Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Зін-өзі тану» курсы оқытушысының рөлі мен қызметі




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

3 кредит (135 сағат)

АЛМАТЫ, 2012


ТҮСІНІК ХАТ

Қазақстан Республикасының даму келешегі адам өмірінің жоғары сапасына қол жеткізумен және әлемдік қоғамдастықта оның мәртебесін арттыруымен байланысты. Жоғары технологиялар дәуірінде дәл білім беру жүйесі болашақтың көкжиегін анықтап, тұрақты дамуды және мемлекеттің зияткерлік қуатын қамтамасыз етуде.

Қазақстанды бәсекеге қабілетті адам капиталы бар елге айналдыру үшін, алдыңғы қатарлы озық білім, білім берудің заманауи модельдері және экономикалық өмірдің прогрессивті нысандары бүкіл қоғамның игілігіне айналуы тиіс.

Экономиканың тұрақты өсуі мен педагог мамандығының абыройы мен беделін арттыру үшін сапалы білімді қол жетімді ету арқылы адамзат құндылығын дамыту, білім беру сапасының бәсекеге қабілеттілігі туралы Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасыныңмақсатына орай педагогикалық қызметкерлердің жетілуі мен өсуіне жағдай жасау қажеттілігі туындауда.

Қазақстанның адами қоры бәсекеге қабілетті мемлекет болып қалыптасуы үшін, білім берудің жетекші мағлұматтары, қазіргі заманғы үлгілері және экономикалық өмірдің алдыңғы қатарлы түрлері тұтастай қоғамның игілігіне айналуы тиіс.

Білім берудің ұлттық жүйесінің еліміздің адам ресурстарын дамытуға үлесінің тиімділігін арттыру үшін, жоғары білім беру бағдарламасының «Білім беру» мамандықтары тобы бойынша базалық пәндер циклына «Өзін-өзі тану» пәні енгізіліп отыр. Бұл пән болашақ педагогтің рухани мүмкіншіліктерін, оның тұлға ретіндегі, мәдениет, әлеуметтік және кәсіби шығармашылық субъектісі ретіндегі мәнін дамытуды және байытуды көздейді.

Жаңа пән әрбір адамның өзінің сәйкестілігін және өзінің бағыттылығын сезініп, түсінуіне, жалпы адамзаттық идеалдармен, жалпыұлттық қазақстандық идеямен және өзінің қайталанбас даралығымен сәйкес келетін құндылықтардың өзіндік жүйесін қалыптастыруға жағдай жасап, мүмкіндіктер тудырады.

Әрбір педагогтің қазіргі заманғы әлемдегі басты қызметі, міндеті – оқушының қоғамға қызмет ету мақсатында өзінің өлшенбес әлеуетінің көзін ашып, жүзеге асыруына мүмкіндік алуы үшін өзін-өзі тануы мен өзін-өзі дамытуының ұйтқысы болу.

Мұғалімнің оқушыға ықпалы оның тұлғалық қасиеттері мен өмірлік ұстанымдарын, педагогикалық іс-әрекеттің мәні мен әлеуметтік рөлін, өзінің кәсіби міндеттері мен тұлға ретінде өзіне қоятын талаптарын сезінуімен және қабылдауының дәрежесімен анықталады. Мұғалімнің дүниетанымы, көзқарастары жоғары мектеп студенттерінің өз өмірінің мәні мен мақсаттарын, өзінің мүмкіншіліктерін түсінуге, әлемге және адамдарға қатысты адамгершілік, ізгілік ұстанымдарын айқындауға септігін тигізеді.

Осыған байланысты қазақстандықтардың рухани өмірінің органикалық құраушысы болып табылатын өскелең ұрпақтың бойында этникалық толеранттылық, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетін тәрбиелеу процесі білім берудің барлық кезеңдерінде шешімін табуы тиіс басым міндеттердің бірі болып табылады. Мысалы, Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған, кейін қазақстандық үкіметтің 2011 жылы ЕҚЫҰ-ы ұранына айналған төрт «Т» ұғымы жоғары мектепте «Өзін-өзі тану» пәнін оқыту бағдарламасының басымдылығы болып табылады:

1. «Траст» - қазіргі заманғы қоғамдағы кез келген адам мұқтаж болған сенім.

2. «Традишн» - адамзаттың қағидалары мен құндылықтарына негізделген дәстүрлер.

3. «Транспаренси» - халықаралық қарым-қатынаста жоғары дәрежедегі ашықтық пен конструктивтікті сипаттайтын транcпаренттілік.

4. «Толеранс» - толеранттылық мәдениет аралық және өркениетті диалогтың маңызды құраушысы ретінде.

Жоғары оқу орнындағы оқытушы даярлығының тұлғаға бағытталған сипаты, оның білім алушылардың өзін-өзі тану және өзін-өзі дамыту мәселелеріне жоғары қызығушылығын дамытуына, сонымен қатар олардың әлемнің тұтастығы мен әртүрлілігін сіңіріп, қабылдауға қабілетті, ой-өрісі мен жүрегі үйлесімді, толыққанды тұлғаны қалыптастыру жолдары мен тәсілдерін игеруіне мүмкіндік береді.

Студенттің рухани-адамгершілік дамуындағы біртұтас жүйесінде тәжірибелік-бағыттылық тұрғы тұлғаның психологиялық қорлары мен даралығының әлеуетін анықтайды. Аталмыш педагогикалық тұрғы педагог пен студенттің белсенді өзара әрекеттестігінде жүзеге асырылып, өнімді шығармашылық іс-әрекетті құрастырады.

«Өзін-өзі тану» сабақтарында студенттің тұлғалық дамуының даралық бағыттылығы, мотивтері, субъективті және объективті нәтижелері және басқа да көп қырлы күрделі, көпжоспарлы үдеріс болып табылатындығын естен шығармаған абзал. Типтік бағдарламада СӨЖ және СОӨЖ ретінде студент тұлғасының өзін-өзі кемелдендіру және жетілдіру сәттерін сипаттайтын шығармашылық жобалар мен міндеттер ұсынылуда.

«Өзін-өзі тану» пәнінің құрылымы төрт модульден құралады (3 кредит).

 

Пәннің мақсаты болашақ педагогтардың ізгілікті дүниетанымын дамыту, олардың бойында өзін-өзі тұлғалық және кәсіби дамытудың, өзін-өзі тану мен өзін-өзі дамытуда педагогикалық қолдау көрсетудің шығармашылық білімдер мен практикалық іскерліктердің жүйесін қалыптастыру болып табылады.

 

1 «Өзін-өзі тану негіздері» модулінің міндеттері:

· тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту және өзін-өзі жетілдіру үдерістері туралы біртұтас ұғым беру;

· қазіргі заманғы әлемдегі адамның құндылықтары туралы түсінік қалыптастыру;

· аталмыш жас ерекшелігіндегі тұлғалық және даралық маңыздылықты жетілдіру;

· студент тұлғасының жағымды және шығармашылық ойлауын жүзеге асыру дағдыларын белсендіру;

· студенттердің рухани ақиқаттың «мәңгілігі» және олардың адам өміріндегі маңызы туралы түсініктерін кеңейту.

1 «Өзін-өзі тану негіздері» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:

· өз Отанын – Қазақстан Республикасын сүйетін азамат болуға;

· ел тарихына, отандық және әлемдік мәдени мұра құндылықтарына қамқорлықпен қарауға;

· әлемді және өз-өзін тануда жасампаздықты танытуға;

· өмірлік және кәсіби жағдаяттарда адамгершілік өлшемдерді басшылыққа алуға;

· адамдармен жағымды қарым-қатынаста болуға және көзқарастары мен сенімдері өзгеше адамдармен толерантты болуға;

· саналы түрде салауатты өмір салтын ұстанып, өзінің дене және эмоциялы-рухани жай-күйін қалыпта сақтауға.

 

2 «Өзара түсіністік философиясы» модулінің міндеттері:

· өзін және өзгелерді тану арқылы қарым-қатынас мәдениеті мен әдебін жетілдіру;

· конструктивті қарым-қатынас дағдыларын арттыру және коммуникативті кедергілерді жою;

· студент тұлғасын өзін-өзі дамытуда адами-психологиялық, интеллектілік, ерікті қасиеттерінің маңызын қалыптастыру;

· үйлесімді адамды дамуының басты факторы ретінде қазіргі заманғы отбасының маңызы мен құндылығын нығайту;

2 «Өзара түсіністік философиясы» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:

· өзіне және өзгелерге адал қатынаста болуға;

· даулы жағдайларды конструктивті шеше білуге;

· өзінің дербес рухани негізін ұғынуда сенімді болуға;

· жақындары мен айналасындағылардың сезімін, сүйіспеншілігін қабылдап, бере алуға.

 

3 «Адамзат тәжірибесі» м одулінің міндеттері:

· студенттердің адамзатқа ортақ құндылықтар мен мәдениетке құнды қатынастарын дамытуға ықпал ету;

· студенттерде азаматтық ұстанымды, тұлғаның рухани таңдауындағы дініне құрметпен қарап, транспаренттілікті қалыптастыру;

· әлемдік мәдени мұраларға мирасқорлық және жауапкершілік сезімін дамыту;

· тұлғаның жоғары ішкі және сыртқы мәдениетті меңгеру ұмтылыстарын қалыптастыру.

3 «Адамзат тәжірибесі» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:

· адамзаттың мәдени мұрасы мен тәжірибесінің құндылықтарын;

· адам мен қоғам өміріндегі өнердің рөлі;

· әртүрлі діндердің ізгілендіруші негіздері;

· азаматтылық пен отаншылдықты қалыптастыруға ықпал етуші факторлар;

· мәдени мұраға, адамзаттың мәдениет саласындағы жетістіктеріне сәйкесінше лайықты қатынаста болу;

· психологиядағы ғылыми және жалған ғылыми тұрғыларды айыра білу;

· әртүрлі дінді ұстанатын ұлттар, мәртебелер және т.с.с. ортасында адамдармен жағымды әрі теріс түсініксіз араласу;

· өнер арқылы өзін-өзі тану;

· әртүрлі дін өкілдерімен рухани келісімде болу;

· конструктивті ынтымақтастық (транспаренттілік).

 

4 «Педагог» мамандығы бұл – мақтаныш» модулінің міндеттері:

· студенттердің «педагог» мамандығына деген дербес таңдауына лайықты қатынасын қалыптастыру;

· Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік Бағдарламасыныңмақсатына сәйкес педагог мамандығының беделін арттыруға ықпал ету;

· болашақ мамандардың өзін-өзі кәсіби дамытуға даярлықтарын дамыту;

· студенттердің өзін-өзі кәсіби тану және дамыту әдістемесі мен теориясы туралы біртұтас түсінігін қалыптастыруға ықпал ету;

· педагогикалық міндеттер мен жағдайларды шешудің тиімді жолын табу тәжірибесін қалыптастыру.

«Педагогтың өзін-өзі кәсіби тануы және дамытуы» модулі аяқталған соң студент төмендегідей біліктерді меңгеруі тиіс:

· мамандықтын негізін құраушы қағидаларды, құндылықтарды, артықшылықтарды;

· педагогикалық іс-әрекеттің құнды-мағыналы бастаулары;

· өзін-өзі кәсіби дамытудың негізгі заңдылықтары;

· педагогтың өзін-өзі кәсіби танудың және жоғары деңгейде дамытудың өзекті механизмдері мен жағдайлары;

· студенттердің өзін-өзі тану үдерісінде педагогикалық қолдаудың негізгі қағидалары;

· педагогикалық міндеттерді шығармашылықпен шешу;

· кәсіби біліктілікті жүйелі арттыру;

· кәсіби портфолионы жасау;

· кәсіби қарым-қатынас мәдениетін.

Шектес пәндердің тізімі және олардың аталмыш пәнмен байланысы. «Өзін-өзі тану» пәні «Қазақстан тарихы», «Философия», «Мәдениеттану», «Психология», «Әдеп», «Эстетика», «Дінтану», «Экология», «Педагогика» сынды ізгілендіруші циклдегі пәндермен тығыз байланысты.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Аталмыш курс «Бөбек» ҰҒПББСО адамгершілік-рухани даму жобасының шеңберінде «Білім беру» тобының мамандықтары үшін құрыстырылып, сана сезімнің, өзін-өзі тану және өзін-өзі реттеу қабілеттерінің дамуын болжайтын жеке-дара даму жүйесін анықтайды.

Курс жоғарғы рухани ақиқатпен тікелей байланысты бастапқы құндылық ретінде «Адам жаны» феноменінің шартсыз мойындалуына негізделеді.

«Өзін-өзі тану» курсын оқытудың қағидалары:

· тұлғалық белсенділікке ынталандыру қағидасы. Адамның жан дүниесінің дамуына жүгіну курстың басты қағидасы болып табылады. Адамның жаны - үйлесімді құрылған және мейірімнің, қайырымдылықтың, биязылықтың, жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің нұрын төккен бастапқы құндылық.

· «Зиян келтірме!» талабы ретінде анықталуы мүмкін гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани-адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс.

· Психиканың, сананың және іс-әрекеттің даму қағидасы. Тұлғаның барлық психикалық ерекшеліктері қалыптасу процесінде болғандықтан, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет дамудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдайтын Л.С.Выготскийдің және оның мектебінің бағытымен негізделген. Сана бұл – жүйе, таным негізі. Ойлау тұлға санасының орталығында орналасқан, қалған барлық психикалық процестер санадағы басым қызметтің ықпалында дамиды;

· Кешенділік, жүйелілік қағидасы тұлғаның бірізді және біртұтас зерттелуіне бағарланады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберіндегі оқыту тұлғаның жеке-дара өлшемдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар дамудың жалпы құрылымындағы тұтастай дамудың барысын болжауға да бағытталады.

· Детерминизм қағидасы тұлға психикасының барлық көріністерінің тұлғаның оңтайлы әлеуетін жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасай отырып, мінез-құлқын, іс-әрекетін түсіндіру үшін анықталуы және түсіндірілуі тиіс бірқатар себептермен өзара байланысқан және өзара міндеттелген;

· Л.С. Выготский негіздеген және Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың және т.б. зерттеулерінде жалғасын тапқан дамытпалы оқыту және тәрбиелеу қағидасы. Жағдайдың мәні оқыту мен дамытудың арақатынасында анықталады. Оқыту дамудың алдында жүріп, жақын даму аймағына, яғни әрбір жас ерекшелік кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдарын ескере келе, тұлғаның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс;

· жеке-дара және тұлғалық тұрғы қағидасы әр тұлғаның өзіне тән даму жолы болып, олардың әрқайсысы еркін де қайталанбайтын дамудың бір жолымен өтетіндігін тұжырымдауға мүмкіндік беретін психикалық дамудың жалпы онтогенетикалық заңының бар екендігін білдіреді. Ол Л.С Выготский және оның мектебінің, К. Бюллер мектебінің. В. Штерннің, Ж. Пиаженің және т.б. зерттеулерімен дәлелденді;

· тілектестік, өзара көмектесу және ынтымақтастық ахуалын құруға негізделген оңтайлылық қағидасы;

· жоғарғы құндылықтар: мейірім, жан тазалығы, денсаулық, тұлғаның ішкі жан дүниесінің байлығы, өмір мәнінің арасындағы байланысты орнататын руханилық қағидасы;

· адамның қиын-қыстау жағдайлардың өзінде өзінің өмірлік ұстанымдарына және құнды бағдарларына берік болып, өмірлік стратегиясын сақтап қалу қабілетін сипаттайтын тұлғаның біртұтастылығы қағидасы;

· шығармашылық мүмкіндіктердің, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерінің іске қосылуын алдын ала жоспарлайтын тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы қағидасы;

· объективтілік және ғылымилық қағидасы тұлғаның дербес заңдылықтарында кемелденген даму мүмкіндіктерін ашуды, даму психологиясы тұрғысында тұлға психикасының даму заңдылықтарын түсінуді болжайды;

· отбасылық-орталықтанған тұрғы бізді тұлғаның дамуын бағалауда жоғары оқу орындарындағы педагогтар мен отбасының өзара әрекеттестігіне, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруда тікелей отбасының қатыстырылуына бағыттайды;

Пән мазмұнының қисынды құрылымы келесі жағдайларға негізделе отырып, анықталады:

· адамзатқа ортақ құндылықтардың жүйесі;

· тұлғаның оңтайлы қасиеттерін;

· қалыптасқан мәдениет пен қарым-қатынастың құндылығы;

· педагогтың гуманистік бағыты.

«Өзін-өзі тану» пәні мазмұнының әдіснамалық негізі: рухани-адамгершілік тәрбие процесі туралы философиялық көзқарастар, тұлға қалыптасуының психологиялық негіздері, дәстүрлі этнопедагогика және қазіргі заманғы педагогика. Руханилықтың артықшылығы оқыту мазмұнының, әдіс-тәсілдерінің таңдауын анықтайды.

Адам субъективтілігінің, даралығының қалыптасуы, яғни жоғарғы деңгейдегі ақиқаттың таным жолына бет алып, соған сәйкес өзінің өмірлік жолын анықтайтын тұлға «Өзін-өзі тану» курсының өзекті мәселесі болып табылады. Аталмыш ұстанымдар мәдени-тарихи дамудың тұжырымдамалы теорияларында, тұлғалық-іс-әрекеттік тұрғыда, психиканың жүйелі түсінігінде, сана сезімнің және тұтастай тұлғаның біртұтас дамуында сипатталады.

 

зін-өзі тану» курсы оқытушысының рөлі мен қызметі

Жоғары оқу орындарында жүргізілетін «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының бойынан адекватты көзқарас пен ізгіліктілігі, дүниетаным кеңдігі, кәсіби шеберлік, тұлғааралық қатынастардың жоғары мәдениеті өзара бірлікте көрінуі тиіс. Бұл оқу курсының мазмұнын ізгілендіру бағытын күшейту үстінде белгілі бір нақты бетбұрыстар мен бағытты жүзеге асыруға септігін тигізеді. Мұнда оқытушының эмоциялық қолдау көрсетуі, зерттеуі, фассилитаторлық қызметтерді орындауы нәтижесінде пәнді оқытуға қажетті алғышарттар қалыптасады.

Оқытушының эмоциялық қолдай жасай білуі оның тек қана білімі мен тәжірибесінің молдығын дәлелдемейді, сонымен бірге оның әрбір студенттің өміріне, көзқарасына бей-жай қарай алмайтын ішкі жан дүниесінің байлығын да қажет етеді. Әрине, мұнда оқытушы дара болмысының көркіне ешқандай нұқсан келтірмейді. Ол жастардың өз қажеттіліктеріне деген құндылық бағдарларын тануға да мүдделік танытады. Студенттің жеке тұлғалық мәніне бағдарланған оқыту процесінде оқытушының өзін өте сыпайы ұстап, олардың кез келген сөзі мен әрекетіне түсіністікпен қарауға дайын болуды талап етеді. Әсіресе, студентпен қарым-қатынаста ең алдымен «эмоциялық көңіл - күймен алмасуына» баса назар аударғаны тиімді. Студенттің жеке тұлғалық қабілеттерін дамыту парадигмасына сай болу үшін «Өзін-өзі тану» пәнін оқытатын педагогтың бойында мынандай сапалық қасиеттер болуы шарт:

· эмпатия (өзгелердің сезімін түсіне білу);

· құрметтеу (өзгелерді конструктивті тұлға ретінде бағалай алу);

· шынайылылық (өз сезімдерін ашық білдіре алуы);

· қарым-қатынас әдебі.

Студентке көрсетететін құрметінің педагогтің адамды бірегей тұлға, құндылық ретінде бағалау деңгейі айқын аңғарыла мойындалуы болып табылады. Мұндай жағдайда студент те өзін еркін ұстайды, өзінің дербес дара тұлға ретіндегі мәнін сезінеді. Студенттерді сыйламау (немесе теріс қатынаста болуына), студенттердің эмоцияларына, сезімдері мен ішкі толқынысына немқұрайды қарау «Өзін-өзі тану» пәнінің оқытушысына мүлде жат қасиеттер. Студенттердің әрекетіне, сөзіне, қылығына жағымды немесе жағымсыз қарым-қатынасын білдіруде педагог барынша адал да табиғи болуы қажет. Жағымсыз қатынасын білдіруде оқытушы әдептіліктің шегінен шықпай, өз пікірін мүмкіндігінше студенттің жанын жаралап алмайтындай сөздермен жеткізгені абзал.

«Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының зерттеу қызметінің үш аспектісі бар.

Бірінші аспектіде сабақ үстіндегі топтық жұмыстарда қолданылатын оқыту тәсілдері мен түрлерінің жасау түрлерінің немесе оқыту тәсілдерінің тиімділігі зерттелінеді; Топтың өзара қарым-қатынасының дамуына, әр студенттің жеке тұлғалық сапаларының өсуіне, оқу процесіндегі аудиторияның мотивациялық дайындық деңгейіне талдау жасауы да осы кезеңге енеді.

Екінші аспект «Өзін-өзі тануды» оқытуда психодиагностикалық әдістерді қолдануы мен әрекеттерді орындауы жатады. Оларды пайдалана отырып оқытушы студенттердің даму процесін зерттеуші қызметін атқарады. Сол себепті де ол зерттеу міндеттерін жоғары кәсіби деңгейде анықтай алуға, зерттеу үрдісін сауатты жүргізуге, этикалық талаптарды орындауға қабілетті болуы тиіс.

Зерттеу қызметінің ү шінші аспектісі оқытушының өзін-өзі тану процесінде жеке тұлғаны дамыту технологиясын жүзеге асыруы кезінде анықталады. Өзін-өзі тану бағытында жүргізілетін жеке тұлғаның ресурстарын анықтау мен дамыту, рефлексияны анықтау жұмыстары кезінде байқалатын студенттің ішкі сезімдерінде болып жатқан елеусіз өзгерістер оқытушыдан нәзік сезімталдықты талап тетеді. Пән оқытушысы студенпен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, оның дамуын түзу жолға бағыттап отыруға міндетті. Ол осы әрекеті арқылы шын мәнінде студенттің дамуын үнемі қадағалап отыратын зерттеуші қызметін де мүлтіксіз атқарады. Фассилитаторлық қызмет оқытушының эмпатиясы мен шынайылылығына негізделген, студенттер тарапынан жағымды қабылданған «оқытушы – студент» қатынасының сапасынан айқын көрінеді. «Фассилитация» және «фассилитатор» ұғымдары (ағылшын тілінен аударғанда жеңілдету, көмектесу, қолдау деген мағынаны білдіреді) педагогикаға гуманистік психологиядан келген. К.Роджерстің айтуынша «оқушыны қабылдай алу – бұл оған белсенді түрде сенім білдіру мен оның адами мүмкіндіктеріне үміт арту». Эмпатиялық түсінік оқытушының студент әрекетіндегі реакцияны байқау, түсіну, сезіну қабілеті мен оқудың әрбір білім алушы үшін маңызын бағалауынан тұрады.

Жоғары білім беретін мектепте жүзеге асырыла бастаған оқытудың педагогикалық парадигмасы негізінде осындай педагогикалық ұғым пайда болды. Бұл процесте педагогтің басты міндеті – студентке жалаң білім берумен шектелмей, ең алдымен, студенттің білімді өздігінен меңгеруіне, оның жеке тұлғалық қабілеттерінің дамуына қажетті алғышартты қалыптастыру.

Педагогтың сараптау (кеңес беру) қызметі студенттің білімді де білікті, кәсіби шеберлігі шыңдалған шынайы ұстазға деген қажеттігінен туындайды. Шынын айтқанда, жоғарыда аталған талаптарға кез - келген оқытушының сай келе бермейтіні анық. Ондай оқытушы дәрежесіне көтерілу үшін педагогке базалық гуманитарлық білімге қоса, өзін-өзі жетілдіруге деген құлшыныс, шығармашылық ізденістер, рефлексияға бейімділік, суырып салмалық пен тапқырлық қажет. Мұның барлығы «Өзін-өзі тану» пәні оқытушысының жинақталған портретін құрайтын қасиеттерден тұрады (1-кесте).

Жалпы жақсы педагогтардың барлығына ортақ қасиет - олардың оқыту процесінде студентті субъект деп бағалай отырып, олардың шығармашылық қабілетін шыңдауды өзінің кәсіби парызы санайтындығы.

 

 

1-кесте






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных