Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.




Cапқа тұрудың орнын, уақытын, тәртібін, киімнің нысаны мен жабдықты, сондай-ақ қандай қару және әскери техника болу керектігін ескертуге; қажет болған жағдайда бақылаушы тағайындауға;

саптағы өзінің бөлімшесінің (бөлімнің) санын, сондай-ақ қару-жарақты, әскери техниканы, оқ-дәрілерді, жеке қорғану құралдарын және бекініс құрал-саймандарын тексеруге және білуге;

қарамағындағылардың сыртқы келбетін, сондай-ақ жабдықтарының бар-жоғын және оның дұрыстығын тексеруге;

саптың тәртібін сақтауға және бөлімшелердің пәрмендер мен белгілерді, ал әскери қызметшілердің саптағы өз міндеттерін нақты орындауларын талап етуге;

жаяу сапта пәрмен берілгенде саптық тұрысты қабылдауға;

бөлімшелер қару-жарақпен және техникамен сапқа тұрғанда оларға сыртқы шолу жасауды жүргізуге, сондай-ақ жеке құрамды тасымалдауға арналған жабдықты түгендеуге және түзулігін, тасымалданатын (тіркелген) материалдық бөліктің, мүліктің салынуының дұрыстығын тексеруге;

қауіпсіздік талаптарын жеке құрамның есіне салуға;

қозғалыс кезінде белгіленген ара қашықтықты, жылдамдықты және қозғалыс ережелерін сақтауға міндетті.

Әскери қызметші:

өзінің қаруының, өзіне бекітіліп берілген қару-жарақтың, техниканың, оқ-дәрілердің, жеке қорғаныс құралдарының, бекініс құрал-саймандарының, нысанды киімдерінің және жабдығының түзулігін тексеруге;

нысанды киімдерін ұқыпты реттеуге, жабдықтарды дұрыс киюге және жөндеуге, анықталған кемшіліктерді жою үшін жолдасына көмектесуге;

саптағы өз орнын білуге, оған жылдам және әбігерсіз тұруға; қозғалыс кезінде түзелімді, белгіленген аралықты, ара қашықтықты сақтауға; қауіпсіздік талаптарын орындауға; (машинадан) саптан рұқсатсыз шықпауға;

сапта рұқсатсыз сөйлеспеуге және темекі тартпауға, өзінің командирінің бұйрықтары мен пәрмендеріне ықыласпен назар аударуға, оларды жылдам және нақты, басқаларға бөгет жасамастан орындауға;

бұйрықтарды, пәрмендерді бұрмаламай, қатты және нақты өткізуге (айтып жеткізуге) міндетті.

Әскери қызметшілердің міндеттерін оқып-үйрену орта мектептердегі, республикалық әскери мектеп-интернаттардағы, арнайы жоғары оқу орындарының қосымша уақытта өзіндік жұмысқа тапсырма пункті жете қарастырылады, сонымен бірге оқу орындағы оқу процесінің барлық уақытында реттілік пен тәртіптілікті сақтау мақсатында студенттердің осы міндеттерді күнделікті орындауды талап етіледі.

4.Бақылау сұрақтары:

1.Саптың анықтамасы

2.Командирдің міндеттері

3.Саптың элементтері

4.Саптағы әскери тәртіп

5.Әскери қызметшілердің міндеттерін оқып-үйрену

5.Аудиториялық тапсырманы орындау тәртібі:

1. Сабақтың тақырыбы мен жоспарына сәйкес командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.

2. Студенттерді бағалау.

6. Студенттердің аудиторияда тапсыратын тақырыбы:

1.Студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау.

2.Оқыту әдістемесі.

7. Үй тапсырмасы: ҚРҚК-дегі талаптарға сай әскери саптар және оларды басқаруға студенттердің командалық әдістемесін көтеру, шыңдау, дағдылану,қайталау.оқыту әдістемесі

8.Сабақ тақырыптарына сәйкес әдебиеттер және Web сайттар тізімі:

1.Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің жалпы әскерлік жарғылары.

2.Б.Ахметов,Б.Байжұманов Саптық дайындық оқытып үйрету әдістемесі 2003ж

http://mod.go.kz-Қорғаныс министрлігі. asker.kz-Қазақстан Әскері сайты

№3.Практикалық/семинар сабақ тақырыбы:"Саптық тәсілдер және қарусыз қозғалыс жасау."

1.Жоспары:

1.Сап және Сап элементтері.

2.Саптық тұрысты қабылдау.

3.Қарусыз қозғалыстар жасауды меңгеру

2.Сабақтың мақсаты: Студенттердің саптық тұрыс дағдысын қалыптастыру.

3.Қысқаша мәтіні: саптық тұрысты қабылдау және орындау реті.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных