Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Ыманы және ұңғыма қондырғыларын пайдалану және қабат жағдайын бақылауды әзірлеу




 

Кен алаңын бақылауды әзірлеу жоспарының түрлерін және зерттеу жұмыстарында мыналар қарастырылған:

1. Сұйық өнімін және саға қысымын анықтау.

2. Сулану өнімін анықтау.

3. Газдың факторын анықтау.

4. Қабат қысымын анықтау.

5. Түп қысымдарын анықтау.

6. Қабаттың сулану интервалын және алыну мөлшерін анықтау.

7. Мұнайды терең зерттеуді сынау.

8.Мұнай-суға байланысты зерттеу, ұңғыма оқпанын өндірістік-геофизикалық әдіспен техникалық зерттеу.

Қабат және түп қысымдарды статикалық және динамикалық деңгейге байланысты анықтау.

Газдық фактордың өлшемі, Пито құбырымен анықталады. ГИС (геологические исследование скважин) - ҰГЗ(ұңғыманы геологиялық зерттеу) бригадасының соңғы 2006 жылы жасалған жұмысына байланысты газ өнімі 8060 м3/тәу құрайды.

Газдың факторы 287 м3/тонна. АО «Игілік Сервис» мекемесінің берген қорытындысы бойынша № 96, 60, 87, 304, 311, 336, 57, 85 ұңғымаларының интервалы суланған, құбыр тесіктері және ұңғыма оқпанының түптері ластанған №84, 89, 322, 90 ұңғыма бағанының орындары жоғарғы қабат тесіктері бұзылған, муфталық қосылғыштары ығыстырылған. №91 ұңғыма 0-645 метр интервалға дейін, 1425 метр тереңдіктегі құбырлары өзгерген, №88, 73 ұңғымалар тесіктерінің коллекторлық қасиеттері нашарланған, жаңа ұңғымалардағы газ өнімін өлшеу, қабат және түп қысымдарын анықтау шаралары толықтай жүргізілмеген.

Қабат және түп қысымдарын дер кезінде өлшемегеннен қабатта изобар карталары тұрғызылмаған. №70, 305, 306, 324, 53, 336 ұңғымаларында дебитометриялық жұмыстар жасалмаған.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных