Главная

Популярная публикация

Научная публикация

Случайная публикация

Обратная связь

ТОР 5 статей:

Методические подходы к анализу финансового состояния предприятия

Проблема периодизации русской литературы ХХ века. Краткая характеристика второй половины ХХ века

Ценовые и неценовые факторы

Характеристика шлифовальных кругов и ее маркировка

Служебные части речи. Предлог. Союз. Частицы

КАТЕГОРИИ:






Шадрин Николай Семенович




 

Іс-Әректті құндылық реттеудің социогенезді жӘне психологиялық механизмі

 

Жалпы психология, тұлға психологиясы, психология тарихы, этнопсихология мамандығы

Бойынша психология ғылымдарыңың докторы ғылыми

Дәрежесін алу үшiн дайындаған

Диссертациян авторефератына

Түйін

 

Зерттеудің нысаны құндылыққа бағытталған тұлға түрінің түрткілік (мотивациялық) аймағы болып саналады.

Зерттеудің пәні ретінде іс-әрекетті құндылық реттеудің психологиялық механизмдері, феноменология, функциялары мен тұлғалық құндылықтардың әр-түрлілігі, олардың генезисі алынды.

Зерттеудің мақсаты – мәдени-тарихи түрғы эдіснамасы негізінде түрткілердің көпдәрежелік құрылымының талаптарына сай және олардын касиеттері мен функцияларынын түсіндіретін тұлғалық кұндылықтар мен кұндылықтық реттеудін жасау.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері зерттеліп отырған психикалық болмыстың аймағына қатысты біздің көмегімізбен біршама модернизацияға ұшыраған психологиядағы мәдени-тарихи және іс-әрекетті қатынас болды; біз үшін білгілі әдіснамалық мәнге ие болған психологиясындағы көпдеңгейлі талдауға (Б.Г. Ананьев, В.И. Слободчиков, Н.А. Логинова) қатысты антропологиялық прарадигмалар маңызды және де психиканың «интегративті функциясы» жөнінде В.А. Ганзеннің кейбір идеялары.

Зерттеудің әдістеріне жалпы теориялық әдістер енді: жүйелі құрылымдық анализ, тарихи-психологиялық әдіс; біздіңМинковскийдің кеңістік-уақыттың математикалық формализмі негізіндегіқұрастырған моделдеу әдісі, сонымен қатар биографиялық әдіс, құрастырушы эксперимент, құндылықтық болмыс аймағындағы тұлғаның білгірлік деңгейін зерттеуге бағытталған авторлық тест-сұраулары, статистикалық талдау әдісі.

Зерттеудің ғылыми жаналығы – психологиядағы мәдени-тарихи және іс-әрекетті қатынас әдіснамалық (тұлғаның құндылықтық социогенезінің құрастырылуымен қоса) дамуы жүзеге асты, психиканың құндылықтық түрткі берушілік аймағын зерттеуге қатысты психиканың “интегративті қызметттері” түсінігінің нұсқасы ұсынылды. Алғаш рет тұлғаның құндылықтық феномені мен басқа да түрткі түрлерінің қалыптасуының арасындағы ара қатынас жүйелі түрде талданды, құндылықтардың әр-түрлілік негізі, олардың негізгі атқаратын қызметтері бейнеленді және айқындалды.

Іс-әрекетті құндылық реттеудің эвристикалық тұрғыдан өнімді кеңістіктік-уақыт моделі құрастырылды, соның негізінде әрекеттің «құндылықтық векторы» түсінігінің түңғиықтық мағынасы ашылды, сонымен қатар құндылыққа бағытталған тұлғаның өмір жолы мен рухани құндылықты реттеу ерекшелігіне байланысты бірқатар феномендер ұғынылды; биографиялық әдіс негізінде құндылыққа бағытталған әрекеттің негізгі нұсқалары (стильдері) бейнеленді; тұлғаның құндылық пен өмірінің мағынасы арасындағы байланысы ашылды.

Жұмыстың әдістемелік жағынан да жаңалылығы бар, ол тұлғаның рухани мәдениет параметрлері бойынша біліктілігінің деңгейін анықтайтын валидті тест-сұраулар құрастырылды және де осы тесттің көмегімен алынған нәтижелерді өңдеудің компьютерлік бағдарламасы жасалды; тұлғаның құндылықты мәндер жүйесін зерттеудің эксперименталды әдістемесі (құрастырушы эксперименттің ерекше нұсқасы) ұсынылды; іс-әрекетті құндылық реттеудің тұжырымдамасын құрастыру кезінде кеңістіктің көпөлшемді метрикалық математикалық формализміне сүйене отырып моделдеу әдісі жүзеге асырылды.

Зерттеудің практикалық мәні анықталған іс-әрекетті құндылық реттеудің механизмінің тәрбие үрдісінде қолданылуында, оның мазмұны мен бағдарламасын құрастыруда, сонымен қатар мақсатқа бағытталған нақтылы кәсіптік құндылықтарды қалыптастыру кезінде жоғары және орта кәсіби білім беруде кәсіптік бағыт беруді қамтамасыздандыруда көрінеді. Биографиялық әдіс материалдарының негізінде жасалған негізгі құндылық типтерінің феноменологиялық бейнеленуінің тәрбиелік мәні де бар. Еуразиялық құндылықтар жүйесі түсінігін құрастырумен байланысты жұмыстың кейбір аспектілері қазақстандық қоғамның демократиялық бағытын анықтауда қолданыла алады. Және де, тұлғаның өз рухани дүниесін жетілдіру мен тәрбиелеу үрдісінде біз біздің құрастырған трансцендентальды медитация нұсқасын қолдануды ұсынамыз.

Зерттеу нәтижелерінің апробациясы. Диссертация материалдары мен негізгі тұжырымдары халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талдаудан өтті, мақұлданды. Диссертация тақырыбы бойынша 37 еңбек (монография мен ғылыми мақалалар) жарияланды.

Зерттеудің нәтижелері С.Торайгыров атындағы ПМУ колледжінің тәрбие үрдісіне, дарынды балаларға арналған Павлодар облыстық көппрофильді мектепте, сонымен бірге Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының оқу-тәрбие үрдісіне автордың өзімен кіріктірілді.Қазіргі кезде біздің модел негізінде жасалған трасцендентальды медитация технологиясы апробациядан өтілуде.

RESUME

Dissertation for the Scientific Degree of Doctor of Psychological Sciences on the Speciality 19.00.01 – General psychology, Psychology of Personality, History of psychology,

Ethnopsychology

 






Не нашли, что искали? Воспользуйтесь поиском:

vikidalka.ru - 2015-2024 год. Все права принадлежат их авторам! Нарушение авторских прав | Нарушение персональных данных