Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Жастардың денсаулығы мен оларды қоршаған орта




 

Жастардың денсаулығы – ел болашағы. Жастар денсаулығының әлеуметтік мән-маңызы олардың қоғамның репродуктивті, зияткер, экономикалық, әлеуметтік, саяси және мәдени резерві болып табылуымен байланысты. Сондықтан жастар денсаулығы – тұтас ұлт пен елдің әлеуеті. Жастар зиянды әдеттердің келеңсіз салдарларын білуі және өз денсаулығын сақтауы үшін қолда бар барлық ресурстарды қосу қажет.

Өкінішке орай, жыл сайын кесірлі құмартудан мыңдаған қазақстандық көз жұмады. Біздің ел ересек адамның бір жылда тұтынатын темекі саны бойынша алғашқы 20 ел қатарына кіреді. Жыл сайын шамамен 4 мың адам алкогольден уланып өледі. Елде есірткі тұтыну да жоғары деңгейде.

Сондықтан «Жас Отан» мыналарға назар аудартады, олар:

- қалаларда қызығушылығы бойынша студенттік және аула клубтарын құру, спорт алаңдары мен велосипед жолдары санын көбейту арқылы жастар арасында бұқаралық спорт түрлерін дамыту;

- балалар-жасөспірімдердің және жастардың спорт жарыстарын ұйымдастыру, спортшыларымыздың халықаралық және ішкі жарыстардағы спорттық жетістіктерін жаппай жазып-көрсету;

- мүмкіндігі шектеулі жастарды дене шынықтыру мен спортқа тарту үшін оларға ерекше назар аудару;

- жастардың спорт объектілері мен ғимараттарында дене тәрбиесімен және спортпен айналысуға қол жеткізуін қамтамасыз ету шараларына бастамашы болу;

- ауылдық жерлерде ұлттық спорт түрлерін дамытуға, ауыл жастары үшін спорт интернаттарын құруға жан-жақты көмек көрсету;

- ҮЕҰ-ды тарта отырып, барлық жастағы жастар арасында саламатты өмір салтын ұстануды тұрақты әрі жүйелі түрде насихаттау және есірткіні, алкоголь мен темекіні тұтынудың кесірлі ықпалы туралы хабардар ету;

- ірі қалалардың «жасыл белдеулерін» сақтау, таза ауыз су көздерін қорғау, аумақтарды жинап-тазалау мен абаттандыру бойынша жастар бастамаларын қолдау;

- белсенді экологиялық білім беруді жүргізу арқылы жастардың экологиялық мәдениетін дамыту;

- табиғат қорғау қызметтері мен ұйымдарының қызметіне жастар ұйымдарының бақылау рөлін арттыру.

 

Күш-қуаты тасыған жас адам өз денсаулығын босқа құртпауға тиіс. Ол өз өмірі және өзі тұратын үй үшін өзі жауап береді.

 







Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных