Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырып. Мемлекеттік қызмет және мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы коррупциялық қылмыстар




1-дәріс

1. Лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдалану (ҚР ҚК 307-бабы)

2. Коррупциялық қылмыстардың басқа түрлерін ҚР ҚК 307-бабымен қоса жиынтық бойынша саралау мүмкіндігі

Қызметтік өкілеттіліктерін өзі немесе басқа адамдар үшін немесе ұйымдар үшін пайда алу не болмаса артықшылықтар алу мақсатында немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында қызмет мүдделеріне кереғар теріс пайдалану.

Азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзу қызмет өкілеттіліктерін теріс пайдалану құрамының объективтік жағының міндетті белгісі ретінде.

Қызмет өкілеттіліктерін теріс пайдалану құрамының сараланған түрлері.

Басқа қылмыс түрлерін ҚР ҚК 307-бабымен қоса жиынтықта саралау мүмкіндігі.

2-дәріс

1. Билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалану (ҚР ҚК 308-бабы 4-бөлімінің «в» тармағы)

2. Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу (ҚР ҚК 310-бабы)

 

Өзіне немесе басқа адамдарға не болмаса ұйымдар үшін пайда алу мақсатында немесе басқа адамдарға не ұйымдарға зиян келтіру мақсатында билікті немесе лауазымдық өкілеттіліктерін асыра пайдалану.

Билікті немесе өкілеттіліктерін асыра пайдалануды лауазымдық өкілеттіліктерін теріс пайдаланудан ажырату мәселесі.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу: кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйым құру; кәсіпкерлік қызметпен айналысатын ұйымды басқаруға қатысу. Мұндай ұйымдарға жеңілдіктер мен артықшылықтарды беруді кәсіперлік қызметке заңсыз қатысу құрамының белгісі ретінде қарастыру.

Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысудың сараланған түрлері.

3-дәріс

1. Парақорлық (ҚР ҚК 311-313-баптары)

2. Пара алуды іргелес қылмыс құрамдарынан ажырату

Парақорлық коррупцияның классикалық көрінісі ретінде. Парақорлықтың тар және кең мағынасындағы түсінігі.

Парақорлықты саралаудың күрделі мәселелері: парақорлық заты ретінде мүліктік сипаттағы пайда; пара көлемінің жауаптылыққа әсер етуі, пара беру-алудың нысандары; парақорлыққа байланысты қылмыстардың аяқталу мезеті; сатып алушы пара үшін және сыйақы пара үшін жауаптылықты жеке-даралау.

Пара алудың сараланған түрлері: пара берушінің мүддесіне бола заңсыз әрекеттерді жасағаны үшін пара алу; қорқыта отыра пара алу; пара алуға қоса қатысу; ірі мөлшерде пара алу; бірнеше рет пара алу.

Пара беру мен парақорлыққа делдалдық құрамдарына заңи талдау. Пара беру үшін қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарттары.

Сыйақы түріндегі мүліктік пайда алу парақорлығының коммерциялық сатып алу мен алаяқтықтан айырмашылығы.

4-дәріс

1. Қызметтік жалғандық (ҚР ҚК 314-бабы)

2. Қызметтегі әрекетсіздік (ҚР ҚК 315-бабы)

3. Билікті теріс пайдалану, биліктің асыра пайдаланылуы немесе әрекетсіздігі (ҚР ҚК 380-бабы)

4. Коррупциялық қылмыстардың іргелес құрамдарын өзара ажырату.

Қызметтік жалғандық құрамына талдау. Оның объектісі. Ресми құжаттар қызметтік жалғандықтың заты ретінде.

Қызметтегі жалғандық құрамының объективтік жағының баламалы белгілері: ресми құжаттарға көрінеу жалған мәліметтер енгізу; ресми құжаттарға оның шынайы мазмұнын бұрмалайтындай өзгертулер енгізу; көрінеу жалған немесе жасанды құжаттарды беру.

Қызметтік жалғандық құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде өзі және басқа адамдар үшін немесе ұйымдар үшін пайда және артықшылықтар алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатының болуы.

Қызметтегі жалғандықты жалған құжаттарды жасаудан ажырату.

Қызметтегі әрекетсіздік мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілеттелген адамның немесе оған теңестірілген адамның өзінің қызметтік міндеттерін орындамауы ретінде қарастыру.

Қызметтегі әрекетсіздік құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде өзі және басқа адамдар үшін немесе ұйымдар үшін пайда және артықшылықтар алу немесе басқа адамдарға немесе ұйымдарға зиян келтіру мақсатының болуы.

Қызметтегі әрекетсіздіктің сараланған белгілерінің бірі ретінде ауыр зардаптардың орын алуы.

Қызметтегі әрекетсіздікті салақтықтан ажырату.

ҚР ҚК 380-бабында көзделген қылмыс объектісі.

ҚР ҚК 380-бабында көзделген баламалы әрекеттер: билікті немесе қызметтік уәкілеттіліктерін теріс пайдалану, билікті немесе қызметтік уәкілеттіліктерін асыра пайдалан, қызметтегі әрекетсіздік.

Әскери қызметкерлердің құқықтары мен мүдделерінің елеулі бұзылуы ҚР ҚК 380-бабында көзделген қылмыс құрамының объективтік жағының міндетті белгісі.

Әскери коррупциялық қылмыстардағы арнайы субъект.

ҚР ҚК 380-бабында көзделген қылмыс құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі ретінде кінәлінің пайдақорлық немесе басқа да жеке басының мүдделілігінің болатындығы.

Негізгі әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 28, 33, 34,38, 39, 41, 48, 54

Қосымша әдебиеттер 1.8 бөлімде көрсетілген: 61, 75, 76, 87, 88-90






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных