Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Дәріс тезистері




Ф КГМУ 4/3-04/01

ИП №6 УМС при КазГМА

От 14 июня 2010 г.

Арағанды мемлекеттік медицина университеті

Молекулярлық биология және медициналық генетика кафедрасы

Дәріс

Тақырыбы: «Прокариот және эукариот гендерінің экспрессиялы реттелуі»

Мамандығы: 051301 «Жалпы медицина»

Курс: 1

Уақыты: 50 мин.

Арағанды 2009

Молекулалық биология және медициналық генетика кафедрасының отырысында талқыланды

Хаттама № ____________

 

«_____» __________ 2009ж.

 

 

Молекулярлық биология және

медициналық генетика каф. меңг., б.ғ.д, профессор Б.Ж. Құлтанов

Дәріс құрылымы

Тақырыбы: «Прокариот гендерінің экспрессиялы реттелуі»

Мақсаты: Прокариотты клеткалар геномын және прокариоттағы генетикалы ақпараттың экспрессиялы ерекшеліктерін, транскрипция сатыларын оқып білу.

Дәрістің жоспары:

1. Онтогенез процесіндегі генетикалы ақпараттың іске асырылу тәртібі.

2. Генетикалы ақпаратты берудегі репликацияның маңызы.

3. Кейбір ақуыздардың құрылымы туралы ақпараттар экспрессиясының сатылары.

4. Транскрипцияға сипаттама.

5. Трансляцияға сипаттама.

6. Жакоб және Моно оперонының моделі.

7. Негативті реттелу, оның бір ізділіктігі.

8. Позитивті реттелу, оның ерекшеліктері.

Дәріс тезистері

ДНҚ-да барлық ақуыздардың құрылысы және ағзаның РНҚ-сы туралы ақпарат, және де онтогенез процессінде әртүрлі клеткаларда осы ақпараттың жүзеге асырылу тәртібі болады.

Ағзаның барлық сомалық клеткаларында 46 хромосома жиынтығы болады және клеткалар аралығында айырмашылық болғанымен, олардың барлығының ДНҚ бір ақпараттан тұрады.

Репликация процессінде генетикалық ақпарат түгелдей көшірмесін алады және жаңа ұрпаққа береді.

Ссы ақпарат клеткада, барлық тіршілік әрекеті процесстерімен қамтамасыз етіле отырып, экспрессирленеді (жүзеге асырылады).

Бірақ, ядрода барлық ақпарат экспрессирленбейді, тек оның азғантай бөлігі ғана. Белгілі ақуыздардың құрылымы туралы ақпараттың экспрессиясы 2 –этаптан тұрады:

1. Транскрипция: клетка ядросында, белгілі генде матрицалы РНҚ (м-РНҚ) пайда болады. (Бұл ақуыз құрылымы туралы ақпаратты ДНҚ-дан м-РНҚ-ға көшіріп жазу).

Транскрипцияның өнімін дұрысырақ, м-РНҚ-ң негізін құрушы деп атайды, яғни ол ядрода пісіп жетілуге немесе процессингке ұшырайды, бұл кезде ол модифицирленеді. Тек процессингтен кейін, толған м-РНҚ ядродан цитоплазмаға келіп түседі.

Геннің экспрессиясының 2-ші этапы – трансляция - рибосомалардағы м-РНҚ-ң бағдарламасы бойынша ақуыздың синтезі.

Бұл бағдарламаның мағынасы – аминқышқылдардың пептидті тізбекті түзіп, белгілі бір ізділікті қосылуы.

Бір геннің транскрипциясы тұрақты жүрмейді, уақытқа байланысты жүреді, яғни гендер қосылып және ажырап отырады немесе гендер белсенді немесе белсенсіз халде болады.

Прокариоттарда гендерді қосатын өнімдерді индуктор, ал ажырататын өнімдер-репрессор деп аталынады.

Индуктор-бұл спецификалық реттелуші сигнал немесе бір реакцияның соңғы өнімі.

Репрессор – бұл белок. Ген, экспрессия индуктордың әсеріне деген жауапты күшейтеді. Бұл процесс индуцибельді ген деп аталады. Эукариот гендерінде индуктордың орнына реттеуші термині қолданылады. Реттеуші болып: белок, белсенді оттегі, металл саналады.

Геннің экспрессиялы реттелуі – бұл ДНҚ-ның әртүрлі бөлігіне немесе нүкте аймағына (сайттарға) белгілі өнімдер, мысалы белоктың спецификалы өзіндік қосылуын, транскрипцияның басталуы деп атаймыз. Сонымен гендердің экспрессиялы реттелуі дегеніміз қоршаған орта өзгерістеріне организмнің бейімделуі.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных