Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Инфекциялық процестің сатылары мен деңгейлері




Инфекциялық процесс – ол эволюция барысында қалыптасқан микробтар мен макроорганизм арасындағы өзара әсерінің ең өзгермелі түрлерінің бірі. Процесс өзара қатынастың себеп-салдарының тұрақты түрде ауысып отыруымен жүреді. Шартты түрде оны бірнеше сатыға бөлуге болады. Бірінші саты – микробтардың макроорганизмге енуі. Микробтың енуі және инфекцияның кіру есігінің аумағында адаптациялануы (лат. аdaptatio - бейімделу), яғни жұғуы (инфицирленуі), және де микробтардың макроорганизм жасушасына жабысуы (адгезиялануы) инфекциялық процестің басталу сәті болып табылады. Кіру есігі – организмге микробтар түсетін ағзалар мен тіндер. Микробтар макроорганизмге көбінесе зақымдалған тері жабындылары және зақымданбаған шырышты қабықтар арқылы енеді.

Екінші саты - колонизациялау (лат. colonia - қоныстану) – кіру есігі аумағындағы тері жабындылары мен шырышты қабықтарда горизонтальды бағытта микробтардың жайылып қоныстануы. Инфекциялық процесс кезінде микробтар жасуша беткейімен горизонтальды бағытта таралуымен қатар макроорганизмнің жасушалары мен тіндерінің ішіне қарай тереңдеп ене бастайды. Микробтардың макроорганизм жасушысының ішіне ену қабілеттілігін пенетрация деп атайды. Бұл кезде қолайлы жағдай туындаса, және де микроб метаболизмінің өнімдері, олардың ферменттері және токсиндері шығып жиналса, микробтар көбейіп, қоздырғыштың жаңа буындары пайда болады. Сонымен қатар макроорганизм жасушасының ыдырауы нәтижесінде пайда болған уытты өнімдері микроб енген және одан алшақтау жерлердегі ағзалар мен тіндерге зақымдаушы әсер етеді.

Үшінші саты - диссеминациялану (лат. disseminaze – шашылу, таралу), яғни микробтардың бірінші енген жерден айналасына, басқа аумақтарға таралуы және лимфа-гематогенді, бронхогенді, периневральді (жүйке бағаналары бойымен) жолмен жаңа жерге қоныстануы. Ол өз кезегінде инфекциялық процестің генерализациялануына, яғни организмде жалпы жайылуына әкеп соғады.

Төртінші саты – макроорганизмнің қорғаныс факторларын жұмылдыру (мобилизациялау). Микробтардың енгеніне және олардың ауру қоздырушылық әсеріне қарсы жауап ретінде макроорганизм алғашқыда өзінің бейспецификалық, ал кейіннен спецификалық қорғаныс факторларының барлығын жұмылдырады. Бұл факторлардың әсері микробтардың өзімен қатар олардың токсиндерін бейтараптауға және макроорганизмнің бұзылған гомеостазын қалпына келтіруге бағытталған. Бесінші саты – инфекциялық процестің аяқталуы және ақыры. Көбінесе макроорганизмнің санациялануы (ағылшынша: sanative – емдік, сауықтырушы), яғни организм микробтардан толық босанады және жаңа сапаға ие болып – иммунитет қалыптасады. Кейбір жағдайда инфекциялық процесс өліммен аяқталады. Микробпен макроорганизм арасында тепе-теңдік жағдай орнықса микробтасымалдаушылыққалыптасады.

Көптеген факторлардың әсерінен инфекциялық процесс оған тән барлық сатыларынан өтпей-ақ алғашқы кезеңдерінде тоқтауы мүмкін. Мысалы, осы инфекцияға қарсы егілген немесе сол кеселмен ауырып тұрған адамдарда жұқпалы ауру абортивті (түсікті) түрде өтеді. Инфекциялық процесс макроорганизмнің биологиялық жүйесінің барлық деңгейлерінде байқалуы мүмкін. Бұл кезде әрбір жоғарғы деңгей төменгі деңгейлерді өзіне біріктіреді. Инфекциялық процестің көп деңгейлі жүйесі ең алдымен өзіне организмдік деңгейді немесе меншікті инфекциялық процесті қамтиды, өйткені инфекция – ол қабылдаушы макроорганизмде туындайтын реакциялар жүйесі. Тіндік-ағзалық, жасушалық (микроб жасушасы мен ие организмі жасушасының өзара әсері) және субжасушалық немесе молекулалық деңгей төменгі деңгейлер болып табылады, олар микробпен макроорганизмнің биологиялық молекулаларының өзара әсеріне негізделген.

Микробтың макроорганизммен өзара әсерінің нәтижесінде бірінші кезекте жасуша зардаптанады, сол жерде микроб тесік тауып, ол кейіннен макроорганизмге енеді.. Организм деңгейдегі инфекциялық процестің клиникасы мен патогенезінің ерекшеліктері қоздырғыштың берілу механизмі мен интенсивтілігіне ықпал ете отырып, эпидемиялық процестің экожүйелік деңгейіндегі ағымына әсер етеді. Сонымен, инфекциялық процесс әрбір жүйе деңгейінің, және де осы деңгейлердің өзара әсерінің көп жақтылығымен және күрделілігімен сипатталады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных