Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Патогенді, сапрофитті және шартты-патогенді микробтар туралы түсінік




Адамдардың, жануарлардың немесе өсімдіктердің макроорганизмі үшін патогенділік (син.: ауру қоздырғыштық) дәрежесіне қарай барлық микробтарды үш топқа бөледі: патогенді, сапрофитті және шартты-патогенділер.

Патогенділер (грек: pathos азап шегу, зиян шегу; genis - туылу) – бұл адамдардың, жануарлар мен өсімдіктердің жұқпалы ауруларының қоздырғыштары.

Сапрофиттер (грек: sapros – шіріген, phyton - өсімдік) немесе патогенсіздер – бұл өсімдіктердің және жануарлардың өлі тіндерімен немесе олардың тіршілік ету кезіндегі өнімдерімен қоректенетін микробтар.. Олар макроорганизмге байланысты емес, оларға тек қана дайын органикалық заттар қажет.

шартты-патогенділер (син.: потенциалды патогенділер немесе оппортунистік инфекциялардың қоздырғыштары) – бұл макроорганизмге тиісті жағдайда, яғни макроорганизмнің резистенттілігі күрт төмендеп, көп мөлшерде макроорганизмнің ішкі ортасына түскенде (пассивті енгенде) ауру туғызушылық әсер ететін микробтар.. Шартты-патогенді микробтарға адамдардың қалыпты микрофлорасының өкілдері немесе жұқпалы аурулар тудыра алатын еркін өмір сүруші микробтар жатады. Өйткені олар эволюциялық даму барысында сапрофиттік, әрі паразиттік өмір сүру қабілеттілігін сақтаған. Патогенді микробтардың ерекшелігі сол макроорганизмнің ауруы олар үшін биологиялық түр ретінде тіршілік етуге қажетті шарт емес, тек қана симбионттық қатынастардың бұзылуының нәтижесі болып табылады. Патогенді және шартты-патогенді микробтардың арасындағы түпкі айырмашылығы осында.

Қазіргі кезде микробтарды патогенді және шартты-патогенді деп бөлудің салыстырмалы екендігі жалпы танылған түсінік.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных