Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Тақырыбы: Өлшеу процедуралары және диагностика әдістеріне қойылатын талаптар




Лекция тезистері

Өлшеу - дегеніміз өлшем бірліктерінің көмегімен қажетті бір мөлшердің бірлігін анықтау рәсімі. Эмпирикалық тәсілдердің ғылыми таным өлшемдерінің ішінде өлшем б ақылау және с алыстыру сияқты орын алады.

Диагностикалық әдістемелердің басқа зерттеулерден айырмашылығы, оның стандарттылығында. А. Анастази (1982) стандарттылық - процедураны өткізу мен тестінің орындалу бағасының біркелкілігі деген болатын. Осыған орай стандарттылық екі бағытта қарастырылады:

1. Экспериментті өткізу процедурасына бірдей талаптарды өңдеу;

2. Диагностикалық зерттеулер қорытындыларының бағалау критерийлерінің бірдейлігін анықтау;

Эксперимент процедурасының стандарттылығы дегенде инструкция унификациясы, зерттеу бланкілері, қорытындыларды тіркеу жолдары, зерттеуді өткізу жағдайлары алынады.

Стандарттылықтағы маңызды тағы бір кезең, критериийді таңдау, яғни диагностикалық зерттеу қорытындыларын салыстыру. Стандартталған диагностикалық әдіс белгілі бір нормаға бағытталған, оның жүзеге асуына арналған әдіс, зертеушілердің ауқымды тобына арналады. Зерттеушілердің осы тобында салыстырмалы түрде стандартталған нормалар өңделеді, осы нормаларға сай тапсырманы орындаудың жоғарғы, орташа, төмен деңгейлері белгіленеді. Қорытындылауда (интерпретациялауда) диагностикалық тапсырманың орындалуы немесе орындалмауына байланысты оның әртүрлі дәрежесін бағалауға болады.

Алайда, біздің елде К.М.Гуревич басшылығымен тестілер өңделуде, есептеуге статистикалық норма емес, зерттеу нәтижелеріне тәуелсіз әлеуметтік-психологиялық норматив алынады. Әлеуметтік-психологиялық норматив тапсырмасының жиынтығы арқылы жүзден аса тестінің өзі норматив болып табылады. Дұрыс орындалған тапсырманың орта процентін (пайызын) шығарады. Координат жүйесі салынып, абсцисс (көлденен) осі арқылы топ нормалары (дұрыс,орташа, төмен орындалды) ординат (тігінен) осінде тапсырмаларды орындау %-і көрсетеді. Нүктелер арқылы график сызылып, әр топтың әлеуметтік-психологиялық нормативке жақындығы анықталады

Дәстүрлі тестологияда сенімділік термині тұрақтылық, нақтылық, зерттеушілерге алғашқы және қайталап тесті қолданудағы оның қорытындыларының сәйкестігі дегенді білдіреді. Сонымен қатар, сенімділік – объектіге қатысты өлшеу процедурасының орнықтылығы.

Әдіс сенімділігі – психологиялық өлшемнің дәлдігі, яғни алынған қорытындылардың қаншалықты сенімділігін көрсетеді. Әдістемелік дәрежесі көптеген себептерге байланысты. Сондықтан практикалық диагностикадағы маңызды мәселе, өлшем дәлдігін суреттейтін факторларды анықтау.

К.М.Гуревич (1969, 1975, 1977, 1979) шетел әдебиеттерінде жан-жақты анализ жасай отырып, сенімділікті үш мағынада талқылады:

1. Өлшем инструментінің сенімділігі;

2. Зерттеу белгісінің тұрақтылығы;

3.Тұрақтылық, яғни қорытындының экспериментатордың жеке басына салыстырмалы тәуелділігі.

Өлшем құралының (инструментерінің) сенімділігін анықтау.

1. Әрбір зерттеу белгісінің тұрақтылығын анықтау - бұл оның қолданумен байланысты барлық сұрақтарды шешу.

2. Тұрақтылықты анықтау, яғни қорытындының эксперименттің жеке басына салыстырмалы тәуелсіздігі. Корреляция коэффициенті +0,80 төмен болмау керек.

Әдістеменің сапасын бағалаудың сенімділік критерийінен кейінгі талап жарамдылық ( валидтілік ). әдістеменің жарамдылығы оның жеткілікті дәрежедегі сенімділігі қойылғаннан кейін анықталады. Себебі, сенімді емес әдістеме жарамды болуы мүмкін емес.

Валидтілік (жарамдылық) - барлық өлшеу процедурасының валидтілігі алынған нәтижелер өлшенетін объектілер қасиетіне біржақты болып табылады яғни өлшеу пәніне қатысты болады.

Валидтіліктің сенімділіктен айырмашылығы - өлшеудің объектісі мен пәні ұғымдарын айырумен байланысты түсіну керек.

Жарамдылық тікелей әдістемеге қатысты, яғни бұл өлшем инструментінің жарамдылығы. Мұндай тексеру теориялық жарамдылық деп аталады, ал жарамдылық тек оны қолдану мақсатына қатысты болса прагматикалық жарамдылық деп атайды. Диагностикалық әдістеме ерекшеліктерімен шарттасқан жарамдылықтын бірнеше түрлері бар. Көптеген авторлар (А.Анастази, 1982; Л.Ф.Бурлачук, С. М. Морозов, 1989; К. М. Гуревич, 1970; Б. В. Кулагин, 1984; В. Черны, 1983;) т.б. төмендегідей түрлерін анықтайды:

1. Мазмұны бойынша жарамдылық.

2. Біруақыттылығы немесе өтпелі жарамдылық.

3. Болжамды жарамдылық.

4. Ретроспективті жарамдылық.

Сондай-ақ эмпирикалық, конструктивті, конвергентті және дискримиантты, экспертті эмпирикалық валидизация сияқты түрлері бар.

Қазіргі кездегі психодиагностикада әдістемелердің саны жағынан өзара алмасулар көп қолданылады. Берілген өкілдер үшін бұл аспаптарда тестік нормалар сақталмайды. Осындай әдістемелердің бейімделуі қажет, оның ішінде жағдаятқа қабілеті болуы шарт.

Тест құндылығын болжау, сыртқы критерийлерімен тестінің корреляция нәтижесінің коэффициентімен өлшенеді әдістемені қолдану мүмкіндігі 0,2-0,5 коэффициенттің болжам құндылығымен сипатталады. Зерттеу жағдайында тестінің объективті түрде қолдану кезінде бөгде факторлардың болмауын ескеретеді. Зерттеушінің алдын ала ойлаған пікірі талдау және қайта өңдеу кезіңде болмауы керек.

Ғылымилық - психодиогностикалық әдістемелер құбылыстарды оқу-үйрену кезінде берік білімге негізделуі тиіс.Алынған мәліметтер қатаң түрде ғылыми талдаулармен анықтылып, ғылыми ережелерге сәйкестігін қадағалау шарт.

Практикалығы -тез және қарпайым қолданысымен, зерттеуді жаппай өткізуде және зерттеушінің аздаған мөлшерде әдістемені қолдану мүмкіндігіне әсер етуімен нақтылығымен сипатталды.

Пайдалануға ұсынылатын әдебиеттер: [ 1,2,3,5,6,8,9,2,12,14, 15,17,24,25,26]






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных