Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Микробтардың патогенділік факторлары




Патогенділік факторлар – ол микробтардың инфекциялық процесс қоздыру қабілеттілігін қамтамасыз ететін материалдық заттектер. Патогенді микробтар макроорганизмнің табиғи тосқауылдарын жеңуі және сол организмде тіршілік етуі үшін адгезиялық, колонизациялық және инвазиялық қасиетке ие болуы керек, яғни макроорганизмнің қорғаныс тосқауылдарын бұзып өту, инфекцияның кіру есігінен тысқары жерде макроорганизмнің ішкі ортасына ену және тіндерде таралу, макроорганизмнің жасушасы ішіне ену (пенетрация) қабілеттілігі болу керек. Сонымен қатар агрессивтік, яғни макроорганизмнің қорғаныс факторларымен интерференцияланатын агрессиндердің көмегімен организмнің бейспецификалық және спецификалық реактивтілігін басып тастайтын, соның ішінде фагоцитозға қарсы тұру, қабілеттілігі болу керек.

Макроорганизмде сақталу және өсіп-өніп көбею мағынасын қамтитын «инвазивтік» терминді қазіргі кезде стафилококтар, стрептококтар, псевдомонадалар т.б. жасушадан тыстық паразиттер үшін қолданады. Патогенді микробтар макроорганизмге улық әсер етуі керек. Патогенді микробтар осы функциялардың әр қайсысын, макромолекулалардан тұратын, инфекциялық процестің спецификалығын қамтамасыз ететін патогенділік факторларды сақтаушы арнайы құрылымдардың көмегімен іске асырады. Спецификалық қасиет әсер етуші құрылымдардың өзара комплементарлық принципі бойынша биологиялық тану механизміне негізделген. Адгезиялануды, колонизациялануды және фагоцитоздан қорғануды негізінде микробтардың беткейлік морфологиялық құрылымының құрамына кіретін макромолекулалар іске асырады. Инвазиялық және агрессиялық қасиет негізінде экзоферменттердің, ал улық әсер ету – жұқпалы аурулар кезіндегі спецификалық симптомдардың дамуында жетекші рөл атқаратын, токсиндердің әсер етуімен байланысты. Инфекциялық процестің тиісті сатыларының дамуында бірден бірнеше патогенділік факторлары қатысады.

Адгезиялануды және колонизациялануды қамтамасыз ететін патогенділік факторлар. Патогенді микробтар тері және шырышты қабықтардың бетінде орнығып қалуы үшін макроорганизмнің табиғи қорғаныс тосқауылдарын белсенді түрде жеңіп алуға тырысады. Сондықтан адгезия және колонизациялану – ол инфекциялық процестің алғашқы іске қосылу механизмі. Осындай тосқауылдан (барьерден) өте алмайтын микробтар макроорганизмге парэнтеральды жолмен ену қабілеттігіне ие болған, ол үшін зақымданған эпидермисті немесе қансорғыш бунақаяқты жәндіктердің көмегін пайдаланады.

Адгезия спецификалығымен сипатталады, ол микробтардың белгілі ие түрлерінің және макроорганизмнің белгілі жүйелері мен органдарының (органтроптылық) эпителиялық жасушыларына таңдап жабысу қабілеттігімен көрінеді. Тіптен бір органның немесе жүйенің (тыныс алу, ас қорыту, жүйке т.б.) шегінде зақымданудың әр түрлігі (мозаикалығы) байқалады. Адгезияның спецификалығын микробтарда комплементарлық құрылым және макроорганизмде оған сезімтал эукариоттық жасушалардың болуымен байланысты. Жабысуға жауапты микроб құрылымы адгезиндер, немесе лигандтар, ал иенің эукариоттық жасушалардағы құрылымдары – рецепторлар деп аталады. Олардың арасында комплементарлық принцип бойынша лиганд - рецепторлық өзара әсерлесу жүреді.

Грам-теріс бактериялардың әр түрлі органеллалары – түктер, қылқыштар, кірпікшелер(фимбриялар) немесе I-типті пилилер адгезиндер түзеді, және де адгезиндер рөлін олардың сыртқы мембранасының негізгі ақуыздары мен полисахаридтері атқарады.

Грам-оң бактериялардың кірпікшелері(фимбриялары) жоқ, адгезиндер рөлін олардың беткейлік ақуыздары мен тейхой қышқылдары атқарады. Капсулалы бактерияларда адгезияларға капсулалық полисахаридтер мен полипептидтер қатысады. Микоплазмаларда адгезиндер цитоплазмалық мембрананың бүртікшелерінің құрамына кіреді. ал вирустарда капсид ақуыздары мен суперкапсид гликопротеиндерінің есебінен іске асады.. Макроорганизм жасушаларының беткейлік табиғи құрылымдарынан басқа вирустармен индуцирленген антигендер мен жүре пайда пайда болатын рецепторлар-көпіршелер де (альбуминдер, иммундыглобулиндер, фибронектин, комплементтің бірқатар компоненттері және басқа молекулалар) рецептор рөлін атқаруы мүмкін. Олар макроорганизм жасушаларының табиғи рецепторларымен және микробтардың адгезиндерімен өзара әсерлесе алады. Егерде бір жағынан рецепторлар жоқ болса, инфекциялық процесс дамымайды.

Микробтардың адгезиялық және колонизациялық факторлары жұқпалы аурулар патогенезінің ең алғашқы басталу сатыларында шешуші рөл атқарады, оны осы ауруларға қарсы профилактикалық препараттар жасау кезінде ескеру қажет.

Микробтардың макроорганизмде жайылып таралу және оның қорғаныс факторларына қарсы тұру қабілеттілігі микробтар түзетін ферменттермен байланысты

Микробтардың макроорганизмге инвазиялануын және онда сақталуын қамтамасыз ететін ферменттерге жатады:

1. гиалуронидаза, бөтен заттардың енуіне кедергі жасайтын денелер тіннің негізгі компоненті – гиалурон қышқылын ыдыратады;

2. нейраминидаза (син.: сиалидаза), жасушалардың беткейлік рецепторларының құрамына кіретін сиал қышқылын ыдыратады, соның нәтижесінде жасуша рецепторы микробтардың адгезиндерімен немесе олардың токсиндерімен өзара әсерлесу қабілеттілігіне ие болады.

3. фибринолизин, қабыну процесі кезінде тіндерде пайда болатын фибрин ұйындысын ерітеді. Фибрин ұйындысы қабыну ошағын шектейді және макроорганизмде микробтардың жайылып таралуына кедергі жасайды. Фибриннің еріп кетуі (лизистенуі) микробтардың макроорганизмде инвазиялануына әкеледі;

4. плазмокоагулаза, плазманың коагуляциялануы қабыну ошағындағы микробтар айналасында қапшық (капсула) пайда болуына әкеледі, соның нәтижесінде микроб фагоцитозға және комплементтің әсеріне қарсы тұра алады;

5. ДНК-аза, жасушалар өлген кезде ортаға шығатын ДНК-ы деполимеризациялайды. Ол қоршаған ортаның тұтқырлығының төмендеуіне әкеледі, нәтижесінде тіндерде микробтардың дамуына қолайлы жағдай туындайды;

6. коллагеназа, бұлшық ет талшықтарының коллагенін бұзып, оның құрылым тұрақтылығын төмендетеді;

7. лецитиназа С (фосфолипаза), бұлшық ет талшықтарының, жасушалық мембраналардың т.б. құрамына кіретін лецитинді және басқа фосфоглицеридтерді ыдыратады. Лецитиннің гидролиздік өнімдері макроорганизмге улық әсер етеді.

 

Антифагоцитарлық белсенділігі бар патогенділік факторлары. Фагоциттерге қарсы белсенділігі бар бактериялар мен басқа да микробтардың маңызды патогенділік факторланына капсулалар, микрокапсулалар, шырышты қаптамалар және олардың құрамына кіретін антигендер жатады. Олар микробтардың беткейлік құрылымдарын көлеңкелеп механикалық тосқауыл рөлін атқарады.

Эшерихияларда, шигелла және салмонеллаларда –К-антигендердің,

іш сүзек қоздырғышында – Ви-антигеннің,

туберкулез қоздырғышында - cord-фактордың,

күйдіргі қоздырғышында – полипептидтік капсуланың т.б. патогенділік факторлары ретінде рөл атқаратыны белгілі.

Микробтар фагоцитоздың барлық сатысында фагоциттеуші белсенділігін басып тастай алады. Микробтардың фагоциттерге қарсы әсер ету қасиеті тек қана оларда капсула, микрокапсула және шырышты қаптамалардың болуымен емес және де микробтардың басқа да қасиеттерімен байланысты:

-фагоциттеуші жасушалардың хемотаксисін басып тастайтын, хемоаттрактанттар мен фагоциттеуші жасушаларды бұзатын заттар шығарады;

-лизосоманың фагосомамен бірігуіне кедергі жасап, жасушаішілік қорытылуға қарсы тұрады;

-оттегі тәуелді киллерлік тиімділік беретін асқын тотық радикалдарының белсенділігін жоятын ферменттер түзеді;

Адгезиндер, ферменттер, агрессиндер, соның ішінде фагоцитозға кедергі жасайтын факторлардан басқа микробтардың токсиндері (грек: toxikon) маңызды рөл атқарады, олар жұқпалы аурулар кезінде улану симптомдарының дамуына әсер етіп, ауру патогенезінде жетекші рөл атқарады.

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных