Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы




Жер қойнауын пайдаланушылардың үстеме пайда салығы - салыстырмалы жақсы табиғи жағдайлардағы қызметінен алынған немесе рыноктың салысты рмалы жағдайындағы шығарылған өнімді сатудан алынған косымша пайда үшін төленетін төлем, яғни белгіленген нормативтен тыс алынған табыс үшін төлем. Кең таралған пайдалы казындыларды, жерасты суларын және (немесе) емдік балшықты барлауға, барлау мен өндіруге немесе өндіруге, барлауға және өндіруге байланысты емес жерасты құрылыстарын салуға және (немесе) пайдалануға арналған контракттардың негізінде жүзеге асырылатын қызмет бойынша жер койнауын пайдаланушылар үстеме пайда салығын төлеушілер болып табылады. Салықтық кодекске сәйкес айқындалған үстеме пайда салығын есептеу мақсаты үшін жер қойнауын пайдаланушының шегерімдер сомасының 25%на тең сомадан асатын салық кезеңі үшін жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір жеке дсонтракт бойынша жер койнауын пайдаланушының таза табысының бір бөлігі үстеме пайда салығын салу объекті болып табылады.
Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша корпоративтік табыссалығы жер койнауын пайдалануға арналған әрбір жеке контракт бойынша контракттық қызмет бойынша салық кезеңі үшін Салықтық кодексте белгіленген мөлшерлеменің және көзделген табыстар мен шығыстар сомаларына, сондай-ақ Салықтық кодекске сәйкес ауыстырылатын жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша залалдар сомасына азайтылған, салық заңнамасында белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған осындай контракт бойынша есептелген салық салынатын табыстың көбейтіндісі ретінде айқындалады. Жер қойнауын пайдалануға арналған контракт бойынша бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салықтың есеп айырысу сомасы салық кезеңінде салық заңнамасында белгіленген бейрезиденттің тұракты мекемесінің таза табысына салық мөлшерлемесінің және белгіленген тәртіппен жер койнауын пайдалануға арналған контракт бойынша есептелген бейрезиденттің тұрақты мекемесінің таза табысына салық салу объектінің көбейтіндісі ретінде айқындалады. Салық кезенінде үстеме пайда салығын есептеу Кодексте белгіленген әрбір деңгей бойынша әрбір тиісті мөлшерлемені осындай деңгейге жататын, кейіннен барлық деңгейлер бойынша үстеме пайда салығының есептелген сомаларына коса отырып, үстеме пайда салығын салу объектінің әрбір бөлігіне колдану арқылы жүргізіледі. Таза табыс салық салынатын табыс пен корпоративтік табыс салығы арасындағы айырма ретінде айқындалады. Үстеме пайда салығының мөлшерлемелері өзгермелі шэкілі бойынша - 0%-дан 60%-ға дейін белгіленген (25%-дан кем емес немесе соған теңнен 70%дан жоғарыға дейін, барлығы 7 мөлшерлеме).
Үстеме пайда салығы салық төлеушінің орналасқан жері бойынша бюджетке салық кезеңінен кейінгі жылдың 15 сәуірінен кешіктірілмей төленеді. Үстеме пайда салығы үшін 1 каңтардан бастап 31 желтоқсанға дейінгі күнтізбелік жыл салық кезеңі болып табылады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных