға АКДС және АДС ассоцияцыланған вакциналар егіледі. Бірінші ревакцинация 9-12 айдан кейін, қалғаны 5-10 жыл сайын жүргізіледі. Анатоксин балаларға 5-6 ай мен 17 жасқа дейін енгізіледі. Қауіпті жағдайларда сіреспелік анатоксин ересектерге 1 ай интервалымен 2 рет 0,5 мл тері астына тағайындау керек. Бұрын привика қабылдамаған адамға 1 мл сіреспелік анатоксинді 3000 ҚБ сіреспеге қарсы сарысуды Безредка әдісі бойынша енгізеді. Сосын 1 айдан кейін тек қана анатоксин енғізіледі.

Қалық арасында санитарлы ағарту жұмыстар жүргізілу қажет.

ТЫРУ

Анықтамасы. Құтыру (Rabies Hydrophobia) – Neuroryctes rabid жедел вирусты зоонозды нейроинфекция. Клиникасы гидрофобиямен, аэрофобиямен сипатталады, ауыр ағымды энцефаломиелиттің әсерінен өліммен аяқталады.

Тақырыптың маңыздылығы. Құтыру сирек кездесетін ауру болғанымен адам үшін абсолютті летальды инфекция. Дүние жүзінде құтырудан жыл сайын 50 000 адам өлімге ұшырайды және 1 млн жануарлар өледі.

Тарихи мәліметтері. Бұл ауру ежелгі заманнан белгілі. Клиникасын К.Цельс анықтаған. Л.Пастер 1885 ж. құтырған жануарлар тістеген адамдарға вакцина еңгізген. 1892 ж. В.Бабеш, 1903 ж. А.Негри құтырудан өлген жануарлардың ми клеткаларының цитоплазмасында оксифильды қосындыларды анықтаған – олар Бабеш-Негри денешіктері деп аталады – ретроспективті диагноз қоюға өте маңызды. 1903 ж. П.Ремленже аурудың вирустық этиологиясын дәлеледеген.

Этиологиясы. Қоздырғышы – Neuroryctes rabid – рабдовирус тұқымдастығына жататын вирус, оқ тәрізді пішінімен сипатталған. Нейротропты вирус. Вирустың аминоқышқылдарының құрылымы және кезектік орналасуы жыланның нейротоксиніне ұқсайды. Вирионның көлемі 70-170 - 110-200 нм, құрамында РНҚ бар. Суық құтыру вирусын өлтірмейді, қатырғанда тіптен қасиетін жоймай айлар, жылдар бойы сақталады. Жоғары температураға сезімтал - 50° - 1 сағатта, 55° - 20-30 мин., 100°- 2 мин. Кептіруге, ультрафиолетке, күн сәулесіне төзімділігі аз. Сулема, лизол, карбол қышқылы, хлорамин вирусты жояды, ал этанолдың әсеріне төзімді. Вирус жылықанды жануарлар, құстар үшін патогеннді. Вирустың 2 түрі бар – далалық және фиксацияланған. Фиксацияланған вирус сілекей мен берілмейді, тіндік торшаларда, тауық эмбрионында көбееді, вакцина алу ушін қолданады. Құтыру вирусының вируленттілігі әр турлі – қасқыр мен иттің вирус вируленттілігі жоғары: жылқы, сиыр, қой, адам вирусының вируленттілігі – төмен.

Эпидемиологиясы.

  1. Аурудың көзі және резервуары жабайы және үй жануарлар – түлкі, қасқыр,енот тәрізді иттер, борсық, қоян, аю, жабайы ешкі, жарқанат, кеміргіштер, жылқы, ірі қара мал, ұсақ қара мал, түйе.
  2. Берілу жолдары
    • Контактілі - жануарлар адамды тістеп және сілекейлеген кезде вирусты жұқтырады.
    • Аэрогенді
    • Алиментарлы
    • Трансплацентарлы

Патогенезі.

1. Жұқтыру сатысы.

2. Қоздырғыш организмге енгеннен соң жүйке жолдарымен, периневральді кеңестік бойынша ОЖЖ-не жетіп сұр затына жиналады. Вирустың таралу жылдамдылығы 3 мм/сағ.

3. Көбею сатысы – вирус мидың, жұлынның нейрондарында көбееді. ОЖЖ зақымдап –энцефалит дамиды.

4. Нейрогендік диссеминация - периневральды жолдарымен перифериялық жүйке жүйесіне тарап септиневрит шақырады. Периневральды жолдан басқа, лимфогенді және гематогенді жолдарымен бүкіл организмге тарайды.

5. Сілекей безіне жетіп жүйкелік ганглийлерінде жабысып –фиксацияланады, сілекей арқылы бөлінеді.

6. ОЖЖде дегенеративті өзгерістер дамып параличтердің әсерінен ауру өліммен аяқталады.

 

Патанатомиясы.

1.Жедел іріңді емес шашыранды энцефаломиелит.

2.ОЖЖ-де рабиялық түйіндер – ұсақ тамырлар төңірегінде мезенхимальды-глиозды инфильтраттар пайда болады.

3.Жүйке жасушаларында, әсіресе гипокампта (cілекей бөлетін және тістейтін орталықтардың қасында) арнайы цитоплазматикалық қосындылар – Бабеш-Негри денешіктері анықталады.

4.Ішкі ағзаларда гиперемия, қанға толық толуы, нүктелік қан құйылуы анықталады.

Клиникасы.

Құтурыдың кезеңдері:

  1. Жасырың кезең -10 күннен 1 жылға дейін (1-3 ай)
  2. Продромальды кезең –депрессия кезеңі -1-3 күн
  3. Қозу кезеңі -2-3 күн
  4. Паралитикалық (терминальды) кезең -12-20 сағат

Құтырудың ерекше белгілері:






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных