Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Оқ тығынын зерттеу




Үш оқ тығыны бір-біріне ұқсас, диаметрі 20мм + 0,3мм мм, қалыңдығы 8 мм, қара түсті киізден жасалған (№5 фото). Бір оқ тығын деформацияланған, формасы дұрыс емес, шетінің көлемі 27х2 4 мм, оған бір шетінен диаметрі 3,5 мм + 0,3 мм сұр түсті металдан жасалған төрт бытыра кірген, олар атыс кезінде газ дәрі қысымы күшінің әсер етуімен оқ тығынына кірген (№6 фото).

Анықтамалық әдебиетте көрсетілген жасақталған оқ-дәрі көлемінің кестесіне сәйкес оқ тығыны көлемінің сипаттамасы 12 калибрлі тегіс оқпанды мылтыққа жасақталған оқ-дәріге арналған оқ тығынының көлеміне сәйкес.

Оқ тығынын дайындау материалы, көлемінің сипаттамасы, яғни зерттеуге ұсынылған үш оқ тығыны бұрын бір бүтін тұтастығын және бір мылтықтан атылғаны туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.

Қарудың белгілі бір түрінен оқ тығыны атылғаны туралы мәселені шешу мүмкін емес.

Зерттелген оқ тығынынан, яғни бетінде «жанасқан дақ» ішіне майысқан түрінде пішіні өзгергені, қару оқпаны бойынша қозғалған кезінде оқ тығынының бір бірімен түйісуі салдарынан туындаған пішіні дөңгелек екені анықталды.

Бытыраны зерттеу

Он бес бытыра сұр түсті жұмсақ металдан жасалған, дұрыс емес, ең кіші 2 мм, ең үлкен 3,5 мм диаметрмен сфералық пішінге жақын.

 

Маман К.О.Нурғалиев

 

Бытыраны микроскопиялық зерттеуде, яғни бетінде «жанасқан дақ» ішіне майысқан түрінде пішіні өзгергені, атыс кезінде қару оқпаны бойынша қозғалғанда оқ тығынының бір бірімен түйісуі салдарынан туындаған пішіні дөңгелек екені анықталды. Бытыра қару оқпанының бетінде қандай да бір іздер анықталған жоқ.

Бытыра бетінде қару оқпаны іздерінің болмауы қару калибрін анықтауға мүмкіндік бермейді және атыс жасалған қаруды сәйкестендіру үшін жарамсыз.

ЖИНАҚТАУ БӨЛІГІ:

- Зерттеуге ұсынылған үш оқ тығыны 12 калибрлі аңшы оқ-дәрісінің бөлігі болып табылады;

- Зерттеуге ұсынылған үш оқ тығынынан атылу туралы мәселені шешуде белгілі бір қару түрінен екеніне мүмкіндік бермеді:

- Зерттеуге ұсынылған 19 бытыра аңшы оқ-дәрісінің бөлігі болып табылады және атыс жасалған қаруды сәйкестендіру үшін жарамсыз.

Қойылған сұрақтарды шешу үшін мынадай кешенді зерттеу әдістері қолданылды:

1. Көзбен тексеру.

2. Суретке түсіру. Зерттеу объектілері «Nikon» сандық фотоаппараты және лазерлі «CELERON» компьютер жиыны арқылы масштабты сызғышпен сот суретінің ережесі бойынша суретке түсірілді.

3. «Canon» принтері. Фото суреттердің сандық параметрлері: 2592х1944.

4. 10-15 еселі арттырумен МСП-1 сандық микроскопты қолданумен микроскопиялық зерттеу.

5. «ШЦ-125» штангенциркульдің көмегімен өлшеу (өлшеу дәлдігі 0,1 мм).

6. Сипаттама, криминалистикалық эксперимент, техникалық зерттеу, талдау, жинақтау және салыстыру.

Зерттеу барысында арнайы анықтамалық әдебиеттер пайдаланылды.

1. Справосное методическое пособие под общей редакцией А.И.Устинова «Охотничьи огнестрельное оружие отечественного производства», РИО ВНИИ МВД СССР Москва 1969 г.

2. «Судебная баллистика и судебно-баллистическая экспертиза» (под ред. Стальмахов А.В. 1998 г., г.Саратов).

ҚОРЫТЫНДЫ:

1) Зерттеуге ұсынылған үш оқ тығыны 12 калибрлі аңшы оқ-дәрісінің бөлігі болып табылады;

2) Зерттеуге ұсынылған үш оқ тығынынан атылу туралы мәселені шешуде белгілі бір қару түрінен екеніне мүмкіндік бермеді:

3) Зерттеуге ұсынылған 19 бытыра аңшы оқ-дәрісінің бөлігі болып табылады және атыс жасалған қаруды сәйкестендіру үшін жарамсыз.

 

Маман К.О.Нургалиев

 

Қосымша: фотокесте 1 парақта

 

Азаматтық талап қоюға жәбірленушіге құқықтарын түсіндіру

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 03 мамыр Павлодар қ.

 

Басталуы сағ. 10.00, аяқталуы сағ. 10.15

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев Павлодар қ. облыстық ауруханасының үй жайында ҚР ҚПК-нің 167 б. басшылыққа ала отырып, № 165552031000064 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші Е.Е. Абденбаевқа осы баппен қарастырылған құқықтары мен міндеттерін түсіндірді, атап айтқанда:

1. Азаматтық талапты қылмыстық құқық бұзушылықпен немесе есi дұрыс емес

адамның қылмыстық жазаланатын іс-әрекетімен тікелей мүліктік немесе моральдық зиян келтірілген тұлға не оның өкiлi сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталған кезден бастап сот тергеуі аяқталғанға дейін қоюы мүмкін.

2. Осы Кодекстің 58-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, прокурор

азаматтық талап қоюға құқылы. Салдарында адам қайтыс болған қылмыстар туралы істер бойынша азаматтық талапты қайтыс болған адамның осы Кодексте көзделген жәбірленуші құқықтарын жүзеге асыратын жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) қоя алады.

3. Азаматтық талап күдіктіге, айыпталушыға, сотталушыға немесе оның әрекеттері

немесе есі дұрыс емес адамның әрекеттері үшін материалдық жауаптылықта болатын тұлғаларға қойылады.

4. Азаматтық талап қойған тұлға – азаматтық талапкер деп, өзіне талап қойылған

тұлға азаматтық жауапкер деп аталады. Көрсетілген тұлғалар қылмыстық іс бойынша іс жүргізу барысында процестік құқықтарды пайдаланады және осы Кодексте азаматтық талапкер мен тиісінше азаматтық жауапкер үшін белгіленген процестік міндеттерді көтереді.

5. Талапкер қылмыстық істе азаматтық талап қойған кезде мемлекеттік баж төлеуден

босатылады. Азаматтық талап қоюдың соттылығы ол берілген қылмыстық істің соттылығымен айқындалады және қылмыстық іспен бірге қаралады.
6. Азаматтық талап азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қаралатын талап қоюларға қойылатын талаптарға сәйкес жазбаша нысанда қойылады. Күдікті адамның анықталмауы қылмыстық iсте азаматтық талап қоюға кедергі болмайды.

7. Азаматтық талап қоюдың негіздерін және талап қою талабының мөлшерін нақтылау қажет болған кезде тұлға талап қоюды толықтыруға құқылы. Қылмыстық қудалаудан артықшылықтарының немесе иммунитетiнiң болуына байланысты күдікті деп танылуға жатпайтын адамға азаматтық талап азаматтық сот iсiн жүргiзу тәртiбiмен қойылуы мүмкiн.

Е.Е. Абденбаев құқықтарымен танысып, мәлімдеді: алдын ала тергеу кезеңінде талап қоюдан бас тартамын, талапты сотта қоямын.

Хаттаманы тергеуші дауыстап оқыды, дұрыс жазылды.

 

Жәбірленуші Е.Е. Абденбаев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашевке

Абденбаев Ернар Ерсиновичтен,

07.09.1991 ж.т.

 

 

ӨТІНІШ

 

Сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында азаматтық талапты қоюдан бас тартамын, талап сотта қойылатынына байланысты өндірісті қысқартуыңызды сұраймын.

ҚР ҚПК-нің 167, 169 б. мәні маған анық түсіндірілді.

 

 

Е.Е. Абденбаев қолы

2016 жылғы 03 мамыр

 

 

Өтінішті қабылдаған

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Азаматтық талапкер ретінде танудан бас тарту туралы

ҚАУЛЫ

2016 жылғы 03 мамыр Павлодар қ.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеп текеру барысында жәбірленуші Е.Е. Абденбаевқа келтірілген зиянды өтеу туралы осы сотқа дейінгі тергеп тексеру бойынша азаматтық талапты жазбаша түрде қою құқықтары түсіндірілді. Алайда, Е.Е. Абденбаев сотқа дейінгі тергеп тексеру барысында азаматтық талапты қоюдан бас тартып, сот тергеуінде қоятынын мәлімдеді.

ҚР ҚПК-нің 169, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Осы сотқа дейінгі тергеп тексеру қылмыстық ісі бойынша азаматтық талап өндірісі

қысқартылсын.

2. Жәбірленуші Е.Е. Абденбаевқа ҚР ҚПК-нің 169 б. 3 б. белгіленген азаматтық

талаптан бас тарту салдары түсіндірілсін.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Сараптамалық зерттеуге үлгілерді алу туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 03 мамыр Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген.

Жоғарыда айтылғанның негізінде соттық биологиялық сараптама өткізу қажеттілігі туындады, осы сараптама өндіріс үшін сараптамалық зерттеуге Е.Е. Абденбаевтың қан үлгісін алу қажет.

Баяндалғанның негізінде ҚР ҚПК-нің 198, 262-268 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

 

1. Соттық-биологиялық сараптама өткізу үшін жәбірленуші Е.Е. Абденабевтан қан

үлгісі алынсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3. Осы қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Қаулы маған жарияланып, ҚР ҚПК-нің 71 б. қарастырылған құқықтарым түсіндірілді: келтірілген күдік пен тағылған айыптау туралы білуге; ана тілінде немесе өзі білетін тілде айғақ беруге; дәлелдемелерді ұсынуға; өтінішхаттар мен қарсылық білдірулерді мәлімдеуге; аудармашының тегін көмегін пайдалануға; өкілінің болуына; қылмыстық қудалау органы одан дәлелдеу құралы ретінде алып қойған немесе өзі ұсынған мүлікті, сондай-ақ қылмыстық заңмен тыйым салынған іс-әрекетті жасаған адамнан алып қойылған, өзіне тиесілі мүлікті алуға, өзіне тиесілі құжаттардың төлнұсқаларын алуға; заңда көзделген жағдайларда күдіктімен, айыпталушымен, сотталушымен татуласуға, оның ішінде медиация тәртібімен татуласуға; өзінің қатысуымен жүргізілген тергеу әрекеттерінің хаттамаларымен танысуға және оларға ескертулер беруге; өз өтінішхаты не өз өкілінің өтінішхаты бойынша жүргізілетін тергеу әрекеттеріне тергеушінің немесе анықтаушының рұқсатымен қатысуға; сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін істің барлық материалдарымен танысуға, одан, мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді қоспағанда, кез келген мәліметті және кез келген көлемде көшіріп алуға; өзіне және өзінің отбасы мүшелеріне қауіпсіздік шараларын ұсыну, жеке өмірінің мән-жайларын жария етпеу туралы, күдіктіге қатысты жақындауға тыйым салуды қолдану туралы өтінішхаттар мәлімдеуге; өзін жәбірленуші деп тану немесе танудан бас тарту, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тоқтату туралы қаулылардың, айыптау актісінің көшірмелерін, сондай-ақ бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы соттың үкімі мен қаулысының көшірмелерін алуға; бірінші, апелляциялық, кассациялық сатылардағы және қадағалау сатысындағы сотта істі соттың талқылауына қатысуға; сот жарыссөздерінде сөйлеуге; айыптауды, оның ішінде мемлекеттік айыптаушы айыптаудан бас тартқан жағдайда да қолдауға; сот отырысының хаттамасымен танысуға, бұл ретте хаттаманың соңына өз қолын қоюға, ал сот отырысы хаттамасының бір бөлігімен танысқан кезде осы бөліктің соңына қол қоюға; ал сот отырысында аудио-, бейнетіркеу қолданылған жағдайда – хаттаманың соңына қол қоюға, хаттамаға ескертулер беруге құқылы; қылмыстық процесті жүргізетін органның әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым келтіруге; соттың үкімі мен қаулысына шағым жасауға; іс бойынша келтірілген шағымдар мен наразылықтар туралы білуге және оларға қарсылық беруге және оларды қарауға қатысуға; өз құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен қорғауға; тараптардың процестік келісім жасасу ниеті, оның шарттары мен салдары туралы білуге, қылмыспен келтірілген залалды өтеу бойынша өз шарттарын ұсынуға не оны жасасуға қарсылық білдіруге құқығы бар.

Осы Кодекстің 76-бабының екінші бөлігінде көзделген жағдайларда, жәбірленушіге заң көмегі тегін ұсынылады.

Жәбірленушінің, ал ол қайтыс болған жағдайда – оның құқықтық мирасқорларының аса ауыр қылмыспен келтірілген мүліктік зиян үшін, егер осындай қылмысы үшін сотталған адамның осы қылмыспен келтірілген залалды өтеу үшін жеткілікті мүлкі болмаса, бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы алуға құқығы бар. Мұндай жағдайда бюджет қаражаты есебінен ақшалай өтемақы төлеу туралы мәселені үкім шығарған сот жәбірленушінің не оның құқықтық мирасқорының арызы бойынша шешеді. Көрсетілген жағдайларда, егер залал бір жүз елу айлық есептік көрсеткіштен аспаса, жәбірленушінің залалды толық көлемде өтеткізуге құқығы бар.

Жәбiрленушi: қылмыстық процестi жүргізетін органның шақыруы бойынша келуге, iс бойынша барлық белгiлi мән-жайларды шынайы хабарлауға және қойылған сұрақтарға жауап беруге; өзiне iс бойынша белгiлi мән-жайлар туралы мәлiметтердi жария етпеуге; тергеу әрекеттерiн жүргiзу кезiнде және сот отырысы уақытында белгiленген тәртiптi сақтауға мiндеттi.

Жәбiрленушi шақыру бойынша дәлелді себептерсіз келмеген кезде ол осы Кодекстiң 157-бабында көзделген тәртiппен мәжбүрлеп әкелуге ұшырауы және оған осы Кодекстің 160-бабында көзделген тәртіппен ақшалай өндіріп алу қолданылуы мүмкiн. Жәбiрленушi айғақтар беруден бас тартқаны және көрінеу жалған айғақтар бергенi үшiн заңға сәйкес қылмыстық жауаптылықта болады.

 

Үлгі алынған адамның қолы Е.Е. Абденбаев

 

 

Қаулыны жариялап, құқықтарды түсіндірген:

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Сараптамалық зерттеуге үлгілерді алу

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 03 мамыр Павлодар қ.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев 2016 жылғы 03 мамырдағы сараптамалық зертету үшін үліглерді алу туралы қаулы негізінде Павлодар қ. Щедрин к-сі, 63 орналасқан облыстық ауруханасының үй жайында Е.Е. Абденбаевтан сараптамалық зерттеу үшін қан үлгілерін алып, ол туралы ҚР ҚПК-нің 198, 262-268 б. сәйкес осы хаттаманы құрастырды.

Қатысқандарға 2016 жылғы 03 мамырдағы сараптамалық зертету үшін үліглерді алу туралы қаулы ұсынылды.

Жәбірленуші Е.Е. Абденбаевтан қан үлгілері шприц арқылы мақта тығындысына алынды, содан кейін мақта тығындысы қағаз конвертке буылып, мөрмен мөрленді.

Хаттамаға буылып мөрленген түрде қан үлгілері қоса беріледі.

Осы тергеу амалы кезінде түскен өтініштер, ескертулер: өтініштер жоқ.

 

 

Үлгілер алынған адамның қолы Е.Е. Абденбаев

 

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашевке

Павлодар облыстық

адвокаттар алқасының

адвокаты

Е.Б. Адамовтан

ҚР ҚК 106 б. 2 б. 7 т. бойынша

Күдікті Р.Е. Балагазиннің

мүддесін білдіруде

 

 

Павлодар қ. 2016 жылғы 06 мамыр

 

ҚР ҚК 106 б. 2 б. 7 т. бойынша күдікті Р.Е. Балагазинге қатысты

қозғалған қылмыстық іс бойынша тұлғалардан жауап алу туралы

ӨТІНІШ

 

2016 жылғы 17 сәуірде Павлодар облысы ІІД Лебяжі ауданы ІІБ-де ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша СТБТ №165552031000064 фактісі тіркелді – бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру.

Жоғарыда көрсетілген факті бойынша Балагазин Расул Ерсалинович күдікті, соңғысы қазіргі кезде қамауға алынып, Павлодар қ.ІІБ тергеу изоляторында.

Осыған орай қорғалуымдағы Р.Е. Балагазиннен қазіргі кезге дейін жауап алынған жоқ, аз. Е.Е. Абденбаевтың дене жарақаттарын тіркеу фактісі бойынша менің қатысуымен Р.Е. Балагазиннен жауап алуыңызды сұарймын.

Сонымен қатар, Павлодар қ. Облыстық ауруханасында емделуде жатқан Е.Е. Абденбаевтан, сондай-ақ Лебяжі ауданы Шақа ауылында тұратын куә Сыздыков Дамирден жауап алу қажет, себебі қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде Сызыдков Дамир құқық бұзушылықты өз көзімен көрген.

 

Павлодар облыстық адвокаттар

алқасының адвокаты Е.Б. Адамов

 

Алуды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 06 мамыр Павлодар қ.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Қазіргі кезде Е.Е. Абденбаев Павлодар қ. облыстық ауруханасына жатқызылды. Айтылғанның негізінде Е.Е. Абденбаевтың заттарын алу қажет.

Осы факті бойынша Лебяжі ауданы ІІБ ТБ ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.

Е.Е. Абденбаевтың заттары іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 198, 253, 254 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Павлодар қ. облыстық ауруханасының науқастар киімі сақтылығына жауапты

А.К. Даировадан Е.Е. Абденбаевтың заттары алынсын, атап айтқанда күрте, джинс шалбары, толстовка, ішкі киімі.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3. Осы қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

қаулы маған 2016 жылғы 17 сәуірде жарияланды. А.К. Даирова Қолы

 

 

АЛУ ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 06 мамыр Павлодар қ.

 

Басталуы сағ. 09.15, аяқталуы сағ. 09.30

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 199, 253, 254, 256 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, Павлодар қ. облыстық ауруханасының науқастар киімі сақтылығына жауапты А.К. Даированың келісімімен және қатысуымен, Е.Е. Абденбаевтың күртесі, джинс шалбары, толстовкасы, ішкі киімінің алуын жүргізді.

Тергеу амалы алдында А.К. Даироваға тергеушінің барлық әрекетерінде қатысуға, хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер мен өтініштер жасауға, қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағымдануға құқықтары түсіндірілді.

Сондай-ақ алу жүргізу барысында техникалық құралдар қолданылатыны туралы ескертілді.

 

Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді.

Қолы

Алуды бастар алдында А.К. Даироваға 2016 жылғы 06 мамырдағы Е.Е. Абденбаевтың заттарын алу қаулысы ұсынылып, содан кейін А.К. Даирова Е.Е. Абденбаевтың заттарын өз еркімен беру ұсынылды.

Сосын А.К. Даирова Е.Е. Абденбаевтың заттарын, атап айтқанда күртені, джинс шалбарын, толстовканы, ішкі киімін өз еркімен берді.

Алу барысында «Canon» фотоаппаратымен фототүсірілім жүргізілді.

Алу барысында ескертулер мен өтініштер түскен жоқ.

Алу жүргізілген адамның қолы А.К. Даирова

 

 

Криминалисттің м.а. К.Т. Аубашев

 

Алуды жүргізген:

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

алу хаттамасының көшірмесін алдым қолы А.К. Даирова

 

 

Заттарды қарау

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 08 мамыр Аққу а.

 

Басталуы сағ. 11.15, аяқталуы сағ. 11.25

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 219, 220, 224 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, лебяжі ауданы ІІБ №07 қызметтік кабинетінде табиғи жарықта Е.Е. Абденбаевтың заттарын, атап айтқанда күртені, джинс шалбарын, толстовканы, ішкі киімінің қарауын жүргізді.

Сондай-ақ қарау жүргізу барысында «Canon» маркалы фотоаппараты қолданылды.

 

Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді.

Қолы

 

Қарауда анықталды:

 

Қарау объектісі қара түсті күрте, алдынғы оң жағында ақ түсті пуманың суреті бар, осы күртенің жағасы, екі сыртқы қалтасы бар, күрте замокка салынады. Қолмен ұстағанда матасы плащтан, күртенің бүкіл жерінде қызыл күрең дақтар бар.

Қарау объектісі қара түсті толстовка, алдында ақ түсті «Адидас» жазуы бар, толстовканың бүкіл дерінде қызыл күрең дақтар бар. Басқа белгілер анықталған жоқ.

Қарау объектісі көк түсті джинс шалбары, джинс шалбарында алдында екі қалтасы және артында екі қалтасы бар. Осы объектте де қызыл күрең дақтар бар.

Қарау объектісі жолақтары бар ішкі киім. Оның бүкіл жерінде де қызыл күрең дақтар бар.

Жоғарыда көрсетілген объектерді қарау барысында басқа зақымдар анықталған жоқ. Фототүсірілім жүргізілді. Қарау хаттамасына фотокесте қоса беріледі.

 

Криминалистің м.а. К.Т. Аубашев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

Заттарды заттай дәлелдеме ретінде танып, қылмыстық іс материалдарына

қатыстыру және сақтау камерасына тапсыру туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы «» мамыр Аққу а.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Қазіргі кезде Е.Е. Абденбаев облыстық ауруханаға жатқызылды.

Осы факті бойынша Павлодар қ. облыстық ауруханасының науқастар киімі

сақтылығына жауапты А.К.Даировадан жәбірленуші Е.Е. Абденбаевқа дене жарақаттарын келтіру кезінде үстінде болған заттары алынды, атап айтқанда күрте, джинс шалбары, толстовка, ішкі киімі.

Жоғарыда көрсетілген күрте, джинс шалбары, толстовка, ішкі киімі іс бойынша

заттай дәлелдеме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 118, 221, 198 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Е.Е. Абденабевтан алынған заттар, атап айтқанда күрте, джинс шалбары,

толстовка, ішкі киімі заттай дәлелдеме ретінде танылып, сотқа дейінгі тергеп тексерудің қылмыстық іс материалдарына қатыстырылсын.

2. Заттай дәлелдемелер Лебяжі ауданы ІІБ сақтау камерасында сақталсын.

3. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

4. Осы қаулы көшірмесі Лебяжі ауданы прокурорына жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

Заттай дәлелдемені сақтау камерасына жауапты қабылдады: С.С. Куанышбаев

 

 

Алуды жүргізу туралы

ҚАУЛЫ

 

2016 жылғы 15 мамыр Павлодар қ.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев № 165552031000064 сотқа дейінгі тергеп-тексеру қылмыстық іс материалдарын қарастырып,

АНЫҚТАДЫ:

 

2016 жылғы 16 сәуір сағат 23.00 шамасында Лебяжі ауданы Шақа а. Центральная к-сінде Р.Е.Балагазин екі ұңғылы аңшы мылтығынан Е.Е. Абденбаевтың іш қуысына бір рет атып, осымен соңғысына дене жарақаттарын келтірген. Қазіргі кезде Е.Е. Абденбаев «бауыр мен бүйрек зақымдалуымен іш қуысыынң атыс жарақаты» диагнозымен Павлодар қ. облыстық ауруханасына жатқызылды. Айтылғанның негізінде Павлодар қ. облыстық ауруханасының дәрігері М.А. Алиевтен ота барысында жәбірленуші Е.Е. Абденбаевтың іш қуысынан алынған бытыра мен оқ тығындыларын алу қажет.

Осы факті бойынша Лебяжі ауданы ІІБ ТБ ҚР ҚК-нің 106 б. 2 б. 7 т. бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеруді бастады.

Жәбірленуші Е.Е. Абденбаевтың іш қуысынан алынған бытыра мен оқ тығындылары іс бойынша заттай дәлелдеме маңызы бар болуын ескеріп, ҚР ҚПК-нің 198, 253, 254 б. басшылыққа ала отырып,

ҚАУЛЫ ЕТТІ:

1. Павлодар қ. облыстық ауруханасының дәрігері М.А. Алиевтен ота барысында

жәбірленуші Е.Е. Абденбаевтың іш қуысынан алынған бытыра мен оқ тығындылары алынсын.

2. Қабылданған шешім туралы мүдделі тұлғаларға хабарлансын.

3. Осы қаулы көшірмесі прокурорға жіберілсін.

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

 

қаулы маған 2016 жылғы 15 мамырда жарияланды. М.А. Алиев Қолы

 

 

АЛУ ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 15 мамыр Павлодар қ.

 

Басталуы сағ. 10.30, аяқталуы сағ. 10.45

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 199, 253, 254, 256 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, Павлодар қ. облыстық ауруханасының дәрігері М.А. Алиевтің келісімімен және қатысуымен, бытыра мен оқ тығындылар алуын жүргізді.

Тергеу амалы алдында М.А. Алиевке тергеушінің барлық әрекетерінде қатысуға, хаттамаға енгізілуге жататын ескертулер мен өтініштер жасауға, қылмыстық қудалау органының әрекеттеріне шағымдануға құқықтары түсіндірілді.

Сондай-ақ алу жүргізу барысында техникалық құралдар қолданылатыны туралы ескертілді.

 

Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді.

Қолы

Алуды бастар алдында М.А. Алиевке 2016 жылғы 15 мамырдағы бытыра мен оқ тығындыларын алу қаулысы ұсынылып, содан кейін М.А. Алиевке Е.Е. Абденбаевтың іш қуысынан ота жасау кезінде алынған бытыра мен оқ тығындыларын өз еркімен беру ұсынылды.

Сосын М.А. Алиев бытыра мен оқ тығындыларын өз еркімен берді.

Алу барысында «Canon» фотоаппаратымен фототүсірілім жүргізілді.

Алу барысында ескертулер мен өтініштер түскен жоқ.

Алу жүргізілген адамның қолы М.А. Алиев

 

 

Криминалисттің м.а. К.Т. Аубашев

 

Алуды жүргізген:

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

алу хаттамасының көшірмесін алдым қолы М.А. Алиев

 

Заттарды қарау

ХАТТАМАСЫ

 

2016 жылғы 17 мамыр Аққу а.

 

Басталуы сағ. 10.15, аяқталуы сағ. 10.25

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі полиция лейтенанты А.Т. Ивашев ҚР ҚПК-нің 219, 220, 224 б. талаптарын сақтай отырып, Лебяжі ауданы ІІБ ЖКТ криминалисінің м.а. полиция аға сержанты К.Т. Аубашевтің қатысуымен, лебяжі ауданы ІІБ №07 қызметтік кабинетінде табиғи жарықта Павлодар қ. Облыстық ауруханасы дәрігері М.А. Алиевтен алынған бытыралар мен оқ тығындылар қарауын жүргізді.

Сондай-ақ қарау жүргізу барысында «Canon» маркалы фотоаппараты қолданылды.

 

Маман-криминалист К.Т. Аубашевқа ҚР ҚПК-нің 80 б. қарастырылған құқықтары мен міндеттері түсіндіріліп, орынды себепсіз өз міндеттерін орынадудан бас тартқаны немесе жалтарғаны үшін ҚР ҚПК-нің 160 б. қарастырылған тәртіпте ақшалай өндіріп алу туралы ескертілді.

Қолы

 

Қарауда анықталды:

 

Қарау объектісі бытыралар, формасы дөңгелек, қызыл күрең дақтары бар, 3 дана оқ тығындысы, оларда да қызыл күрең дақтар бар. Жоғарыда көрсетілген объектер түссіз қапшыққа буылған.

Жоғарыда көрсетілген объектерді қарау барысында зақымдар анықталған жоқ. Фототүсірілім жүргізілді. Қарау хаттамасына фотокесте қоса беріледі.

 

Криминалистің м.а. К.Т. Аубашев

 

Лебяжі ауданы ІІБ ТБ тергеушісі

полиция лейтенанты А.Т. Ивашев

 

(объявление о назначении экспертизы -подозреваемый)






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных