Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






БОЛАШАҚ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА




Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» Жастар

Анатының 2020 жылға дейінгі

Жастар-Отанға!» стратегиясы

      БОЛАШАҚ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА  
         
      ТАБЫСПЕН БАСТАУ: БІЗ БҰЛ ІСТІ АТҚАРДЫҚ  
         
      ДАМУДЫҢ ӨЗЕКТІ МІНДЕТТЕРІ  
         
      ІС-ӘРЕКЕТ УАҚЫТЫ: БІЗДІҢ БАСЫМДЫҚТАР  
    Сапалы білім – берекеліктің негізі  
    Еңбек: жастардың әлеуметтік бейімделуінің маңызды факторы  
    Қазақстан жастарының мәдени дамуы мен бірлігі  
    Жастар кәсіпкерлігін дамыту  
    Жастардың денсаулығы мен оларды қоршаған орта  
    Ғылымды дамыту: елдің зияткерлік әлеуеті  
    Ақпараттық технологиялар ғасырындағы жастар  
    Волонтерлік қозғалыс  
    Жастар патриотизмі: мемлекетті нығайту факторы  
    Жастар дауысы  
      Жас отбасы  
         
      ЖАҢА ДАМУ ЖОЛЫНДАҒЫ «ЖАС ОТАН»  
         
      ЖАҢА ДӘУІРДЕГІ «ЖАС ОТАН»  

 


БОЛАШАҚ БІЗДІҢ ҚОЛЫМЫЗДА

 
 


Біздің Отанымыз жаңа даму кезеңіне аяқ басты. Еліміздің алдында ауқымды жаңғырту міндеттері тұр. Күшті де гүлденген Қазақстан – Елбасының жобасы және Президенттің ой-жоспарларын іске асыруда ең алдымен жас қазақстандықтарға шешуші рөл жүктеледі. Жастар елдің жаңа бет-бейнесін жасап, жаңа идеяларды ұсынуға және Қазақстанды жаңартудың негізгі қозғаушы күші болуға тиіс. Сондықтан біздің Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев жастарды дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр.

Кезінде Елбасының өзі бүкіл елдегі жастар қозғалысының күшті ядросы ретінде «Жас Отан» Жастар қанатын құруға бастама жасаған болатын.

Президент жастардың алдында тұрған нақты міндеттерді белгілеп берді, оларды іске асыру «Жас Отан» ЖҚ-ның Қазақстанның табысты болашағында өзінің лайықты орнын алуына мүмкіндік береді. Елбасының тапсырмалары «Жас Отан» ЖҚ І-съезінің құжаттарында, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының 2020 жылға дейінгі бағдарламасында, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, Президенттің Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ-сессиясындағы сөзінде және Мемлекет басшысының «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» мақаласында көрініс тапты.

Бүгін біз өз дамуымыздың жаңа кезеңінде тұрмыз, өзіміздің одан арғы қызметіміздің жаңа басымдықтары мен міндеттерін айқындап жатырмыз. Біз еліміздің алдында тұрған міндеттерді шешу үшін жастарды топтастырудағы рөлімізді көріп отырмыз. Осы миссияға сәйкес өзіміздің алдағы онжылдықтағы стратегиялық басымдықтарымызды айқындаймыз.

Жаңа Стратегия – біздің ұзақ мерзімді мақсаттарымызды мәлімдеу ғана емес, ауқымды жаңғырту міндеттерін іске асыру бойынша іс-әрекеттерге басшылық болып табылады.

«Жас Отан» – елдің жетекші бұқаралық жастар ұйымы, және біздің басты мақсатымыз – әрбір жас қазақстандықтың мүдделерін қорғау.

Біз:

- жастарды Елбасының стратегиялық бағыты төңірегінде топтастыру үшін әрекет етеміз. Біз топтасқанда ғана алдымызға қойылған Қазақстанды дамыту мақсаттарына қол жеткізе аламыз;

- әрбір жас қазақстандық табысының негізі ретінде адам капиталын дамыту, сапалы білім, кәсіби тұрғыдан өсу және саламатты өмір салтын қолдаймыз;

- адам әл-ауқаты мен ел дамуының негізі ретінде лайықты еңбек үшін әрекет етеміз. Жастар бойында еңбекке деген құрметті тәрбиелеу қажет;

- ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайту, жастар арасында этносаралық және конфессияаралық өзара қарым-қатынас мәдениетін арттыру үшін әрекет етеміз. Бейбітшілік пен келісім – біз сақтап, көбейтетін басты байлығымыз;

- әлеуметтік-еңбек қатынастарының тиімді моделін құру үшін әрекет етеміз, біз жас қазақстандықтар үшін «әлеуметтік лифтілер» жасауды қажет деп есептейміз, ол жастардың өз мүмкіндіктерін толықтай іске асыруына ықпал етеді;

- жастардың рухани және имандылық тұрғыдан дамуы үшін әрекет етеміз. Қоғамымыздың дәстүрлі құндылықтары; отбасының, аға ұрпаққа деген құрметтің құнсыздануына жол бермеу қажет. Отбасы институтына қоғамның негізі ретінде ұқыптылықпен қарауды қалыптастыру қажет;

- жастардың саяси шешімдерді жасап шығару мен қабылдау процесіне кеңінен қатысуына жағдай жасау үшін әрекет етеміз. Біз өзіміздің қоғамдағы жағдайымызды демократиялық әдістермен өзгертуге ниеттіміз.

Біз болашаққа батыл әрі ашық көзқараспен қараймыз, біз бақытты әрі лайықты өмір сүруді қалаймыз. Сондықтан, біз алдымызға ауқымды міндеттер қойып отырмыз және белгіленген мақсат – күшті де бәсекеге қабілетті Қазақстан құру мақсатына қарай біртіндеп байыппен жылжитын боламыз.

 

 

2. ТАБЫСПЕН БАСТАУ: БІЗ БҰЛ ІСТІ АТҚАРДЫҚ


«Жас Отан» белсенді қалыптасу кезеңінен өтті. Алғашқы жұмыс күнінен бастап біз елдің жастарын топтастыру бойынша күрделі міндеттерді шешуге тиіс болдық. Қысқа даму кезеңі ішінде біз волонтерлер құрылымынан кең жалпыұлттық жастар коалициясының ядросын құрайтын беделді ұйымға дейінгі жолдан өттік.

Біз өз ұйымымыздың кең құрылымын құрып алып, «Жас Отан» Жастар қанатының 2008 жылғы 15 мамырдағы І-съезінде Елбасы және «Нұр Отан» партиясының басшысы Н. Назарбаев алдымызға қойған міндеттерді іске асыруға белсене кірісіп кеттік.

«Жас Отан» ЖҚ-ның 2008-2011 жылдарға арналған Іс-қимыл стратегиясының бағдарлары біздің күшті және беделді саяси жастар ұйымын қалыптастырумызға көмектесті. Біз жастарды соңымызға ертіп, біріктіре алдық, елдің барлық прогрессивті жастар бірлестіктерін топтастырып, жұмылдырдық.

Бүгінгі күні қоғам «Жас Отанды» жастардың әртүрлі әлеуметтік топтарының мүдделерін қорғауға дайын ең ықпалды, жауапкершілікті, бастамашыл ұйым ретінде қабылдайды.

Бүгінгі күннің өзінде біз:

- Қазақстан халқының арасында танымал әрі қажет етілетін, кеңінен қолдау тапқан жобаларды: «Дипломмен – ауылға!», «Қазақша сөйлесейік!», «Жастар – Отанға!», «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі», «Еркін Пікір» және басқа да жобаларды іске асырдық;

- нашақорлықпен күреске, жастар кәсіпкерлігіне көмек көрсетуге, ардагерлерге қамқорлық жасауға бағытталған және басқа да республикалық іс-шараларды өткіздік;

- электоралдық науқандарға қатысудың белгілі бір тәжірибесін жинақтадық. Біздің белсенді мүшелеріміз жалпыұлттық сайлау науқандарында сайлауалды штабтарының, волонтерлер топтарының жұмысына барынша белсене қатысты. Неғұрлым белсенді жасотандықтар ел өңірлеріндегі мәслихаттардың депутаттары болып сайланды;

- жастар саясатының өзекті мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Парламентіндегі және барлық деңгейдегі мәслихаттардағы қоғамдық тыңдауларға «Жас Отан» ЖҚ өкілдерінің тұрақты түрде қатысуы қамтамасыз етілуде;

- жастарды «Жастардың кадрлық резерві», жазғы саяси лагерь секілді арнаулы жобалар, Жоғары партия мектебі базасындағы семинарлар арқылы оқыту ұйымдастырылды;

- саламатты өмір салтын орнықтыруға бағытталған акциялар өткізілді;

- жастармен әлеуметтік жұмысты ұйымдастыру бойынша ТМД және ШЫҰ деңгейінде, саяси партиялар мен ұйымдардың жастар қанаттары басшыларының еуразиялық клубымен белсенді халықаралық ынтымақтастық жолға қойылды;

- саяси және идеологиялық бағдарына қарамастан, барлық жастар ұйымдарымен сындарлы сұхбат сақталуда;

- дүлей зілзалалардан зардап шеккен өңірлерді қалпына келтіруге көмек көрсетуге бағытталған, төтенше жағдайларға жедел ден қою жүйесі құрылды.

Жас Отан» ЖҚ өз қызмет жылдары ішінде Президенттің елді жаңғыртуға арналған бағытын жан-жақты қолдаумен қамтамасыз ете алған, беделді де бұқаралық жастар ұйымына айналды. Біз барлық жас қазақстандықтардың сұранысы мен қажеттігін алаламай, жанымызға жақын тұтамыз. Іс жүзінде әрбір қала мен ауданда Қазақстан жастарының мүдделерін ілгері жылжытып, қорғайтын жасотандықтар жұмыс істейді. Сондықтан болса керек, «Жас Отанның» әлеуметтік тірегі – бүкіл Қазақстан жастары.

 

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных