Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Сабақтың барысы: Сәлемдесу рәсімі.




Оқытушы жаңа модульдың сабағында барлық қатысушылармен сәлемдесіп, «Мүсін» жаттығуын ұсынады.

Жаттығу «Мүсін». Топ жұптасып бөлінеді. Педагог нұсқау береді: «Бір-біріңді сезініп, түсінулеріңіз үшін мен «Мүсін» жаттығуын ұсынамын». Өзіңізді топта тап осы мезетте қалай елестететініңізге қарай қиялдап көріңіздер, серігіңізді «саз балшық» ретінде пайдаланып, бірде-бір сөз айтпастан, одан сіздің бейнеңізді анықтайтын мүсінді жасаңыз. Сіз серігіңізге нені және қалай жасайтыныңызды айтпай, бірақ көрсетіп, оның денесі мен бет әлпетімен жұмыс жасай аласыз». Топ мүшелері өз мүсіндерін жасап болган соң, педагог кішігірім піірталас ұйымдастырып, келесі сұрақтарды қояды:

· авторға: мүсініңіз арқылы қандай сезімдеріңіз бен ойларңызды жеткізгіңіз келді?

· «мүсіндерге»: сіз арқылы жасалынған бейнені қалай түсінгеніңізді айтып беріңізші?

Талқылау. Жалпы жаттығу адамдардың бір-бірін түсінулеріне, сабақта оңтайлы көңіл-күйді қалыптастыруға бағытталады.

Дәріс-әңгімелесу. «Адам бола білу – ең қиын мамандық».Хосе Марти

«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға...Абай.

Елдің келешегі – ұстаздың қолында.Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан басталады. Өмірдің өзі – ұлы ұстаз.

Оқытушы. Адам баласының өзінің ұзақ тарихында жасаған рухани, мәдени қазынасы, қымбатқа түскен тәжірибесі, соның ішінде көрегенділік деп аталатын адамгершілік, тәлімгерлік тағлымдары ұрпақтан ұрпаққа ұстаздық-шәкірттік үрдісі арқылы беріліп, жалғасын табады. Ұстаздық пен шәкірттік – адамбаласы арақатыынастарыныың ең бір абзал әрі мағыналы, мәнді түрі. Ұстаз ұғымыны кең. Оның ең негізгі мәні жақсылыққа тәрбиелеу, өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізуге үйрету дегенді білдіреді. Адамзаттың тұтастай тіршілігінің барысында «педагог» мамандығы ең қажеттісі, беделдісі және жауаптысы болып табылады. Жас ұрпақ дүниетанымының, адамгершіліктің қалыптасуы, баланың рухани әлемінің дамуы, демек – елдің болашағы педагогқа байланысты болады.

Ұстаз болғаныңмен, балалық шақтың елестері және әлемді кіршіксіз таза қабылдау ешқашан ұмытылмайды. Балалардан көп дүниелерді үйренуге болады, олармен өзіңді мәңгі бақи жас сезініп, әрбір күнің алдыңғысына ұқасамайды.

Барлық кезеңдегідей қазір де ұстаз ол – білімдердің қоры, еліктеу үлгісі ғана емес, сонымен қатар балар үшін рухани тәлімгер. Ол балаларға мейірімді зұлымдықтан, шындықты өтіріктен ажыратуға үретеді. Мұғалім өз еңбегінің нәтижесін – табысты дана адамды көргенде – ол ұстаз үшін еі жоғарғы марапта болып табылады.

Мұғаліммен жұмыс жасағанда және қызметтік міндеттерді орындау шеңберінде әртүрлі семинарларға, кездесулерге, конференцияларға қатысу арқылы пікірлестеріңді, жаңа достарды тауып, ұстаздықты мамандық емес, өмір салды ретінде қабылдайтындармен араласу мүмкіндігі туады.

Мұғалім мамандығының артықшылығы бұл - шығармашылық қабілеттеріңді ашу, бедел мен силастыққа ие болу, оқушыларыңның жүрегінде өзің жайлы естелік қалдыру әрі кездескенде алғысқа кенелу мүмкіндігі.

Ұстаздық бұл – мәні білімдерді жеткізуде анықталатын мамандық, сондай-ақ адамның басқа адамның алдында өзін-өзі дәлелдеу, тұлғаны қалыптастырудың жоғарғы миссиясы. Жаңа типтегі мұғалімнің жалпы және кәсіби дамуы келесі жағдайлармен сипатталады:

· жоғары азаматтық жауапкершілік және әлеуметтік белсенділік;

· балаларға деген сүйіспеншілік, оларға өзінің жүрегін табыс ету қажеттілі мен қабілеті;

· шынайы зиялылық, рухани мәдениет, өзгелермен жұмыс жасай алу іскерлігі және тілегі;

· жоғары кәсібилік, ғылыми-педагогикалық ойлаудың ақпараттық үлгісі, жаңа құндылықтарды жасауға және шығармашылық шешімдерді қабылдауға даярлық;

· тұрақты түрде білімін жетілдіріп отыру қажеттілігі және оған даярлық;

· дене және психикалық денсаулық, жұмысқа деген кәсіби қабілеттілік.

Ұстаздық борыштың негізін балаларға деген махаббат құрайды. Осындай негізгі қасиет ұмтаздың кәсіби-педагогикалық бағыттылығын сипаттайтын көптеген кәсіби маңызды қасиеттердің мақсатты дамуының, өзін-өзі жетілдірудің алғышарты болып табылады. Ондай қасиеттердің ішінен педагогикалық борыш пен жауапкершіліктің орны ерекше. Мұғалім ұстаздық борыш сезімін басшылыққа ала отыра әрдайым балаларға және ересектерге, көмегіне мұқтаж адамдардың барлығына өзінің құқықтары мен біліктіліктерінің шеңберінде қол ұшын беруге даяр болады.

Жаттығу: «Бала»

Жаттығудың мақсаты: студенттердің балаларға эмоциялы-жағымды қатынасын қалыптастыру.

Студенттер тобы шеңбер құрып отырған соң, кезек-кезекпен «бала» сөзіне анықтама береді (мысалы, бала, ол – бастауыш мектеп жас шамасындағы оқушы). Алғашқы сөйлемнің мәні әркез: «Бала ол -...» деген сөздерді қамтиды. Ары қарай сөйлемді қалауынша аяқтай алады. Талқылауда педагог топтың назарын жағымды анықтамаларға бағыттайды.

Оқытушы. (Дәріс-әңгімелесудің жалғасы) Мұғалімнің өзін-өзі дәлелдеуі педагогикалық борыштың басты көрінісі болып табылады. Оның еңбекке деген мотивациялық – құнды қатынасы дәл сонда анықталады. Ондай қасиетке ие болған мұғалім жұмысында уақытқа тәуелді болмайды, тіптен денсаулығын сарп етуге даяр болады. А. С. Макаренконың, В.А. Сухомлинскийдің, И. Алтынсариннің өмірі мен іс-әрекеті өзін-өзі кәсіби дәлелдеудің айқын көрінісі болып табылады.

Оқытушы дәріс-әңгімелесуді слайдтармен жалғастырады:

1 слайд - Педагогикалық әділдік адамдардың артықшылықтары мен олардың қоғаммен мойындалуының, құқықтары мен міндеттерінің арасындағы сәйкестікті сипаттайды. Ол оның оқушылардың қылықтарын, олардың оқуға, қоғамдық іс-әрекетке деген қатынастарын бағалауда көрініс беретін педагог объективтілігінің өзіндік бір өлшемін, оның адамгершілік тәрбиесінің (мейріміділігі, принципшілдігі, адамилығы) дәрежесін білдіріп, ерекше сипатқа ие.

2 слайд- Педагогикалық абырой бұл – педагогтың өзінәң қызметінің маңызын сезінуімен қатар, оның моральды еңбегінің және қасиеттерінің қоғаммен мойындалуын анықтайтын ұғым. Педагог мамандығындағы жеке-дара абырой мен ар-намыстың жоғары деңгейде ұғынғандығы айқын байқалады. Педагогтың ар-намысы – оның кәсіби борышты өтеуде көрініс беретін шынайы кәсіби артықшылықтарының қоғаммен бағалануы.

3 слайд - Педагогикалық бедел бұл – беделді және сыйлы педагогтың тәрбиеленушілердің мінез-құлықтарын реттеп, олардың сенімдеріне ықпал ететін тәртіптің өзіндік бір үлгісі, педагогтың оқушылар мен қызметтестерінің ұжымындағы моральды мәртебесі. Педагогикалық беделдің деңгейі педагогтың алдыңғы моральды-этикалық және психологиялық-педагогикалық даярлығына байланысты болады.

Слайд – Педагогикалық сана педагогтың өзінің мінез-құлқының нормаларын, көзқарастарында, түсініктерінде, сезімдері мен әдеттерінде бекітілетін тұлға қасиеттерінің құндылығын және қоғамдағы өзара қатынастарының сипатын ұғынуы (түсінуі және қабылдауы) ретінде ұарастырылады. Жеке-дара адамгершілік санада адам тұратқты өзара әрекеттесетін ортаның ерекшеліктері де сипатталады. Ол өз кезегінде педагогтың адамгершілік көзқарастарының, адамгершілік санасының қалыптасуына біршама ықпал етеді. Педагогикалық санадан адамгершілік тәжірибеге көшу педагогикалық такт ретінде қарастырылатын педагогикалық әдептің бір категориясы ретінде ашылады.

5 слайд - Педагогикалық такт ой мен әрекет тұспа-тұс келетін педагогтың іс-әрекетінде педагогикалық моральды жүзеге асырудың түрі ретінде анықталады.

Тұлғаны сыйластықпен қабылдау, жоғары талапшылдықты, серіктесін қызығушылықпен тыңдап, оған кһңіл білдіру іскерлігін, тепе-теңдік пен өзін-өзі меңгеруді, қатынастардағы іскер екпінді, принципшілдікті, адамдарға қатысты зейінілік пен елгезектікті және т.с.с. педагогикалық такттың элементтеріне жатқызуға болады.

Жоғарыда аталғандардың барлығы әрдайым педагогикалық іс-әрекеттің ажырамас элементтері болып қала береді.

Талқылау. Талқылау сұрақтары:

- «Педагог» мамандығы қандай артықшылықтарымен ерекшелінеді?

- Педагогикалық борыштың негізі қандай?

- Педагогикалық іс-әрекеттің элементтері қандай?

- Бұл мамандық сізді несімен қызықтырды?

Оқытушы. Қазіргі заманғы жаңа технологиялар және жетістіктер заманында «педагог» мамандығы жаңадан қарастырылуда. Жаһандану, компьютерлендіру, эмансипация адам еңбек еткен барлық іскер кеңістікті толтыруда. Педагогикалық іс-әрекет дамуының жаңа болашағын ашуда. Тәжірибе, жұмыс жасау әдістемесімен, алмасу жөнінде, оқыту және білім беру саласында жаңа технологияларды меңгеру шетелдік мемлекеттермен ынтымақтастық кеңістігі ашылуда. Бұл педагогтарды қуантуда, өйткені олардың өз еңбектерін жетілдірудің, қазіргі заманғы жаңа деңгейге көшудің мүмкіндіктері туындауда. Мұның барлығы педагогикалық еңбектің қызметкерлерін уақытқа және оның жылдамдығына сәйкес келіп, жаңа оңтайлы деңгейде оқыту мүмкіндігін ашуға міндеттейді. Оқытудың қолайлылығы мен қолжетімдігі, қарым-қатынастың жеңілдігі мен конструктивті тұрғы, позитивтілік пен толеранттылық педагог тұлғасының басты артықшылықтары ретінде анықталуда. Педагогтар үшін ғана емес, сонымен қатар жалпы қатынасу немесе тұлғааралық өзара әрекеттестікке тікелей байланысты мамандық өкілдері үшін де имиджді қалыптастыру өзін-өзін анықтаушы қағидалардың бірі және табыстың кілті болып табылады.

Тест тапсырмасы «Имиджмейкердің көзқарасымен бағалау» (шағын топмен жұмыс).

Топ 5 адамнан құралған шағын топшаларға бөлінеді. Әрбір шағын топшадағы әр студент өзін топшадағы достарының бағалауы үшін педагогтан бланк алады.

Процедурасы. Студент «имджмейкердің көзімен» өзін, сондай-ақ бес ұпай өлшеміндегі имидждік сипаттамалар бойынша топшадағы баланы бағалап 1 бланкыны толтырады. Шағын топшалардағы барлық студенттер процедураны аяқтаған соң, бланктерін ауыстырады. Сонымен олардың әрқайсысының қолында өзін-өзі және өзін достарының сырттай бағалауын қамтыған бланк болады. Әрбір сыналушы әрбір сипаттама бойынша ұпайлардың орташа арифметикалық көрсеткішін есептейді. Егер сырттай бағалаудың орташа ұпай саны дербес бағасынан жоғары болса, бұл студен тің өзін-өзі жете бағаламайтындығын білдіреді. Егер керісінше болса, онда студентке «өзінің бейнесін» қайта қарап шығу ұсынылады. Егер сыртқы баға мен студенттің дербес бағасы бір-біріне сәйкес келсе, бұл айналадағылардың тарапынан «өзінің бейнесін» қабылдаудың тепе-теңдігін білдіреді.

Бейненің сипаттамасы Айқындылығының дәрежесі
         
  Қанықтығы          
  Түсініктілігі          
  Оңтайлылығы          
  Беделдігі          
  Танымалдығы          
  Табиғилығы          

Педагогтың міндеті нұсқауды дұрыс та оңтайлы ұсынып, студенттерге сыртқы сын тұрғысының олардың әрқайсысына дербес имидждерін түзетуге көмектесуде екендігін түсіндіруде екендігін естен шығармаған жөн.

Талқылау. Алған әсерлерімен алмасу.

Оқытушы. Жаңа заманның педагогы бұл – ең алдымен, харизмаға (ерекше дарындылыққа) ие көшбасшы. Ал харизма дегеніміз не?

Владимир Дальдың түсіндірме сөзідігінде аталмыш сөзге түсініктеме берілмеген. Соған байланысты біз оның орыс тілінде жақын арада ғана кеңінен қолданыла бастаған-ау деп болжай аламыз. «Харизма» термині: «Құдайдың қайрымдылығы» және «өзіне назар аударту» деген негізгі екі мағынада қолданылған көне грек тілінен алынған.

Этимологиялық тұрғыда аталмыш екі мән де ежелгі грек аңыздарында сұлулықтың әйел құдайлары – үш сымбаттың атауы «хариттер» сөзімен байланысты.

Войтек Замаровский сымбатты келесі үлгідегі сипаттамасын береді: «Хариттер – көрік пен сұлулықтың әйел құдайлары, Зевс пен океанида Эвриноманың қыздары». Олардың шығу тегі даусыз емес. Кейде олар Дионис пен Афродитаның қыздары деп те айтылады. Антикалық авторлардағы хариттердің саны да сәйкес келмей жатады. Әдетте олар үшеу болған деседі: Аглая (Нұрланған), Эфросина (Жүректі жадыратушы) және Талия (Гүлденген). Олардың үшеу болғаны да кездейсоқтық емес. Олар шарапаттың үш түрі: берумен, алумен және қайтарумен ұштасады.

Олардың «педагог» мамандығымен қалайша байланысатынын қараңыздар. Педагог білімдерді береді, тәрбиеленушісін баз қалпында қабылдау қабілетіне ие, әрі оны қоғамға жаңа білім мен тәжірибеге толтыра отырып, қайтарады.

Автор адамдардың хариеттердің жүректерінде қуаныш пен шаттық сезімдерін оятқандары үшін жақсы көргендерін айтады. Олар адамдардың өмірін тартымды етіп, көріктендіруге, әсіресе адамзатқа ортақ құндылықарды айқындауға тырысады. Ежелгі әлемде харизматикалық қасиеттерге ие болған адамдар ерекше табысқа қол жеткізетін және айналасындағы адамдарға жағымды ықпал ететін мүлтіксіздіктің үлгісі және құдайлардың сүйіктісі деп есептелінген.

Коллаж (шағын топтармен жұмыс) Студенттерге келесі тақырыптар бойынша коллаж жасау ұсынылады:«ХХІ ұстазының бейнесі»;

«Өзін-өзі тану»пәнінің мұғалімі»;«Педагог» мамандығы - беделді!»

Коллажты жасап болған соң, студенттер өздерінің шығармашылық туындыларын көрсетеді. Коллаждың тақырыбы тұтастай топқа немесе әрбір топшаға ортақ болуы мүмкін. Қоштасу рәсімі. Жаттығу «Шеңбер бойымен шапалақтау ».

Оқытушы. «Біз бүгін жақсы жұмыс жасадық, сондықтан менің сіздерге бір ойын ұсынғым келіп тұр. Ол ойынның барысында дыбысын бәсеңдетіп шапалақтап, біртіндеп ұлғайту қажет». Бір студент қолын шапалақтап, жанындағы студенттердің біріне жақындайды. Ары қарай екінші студент топтан келесі адамды таңдап, оған екеулеп қол соғады. Үшіншісі төртіншісін таңдайды, ары қарай соңғы студентке тұтастай топпен қол соғады.

14 – лекция Тақырыбы: «Кәсібилік – педагогтың өзін-өзі тануының және өзін-өзін дамытуының нәтижесі»

Сабақтың мақсаты: «өзін-өзі тану» ұғымын педагогтың өзін-өзі кәсіби дамытуының негізі, педагогикалық іс-әрекет табыстылығының негізгі жағдайларын зерттеу; «кәсіби біліктілік» кәсіби қарым-қатынас, кәсіби белсенділік, кәсіби қабілеттер, білімдер мен іскерліктер ұғымдарын меңгеру ренітде қрастыру.

Әдістері мен формалары: дәріс-әңгімелесу, талқылау, рөлдік ойын, тестілеу, слайдттарды көрсету, ертегі тыңдау (ертегі терапиясының тәсілдері).

Материалдар: хрестоматия, әдістеменің стимулды материалы, ертегі тыңдауға арналған тыныш әуеннің аудио жазбасы.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных