Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Жемқор қылмыс субъектісі




1-дәріс

1. Жемқор қылмыс субъектісінің түсінігі және түрлері

2. Лауазымды тұлға түсінігі

Коррупциялық қылмыстарда қылмыс субъектісі жалпы да, арнайы да бола алады. Коррупциялық қылмыстардың арнайы субъектісі ретінде мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген және оларға теңестірілген адамдар танылады. Коррупциялық қылмыстардың жалпы субъектісіне мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген және оларға теңестірілген адамдарды сатып алатын, сол сияқты құқық қайшы оларға мүліктік игіліктер мен артықшылықтар беретін жеке тұлғалар жатқызылады.

Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдарға мыналар жатады:

1) барлық лауазымды адамдар, Парламент пен маслихат депутаттары, соттар;

2) мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Респуликасының заңнамасына сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер.

Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамдарға мыналар теңестіріледі:

1) жергілікті өзін-өзі басқару органдарына сайланған адамдар;

2) заңда көзделген тәртіпте Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламенті және маслихаты депутаты лауазымына, сол сияқты жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы органдарына мүшелікке үміткер ретінде тіркелген адамдар;

3) жергілікті өзін-өзі басқару органдарында тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын, еңбекақысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджетінің есебінен төленетін адамдар;

4) мемлекеттік ұйымдар мен жарғы капиталында мемлекеттің үлесі отыз бес пайыздан кем емес болатын ұйымдарда басқармалық функцияларды атқаратын адамдар.

Коррупциялық қылмыстардың бірсыпырасының сараланған белгісі ретінде оларды лауазымды адамның жасауы көрсетілген. Лауазымды адам түсінігі ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына берілген ескертудің 3-тармағында, сол сияқты «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның 2-бабының 4-тармағында берілген: «Лауазымды адам – бұл мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерінде және әскери құрамаларында тұрақты, уақытша немесе арнайы уәкілеттілік бойынша билік өкілінің функцияларын атқаратын не болмаса ұйымдастыру-басқармалық немесе әкімшілік-шаруашылық функциялар атқаратын адам».

ҚР Қылмыстық кодексінің 320-бабына берілген ескертудің 1-тармағына сәйкес, билік өкілі деп қызметтік тәуелділікте болмайтын адамдарға қатысты заңда белгіленген тәртіпте билеу өкілеттіліктері берілген адам танылады.

Ұйымдастыру-басқармалық функциялар деп лауазымды адамдардың ұжымды басқару, кадрларды таңдау және орналастыру, қарамағындағы адамдардың еңбегін ұйымдастыру, еңбек тәртібін сақтау, ұжым алдына қойылған міндеттерді орындау және т.с.с. жүзеге асыру бойынша өкілеттіліктерін айтады.

Әкімшілік-шаруашылық функциялар деп мемлекеттік органдардағы, жергілікті өзін-өзі басқару органдарындағы, сәйкес мекемелер мен әскери құрамалардағы мемлекеттік мүлікті басқару немесе билеу, оны сақтау, сату, оның бақылануын қамтамасыз ету бойынша өкілеттіліктерін айтады.

Заң бойынша тұлға лауазымды адам өкілеттіліктерін уақытша немесе арнайы уәкілеттілік бойынша жүргізуі мүмкін.

2-дәріс

1. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адам түсінігі

2. Арнайы субъект түріне қарай коррупциялық қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықтың жеке-даралануы

Бірқатар коррупциялық қылмыстарда айрықша саралаушы белгі ретінде оны жауапты мемлекеттік лауазым иесінің жасайтындығы көзделген. Жауапты мемлекеттік лауазымға ие адамдарға ҚР Қылмыстық кодексінің 307-бабына ескертудің 4-тармағына сәйкес мемлекет функциялары мен мемлекеттік орган уәкілеттіліктерін тура атқару үшін ҚР Конституциясында, Қазақстан Республикасының конституциялық және басқа да заңдарында белгіленген лауазымдарды, сол сияқты ҚР мемлекеттік қызмет туралы заңнамаға сәйкес мемлекеттік қызметкерлердің саяси лауазымдары жатады.

«Мемлекеттік қызмет туралы» ҚР Заңында саяси мемлекеттік қызметкер – бұл тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызмет етуі саяси пысықтаушы сипатқа ие болатын және саяси мақсаттар мен міндеттердің іске асырылуына жауапты болатын мемлекеттік қызметкер делінген. Саяси мемлекеттік қызметкерлер лауазымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Президентінің «Саяси мемлекеттік қызметкер лауазымдарының реестрін және саяси мемлекеттік қызметкерлерге тәртіптік өндіріп алу шараларын қолдану тәртібін бекіту туралы» Жарлығында көрініс тапқан.

Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 38,46,49.

Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 72,74,97,100.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных