Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Анның гемограммасы мен лейкограммасы




Медицинада қанның жасушаларын санау өте маңызды рөл атқарады.Клиникада қан анализін анықтау барысында қанның химиялық құрамын,эритроциттер мен лейкоциттердің санын,гемоглобинді және эритроциттердің тұну жылдамдығын,эритроциттердің резистенттілігін анықтаудың ауруларға диагноз қоюдағы маңызы зор.Дені сау адамдарда қан жасушаларының саны (бір-біріне қатынасы)тұрақты,мұны гемограмма дейді.Қан гемограммасында лейкоциттер мен олардың түрлерінің алатын орны ерекше.Мұны лейкоцитарлық формула деп те атайды Қаннның формалық элементтер Қанның формалық элементтеріне:эритроциттер(қанның қызыл түйіршіктері),Лейкоциттер(қанның ақ түйіршіктері),тромбоциттер(қан пластинкалары).Адамның 1 литр қанында эритроциттер 5х10 12,лейкоциттер 6х10 9(1000 есе аз),тромбоциттер-2,5 х 10 11 (эритроциттерге қарағанда 20 есе аз) Лейкоциттер Лейкоциттер немесе қанның ақ түйіршіктерінің адамның қанындағы орташа саны 4-9 х 10 9л,эритроциттерден 1000 есе аз.Лейкоциттер қан ағымы мен лимфа сұйығында қозғалмалы,қан тамырлар қабырғасы арқылы мүшелердің тіндеріне өтіп қорғаныс қызметін атқарады.Морфологиялық ерекшеліктеріне және биологиялық маңызына қарай лейкоциттер 2 топқа жіктеледі:түйіршікті немесе гранулоциттер және түйіршіксіз агранулоциттер болып бөлінеді.Басқаша жіктелуін қарастырсақ лейкоциттердің ядросының формасына қарай домалақ және сопақ сегменттелмеген ядролары-мононуклерлық лейкоциттер,ал бірнеше сегменттелген ядролы-сегментоядролық лейкоциттер деп аталады. Қанды Романовский-Гимза әдісімен(қышқыл эозин және негіздік азур ІІ)бояйды.Эозинмен ашық қызыл түске боялғандарды эозинофилдер немесе оксифилдер немесе ацидофилдер.Ал егер азур-ІІ көкшіл-қызыл түске боялса базофилдер немесе азурофилдер деп аталады. Осыған байланысты гранулоциттердің нейтрофильді,эозинофильді және базофильді түрлерін ажыратады.Ал түйіршіксіз-агранулоциттер лимфоциттер мен моноциттерге жіктеледі.Аталған лейкоциттердің жалпы қандағы мөлшерін қанның лейкоцитарлы формуласы немесе лейкограмма дейді.Жалпы лейкоциттердің адам қанындағы саны мен проценттік қатынасы өте құбылмалы.Көптеген ауруларда,адамның ішкен тағамына,істеген жұмысына қарай саны өзгеріп отырады.Сондықтан қан анализін тексеру көптеген ауруларды емдеп және оларға диагноз қоюда маңызы зор. Лейкоциттер белсенді түрде қозғалады.Қантамырлар қабырғасындағы эндотелиоциттердің арасынан өтіп,эпителийге одан базальды мембранаға,оны қоршаған негізгі зат арқылы дәнекер тініне өтіп отырады.
Лейкоциттер –хемотаксис химиялық қоздырғыш болып табылатын тін өнімдерінің қалдықтарына,бактерияларға қарай қозғалады.Лейкоциттердің ең негізгі қызметтеріне микробтарды фагоцитоз әдісімен жою,иммундық реакцияларға қатысуы жатады.

40, Моноклонды антиденелер, олардың алу жолдары, иммунды диагностика және иммунды емдеудегі рөлі. Гибридомалар алынған кейінгі саты – қажетті клондарды клондау және іріктеу. ГАТ-та тірі қалған жасушаларды арнайы, әдетте әрбіреуі 0,2 см3көлемді 96 қойнаушасы бар пластикалық планшеттерге егеді. Әр қойнаушаға орташа 10 гибридомды жасушадан орналастырған, бірақ олар өсуге қабілетсіз. Олар гибридомаға қатысы жоқ «тамақтандырушы» жасушалар болған жағдайда ғана дақылданған. Бұған бірнеше себеп бар: олардың барлығы ісік жасушасының табиғатының өзінен тамыр алады. Ол әрқашан немесе көбіне тегі шыққан жасушаның қасиеттері мен қызметтерін сақтацйды. Плазмоцитома «жас» плазмалық жасушалардан пайда болады, яғни дәл сол антиденелер синтездейтін жасушалардан. Ісіктерде бұл қасиет пайда болған сәйкес жасушаларында сақталады. Ісіктердің ең маңызды ерекшелігі олардың генетикалық өзгерген (мутантты) жасушадан пайда болуы. Сондықтан да ісік клон секілді пайда болады және дамиды, біздің жағдайымызда иммуноглобулинтүзуші жасушалардың клоны ретінде. Сонымен қатар олар барлық қасиеттері бойынша қатаң біртекті моноклональды иммуноглобулин түзеді.

41. Адамның негізігі гистосәйкестік кешенінің құрылысы, локустарының қызметі. HLA I және II класс антигендері және олардың жасуша аралық әсерлерінің рөлі. Гистосәйкестік әсерлерінің тұқым қуалауы. Адамдарда негізгі гистосәйкестік комплекске (MHC –ағылш.- Major Histocompatybility Complex) HLA жүйесі кіреді. HLA-жүйесі адамны 6 хромосомасының қысқа иығында орналасқан және оған 5 локус кіреді: А,В,С,D,DR. Хромосоманың центромерасынан бастап локустарының орналсуы: D(DP,DQ),DR, В,С, А. Әр локусқа гендердің өте көп аллельдік варианттары кіреді, оларды арнайылықтары деп атайды. Қазірде жақсы зерттелген: А жіне В локустары, А- локусында 60 аса, B локуста – 136, C-38, D локустың өзіне DQ-40,DP-80,DR-139 кіреді. Әр локуста аллельдер көп болғандықтан және кодоминантты тұқым қуалау әсерінен, гистосәйкестік антигендерінің полиморфизмі өте жоғары болады. HLA-гендері кодоминанттық принцип бойынша беріледі, ол екі хромосомадағы гомологиялы аллельдердің бірдей жасушада экспрессиялануы. Ата-анасынан берілген хромосомаларындағы HLA-гендерінің жиынтығын HLA-генотип д.а. Әр адамад хромосоманың диплоидтық жиынтығы бар, әр хромосома жұбында HLA- гендердің біреуі әкесінен, біреуі анасынан берілген болады. HLA-комплексіне үш гендер кластары кіреді, ал трансплантациялық антигендеріне І және ІІ класқа жататын HLA-антигендері кіреді. HLA-жүйесінің І класс антигендері –екі ковалентсіз байланысқан полипептидті тізбектен тұратын полипептидтер болып табылады; бириншісі-ауыр, полиморфты, молекулалық деңгейі 45 кД HLA жүйенің гендерімен кодталған трансмембраналық гликопротеидке жатады; екіншісі- хромосоманың 15 жұбының жалғыз локусымен кодталған, мол.деңгейі 12 кД. HLA І класс гендері трансплантациялық антигендердің синтезін шақырушы А,В,С локустарына бөлінеді. HLA І класс гендері бүкіл ядролы жасушаларда, соның ішінде Т-лимфоциттерде экспрессияланған, және олар «өзінікін» тануда ең маңызды қызмте атқарады, өйткені Т-киллер антигендік детерминанталарды тек HLA І класс антигендерімен қосып таниды. HLA ІІ класс гендеріне DQ, DP, DR локустарының гендері кіреді. Ол гендер арасында иммундық жауап реттейтін, оның күшін реттейтін гендер жатады. HLA ІІ класс антигендері көбірек В-лимфоциттерде,макрофагтарда,дендритті және Лангерганс жасуш.да т.б.белсендірілген Т-лимфоциттерде, арнайылықтанған эпителиоциттерде, т.б. жасуш.орналасқан. Иммунхабарлы жасуш.ң барлық байланыстағы маңызды рөлінен басқа, HLA ІІ класс антигендері антигенді таныстыруда және иммунды жауап шақыруында маңызды рөл атқарады. HLA ІІ кл.Ag ковалентсіз байланысқан, молек.деңг. 34 жіне 28 кД трансмембраналық гликопротеидтен құралған.

HLA-генотип, гаплотип және серотип анықтамасы. HLA-жүйесі антигендерін типтеу әдістері (серологиялық), HLA-антигендерін типтеудің тәжрибелік аспектілері.HLA-барлық ағза жасушаларының үстінде гистологиялық үйлесімділіктің (HLA-Human Leucocyte Antigens) бас кешенінің антигендерінің атауы бойынша аталатын молекулар (ақуыздар).Адам конституциясы генотип бойынша анықталады. Конституция деп, генотип негізінде құрылған сыртқы орта факторлары әсер ете отырып пайда болған организмнің морфологиялық функционалдық, психикалық ерекшеліктерінің комплексін айтады. Генотип[1] (ген және гр. typos – пішін, үлгі) – тірі организмдердің көбеюі кезінде ата-анадан берілетін клеткадағы барлық гендердің жиынтығы. Оған барлық геном (ядролық гендер) мен плазмогендер (цитоплазмалық гендер) жатады.Генотип ағзадағы тұқым қуалаушылық қасиеттің негізі болып есептеледі. Генотип болашақ организмнің дамуында, құрылысында, тіршілігінде, яғни барлық белгілерінде, қасиеттерінде, фенотипінде көрінеді.Фенотип (грек. phaіno – көріну және тип) – организмнің онтогенез барысында қалыптасқан барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы. Фенотип организмнің тұқым қуалау негізі болып табылатын генотип пен сол организмнің дамуы жүріп жатқан қоршаған орта жағдайларының өзара әрекеттесуінен пайда болады. Фенотип ешқашан генотиптің жалпы көрінісі бола алмайды, ол тек белгілі бір қолайлы орта жағдайында ғана жүзеге асатын генотип бөлшегінің көрінісі болып табылады. Генотип пен Фенотип арасында нақты түрдегі байланыс болмайды, яғни генотиптің өзгеруі әрқашан Фенотип тің өзгеруімен қатар жүрмейді.Серологиялық НЛА іріктеу

Мүше мен тінді салған кезде донор мен реципиентті гистосәйкестік дәрежесі бойынша іріктеуге 1958 жылы алғашқы рет Ж.Доссе бірінші трансплантациялық(лейкоцитарлы) антигенді бейнелегені,мүмкіндік берді.Шеткері қанда трансплантациялық антигенннің толық жиынтығын алып жүретін жасуша бар екені белгіленген.Бөгде ағзаның ол антигенін жойып шығаруға бағытталған иммундық серпіліс жүреді.Тұрақтамау серпілісі МНС комплекс пен гипосәйкестік комплексіне жататын қан тобының антигеніне қарсы жүреді.Мнс адамда НЛА жүйесі деп аталған,негізі осы жүйенің антигені бойынша донор мен рейипиент сәйкес болмаса, тұрақтамау серпілісі өтеді.Тұрақтамау серпілісінің өнімделуіне жауапты МНС комплекстің және қан тобы антигенінің айырмашылығы болғандықтан,донор мен реципиенттің тіндік гипосәйкестігін анықтау үшін әртүрлі тінді іріктеу әдісі зерттелген.

1. Донор мен реципиентте АВО антигені бойынша топтық сәйкестігін анықтайды.Транспланттағы осы антиген қайсысына болса да қарсы синтезделген антидене,сәйкессіздік жасушада комплемент тәуелді лизисті шақырады.

Гистосәйкестік антигенді молекулалық ДНК зондтау арқылы полимеразды тізбекті серпіліс көмегімен анықтауға болады.,оны молекулалық генетикалық іріктеу деп атайды.

Донор мен реципиентті НЛА антигенін серологиялық іріктеу үшін микролимфоциттітоксикалық тест (МЛЦТ) қолданады.Бұл тест бойынша СД антигенді анықтайды.Оған А,В,С,ДР локусының антигеі жатады.МЛЦТ өткізу үшін,донор мен реципиент лимфоцитін бөліп алу керек,сосын микротитрлеу планшетінің ячейкасына МНС І және МНС ІІ класс антиген аллельіне ерекшелікті моноклонды антидене құйылады,сосын лимфоцитті қосады.Осы планшетті инкубациялаған соң комплемент қосады,сосын серпілісті жасуша жойылуынан немесе осы тек ғана өлген жасушаға әртүрлі бояғыштар (көк трипан мен эозин) қосылуы арқылы бағалайды.Егер лимфоцит бір моноклонды антиденеге ерекшелі МНС аллелін эксрессияласа,комплемент қосқаннан кейін,ол жасуша жойылады да,өлген жасуша көк трипанмен боялады.НЛА іріктеу комплемент тәуелді жасушалық цитотоксикалық әсері арқылы өтеді,ол әртүрлі МНС аллелінің болуын немесе жоқтығын көрсетеді.

Д локусының антигенін ЛД антигені деп атайды.ЛД антигенін АЛД серпіліс арқылы стандарттық лифоцит көмегімен анықтауға болады.АЛД серпілісті бласттық трансформациялану серпіліс арқылы екі адам лимфоцитін өсіріп анықтауға болады.Донор мен реципиент аралас лимфоцит дақылды серпіліс әлсіз болған кезде,трансплантат тұрақтауы өте жақсы болады.Егер донорлық мүшесі өліктен болса, онда төрт алты күн ішінде Алд серпілісін қоятын мүмкіншілік болмайды,сондықтан донор мен реципиентті НЛА антигені бойынша іріктеу үшін МЛЦТ әдісі тиісті болады.

43, HLA жүйесінің антигендерін типтеу әдістері. HLA жүйесі адамдардың лейкоцитарлық антиген жүйесі. HLA жүйесі адамдардың 6 хромасомасының қысқа иығында орн. Және оған 5 локус кіреді А,В,С,Д, DR. Әр локуска гендердің аллелі кіреді. Ата анасынан берілген хромосомаларындағы HLAгендердің жиынтығын HLA генотип д.а.Әрбір адамда хр диплоидтық жиынтығы бар әр хромосоманың жұбынды HLA гендердіңбіреуі әкесінен, біреуі анасынан беріледі.Бір хромосомадағы HLA гендер жиынтығы HLAгаплотип д.а. HLA фенотип жасушалар бетінде берілген HLA антигендері кодаминанттық принципі бойынша жазылады.

Қазыргі кезге дейін зертханаларда HLA-A. В, С и DR-антигендері серологиялық әдіс арқылы анықталады,көбінесе лимфацитотоксикалық тес арқылы. Бұл тест анти-НLА-антидененің қабілетіне байланысты яғни бұл комплемент осыған сәйкес антиген детерминанты бар лимфациттерді бұзады. Осы жасушалардың өлімі трипанового синего қосқанда жүзеге асады. Осы кезде өлген, зақымдалған жасушалар боялады, және микроскоп астында оның саны есептеледі. Лимфоцитооксикалық тесттің модификациясы болатын Микроәдіс қолданылады. Ол әдіске 1 мкл сарысу және жасушаның аз бөлігі қолданылады. Микролимфоцитотоксикалық тест стандартты болып есептеліп, барлық лабараторияда қолданылады. Сарысудың жиынтығы құрамында анти-НLА-антидене бар сарысуды зерттулер арқылы жасаладыБұл антидене жүктілік кезінде, гемотрансфузияда, аллотрансплантат жасағанда индуцирленуі мүмкін.

лимфацитотоксикалық тест әдісі келесіден тұрады.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных