Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Антика философиясындағы бастама (архе) мәселесі




АЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

ІШКІ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІ

Б.БЕЙСЕНОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ АКАДЕМИЯСЫ

Заң институты

Жалпы білім беретін пәндер кафедрасы

«Философия» пәні бойынша дәріс қоры

 

«Антикалық философия»

 

Дайындаған:

оқытушы Э.Ғ. Шуматов

 

Кафедра отырысында

талқыланып, бекітілді

«9» ___02___ 2016 ж.

№ «12» хаттама

 

 

Қарағанды

Тақырып. Антикалық философия

 

Дәріс жоспары:

 

1. Антика философиясындағы бастама (архе) мәселесі.

2. Сократ философиясындағы адам мәселесі.

3. Платон және Аристотель философиясы.

Кіріспе

 

 

Б. д. д. VII-VIғғ. Эллада полистерінде (қала-мемлекет) -қодөнер, сауда, ақшалай-заттық қатынастар, жоғары қарқында дамьш, осы себептердің негізінде: өзіндік талап-мүдделері ерекшеленген әлеуметтік топтар пайда болды. Евпатридтердің билігінің орнына мемлекеттің тирандық, кейінірек келе құлдық демократия түрлері дүниеге келді. Азаматтардың қоғам сатысында алатын орны шығу тегіне байланысты болмай, олардың мүліктік жағдайларымен байланыстырылды. Осы себептер ой еңбегі мен дене еңбегінің бөлінуіне, осы негізде таза зиялылар қауымының пайда болуына, әртүрлі әлеуметтік топтардың талап-мүдделеріне сай саяси-әлеуметтік, философиялық көзқарастардың қоғамдық сана ретінде қалыптасуына әкеліп соқтырды.

Сонымен қатар антика философиясының қалыптасуына Крит-микен, Гомерлік Греция кезеңіндегі әдеби-діни-мифологиялық көзқарастар және күнделікті өмір тұрғысынан тұжырымдалған данышпандық ой-пікірлер (жеті данышпан кезеңі) негізінде дамыған грек мәдениетінің сол кездегі Көне Шығыс мәдениетінің озық үлгілерін өз бойына сіңіру (мысалы, сол кездегі афроазия елдерінде жақсы дамыған математика негізінде грек ғұламалары дедуктивтік тәсілді дамытты) арқасында қалыптасқан әлемнің субстанционалдық негізін іздеген, рационалданған көзқарастар зор әсер етті. Демек, антикалық дүниетанымдық көзқарас өз кезеңіндегі ғылыми жетістіктерге сүйене, өзінің логикалық, категориялық аппараттарын жетілдіре отырып, философияның көзқарастық және рационалдық жүйелік жақтарын тығыз байланыстыра қарастырып, кейінірек келе оның классикалық деңгейге дейін көтерілуіне мүмкіндік туғызды.

Б.д.д. VII-VIғғ. антикалық рухани даму мифологиялық діни көзқарастан ғылыми, философиялық көзқарасқа қарай бағытталды. Бұл кезеңді антикалық философия тарихында Сократқа дейінгі, ал б.д.д.V-IIIғғ. ойшылдарының мәнділіктің генетикалық бастамасын, түпнегізін жалпы дүниетанымдық көзқарастың негізі етіп алып, оны өзінің категориялық аппараты тұрғысынан түсіндіріп, философиялық ойлауды биік деңгейге көтеруіне байланысты кезеңді Сократтан немесе классикалық деп 2-ге бөлінеді.

 

Антика философиясындағы бастама (архе) мәселесі

 

Сократқа дейінгі дүниеге келген алғашқы философиялық мектеп Кіші Азияда шыққан Милет_мектебі болды. Оның нгізін қалаушы Милет_қаласында өмір сүрген, жеті данышпанның қатарына жататын, солардың ішінде ең сыйлысы Фалес болды (шамамен б.д.д. 625—547 жж.). Ол «Бастама туралы», «Күн туралы», «Күн мен__түннің теңесуі туралы», «Теңіз астрологиясы» деген еңбектер жазған, бірақ олар біздің заманымызға жетпеген.

Аристотель өзінің «Метафизика» деген еңбегінде заттардың генетикалық бастамасын іздеген, олардың сол бастамадан қалай пайда болғанын және содан калай қайтып келетінін, басқаша айтқанда, денелердің өзгеруіне қарамастан, жалпы табиғаттың жойылмайтындығын мәселе етіп кетергендердің ішіндегі біріншісі Фалес болды деп көрсетеді.

Фалестің ілімінше барлық денелердің генетикалық бастамасы — су. Бұл жерде су — мұхит (нун), Абзулардың (Апсулардың) философиялық жиынтықталған ұғымы. Фалес, бір жағынан, ол жай су емес, ол – “ақыл-ой”, осы тұрғыдан ол Құдай тектес дейді. Ол әлемдегі барлық заттардың өмір сүруінің алғы шарты-мыс. Күн және басқа әлемдік денелер судың буымен қоректенеді. Әлем құдайға толы, құдайлар әлемдегі болып жатқан құбылыстардың, іс-әрекеттің негізгі күші, сонымен қатар сол денелердің өзіндік қозғалыстарының қайнар көзі ретінде — солардың жаны. Мысалы, магниттің жаны бар, себебі ол өзіне темірді тарта алады.

Фалес таным процесінде танып-білу бір бастамадан басталып, соның төңірегінде ой қозғалуы керектігіне баса көңіл аударады.

Фалестің философиялық көзқарасы тұрпайы, балаң болғанымен, табиғат құбылыстарын, олардың пайда болу, даму заңдылықтарын табиғи тұрғыдан танып-білуге ұмтылған алғашқы талпыныс болды. Оның ілімі өзінен кейінгі талай ғұламаларға сара жол сияқты бастама болып, философиялық ой-пікірдің одан әрі қарай дамуына үлкен үлес қосты.

Фалестің ілімін әрі қарай оның шәкірті және жолын қуушы Анаксимандр ( шам. б.д.д.611-545ж ) жалғастырды. Негізгі еңбектері: “Табиғат туралы” (бұл еңбектің кейбір фрагменттерісақталған)

«Жер картасы», «Глобус» (бұл еңбектер сақталмаған). Анаксимандр барлық денелердің бастамасын сол денелердің түпнегізі (субстанция) сатысына дейін көтерді. Бастаманы ол заттардың түпнегізі — апейронмен теңестірді. Олай болса, апейрон бастама да, түпнегіз де. Симпликийдің айтуынша, Анаксимандрдың апейроны генетикалық бастама ретінде де, түпнегіз ретінде де таусылмайтын шексіз және төрт дүлей күштің (Жер, Су, Ауа, От) бір-бірімен араласып, ауысу процесінің негізі. Бірақ апейрон кеңістікте шексіз емес, сол төрт дүлей күштің негізі ретінде шексіз, көмескі және мәңгі. Ол еш уақытта қартаймайды, өлмейді және жойылмайды. Ол мәңгі белсенділікте және қозғалыста болады. Ол өзінің осы қасиетінің арқасында өзінен қарама-қарсы құбылыстар — ылғал мен құрғақтық, салқындық пен жылылық шығарады. Олар екі-екіден қосылып, Жер (құрғақтық пен салқындық), Су (ылғалдық пен салқындық), Ауа (ылғалдық пен жылылық), От (құрғақтық пен жылылық) түзейді. Осы төртеуі арақатынасқа түсіп, олардың ортасында ең ауыр Жер орналасады да, қалғандары оны Сумен, Ауамен, жарықпен (От) қоршайды. Аспан Отының әсерімен судың біраз бөлігі буланады да, мүхиттардан Жер көріне бастайды, сөйтіп, құрылықтар пайда болады. Демек, апейрон Космостың генети-калық бастамасы ретінде ондағы денелерді дүниеге әкеледі. Аспан әлемі соғыс арбасы дөңгелегінің шеңбері сияқты үш сақинадан (шығыршық) түрады. Бұл сақиналар көзге көрінбейді. Төменгі сақинаның көптеген тесіктері бар, сол тесіктер арқылы Аспандағы Оттар көрініп тұрады. Ортадағы сақинада бір ғана тесік бар — ол Ай. Жоғары сақинада да бір тесік бар — ол Күн. Тесіктер толық немесе аздап бітелулері мүмкін, онда Күн мен Ай тұтылады. Сақиналар Жерді айналып жүреді, олармен қоса тесіктер де қозғалыста болады. Анаксимандр осылай жұлдыздардың, Күннің, Айдың қозғалыстарын түсіндіреді.

Анаксимандр ілімінше, тіршілік теңіз бен құрылықтың шекарасы Айда, аспан отының әсерімен пайда болды. Алғашқы тірі жәндіктер теңізде өмір сүрді, кейін олардың кейбіреулері өздерінің қабыршықтарын тастап, құрылыққа шығып, тіршілік етті, сөйтіп, жануарлар пайда болды. Ал адам теңіз жануарларының бір түрінің ішінде өсіп, өрбіп, ер жеткеннен (есейгеннен) кейін құрылыққа шығып өмір сүрді.

Анаксимандр ілімінің аңғалдығына қарамастан, онда табиғаттың даму заңдылықтарын, табиғаттың өз логикасымен_түсіндіру, табиғаттану диалектикасның алғашкы қадамдары болды.

Анаксимандр ілімін әрі қарай оның шәкірті Анаксимен (б.д.д. VIғ орт.) жалғастырды. Негізгі еңбегі — «Табиғат туралы». Анаксимен барлық денелердің негізі деп Ауаны айтады. Ауа— шексіз (апейрон). Сөйтіп, Анаксимандрдың апейроны түп-негізден Ауаның қасиетіне айналды. Ауа үнемі қозғалыста болады да, бірде қоюланып, бірде сұйылып, алуан түрлі заттар мен құбылыстарды түзеді. Ауа сұйылғанда алдымен Отқа, содан кейін эфирге айналса, қоюланғанда — желге, бұлтқа, Суға, Жерге және тасқа айналады. Ауаның сұйылуы жылылыққа байланысты да, қоюлануы салқынға байланысты.

Анаксименнің ілімінше, Жер және басқа аспан денелері Ауада қалқып жүреді. Жер қозғалмайды, ал басқа денелер Ауаның әсерінен ылғи да қозғалыста болады, Күн де — Жер, бірақ өзінің жылдам қозғалуының себебінен ыстық шоқка айналған.

Ауа тек қана денелердің бастамасы емес, сонымен бірге жанның да бастамасы. Ал жан болса, ол — бізді біріктіретін бастама. Анаксимен құдайларды да Ауадан пайда болды деген пікір айтады. Басқаша айтқанда, құдайлар Ауаны жаратқан жоқ, керісінше, Ауа құдайларды жаратты. Олай болса, қүдайлар материалдық түпнегіздің модификациясы ғана.

Қорыта айтқанда. Милет мектебінің өкілдері Фалес, Анаксимандр, Анаксимен барлық- заттардың, денелердің генетикалық бастамасын, түпнегіздін құдайлардың құдіретінен іздемейді, олардың өзіндік ішкі мазмұнынан іздейді. Генетикалық бастаманың, түпнегіздің табиғаты, бір жағынан, зат тәріздес болса, екінші жағынан, ақыл-ойдан да қашық емес, сондықтан ол - қүдайлармен пара-пар құбылыс.

Милет мектебінде қалыптасқан философиялық дәстүрді ілгері қарай дамытқан Эфес қаласынан шыққан саяси қайраткер, ғұлама ойшыл Гераклит (шамамен б.д.д. 544—483 жж.) болды. Оны ілімдегі терең ойлары үшін «Тұңғиық» деп атағн. Негізгі еңбегі — «Табиғат туралы». Бұл еңбектің 130-дай фрагменттері ғана сақталып, бізге дейін жеткен.

Гераклит заттардың түпнегіздік-генетикалық бастамасын От деп ессптеген. От мәңгі және құдай тектес, Әлемді құдай да, адам да жараткан жоқ, ол_өз заңдылығымен _бірде лапылдап жанып,.бірде сөніп тұдатьн, әр уақытта болған, бар және болатын_тірі_От. Оттан Ғарыштың пайда болуын Гераклит Оттың жетіспеушілігінен болатын төмен қарай жол десе, Оттың молдығынан Ғарыштың кері Отқа айналуын, өзінің түпнегізіне қайтып келуін жоғарыға қарай жоқ деп атаған. Сөйтіп, төмен-жоғары қарай мәңгі қозғалыстың нәтижесінде жалқыдан барлық заттар, керісінше, заттардан жалқы жаратылады. Әлемнің озгеру төртібі мен өлшсмі, оның объективті заңы — логосқа бай-ланысты. Логостың өзі От сияқты. Бірақ сезім үшін — От сияқты болып көрінсе, ақыл-ой үшін — ол Логос, объективті заңдылық. Логос тек қана Ғарышқа ғана тән заңдылық емес, ол адам жаны-на да тән. Адамның жанына тән Логос ылғалдың булануынан пайда болады, ал керісінше, жан өлгенде, ол суға айналады. Жан тек ылғалды ғана емес, сонымен бірге қүрғақ та болуы мүмкін. Сонымен, жан қарама-қарсы екі қүбылысты — ылғалды және қүрғақ жаннан тұрады. Ылғалдық жаман жандарға тән. Мысалы, ылғалды жан маскүнемдерге, ауруларға, күнделікті ләззат іздеген адамдарда кездеседі. Ал құрғақ жан данышпан, ақылды адамдарда кездеседі. Жанның құрғақтығы — оның логосы. Мүндай логос Ғарышты билейтін объективтік Логос сияқты шексіз, терең келеді. Сондықтан жанның шегіне жетемін деп талпынсақ, жан логостың терендігі соншама — оған жете алмайсың.

Қарама-қарсы құбылыстар тек жан логикасына ғана тән емес, ол жалпы ғарыштық құбылыс. Мысалы, теңіз суы балықтар үшін таза болса, адамдар үшін — арам, сондықтан балықтар ол сумен қоректеніп өмір сүрсе, адам оны ішсе, ауруға шалдығады. Сол сияқты, ең әдемі деген маймыл адаммен салыстырған-да ұсқынсыз болып көрінеді. Гераклиттің салқын жылынады, ыстық салқындайды немесе денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің деген пікірлері, жоғарыда көрсетілгендей, заттардың қарама-қарсылықта және үздіксіз өзгерісте болып тұратындығын көрсетеді. Осыдан келіп, ол барлық денелер өзен сияқты ағып жатады, ал бір өзенге екі рет түсуге болмайды деген қорытынды жасайды.

Гераклиттің пікірінше, қарама-қайшылықтар тепе-тең жағдайда пайда болады, бірақ ол тепе-тең қарама-қарсылықтардың күресі арқылы бұзылады да, дүниеге жаңа заттардың пайда болуына мүмкіндік туады. Қарама-қарсылықтардың күресі - әлемде өзгерістердің болуының негізгі заңдылығы. Күрес — жалпыға бірдей, барлығы күрестің және қажеттіліктің арқасында_ пайда болады,

Осындай қарама-қарсылықтардың күресін Гераклит үндестік ретінде қарастырады. Бірақ мұндай үндестік көрінбейді, айқын емес, онысымен де ол өте күшті және әлемдегі барлық денелерге тән. Осындай үндестікте жамандық, ұсқынсыздық сияқты келеңсіз құбылыстар тұрақсыз келеді де, жақсылық, көркемдік сияқты абсолютті құбылыстармен араласып, жойылып кетеді. Бірақ бұларды көру мүмкін емес, оларды көру тек қүдайларға төн. Сондықтан да адамдардың мынау әділеттілік, мынау әділетсіздік, мынау жаман, мынау жақсы дейтіндерінің бәрі құдай үшін әділетті, жақсы, көркем.

Осыдан келіп, Гераклит адамдар логоспен күнде кездесіп жатсада, оны танып біле алмайды деген қорытындыға келеді. Оның себептері әртүрлі. Бір жағынан, табиғаттың өзі сырын көп аша бермейді, екіншіден, адамдардың көпшілігі әбден тойынған, сондықтан олар табиғат сырын түсінуге талпынбайды. Оған қоса, осы көпшіліктің талап-мүддесін қорғаштаған халық ақындары да, үстаздар да (Гомер, Гесиод, т.б) табиғат сырын түсінуге мүмкіндік бермейді, себебі олардың жырлары, ілімдері логосты түсінуге бағытталмаған. Үшіншіден, көп білгендік те логосты түсінетіндей ақылға ақыл қоспайды. Данышпандықтың белгісі — дүниенің бірлігін мойындап, логосты танып-білуге кедергі құбылыстардан өзін алшақ үстап, сол дүниенің даму заңд ықтары на бағынуы.

Гераклит адамдар табиғатынан бір-бірімен тең десе де, шын мәнінде_олардың тең еместігін мойындайдьі. Олардың теңсіздігі— талғам-мүдделерінің әртүрлілігінің салдары. Көп адамдар логос заңымен өмір сүрмейді, өз түсінігімен өмір сүреді. Ондайадамдар өз ынтазарлығының билігінде болады. Бірақ олар бір нәрсені түсінбейді. Мысалы, олардың барлық тілектері орындалса да, жағдайлары соншалықты жақсармас еді. Жалпы, адам мемлекеттік құрылымның да, табиғаттың да негізін қалайтын логос заңына мойынсұну арқасында өз жанын тыныштыққа бөлеп, айқындайды, сөйтіп бақытқа кенеледі.

Гераклиттің ілімі ежелгі грек, әсіресе стоиктер философиясын үлкен әсер етті, солардың арқасында бүкіл бастысқа тарады. Гегель, Лассаль, Ницше сияқты ғұламалардың еңбектерінде Гераклиттің көптеген идеялары одан әрі дамытылып, жалғастырылды. Гераклиттің ілімнде марксистер де көп көңіл бөледі.

Пифагор (б. д.д. 580—500 жж.). Б.д.д. VI ғ. аяғында философиялық ілімдер Кіші Азиядан «Ұлы Элладағы» ауыса бастады. Осы кезеңде оңтүстік Италия мен Сицилияда «Пифагоршылар мектебі» деп аталған одақ құрылып, онда қоғамдық өмірді діни-әдептілік тұрғыдан реформалау қажеттігі туралы ілім кең өріс алады. Пифагоршылар қоғамда анархияның етек алуына қарсы болып, құдайдың айтуымен жасалған мемлекеттік заңдарды сақтау керектігін уағыздады. Пифагоршылар өздері бірауыз болмағаны, осыған орай «ата жолын» қуушылар мен мемлекеттік билікке барлық халық қатысуы керек деген ағымдардың арасында тартыстар болғаны белгілі.

Пифагор Самос аралында туып-өскенмен, кейінірек келе, әртүрлі жағдайларға байланысты, Египетте, Вавилонда (абыздардан дәріс алған), Үндістанда болып, ең соңында «Ұлы Элладаның» Критон қаласында өмір кешкен.

Пифагор және пифагоршылар туралы Аристотель былай дейді: «Олар математикамен шын мәнінде шұғыладанған алғашқы ойшылдар. Пифагор тек қана математикамен айналысып қоймай, оның негізгі қағидаларын — сандарды жалпы әлемдік қағидаға айналдырған және сол сандардың арақатынастарын, олардың арасындағы пропорцияны әлемдік үйлесімділіктің бейнесі деген көзқарасты өзінің философиялық ілімінің өзегі етіп қабылдаған. Оның пікірінше, сандар – барлық заттардың, Ғарыштың негізі. Пифагордың Ғарыштың бастамасы, негізі деп отырған сандары жай күнделікті өмірде қолданып жүрген сандар емес, олар – Ғарыштың реттілігін көрсететін сандар. Бұл үйлесімділікті біз аспан денелерінің бір сазды дыбысты белгілі бір интервалда шығаруынан білеміз. Бірақ ол дыбыстар үздіксіз шығып тұрғандықтан және олар бізге тұрақты әсер еткендіктен, біз оны қабылдай алмаймыз. Әр планета Жерді айнала жүріп, өздеріне тән дыбыс шығарады. Мысалы, Айдың дыбысы биік, ал Сатурнның дыбысы өтс төмен, осы_екі дыбыс қосылғанда үйлесімді мелодия пайда болады. Сандар-тек денелерге ғана тән бастама емес, олар әдептілікке де, рухани құбылыстарға да, жанға да тән. Жан дегеніміз — сандардың үйлесімділігі, Жан мәңгі өмір сүреді. Ол адам өлгеннен кейін жануарларға, өсімдіктерге ауысуы мүмкін. Бұл жерде біз Пифагорға Ежелгі Үндістандағы Веда ілімінің әсерін байқаймыз. “Еж.Үндістандағы филосоофиялық көзқарастардағы сияқты өмірдің негізгі мақсаты, -дейді ол, - жанды тазарту. Оған құмарлықты жеңу, жастардың үлкендерді бұлжытпай тыңдауы, достық пен жолдастықты дәріптеу сияқты әдептілік қағмһидаларын сақтай отырып жетуге болады”.

Пифагоршылар Гераклит сияқты Ғарыш қарама-қайшылыққа толы дей отырып, олардың 10 жұбын атап көрсетті. Олар шектілік және шексіздік, тақ және жұп, жалқы және жалпы, оң және теріс, еркек пен әйел, тыныштық пен қозғалыс, түзу меғ қисық, жарық пен түнек, жақсы мен жаман, квадрат пен көпқырлылық. Осылардың ішіндегі ең_маңыздысы — шектілік пен шексіздік. Шекті нәрселерді танып-білуге болса, шексіздікті танып-білу мүмкін емес. Шекті денелер геометрия_арқылы бізге, шексіздік — танымның мүмкіндік шеңберінен тыс сондықтан оны тек ойша шамалауға болады.

Қорыта айтқанда, Пифагор — филоеофтардың ішінде бірінші болып өз ілімінде сан категориясын жан-жақты қарастырған жәнс өз ілімін халық арасында үгіттеп таратқан (пифагоршылар одағы) ғүлама. Оның ілімдері кейінірек Платон философиясының қалыптасуына үлкен әсер етті.

Элеаттар мектебі. Негізгі өкілдері: Ксенофан, Парменид, Зенон. Элеаттар ілімі ежелгі философияның дамуындағы жаңа қадам болды. Егер Милет мектебінің өкілдері түпнегіз – физикалық дене, ал пифагоршылар – сана десе, элеаттарда түпнегіз – болмыс. Элеаттар ілімінің негізгі қағидалары мынаған саяды: түйсінген денелердің барлығын нақтылық деп қабылдауға_болмайды, керісінше, олардың барінде өздерін ақыл-ой арқылы негіздеуге болатын мүмкіндіктері болуы шарт, себебі тек түсіндіруге болатын заттар ғана нақтылы өмір сүреді Қарама-қайшы пікірлерге сыймайтындар жоқ. Олай болса, нақты шындық пен түсіндіре білудің арасындағы қарама-қайшылық — біз қолданып жүрген ұғымдар деңгейлерінің жеткіліксіздігі салдары. Бұл пікір ешқандай талқылауды керек етпейді.

Элеат мектебінің негізін қалаушы және көрнекті өкілі – Колофон полисінен шыққан Ксенофан ( шам б.д.д.576-487жж ) болды. Оның пікірінше, барлық заттардың негізі –Жер. Жер өзінің тамырларымен шексіздікке кетеді. Тіршіліктің шығуына Жермен қоса Судың да маңызы зор. Жанның өзі де Жер мен Судан жаралған. Ал Судан бұлттар пайда болады да, бұлттардан аспан денелері жаралады. Мысалы, Ай — бір жерге шоғырланған бұлт болса, Күн — су буы жануының салдарынан шоққа айналған аспан денесі.

Егер Милет мектебінің өкілдері космостың генетикалық бастамасын, әрі түпнегізін физикалық қасиеттері бар – Ауа, Су, От апейрон десе, Ксенофан олардан әрірек кетіп, Жер-Космостың түпнегізі ретінде_біртұтастық деп тұжырымдайды. Ол түпнегіздің шекті не шексіз екендігін, материалды немесе идеалды екендігін айқындамайды. Біртұтастық ретінле ол құдаймен пара-пар. Кұдай — барлық нәрселер, бірақ бұл барлық нәрселер көптүрлілікті көрсетпейді, ең жоғары біртұтастықты көрсетеді. Оның түпнегізі – ақыл-ой. Құдай адамдарды жаратпайды, керісінше, адамдар өз бейнесіне қарап, құдайды жаратады. Егер жылқылар адамдар сияқты сурет сала білсе және өнердің түрлерін тудыра алатын болса, онда олар құдайларды өздері сияқты жылқы ретінде суреттер еді. Ол гректердің бұрынгы құдайларындай бір орыннан екінші орынға қозғалып, дүниені кезіп жүрмейді, керісінше, ылғи да тыныштықта болады қозғалмайды. Ол әлемді тек ақыл-оймен ғана басқарады, ешқандай да дене күшін жұмсамайды.

“Бірақ,-дейді Ксенофан,-құдайдың, жалпыға ортақ табиғаттың нақты шындық екенін еш уақытта ешкім көрген де емес, білген де емес. Ал егер осы ақиқатты танып-білу жолында кім де кім дұрыс бағыт алған болса, ол бәрібір ондай ақиқатты білмес еді. Себебі құдайдың — жалпыға ортақ табиғаттың өмір сүру дегеніміз – олардың бар сияқты болып көрінуі ғана”.

Түйсіктер берген ақпараттар шындыққа жатпайды. Ақыл-ойдың өзі де кейде бізді алдайды. Ал ақиқат ақыл-ойдың қорытындысы емес, кездейсоқтықтың жемісі. Осыдан келіп, Ксенофан дүниені танып-білу мүмкіндігін емес, танып-білу мүмкіндігі туралы білімнің болуын жоққа шығарды.

Ксенофанның жалқы құдай туралы ілімін әрі қарай дамытып, оны біртұтас болмыс ұғымына дейін көтерген ойшыл – Парменид (б.д.д. шам 540-480жж) болды. Оның негізгі шығармалары: “Табиғат туралы”, “Ахиллес” (бізге дейін жетпеген). Парменидтің қарастырған мәселелері – болмыс пен бейболмыстың арақатынастары, болмыстың ақыл-ойға қатынасы. Бұл екі мәселенің екеуін де тек ақыл-ой арқылы шешуге болады. Ақиқатқа тез жету үшін ақыл-ой көптеген_тор_мен тосқауылдарға тап болуы мүмкін. Бірінші күтіп тұрған тосқауыл – бейболмыстың бар_екенін мойындау, ал мойындағаннан кейін, ол қажетті түрде бар болып шығады. Екіншісі — бір мезгілде болмыс пен бейболмыста бір-бірімен, тепе-тең және тең емес_ деп жорамалдау. Бүл екі тосқауылдың екеуі де бізді ақиқатқа жеткізбейді. Себебі бір баста бірін бірі жоққа шығаратын екі тезис болуы мүмкін емес. Сондықтан не болмыс пен бейболмысты тепе-тең деп немесе олар тең емес деп жорамалдау керек. Ал бейболмыстьң өзін бар деп санау да_қайшылыққа әкеліп соқтырады, себебі бейболмыс дегеніміздің~өзі — болмыс. Бұл_ жерде Парменид кейінірек Аристотель ашқан ойлау қабілетінің ең басты заңы — қарама-қайшылық заңын ашуға жақын қалды.

Парменидтің пікірінше, болмыс пен бейболмыс тең емес, басқаша айтқанда, болмыс нақты өмір сүреді де, бейболмыс деген жоқ нәрсе. Айта кететін бір жайт, Парменидке дейін философтар өз тезистерін дәлелдеуден гері метафорамен немесе үқсастық тәсілін қолдану арқылы (салыстыру арқылы) негіздеуге тырысатын, ал Парменид бірінші болып өз тезисінің дұрыстығын дәлелдеуге көбірек көңіл бөлді.Парменидтің ойынша, бейболмыстың болуы мүмкін емес, себебі оны танып-білуге және оны сөзбен жеткізуге болмайды. Басқаша атқанда, нақты өмір сүрмейтін нәрсені (бейболмысты) түсінуге де, ойлауға да болмайды. Енді бұл дәлелдің өзін дәлелдеу қажет. Осыдан келіп, Парменид болмыс пен ойлаудың _арақатынасын қарастырады. Оның пікірінше, болмыс пен ойлау процесс ретінде де, олардың жемісі ретінде де тепе-тең. Бұл тезисті, заттар мен ойлауды өз алдына жеке өмір сүретін құбылыстар екенін мойындай отырып, ой-затталынған (яғни материалданған ойдың бір затты ойлауға бағытталуы) кезде ғана ой болады деп түсінуге, ал зат тек ойланылған кезде ғана зат болады деп түсінуге ьолатын сияқты. Осыдан келіп, Парменидше егер беболмыс нақты бар деген ой бар болатын болса, онда осы ойда ойланылатын бейболмыстың бар болғандығы, бірақ ол бейболмыс күйінде емес, болмыс күйінде өмір сүргендіктен, осыған дейін бейболмыс туралы ойлаған ойымыздың бәрі болмыс туралы ой болып шығады.

Бейболмыс болмағандықтан, болмыс жалқы, біртұтас және қоғалмайды. Болмыстың өткен кезеңі де, болашағы да жоқ, ол өзгермейді. Сөйтіп, Парменид болмысты қалыптасудан, жалқыны көптүрліліктен бөлігі алып, нағыз ақиқат дегеніміз осы дейді. Әлемнің физикалық қасиеттеріне тоқтала келіп, ол От (жарық) пен Жердің (тұңғиық, қараңғы) арақатынасын қарастырады. Аф-родита космостың орталығында тұрады да, әлемді сол жерден басқарады. Мысалы, ол жандардың қозғалысын реттеп, бірде оларды көрінетін әлемнен көрінбейтін әлемге жіберсе, енді керісінше жібереді. Бұл жерде көрінетін және көрінбейтін әлемді болмыс және бейболмыспен салыстыруға болмайды, себебі бұл екеуі де әлемнің бөлшектері ғана. Эросты алсақ, ол қарама-қарсылықтарды біріктіріп, бір-бірімен байланыстырады (мысалы, жарық пен қараңғы түнекті, жер мен отты, еркек пен әйелді, т.б.).

Парменидтің ілімін әрі қарай жалғастырушы оның шәкірті, Элеаттар мектебінің көрнекті өкілі Зенон (б.д.д. шам 490430жж) болды. Негізгі еңбектері: “Философтарға қарсы”, “Табиғат туралы”. Бұл еңбектері толық сақталмаған, бізге тек фрагмент күйінде ғана жеткен. Зенон Парменидтің болмыс туралы пікірін дәлелдеуге тырысады. Егер Парменид өз дәлелін болмыстан аяқтаса, Зенон, керісінше, өз дәлелін көзге көрінетін ақиқатқа жатпайтын әлемнен бастап, болмыс әлемін қарастырумен аяқтайды. Оның пікірінше, фихикалық әлем қарама-қарсылыққа толы, сол себепті ол ақиқатқа жатпайды, нағыз біздің түйсінуімізден тыс жатқан әлем, ол – болмыс.

Болмыстың жалқылығын және біртұтастығын Зенон өзінің атышулы тәсілі “эпихейрема” арқылы дәлелдемек болады. Бұл тәсілдің мәні – “тікелей дәлелдеу тәсілінің орнына, кері бұрмалап дәлелдеудің негізінде қарсыластарының пікірін абсурдтық жағдайға әкелу арқылы, оған өзінің бұрынғы айтқан пікіріне шексіз көп заттар өмір сүретін болса, онда олар шындығында қанша болса, тура сонша болулары керек (аз да емес, көп те емес). Ал енді олар қанша болса, сонша заттар бар болса, онда шексіз көп заттар өмір сүрсе, онда болмыс та сан жағынан шексіз».

Екінші эпихейремда былай делінеді: «Егер болмыс шексіз көп болса, онда ол үлкенді-кішілі болып бөлінулері керек. Үлкен болғанда, соншалықты шексіз үлкен, ал кіші болғанда, соншалықты мөлшерсіз кіші болуы мүмкін. Ал егер шексіз көп заттар бөлінбейтін болса, онда олардың мөлшерлері жоқ бол-ғандығы. Себебі ол заттар шексіз кіші. Ал егер олар бөлінбейтін болса, онда олар таусылмайтын бөліктерден тұрады да, шексіз үлкен болады.

Дүниеде бар нәрсенің мөлшері болады, ал мөлшерлі нәрсенің денесі болады. Егер бөлшектері жоқ нәрселер өте мәнсіз құбылыс болса, онда сол бөлшектенбейтін және өте мәнсіз құбылыс — Парменид айтқан біртұтас, жалқы болмыс», — деп дәлелдейді Зенон.

Болмыстың қозғалмайтындығын Зенон өзінің “Дихотомия” (ортасынан қақ бөлу), “Ахиллес және тасбақа”, “Жебе”, “Стадион” деген апорияларына (шешілмейтін, лажсыз жағдайлар) сүйеніп дәлелдемек болады.

“Дихотомия” деген апориясының мазмұны мынадай: қозғалыс бастала алмайды, себебі қозғалыстағы зат жолының аяғына жеткенге дейін сол жолдың жартысын өтуі керек, бірақ сөйтіп шексіз кете береді. Басқаша айтқаеда, Бір нүктеден 2-ші нүктеге жету үшін саны шексіз нүктелерден өтуі керек, ол мүмкін емес. Бұл апорияның мағынасы мынада: шексіз кішкентай кескінділер нольге ұмтылады, бірақ өшпейді, оған жете алмайды.

2-ші апорияда желаяқ Ахиллес жайбасар тасбақаға жете алмайды, себебі Ахиллес тасбақа қозғалыс бастаған нүктесіне жеткенде, тасбақа өзінің жылдамдығы Ахиллестің жылдамдығынан қаншама аз болса да, өз жылдамдығына сәйкес жол жүріп, алғашқы нүктеден алыстайды, сөйтіп, шексіз кете береді. Мағынасы мынадай: шексіз азая беретін интервал нольге ұмтылады, бірақ оған жете алмайды.

Үшінші апория бойынша, ұшып келе жатқан жебе тыныштықта болады, себебі қозғалыстағы дене әр уақытта да өзіне пара-пар орын алады, басқаша айтқанда, сол орында әр моментте тыныштықта болады, сондықтан ол тіпті қозғалмайды. Себебі қозғалыс тыныштықтың қосындыларынан тұруы мүмкін емес.

Тортінші апория да осыған үқсас.

Бұл апориядан шығатын қорытынды: Зенон элеаттардың ойлау мен болмыстың тепе-теңдігі туралы тезистеріне сүйене отырып, түйсіне алатын әлемдегі заттардың қозғалысын емес, тек қана ойлау әлеміндегі қозғалысты жоққа шығарады. Басқаша айтқанда, Зенон қозғалыстың бар екеніне күмән келтірмейді, бірақ сол қозғалысты ақыл-ой арқылы бейнелеу қайшылықты сипатта болғандықтан, қозғалыс туралы сезім мүшелері берген мәліметтердің ақиқаттығына күмәнданады.

Зенонның қойған біртұтастық пен шексіз көптік, қозғалыс пен тыныштық сияқты мәселелері ғасырлар бойы талай ғұламаларды ойландырып, олардың философиялық ізденістеріне ой түрткі болды.

Атомистер ілімі. Бұл бағытқа ежелгі грек ойшылдары Левкипп, Демокрит,Эпикур және ежелгі Рим өкілі Лукреций Карр, т.б. жатады. Бұл ойшылдардың шығармаларында кейін материалистік бағыт деп аталып кеткен дүниетанымдық көзқарас толығымен қалыптасып, өзіндік ерекшеліктері бар философиялық ілімге айналды. Атомистік бағыттың қалыптасуына үлкен үлес қосқан ойшыл Левкипп (б.д.д. шамVғ) болды. Оның ойынша, әлем бөлінбейтін ұсақ бөлшектерден, “атомдардан” тұрады және олар бос кеңістікте қозғалыста болады да, бір-бірімен байланысқа түсіп, жеке денелерді құрайды. Космостың өзі шексіз көп әлемдерден тұрады, олар бір-біріне ауыспайды, бірақ әрқайсысы жеке алғанда пайда болып, даму шыңына жетіп, жоғалып жатады.

Левкипптің бұл пікірлері Демокрит ілімінің қалыптасуына зор әсер етті. Демокрит (б.д.д. шам 460-371) 70-тен астам шығармалар жазған: “Пифагор”, “Планеталар туралы”, “Табиғат туралы”, “Ақыл-ой туралы”, “Үлкен әлем құрылысы”, “Кіші әлем құрылысы”, т.б.

Демокриттің ілімінше, дүниенің бастамасы – атомдар (шын болмыс) және бос кеңістік (бейболмыс). Болмыс пен бейболмыс бір-біріне қарама-қарсы құбылыстар. Егер болмыс өзіндік пішіні бар және ол өте тығыз болғандықтан, бөлшектенбейтін атомдардан тұратын болса, бейболмыс - өзіндік пішіні, түрі жоқ, шексіз бос кеңістіктерден тұрады. Болмыс – сансыз көп ұсақ бөлшектердің жиынтығы. Ұсақ бөлшектер – атомдардың негізгі қасиеттері: мәңгі бөлінбейді, өзгермейді, өзіне-өзі тең (ұсақ), қозғалмайды. Бұл қасиеттер — атомдардың ішкі мәні. Ал олардың сыртқы қасиеттеріне өзіндік пішін, түрлерінің және көлемінің болуы жатады. Атомдар шар, бұрыш, қармақ, ойма, т.б. тәріздес болады. Атомдарды бос кеңістік бөліп тұрады.

Атомдар бос кеңістікте өз табиғатына тән үздіксіз қозгалыста болады, бір-бірімен соктығысқанда, өздерінің қозғалыс бағыттарын өзгертеді.

Атомдарда бояу түрлері, иіс, дыбыс, т.б. сияқты сезімдік қасиеттер жоқ. Бұл қасиеттер атомдар адам түйсіктерімен кездескенде ғана пайда болады. Демокрит – алғашқылардың бірі болып, сезімдік қасиеттердің субъективті түрде болатындығын айтқан ойшыл.

Атомдар бос кеңістікте соқтығысып, бір-бірімен бірігіп және байланысып, заттар әлемін құрайды. Атомдар өзгермейтін мәңгі болса, олардан құралған заттар уақытша, өтпелі және өзгерісте болады. Денелердің пайда болуын Демокрит былай түсіндіреді. Бос кеңістіктегі атомдардың тығыздығы әртүрлі болғандықтан, оның бір бөлігінде тығыз орналасқан атомдар құйындатып қозғалысқа түседі де, ортасында ауыр салмақты атомдар, ал шетке таман жеңіл салмақты атомдар топтасып, әртүрлі денелер пайда болады. Мысалы, Жер мен Аспан ауыр салмақты атомдардан жаратылған. Ал Аспаннан — от, ауа және ауа құйындап қуып жүрген жұлдыздар пайда болады.

Тіршіліктің шығуын Демокрит табиғи заңдылықтардың салдары деп түсіндіреді. Бұл жерде жоғары күштердің де жандары бар. Жандар шыққан қайнар көз бар тіршілікті тудырған — жылулық. Жандар әртүрлі болады. Космостың жаны жоғары деңгейде емес, одан гөрі жануарлардың жаны жылылықты көбірек қабылдағандықтан, әлдеқайда жоғарырақ. Ал адамның жаны болса, ол ең жоғары сатыда түр, себебі онда жылумен қоса от та бар. Басқаша айтқанда, адам мен жануарлар жандарының айырмашылығы — біріне ақыл тән болса, екіншісінде ол жоқ. Ал жанның ақылдылығы мен ақылының жоқтығы оның өз бойына қабылдаған жылуының мөлшеріне байланыстьі. Олай болса, жан — атомдардың жиынтығы. Демокриттің ілімінде ақылды жан — «сана» ұғымымен синонимдес ұғым.

Өмір сүрудің қажетті жағдайы — дем алу. Жан атомдары дем алу арқылы қоршаған ортадан өздеріне керекті от атомдарын қабылдаса, дем шығарғанда, жанның кейбір атомдары денеден шығады, оның толық шығып кетпеуіне қайтадан алған дем кедергі болады. Дем алмай, тек дем шығарылса, онда дене өледі, себебі жан атомдары деммен бірге денеден толығымен шығады. Денеден шыққан жан атомдары ауада шашырап кетеді. Сөйтіп, денемен бірге жан да өледі.

Демокриттің пікірінше, шан мәнінде өмір сүретін атомдар, бос кеңістік және олардың туындайтын заттардан басқа, адам ақыл-ойында өмір сүретін құбылыстар бар. Олар – пікір арқылы қалыптасқан сезімдік қасиеттер (дәм, бояу түрлері, иіс,т.б.) Бұл қасиеттер шындығында өмір сүрмейді, олар сезімдік заттарға тән емес, олар тек адамдардың пікірінде ғана бар құбылыстар.

Осы екі түрлі құбылыстың өмір сүруіне сәйкес танымның да екі түрі болады:

а) сезім мүшелері арқылы танып-білу. Олардың берген мәліметтері көмескі білім болғандықтан, олардың ақиқатты тануда пайдасы жоқ;

ә) ақыл-ой арқылы алған білімдеріміз заңды туылған білім болғандықтан, оның ақиқат туралы пайымдаулары дұрыс болады. Себебі дүниенің алғашқы бастамасы атом мен бос кеңістікті сезім мүшелері арқылы көріп-біле алмаймыз, ал олардың мәнін, табиғатын түсіну үшін ақыл зер салып ойлануы керек. Дей тұрғанмен де, Демокрит сезімдік таным ақыл-ой танымына қарсы қоймады. Ақыл-ой сезімдік таным арқылы алған ақпараттарын әрі қарай өрбітіп, қорытынды жасайды.

Жалпы таным процесінің ақиқатқа жетудегі қайшылықтарын, қиындықтарын түсінген Демокрит танымның субъектісі болу кез келген адамның қолынан келмейді, ол тек данышпандарға ғана тән деп есептейді. Данышпандар сабырлылық, үйлесімділік, симметрия, алаңсыз тыныштық, қызықпаушылық, әділдік, т.б. осы сияқты моральдық қағидаларға сүйеніп, философияга беріліп, елеусіз өмір сүруінің арқасында мәнділіктің мәнін, табиғатын дұрыс түсініп-білуге мүмкіндік алады. Егер барлық адамдар осы моральдық қағидаларды басшылыққа алып өмір сүретін болса, онда заңның қажеті болмайтынын айтады Демокрит. Заңды адамдар ойлап тапқан, ол тобырларды өз қолында ұстап тұру үшін қажет.

Демокрит қоғамның дамуы және мемлекет мәселелері туралы соны пікірлер айтқан: Адамдар аңға үқсас кезінде аңдар сияқты өмір кешті (әрқайсысы жеке өмір сүрді, бір-біріне көмектесуді білмеді, жеміс-жидек жеп қана күн көрді, т.б.), ал аң сияқты қалыптан мұқтаждықтың арқасында өркениетке өткенде, олар бір-біріне көмектесіп, бір жерде жинақталып, үңгірлерде, ағаштың қуысында өмір сүрді. Бұл кезде олар патшасыз, әскербасыларсыз, бір-бірімен соғыспай, ұрлықсыз, қарапайым да еркін өмір кешті. Кейінірек келе отты пайдалана алатын болды, қулық-сұмдықтар да көбейді, осымен қатар өнер де пайда болды. Осы айтқан жағдайға адамдарды мұқтаждық пен өздерінің тәжірибелері жеткізді. Адамдар әлімсақта сөйлей алмайтын-ды. Адамдардың бір-бірімен араласып, қарым-қатынасқа түсуінің арқасында түсініксіз дыбыс шығарудың орнына сөз арқылы қатынас орнады. Сөйтіп, тіл пайда болды. Тіл көп түрлі болып, адамдардың тұрған ортасына қарай қалыптасты.

Дін де тіл сияқты тарихи құбылыс. Алғашқы кезде дін болмаған. Діннің шығуына себеп болған — адамдардың табиғаттың дүлей күштерінің себебін білмей қорыққандығы. Құдай деп жүргеніміз шын мәніндегі құдайлар емес, тек олар туралы қалыптасқан бейнелер ғана.






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных