Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Даналық сабақтары». Шағын топтармен жұмыс




Студенттермен келесі ойларды талқылаңыз:

  • Отбасы бұл – балаларды бақытсыздықтан қорғауға тартылған кішігірім кеме іспеттес. Ол балаларды жеке шарықтауы мерзіміне дайындайтын ұя.

§ Отбасы қуанышқа негізделіп, сол үшін жаралған. Отбасын бір-бірін сүйіп қосылған екі адам құрайды.

  • Сүю өзге адамның өмірін өзінікіндей қабылдау, ал өз өміріңді басқаға арнау деген сөз.
  • Ата-анасының жанында сүюге үйренбеген, өз отбасын құрағанда да сүйе алмайды.
  • Сәбидің дүниеге келуі және оның жетілу ғажайыбы – отбасын мәнге және жарыққа толтырар дүние.

Оқытушы.

Әңгіме. Анасының жеті қызы. (В.Сухомлинский)

Анасының жеті қызы болыпты. Бір күн анасы алыста тұратын ұлына қонаққа барады. Үйіне тек бір аптадан кейін оралады. Ол үйге келгенде қыздары бір-бірімен жарыса анасын қалай сағынғандарын жеткізіп болмайды

- Мен сені күн шуағын аңсаған көкнардай сағындым-дейді бірінші қызы.

- Мен сені бір тамшы суға зәру болған жердей күттім-дейді екінші қызы.

- Мен сені ойлап, құсты күткен кішкентай балапандай жыладым – деді үшіншісі.

- Маған гүлсіз арадай қиын болды-дейді төртіншісі.

- Түсінде таңғы шықты көрген раушан гүліндей елестедің-дейді бесіншісі.

- Мен сені бұлбұлды қарауылдаған шие бағы сияқты күттім-дейді алтыншысы.

Тек жетінші қызы ғана үндемейді. Ол анасының аяғындағы етіктерді шешіп, аяғын жууға легенге су қуйып алып келеді.

Психодрама«Менің отбасым»

Мақсаты: отбасыішілік қатынастардың диагностикасы. Өз отбасының мүшелеріне оңтайлы қатынасты қалыптастыру.

Нұсқау: Студентке өз отбасының мүсінін немесе жанды көрінісін құрастыру қажет. Отбасына сіз жетілгенше бірге тіршілік еткен адамдардың барлығын қосу. Отбасы мүшелерін оларға тән мінездемелеріне қарай орналастыру. Отбасыңыздағы өзара қатынастардың бірін сахналау. Мүсінді жасаушы қатысушыларды отбасыңыздың әрбір мүшесі туралы хабардар ету. Отбасы мүшелерінің бір-бірімен өзара қатынастарын көрсету үшін ара қашықтықты пайдаланыңыз. Сахнаға отбасының мүшесі ретінде міндетті түрде өзіңізді қосыңыз. Сіз сахнаны ұйымдастырғанша, топ мүшелерінің бірінің сізді көрсетуіңізді ұсынуыңызға болады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Отбасыңыздың өмірінен дәл осы сахнаны не үшін таңдадыңыз?

· Отбасы мүсінін құрастыруда қандай сезімде болдыңыз?

Оқытушы. Сократ шәкірттерінің бірі үйленбекші болып, одан дұрыс шешім қабылдағаны жайында сұрай келгенін айтады. Жауабын алады: Білгеніңді істе. Кейін бәрібір өкінетін боласың. Сірә, ақиқат дананың сөздерін дәлелдеуде. Мыңжылдықтар бұрынғыдай бүгін де неке қоршалған қорғаныс іспеттес: сыртындағылар ішіне кіруге құштар болса, ішіндегілер – аман-есен шығуды армандайды. Сирек кездесетін ерекшеліктер жалпы ережені дәлелдеуде. Амалсыздан сұрақ туындайды: отбасылық бақыттың ұзақтығы бал айымен шектеліп, бірлескен өмірінде бір-біріне көңілі толатын ерлі-зайыптылар жоқтың қасы ма? Әлеуметтанушылар: қазіргі заманғы отбасы дағдарыста деп дабыл ғағуда. Дегенмен, отбасының дағдарысы туралы жалпы мемлекеттік қайғының ортасында бақытты отбасылық отбасылық одақтар бар! Ең алдымен тұрақты, жайлы әрі бақытты некенің ара-жігін ашып алу қажет, бұл ұғымдардың мәні бірдей емес. Отбасының тұрақтылығы некеге толыққанды қанағаттанудың белгісі емес. Ажырасуға ұмтылыс бұл – шеткі жайсыздықтың белгісі болып табылады. Ажырасу емге сенім болмағандағы отаның жасалынуы сияқты. Махаббатқа масайрап, сүйіспеншілікті кешірген соң, бір-бірінен көңілдері қалмай, бірігіп ошақ алауын сақтауға әрекеттенген ерлі-зайыптылар ғана бақытты бола алады. Сонымен қатар, алаудың өрттен басталуы шарт емес, екі адамның бірге жылыну ұмтылыстарының өзі-ақ жеткілікті. Әрі бақытты отбасының жалпыға бірдей заңдарға бағынуы міндетті емес. Олардың жайлылығы әртекті негізге арқау етеді. Бақыт – көзге шалынбайтын нәзік материя. Оның теориялық негіздеу өте қиын. Әркім оны барлық кеңестер мен мысалдарға қарамастан өздігінен іздейді. Дегенмен оның ортақ өлшемдері болады. Сол себепті Лев Толстойдын бір нақыл сөзіне келспегенімізбен басқасына мойынсынбаса болмас: «Адамды өзіңнен жоғары, не өзіңді одан жоғарымын деп есепемесең ғана адаммен бірге өмір сүру жеңіл болады».

Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату–сүйіспеншілікте тұрғанда, оған деген көзқарасында халқымыздың ізгі дәстүрін, өнегелі өміршең салтын, діни жол жосығымызды ескергенде ғана оның қадір-қасиеті, бүкіл отбасын, ауылды, ағайын-туысты топтастырушылық мәртебесі арта түспек. Жеткіншек ұрпақ мұны ұғып, біліп өскені абзал.

Әйелдің еріне қарым–қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның, өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс – қимылы, қас–қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балаларының көзінше бір біріне қатты, балағат сөздер айтпақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде өзі беделдерін жоғалтудың, бала – шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді. Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», «әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе», т.б. деген сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыру қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынандай бір тағылымды эпизод бар.

Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне кешкіре жетіп жығылған 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, сәлемдесу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» – дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түйсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнелді. Ұлы жазушы М.Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, оның тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.

Ата-ананың бір-бірінің қадір-қасиетін осылайша ардақтап, бедделін өсіруі, араларында өкпе-наз, дау-дамай туа қалғанда, оны балалардан оңашада, екеу ара шешіп отыруы– шынайы әдептілік, инабаттылық, адамгершілік, өзара түсіністік. Сонда ғана олар үйдің «Қос алтын босағасы» дейтін халықтық марапатқа лайық биіктен көрінбек.

Астарлы әңгіме «Жүрек»

Ерете, ерте ертеде жүрек тіршілік етіпті. Ол жанның түкпірінде ғұмыр кешіпті. Әрі ешкімге кедергі келтірмепті. Бір күні жанға Сезім кіріпті. Ол бұрында болған екен. Сезім Жүрекке ұнап қалады. Жүрек Сезімді жоғалтып алудан қорқып, оны қатты қастерлепті. Тіптен есікті құлыптап қоятын болыпты. Олар жанның түкпір-түкпірін ұзақ аралап, сөйлесіп, армандайды. Кешқұрым олар жанды жылыту үшін бірігіп от жағады. Жүрек сезімге үйірсектеніп, Сезім оның жанында мәңгі қалатындай көрінетін. Әрі Сезім де солай деп сөз берген. Ол сондай қиялшыл болатын. Бірақ бір күні Сезім жоғалып кетеді. Жүрек оны барлық жерлерден іздейді. Ұзақ іздейді. Бірақ кейін ол жанның бір бұрышынан балтамен шабылған жараны тауып алады. Сезім үлкен жара қалдырып, жай қашып кеткен екен. Жүрек барлығына өзін кінәлайды - ренжитіндей ол Сезімге қатты сенім білдірген еді. Сезім жайлы естелік ретінде жан жарасы ғана қалады. Ол ешнәрсемен жаба алмай қояды. Түнімен ол арқылы Суық та Ызғарлы жел еседі. Ол кезде жан бүрісіп, қатып қалатын. Кейін Жүрекке басқа да сезімдер кіруге ниеттенеді. Бірақ Жүрек оларды кіргізбей, әркез жара арқылы сыпыртқымен сыпырып тастап отырады. Бірте-бірте сезімдер мүлде кірмейтін болады. Алайда бір күні жанға мүлде өзге Сезім келіп, есігін қағады. Алғашында Жүрек ашпай қояды. Сезім алдыңғылар сияқты жара арқылы кірмей, есіктің алдында күтіп отырады. Кеш бойы Жүрек жанның ішінде жай таппай серуендеп жүреді. Түнде әлдеқандай жағдай болар ма деп басына сыпыртқысын жастап, ұйқыға кетеді. Ешкімді қуудың қажеттігі туындамады. Таңертенгісін Жүрек кілттің ұңғымасына сығаласа, Бейтаныс Сезімнің сол қалпында есіктің алдында отырғанына көзі жетеді. Жүрек әлі кірмегенді қууға болмайтынын түсініп, мазасы қашады. Тағы бір күн өтеді. Жүректің бұлқынғаны соншалықты, ол бейтаныс Сезімді жанға кіргізгісі келгенін өле-өлгенше қалағанымен олай жасауға да қатты қорқады. Жүректі үрей билейді. Ол бейтаныс Сезімнің алғашқы Сезімдей қашып кете ме деп қорқады. Олай болса, Жүректе екінші жара пайда болады. Оның салдарынан азынаған жел тұруы мүмкін. Солайша күндерге күндер жалғаса береді. Жүректің есіктің алдындағы бейтаныс Сезімге еті үйреніп қалады. Содан, бір күні көңіл-күйінің жайдарлылығымен бейтаныс Сезімді кіргізеді. Кешқұрым олар алғаш рет от тұтатып, бірнеше жылдардан кейін жандарын шынайы жылытып алады.

- Сен кетіп қаласың ба?- дейді Жүрек шыдамастан.

- Жоқ, -дейді бейтаныс Сезім, - мен кетпеймін. Бірақ менің бір шартым бар сен есікті кілттеп, мені ұстамайсың.

- Мен есікті кілттемеймін, - деп келіседі Жүрек, - бірақ сенің ескі жарамен қашып кетуіңе болады ғой.

Сөйтіп Жүрек бейтаныс Сезімге өзінің әңгімесін баяндап береді.

- Мен ескі жаралармен жүрмеймін,-деп күледі бейтаныс сезім, - мен мұлде өзге Сезіммін.

Жүрек оған сенбейді. Бірақ жанның ішін аралап, серуендеуге шақырады.

- Сенің ескі жараң қайда?-деп қызығушылық білдіреді бейтаныс Сезім.

- Міне, - деп Жүрек ащы жымиып, жара орналасқан жерді көрсетеді.

Бірақ жара өз орнында болмай шығады. Жүрек жанының сыртында суық та ызғарлы, желдің ашулы дауысын естиді. Жүрек бейтаныс Сезімге көз тастап, жымияды да, есікті ешқашан кілттемейтінін айтады.

Студенттерге талқылауға ұсынылатын сұрақтар:

· Астарлы әңгіменің мәні неде?

· Жаңа Сезімдерге қалай жауап беру керек?

· Өз жүрегіңізге қандай ұсыныстар айтар едіңіз?

Рөлдік ойын «Отбасылық кеңес»

Ойынның мақсаты: отбасында икемді болуға, жақындарының қызығушылықтарын ескеруге үйрену. Отбаслық жағдайларда өзін-өзі бара-бар бағалау дағдысын қалыптастыру.

Нұсқау: Студенттер тобы үш «отбасына» бөлінеді. Тапсырма барлығына ортақ ұсынылады. Жеке-дара тапсырма бойынша құрастырылған проблема жөнінде «отбасылық кеңесті» ұйымдастыру. «Отбасылық кеңесте» «отбасының әрбір мүшесі» жасына және даралық ерекшеліктеріне қарамастан дауысқа ие болып, өз пікірін еркін білдіре алады. «Кеңестің» төрағасы «отбасы» талқылайтын негізгі идеяларды, «кеңестің» шешімдерін және шешім қабылданбаған жағдайдағы ықтималды салдарын жазып отырады. «Отбасылық кеңестің» барысын «қоғамдастықтан» екі адам бақылап отырады, алайда «отбасы мүшелері» олар жайында білмейді. Бақылаушылар «кеңестің» барысы мен нәтижелерін анағұрлым толыққанды талқылау үшін қажет. Әрбір үш «отбасының» тапсырмалары төмендегідей.

Бірінші тапсырма: «Күйеуі» - орысшаланған неміс, «әйелі» - орыс, үш бала (17 және 7 жас шамасындағы ұл балалар, 14 жастағы қыз). «Отбасында» оған қоса «енесі», «әйелінің ағасы» (қайын ағасы), «Қайын атасы» бар. «Күйеуі» отбасымен бірақ өзінің тархи отаны Германияға көшкісі келеді. Оның «әйелі» олай болғанын қаламайды. Балалар мен туыстарының ойы әрине бір жерден шықпайды!

Екінші тапсырма: Дәрігерлер «әулеті». «Ата-аналары» қомақты кіріс енгізетін тәжірибелері бар танымал еңбектері сіңген дәрігерлер. Олардың «ұлы» - бозбала, қалалық медициналық университеттің 5 - курс студенті ата-анасының естерінен тандырарлық күтпеген шешім қабылдайды, яғни университетті тастап, шет аймаққа барып пайдалы іспен айналысуға бел буады.

Үшінші тапсырма: 17 жастағы«қыз бала» аяғынан тұрып келе жатқан кәсіпкер 27 жастағы әзірбайжанға тұрмысқа шыққысы келеді. Оның «ата-анасы» «қыздарының» таңдауын құптамайды, ал оның 15 жастағы «інісі» мен «апайы» «әжесі» «немересінің» шешімін қолдап, ол оның жеке басының мәселесі деп есептейді. Тұрмысқа шыққан соң «қыздары» алғашқы кезде «күйеуімен» бірге өзінің «ата-анасының» үйінде тұрғысы келеді.

Студенттермен талдау: әр «отбасы» өздерінің ортасында «отбасылық кеңестің» қалайша жүргенін, барысын, ақыр соңында қандай шешімнің қабылданғанын талдайды. Бақылаушылар өз ойларын ортаға салады. Барлығы бірігіп, «отбасылық кеңестің» тиімділігін, коммуникативті мінез-құлықтың ерекшеліктерін бағалайды.

Жаттығу «Менің отбасымның дәстүрлері»

Нұсқау: студенттерге өздерінің отбасыларына арнап, жаңадан 5-7 дәстүрді жазуға тапсырма беріледі.

Дәстүрлерді қандай өлшемдерге байланысты таңдағандарын негіздеп, түсіндіру.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных